Дuалектілер мен кәсiбu сөэдердiң есебiнен пайда болған синонимдер. Жергiлiктi жерлердегi диалектiлердi бiз әдеби тiлмен салыстыру арқылы ғана ажырата аламыз. Кейбiр лексикалык, диалектизмдер әдеби тiлде мүлде ұшырымайды, бiрақ олардьң мағыналас синонимдерi болады: байыр: байыр-mәуiр-жақсы, быдым: быдым-жуан-семiз-толық деңгел: деңгел-сыбаға-мүше, бакзұр: бақзұр - босқа-жай, зәк: -зәк-ылгал, шақат: шақаm-шама-мұрша-әл-күш, cүгіт: сүгiт-өсек-ғайбат, пияда: пuяда-жаяу Т.б.
Әдеби тiлдегi ұғымы мен жергiлiктi жердегi ұғымы мүлдем сәйкес келмейтiн диалектизмдер де кездеседi. Мұндай диалектизмдер, бiр жағынан, әдеби тiлдегi ұғымдармен омонимдiк қатар жасаса (мысалы, 1. Алжасу. қателесу, ағат ic icmey, жаңылысу. ІІ. Алжасу. Дауласу, тартысу, айтысу), екiншi жағынан, синонимдiк қатар жасайды: алқа: алқа-құлып, астана: астана-табалдырық жедел: жедел-ерегiс-жанжал, иық: uық-.жөн-рет, пешене: пешене-меншiк, тұқым: тұқым-жұмырт.қа, шыған: шыған-түбек, қаймақ: қаймақ,-теңiз-көл, қияр: қuяр-жалдама жұмыс-кәсiп, Т.б.
Кәсiби сөздер де әдеби тiлдегi сөздермен синонимдiк қатар түзей алады: қuяр (әдебu)-бәдiрең картоп-ботташық кемпiр-кейуана, көэiлдiрiк-көзгелдек, бал-әсел, сырға-айшық-зере, қармақ-жұтпа, Т.б.
Фразеологuэмдердi есебiнен пайда болған синонимдер. Фразеологизмдер кем дегсндс екi сөздiң тіркесінен жасалады да, құрамы мен құрылысы тұрақты болады. даярланбай даяр қалпында қолданьшьш, бiр сөздiн, орнына жүредi. Мағына жағынан бiр ұғымды бiлдiретiндiктсн кез келген фразеологиялық тipкeстi белгiлi бiр сөз табына жатқызуға болады: а) етістік мағыналы фразеологизмдерден жасалған синонимдер: қолды-аяққа , тұрмау - тыпыршу ,- шыдамсыздану, шыр бiту - қоңдану ceмipy, аузыньның суы құру - таңдану - таңырқау, екі көзi төрт бөлу - сарылу - -зарығу - сарғаю, қолқа сұрау , сұрау- қалау, жiпке тiзу - жuнау – ұмытпау т.б. ә)сындық мағыналы фразеолоогиздерден жасалған синонимдер: қара қылды қақ жарған - әдiл .- турашыл, ит mұмсығы өшпейтін - қалың -. бiтiк,- үpiп ауызға салғандай cүйкімді - әдемi, тiлiнен бал тамған-шешен-тілмap, етi тipi - пысық, шuрақ, сайдың тасындай- таңдаулы - iіктеулі, тілi мipdiң оғыңдай өткip, т.6. б) Заттық мaғыналы фразеологизмдерден жасалған синонимдер: аяқ, алысы - бет алысы бағыты, арам тамақ - жалқау - жатып iшер, атқа мінep - әкім – билеп-төстеушi, қара халық, - бұқара – көпшiлiк. қарға тамырлы - iлiк - шатыс - жақын - жуық – сүйектес , ұзын құлақ, - сыбыс - хабар, Т.б. в) үстеулiк мағыналы фразеологизмдерден жасалған синонимдер: шүу дегенде әуелде - ту баста, uт өлген жер - алыс - қашық deмнің арасында - лезде - айтқанша, қарадан қарап жүрiп бостан-босқа - тектен-текке, о баста - басында алғаuында, аузы-мұрны қuсаймай - шiмiрiкпестен - ұялып қызарастан, атқан оқтай - тұп-тура - түзу т.б.
Фразеологиялық тipкecтep жеке сөздерге ғана 6алама болып жұмсалмайды, өзара бiр-бiрiмен де синоним бола бередi: көзді ашып жұмғанш қас пен көздің арасында -.қабақ қаққанша , алдына жан салмайды, аузымен құс micmeйдi , төрт түлігi сай төрт құбылысы түгел не ішем, не жеейiм deмeiйдi - iшкенi алдында iшпегенi артында - үpiп iшіп, иайқап төгіп отыр. т.6. Мұндай құбылысты тiл бiлiмiнде фразеологиялық синонимдер деп атайды.
Табу, эвфемuздер мен дuсфемuз.мдердiн, есебiнеи жасалған синонuмдер. Ескi наным-сенімге байланысты айтылуына тыйым салған сөздердiң - табудьң, мағынасы жағымсыз сөздердiң орнына қолданылатын сыпайы сөздердiң - эвфемизмнiң, әдепті сөдердің орнына жұмсалатын дөpeкi сөздердiң: - дисфемизмнiң ессбiнен де синонимдiк қатар жасалады. Мысалы, ит құс: ит-құс қасқыр – бөрi, түйме: түйме - жылан, қолды болу: қолды болу - ұрлану, мейман: мейман - шешек, жасыл: .жасыл - .жай - найзағай, аяғы ауыр: аяғы ауыр - жүктi - eкi қабат, шүйке бас: шүйке бас - әйел, ұзын құлақ: ұзын құлақ - өсек nыш-nыш - сыбыс, қолы ашык: к,олы ашық - мырза жомарт, т.б.
Синонимдердiң түрлерi. Белгiлi бiр синонимдiк қатарға енген сыңарлар өзара мәндес болуымен қатар маrыналық" экспрессивтi-эмоциялы реңктерi, қолданылу, тipкecy, сөз тудыру қабiлетi жағынан бiр-бiрiнен ажыратылады. Осындай сипатына, өзiне тән белгiлерiне қарай синонимдер үш түрлi топқа бөлiнiп, жiктеледi: 1) мағыналық, синонимдер, 2) стильдiк синонимдер, 3) мағыналық,стильдiк синонимдер.
Достарыңызбен бөлісу: |