Диплом жұмысы тақырыбы: «Қазақ тіліндегі сөйлеу мәнді етістіктер»



бет16/20
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15146
түріДиплом
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20
2.1 Дублеттер мәселесі
Фонетикалық дублеттер: залым / / зәлім, құдағи / / құдағай, мәлімет / / мағлұмат, сүйінші / / шүйінші, шайқымазық / / сайқымазық, жаутаңдау / / жәутеңдеу т. б. Бұл дублеттердің әрбір сыңары бір – бірінен фонетика жағынан яғни жеке дыбыстардың түрліше дыбысталып айтылуы арқылы бөліктенеді.

Лексикалық дублеттер: Бұл топқа сыңар сөздердің әрбір компоненті дыбысталу жағынан бір ө біріне ұқсамайтын сөздер жатады: әтеш / / қораз; атауыз / / тістеуіқ / / кемпірауыз; су ағаш / / иінағаш / / күенте; иіс су / / әтір / / иіс май т. б.

Граматикалық дублеттерге бір ө бірінен қосымша арқылы ерекшеленетін сыңарлар жатады: батасыз / / барасыңыз, жатақан / / жатырған т. б.

Бұл топқа күрделі компоненттердің бір сынары бір - біріне ұқсап, екінші компонеті арқылы ерекшелетің күрделі тіркестер жатады: барғым жоқ / / барғым келмейді; баратын шығармын / / барам шығар т. б.

Әр топтың тұсындағы мысалдарға қарап отырсаңыз тіліміздегі варианттардың сипаты да, түрі де әртүрлі екенін байқауға болады. Мысалы, варианттық қатарға еніп диалектизм болуы мүмкін. Немесе екеуі де әдеби тілде қолданылып, екеуі де диалектілік сөз болуы ықтимал, бір сынары әдеби, екінші сыңары қарапайым сөз тобына жатуы мүмкін.Міне, осыған орай тіліміздегі варианттарды бірнеше топқа бөліп, оны мына кесте арқылы көрсетуге болады (келесі беттегі кестені қараңыз).

Енді әрбір топқа қысқаша сипаттама бере кетейік.

1.Әдеби варианттар. Бұл топқа изогластық шегі жоқ, бірақ әдеби тілде қатар, жарыса қолданылып жүрген сөздер жатады. Мысалы, розы / / риза / / ырза, жалғыз / / жаңғыз, залал / / зарар, қате / / қата, өйткені / / үйткені, недәуір / / едәуір, рұқсат / / лұқсат, сыпаттама, түгелдеу / / түгендеу т. б.

Варианттар,дублеттер

Әдеби Әдеби – қара Әдеби - диа Орфогра Диалектілік

Варианттар пайым вариант лектілік вариант фия варианттар

тар тар лық вариант

тар


Әдеби сынары анықталған Әдеби сыңары анықталмаған

Варианттық қатарлар. Варианттық қатарлар

2.Әдеби – қарапайым варианттар. Бұл топқа бір сынары әдеби тіл нормасы ретінде анықталып, екінші сынары қарапайым (прсторечье) сөз дәрежесінде қалып қойған сөздер жатады. Мысалы, біреу / / біреусі, мысалы / / мисалы / / мәселен / / мәселенки, жиырмасыншы / / жиырманшы, кәсіп / / кесіп т. б. Бұл топқа орыс тілінен енген сөздердің әр түрлі варианттары өзгертіліп айтылған сыңарлар жатады. Мысалы, адвокат / / атпекет, билет / / белет, грамм / / гірәм, бухгалтерия / / бұғалтерия, программа / / пұрғырам, пролетариат / / пұрылтариат т. б.

Осы вариаттардағы қарамен берілген әдеби тілде орнығып қалыптасқан сөздер де, қалғандары ауызекі сөйлеу тілінің шеңберінде ғана қолданылатын бейәдеби сөздер.

3.Орфографиялық варианттар. Айтылуында бір – бірінен айырмашылығы жоқ, тек жазылуымен ерекшеленетін сөздер. Мысалы. Қабылан / / қаблан, ғылыми / / ғылми, ен дала / / мен дала, мағына / / мағна, әуіп / / әуп т. б.

