2 МӘНДЕС СӨЗДЕРДІҢ ЖАСАЛУ ЖОЛДАРЫ
Cинонимдер әр түрлі жолдармен пайда болған. Олардың бастылары мыналар:
1. Сөздің мағыналық жақтан дамуы, қосымша жаңа мағыналарға ие болуы синонимдік қатарлардың жасалуына әсер етеді. Осыдан көп мағыналы сөздер мен синонимдердің қарым-қатынасы, өз ара байланысы келіп туады. Көп мағыналы сөз әр мағынасында әр түрлі синонимдік қатарға еніп, синоним сөздердің шеңберін кеңейтіп отырады. Мысалы, әр мағынада жұмсалатын бет деген сөз бір мағынасында жүз, дидар деген сөздермен синонимдес болса, екінші бір мағынасында беткей, төскей дегендермен синонимдес болады (мысалы: Мал сонау бетте жайылып жүр, мал сонау беткейде, төскейде жайылып жүр); енді бір мағынасында бағыт, бет алыс дегендермен синонимдес болып келеді (мысалы: осы бетің дұрыс – осы бағытың дұрыс). Сондай-ақ, тура деген көп мағыналы сөз бір мағынасында дұрыс, жөн, түзу дегн сөздермен синоним болса, екінші мағынасында тік сөзімен, үшінші мағынасында шак, дәл сөздерімен синоним бола алады.
2. Заттар мен құбылыстардың бірден көзге түсіп байқала қоймайтын айрықша белгілері мен қасиеттерін бірте-бірте ашып , оларды атау үшін және мағыналардың нәзік реңкін ажыратып айту үшін, тілде жаңа сөздер жасалып отырады да, тілдің бүтіндей сөздік құрамы даму, баю күйінде болады. Ал туынды жаңа сөздер сөз тудырудың әр түрлі тәсілдері арқылы пайда болып отырады. Сөз тудырудың түрлі-түрлі тәсілдері арқылы сөздік құрамның даму барысында синонимдер де жасалады.
Мысалы, жаз бен көк деген сөздер түбір қалпында бір-бірімен синонимдес бола алмайды; ал осы сөздердің сөз тудыру тәсілі арқылы пайда болған жазғытұрым, көктем тәрізді туынды түрлері өз ара мәндес, синонимдес сөздер болып саналады. Туынды жаңа сөздердің жасалу барысында пайда болған синонимдерге мынандай сөздерді жатқызуға болады: жайылым, өріс; олқылық, кемшілік; тірек, таяныш, сүйеніш; кездесу, жолығу, ұшырасу; сабырлы, салмақты; бостандық, азаттық, еркіндік және т.б.
3. Әдеби тіл лексиканың диалект сөздердің есесінен толығуы нәтижесінде де синонимдер жасалады. Мысалы: легн, шылапшын; тақия, кепеш; сіреңке, шырпы, оттық және т.б.
4. Тілде белгілі бір стилистикалық қызметте жұысалатын эвфимизмдер басқа бір сөздермен немесе сөз тіркестерімен мәндес келіп, синонимдер жасалады. Мысалы, өтірік айту дегеннің орнына кейде жұмсартып, қосып айту дейміз. Төмендегі сөздер мен сөз тіркестерін де эвфемизмдердің қатысымен жасалған синонимдердің қатарына жатқызуға болады: мастық, қызулық; ұрлық-қарлық жасамау, ала жібін аттамау; өлді, қайтыс болды, дүниеден өтті, дүние салды т.б. Осы синонимдік қатарлардың әрқайсысының соңғы сыңарлары – эвфемизмдер.
5. Белгілі бір тілдің лексикасы басқа тілдерден енген сөздермен де толығып, байып отырады. Кейде басқа тілдерден енген сөздер сол тілдің байырғы сөздерімен мәндес келіп, соның нәтижесінде синонимдер жасалады. Мысалы, қазақ тіліндегі шекер – қант; одеколон – иіс су; тұрба – мұржа; доктор – дәрігер; күршек – ілгек; мөшек – қап, қапшық; сіреңке – шырпы деген синонимдердің әрқайсысының алдыңғы сыңарлары – орыс тілінен енген сөздер. Ал дидар – бет, жүз; табиғат – жаратылыс; құрмет – сый; тағам – ас; есім – ат; мұғалім – оқытушы; дәреже – атақ; рақмет – алғыс; мейман – қонақ; қораз - әтеш деген синонимдік қатарлардің алдыңғы сыңарлары араб және иран тіліндерінен енген.
Синонимдердің сәл ғана мағыналық нәзік айырмашылықтарды қамтып, оралымды түрде білуде мәні айрықша. Мұнымен бірге, синонимдердің стильдік мәні де күшті. Сөйлемде я жазуда бір сөзді қайта-қайта қайталай беру, мысалы, алдынғы сөйлемде қолданылған сөзді, соған байланысты екінші сөйлемде қайталап қолдануы кейде стильдік жағынан кемшілік тудырады, қолайсыз, ретсіз болып көрінеді. Мұндай жағдайда сол сөздің синонимін тауып қолдану орынды, келісімді болады. Мысалы, жазушы М. Әуезовтың “Абай” романынан алынған мына сөйлемдегі сөздерге назар аударып көрейік:
Қазіргі Тоғжан жүзінде Абайдің қиялынан бір шақ кетпейтін, үлбіреп, толқып, лезде келіп, сәтте қайтып тұратын қызыл арай реңі жоқ.
Осы сөйлемдегі деген мен деген бір-біріне синоним де, лезде деген мен сәтте сөздер – бір-біріне синоним. Жазушы бір сөйлемде бір сөзді қайта-қайта қайталамай, оның синонимдерін тауып қолданған. Осының нәтижесінде сөйлем де көркем құралған.
Тілде синонимдердің мол болуы сол тілдің сөздік құрамының бай, әр тарапты екендігін көрсетеді. Сөздік құрам неғұрлым бай, әр тарапты болса, тіл де соғұрлым бай, орамды болады. Сөйтіп, синонимдердің молдығы – тілдің байлығын, дамыған тіл екендігін аңғартатын көрсеткіштің бірі.
Синоним сөздерді жете білудің үлкен мәні бар. Лексиконы синонимдерге бай адам сөз мағыналарының арасындағы нәзік айырмашылықтарды дөп басып айтуға шебер келеді. Өз ара мәндес сөздердің мағыналық нәзікайырмашылықтары жете білген адам синоним сөздердің сыңарларының айтылатын ойға дәлме-дәл келетіні тауып қолданады да, оның жазғаны немесе сөйлеген сөзі нысанаға дәл тиіп жатады, әрі келісті, әрі мәнерлі болып шығады.
Аймақтық сөздер әдеби тілді шұбарлап,оның нормалануына кедергі хасайды.
Тіліміздегі вариант, дублеттер тіл категориялар тұрғысынан фонетикалық, грамматикплық болып үшке бөлінеді.
Көркем шығармада ең белсенді әрі жиі қолданылатын мағыналас, мәндес сөздер қатары бар. Әңгіме синонимдер туралы болмақшы. Қазақ тіліндегі синонимдердің үшан-теңіз байлығын сөз шеберлері аса тиімді пайдаланады. Синонимдіг қатарлардың өз ішінде қолданыс ыңғайында ғана дифферен-циацияланатын ерекшелігі бар. Бірінің орнына бірі оңай ауыстырылатын абсолюттік синонимдер үнемі кездесе бер-мейді. Қазақ әдеби тілінде синонимдердің көптігі үлттың тіл байлығы екендігін әрдайым есте үстаған жөн. Олай дейтін себебіміз кей кезде синонимдерді тілді шүбарлап, ойды ауырлататын тәсіл деген түсінік қылаң беріп қалады. Біздің-ше, бүл тек жаңа сөзжасауда оның бірнеше дублеттерінің қалмай косылып жүретіндігінде. Мысалы: опгбасы, үйелмен, жануя, үй-іші т.б. семья сөзін қазақшалағандағы баламалар-дың көбеюінен осындай ойлар қазақ тіліндегі жалпы синонимдерге "тиісіп" кететіні бар. Ақын-жазушылар үшін үлт тіліндегі синонимдер жүйесін үдайы жаңғыртып қолдануы шеберліктің бірнеше міндетін аңғартады. Олар:
Сез шеберлері алдымен лексикалық синонимдер қатарын сауатты, еркін меңгеруі тиіс. Әр синонимнің тілдік және сөйленістік реңктерін ажыратып қолдануы арқылы окушыға түсінік, бағыт береді.
Сөз шеберлерінің бір абзацта, Сір сөйлемде қолданылған сөзді қайталамаудан құтқаратын синонимдерді іріктеуі шығарма авторына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл — синонимдерді алмастыру арқылы көркемдік, өсерлік тәрізді суреткерлік тәсілді ұштауға әкелетін шығармашылық ізденістің бір түрі.
Синонимдер қатарының әдеби шығармада мейілінше жиі қолданылуы тіл байлығын кемелдендіруге, семантикалық реңктерін нақтылауға және әдеби тіл нормасын қадағалауда көрсеткіш ретінде танылады.
Синоним сөздер сыңарларының мәтін ішінде позициялық орналасуынан байқалатын доминанттық өзгерістерге автор ойының қатысы болады.
Синонимдердің мәтін бойында градация, амплификация төсілдерімен берілетін эмоционалды-экспрессивтік қуатының оқушы үшін әсері мол.
Достарыңызбен бөлісу: |