4. Әдеби – диалектілік варианттар. Бұл топтағы сөздердің алғашқы үш топтағы варианттардан айырмашылығы – бұлардың белгілі бір изогластық таралу шегі болады. Олар әдеби тілге қатысына қарай ішінара екі топқа бөлінеді:а) әдеби варианты анықталған дублеттік қатарлар. Бір сынары әдеби тілде норма болып қалыптасып, қалғандары диалектизм дәрежесінде ғаңа қолданылады.Мысалы,жүгері / / борми / / көмбеканақ сөздерінің алғашқы жүгеры сөзі әдеби тіл нормасы да, қалғандары диалектизм екендігінде дау болмаса керек. Сол сиякты кебек сөзі әдеби сыңар да, қалғандары диалектизмдер.Сол сияқты қияр / / бәдірең / / бадырақ, қызылша / / қылша / / ләблеме дегендерде алғашқы келтірілген қияр, қызылша сөздері әдеби тіл формасы да, қалғандары диалектілік ерекшеліктер. ә) Әдеби сыңары аңықталмаған дублеттік қатарларға белгілі бір изогластық таралу шегі бар, әдеби компоненті анықталмаған, сыңарлары әдеби тілде қатар жарыса қолданылып жүрген дублеттер жатады.Мысалы: әтеш / / қораз, кесе / / кәсе, атауыз / / кемпірауыз / / тістеік, сақпаншы / / сақманшы, палуан / / балуан, пияз / / бияз, әтір / / иіс су/ / иісмай, көкейтесті / / көкейтісті, айқай / / айғай, суару / / суғару, тиірмен / / диірмен, ақшаны / / [ұсақтау] / / майдалау / / айыру т. б. Бұл дублеттік варианттардыңмына сыңары әдеби тіл, мына сыңары диалектизм деп кесіп айту қиын.Өйткені, олар әдеби тілде қатар, жарыса қолданылып жүрген сөздер. Оңтүстік аймақтарда туып - өскен адамға жастайынан құлағына сіңіп, үйреншікті болған қораз сөзі әдеби болып көрінеді де, солтүстік – батыс аймақтарында туып - өскен адамға әтеш сөзі әдеби норма болып көрінеді. Сол сияқты шеге суыратын құралдың (ор. клещи) бірден – бір дұрыс, әдеби атауы қайсы десе, батыс өлкелерінде туып - өскен адам атауызды атар еді де, солтүстік облыстарының уәкілі тістеуікті атар еді. Ал оңтүстіктің адамына салса, ол кемпірауызды норма деп еді.

5.диалектілік дублеттер. Бұл топқа әдеби тілге енбеген, әр говорларда әр түрлі варинтта қолданылатын дублеттер жатады. Мысалы:ілмек / / шөтке / / ырғақ (ілгек); ұрпақ / / буызы / / күрпі (кебек); ақа / / аша (айыр) т. б.

Лексика, фонетика, грамматикалық варианттарды бір дублеттік қатардығы сөздердің санына қарай төмендегі топтарға бөліп қарастыруға болады.

а) екі сыңарлы қатарлар:маңлай / / маңдай, әсілі / / асылы, ләжі / / лажы, марқом / / марқұм, қолғап / / биялай, таға / / тағашы т. б.

б) төрт сыңарлы қатарлар:бәкі / / бекі / / муштар / / шаппа, тәте / / апа / / апше / / әпке т. б.

в) бессыңрлы қатарлар: иінағаш / / суағаш / / мойынағаш / / әпкіш / /күйенде / / құрамыс (су әкелетіниін ағаш);

д) жеті сыңарлы қатарлар: кәуірт / / кеуірт / / оттық / / спешке / / шпешке / / сіреңке / / шырпы, нан / / жұқа нан / / жайма нан / / іңкәл / / қамыр / / құлақ нан / / күлшетай т. б.

е) сегіз және одан көп сынарлы қатарлар: күнбағыс / / күнбағар / / күләйлән / / пісте / / айбағар / / шемішке / / шекілдеуік / / шемекі (күнбағыс), дырау / / нән / / нәнбай / / дығал / / дөкей / / әйдік // жоян / / ноян / / сомбал / / шанбал / / чоң / / шоң (үлкен, зор).

Дублет;варианттанрды нормалардыру мәселесін сөз еткенде ең алдымен ескертетін мәселе – лексиялық пен фонетикалық сынарларды нормаландыруда бір өлшем, бір проинцип болмау керек. Лексикалық дублеттер кейде синоним, кейде бір сәл мағыналық реңкте болады да стилистикалық мақсатта қолданылады. Олардың бірін дұрыс, бірін бұрыс деп шығаруда үлкен сақтық, пайымдылық керек. Ал, фонетикалық варианттарды нормаландыруда бірін кәдеге жаратып, әдеби вариант деп санап, қалғандарын бейәдеби сөздер қатарына шығару керек. Бұл жерде екі не бірнеше сыңардың қатар қолданылуы жол бермеу жағын қарастырған жөн. Фонетикалық вариантардың бірқатары мына сыңары әдеби тіл нормасы, ана сыңары диалектизм деп кесіп айтуға көнеді де, бірқатары әдеби тілде қатар, жарыса айтылып жургендіктен олай кесіп айтуға көнбейді.

Әдеби тілді нормалындыруда, әр түрлі сөздіктерді құрастыру тәжірибесінде, әдеби мен бейәдеби сөздерді ажыратуда көп қиыншылық туғызып жүрген топ - әдеби сынары анықталмаған әдеби – диалектілік варианттар тобы. Бұл дублеттік варианттардың ішінен әдеби тіл вариантын аңықтап алу қиын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет