Диплом жұмысы тақырыбы: «Қазақ тіліндегі сөйлеу мәнді етістіктер»



бет12/20
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15146
түріДиплом
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20
Мағыналық, синонимдер. Адам баласыньң өмip тiршiлiгiне, күн көрісіне, қимыл-әрекетiне ең қажетгi сөздер сөздiк құрамның үлкен бөлiгiн құрайды. Мұндай сөздер стильдiк бояуы жоқ, бейтарап мәнді болып келедi. Қоғам мүшелерiнiң барлығына бiрдей түсiнiктi болған­дықтан бейтарап сөздер жалпыхалықтық сөздер деп те аталады. Жалпыхалықтық сөздердiң есебiнен түзiлген синонимдер бiр-бiрiнен мағыналық жағынан ғана ажыра­тьлады. Мысалы, жығылу мен құлау бiр ұғымды бiлдiрiп, синонимдiк қатар жасайды. Жығылу тек адамға, жанды затқа байланысты айтылады да, құлау жанды затқа да, жансыз затқа да жалпылама қолданыла бередi. Орман мен тоғай зат есiмдерiнiң мағынасы да бiрдей емес. Орман қалың ну ағаш өскен үлкен аймақ болса, тоғай одан гөрі көлемi кiшiрек келген ағашты жер. Сын eciмнен жасалған ұғымтал - алғыр - зерек - дарынды синонимдерiнiң бiр­бiрiнен мынадай мағыналық айырмашьшығы бар: ұғымтал деп айтқанды айтқан қалпында дұрыс ұғып, түciнe бiлетiн адамға айтылады. Алғыр мен зерек айтқанды тек түсiнiп қана қоймай, оны өз бетiнше тереңдетiп дамыта бiлетiн ерекшс қасиеттi бiлдiредi.. Дарынды - ерекше асып туған қабiлет иесi.

Мағыналық синонимдер бiр-бiрiнен мағыналық реңктері арқылы ғана ажыратылатындықтан, бiр стильдiң өз iшiнде кезектесiп те, қатар да жұмсалады. Мысалы, тез -жылдам - шаnшаң - дереу - лезде сәтте - заматта ­демде - шұғыл - жедел үстеулерiнiң бiр-бiрiнен азын-аулақ қана мағыналық айырмашылығы бар. Осы себептi бұлар әдеби тiлдiң: белгiлi бiр стиліне жаппай жарысып қолданыла бередi. Әрқайсысына.өзiне тән мағыналық peңкi бар, стильдiк жағынан шектелмейтін тiлдi барлық сала­сында еркін қолданыла беретін мәндес сөздердi мағыналық синонимдер деп заайды.



Стильдік синонимдер. Көркем шығармада ең белсенді әрі жиі қолданылатын мағыналас, мәндес сөздер қатары бар. Әңгіме синонимдер туралы болмақшы. Қазақ тіліндегі синонимдердің үшан-теңіз байлығын сөз шеберлері аса тиімді пайдаланады. Синонимдіг қатарлардың өз ішінде қолданыс ыңғайында ғана дифферен-циацияланатын ерекшелігі бар. Бірінің орнына бірі оңай ауыстырылатын абсолюттік синонимдер үнемі кездесе бер-мейді. Қазақ әдеби тілінде синонимдердің көптігі үлттың тіл байлығы екендігін әрдайым есте үстаған жөн. Олай дейтін себебіміз кей кезде синонимдерді тілді шүбарлап, ойды ауырлататын тәсіл деген түсінік қылаң беріп қалады. Біздің-ше, бүл тек жаңа сөзжасауда оның бірнеше дублеттерінің қалмай косылып жүретіндігінде. Мысалы: опгбасы, үйелмен, жануя, үй-іші т.б. семья сөзін қазақшалағандағы баламалар-дың көбеюінен осындай ойлар қазақ тіліндегі жалпы синонимдерге "тиісіп" кететіні бар. Ақын-жазушылар үшін үлт тіліндегі синонимдер жүйесін үдайы жаңғыртып қолдануы шеберліктің бірнеше міндетін аңғартады. Олар:

1. Сез шеберлері алдымен лексикалық синонимдер қатарын сауатты, еркін меңгеруі тиіс. Әр синонимнің тілдік және сөйленістік реңктерін ажыратып қолдануы арқылы окушыға түсінік, бағыт береді.

2. Сөз шеберлерінің бір абзацта, Сір сөйлемде қолданылған сөзді қайталамаудан құтқаратын синонимдерді іріктеуі шығарма авторына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл —

. синонимдерді алмастыру арқылы көркемдік, өсерлік тәрізді суреткерлік тәсілді ұштауға әкелетін шығармашылық ізденістің бір түрі.

3. Синонимдер қатарының әдеби шығармада мейілінше жиі қолданылуы тіл байлығын кемелдендіруге, семантикалық реңктерін нақтылауға және әдеби тіл нормасын қадағалауда көрсеткіш ретінде танылады.

4. Синоним сөздер сыңарларының мәтін ішінде позициялық орналасуынан байқалатын доминанттық өзгерістерге автор ойының қатысы болады.

5. Синонимдердің мәтін бойында градация, амплификация төсілдерімен берілетін эмоционалды-экспрессивтік қуатының оқушы үшін әсері мол.

. Олар-ойды әрі көрікті, әрі әсерлі жеткізудің құралы. Оларды талғай да таңдай да білу керек. Өйткені, мағыналас сөздердің бәріүнемі бірінің орнына бірі жұмсала бермеиді. Әрқайсысында әр түрлі стильдік бояу, стильдіксапа болады.

Контексте қолдануына қарай әр түрлі мағыналық реңк туғызады. Олардың стильді бояулары сол сөздерді салыстырып қолданғанда айқын көрінеді. Синонимдерді тіліміздегі стиль түрлеріне қарай саралап қолдану қажет. Мыс: «күш, әл, қуат».

Төмендегі сөйлемнен «күш» сөзінің орнына «әл» сөзін алмастырып айтуға болмайды. Өйткені мағына дәлдігі бұзылады: Қолыңдағы бар күшті жинай білсең, ұлы хандықты құруға болады І.Есенберлин. Көшпенділер).

Көптеген ғалымдар «Бір тілдің лексикасында мүлде бір мағынада айтылатын екі немесе бірнеше сөз жоқ, сондықтан бұл сөздің ұқсастығын абсалюттік ұқсастық деуге болмайды. Себебі синонимдер айтушының ойына сай болып логикалық пікірдің нәзік еенін қамтитын болады» деп таниды.

А.И.Ефимов: «За каждым синонимом стоит смысловое и стилистическое своеобразие, специфические смысловые оценки, изучаемые стилистикой ...тождественных по значению слов в языке не бывает».

Ноғайлыны шапаққа

Қалмақтар ішті қасамды ант-су).

Ерте заманда анттасқан адамдар серт беріп, бір ыдыстан су ішкен – ант су деп аталады. Бұл жерде қасам сөзінің жұмсалуы – көне заманның мазмұнын берудегі ұтымды тәсіл.

Синоним сөздер көркем шығармаларда кейіперлердің сезімін, мақсатын бағытын дәл көрсету үшін, айтылған ойдың, сөздің мағыналық-эмоциялық мәнін күшейтіп беру үшін, құбылысты кеңірек суреттеу үшін жұмсалады. Толып жатқан нәзік ойлар, сезімдер-синоним арқылы жеткізіледі.

Бұл мәселе орыс тіл білімінде зерттеу обьектісі болды. Айтайын деген ойға керекті сөзді тауып айту - өнер. Синоним сөздердің стильдік қолданылуы туралы қазақ тіл білімінде көркемді зерттеу еңбектер көп емес.

Мынандай стильдік мүмкіншіліктері бар деуге болады. Кәрі –қария, жас бала да. Ешбірі де қалмады. Мағыналары әсерлі. 1) Синонимдердің бірнешеуін қатар айту айтайын деген ойды анықтай түседі. Абайдың қолынан келсе, сол сармолла айтып жүрген сөзді өз тарапынан да жұртқа жеткізу борыш, қарыз тәрізді. «Қағаз дегшен абырой, атақ, беделге қарай ма? «Абайдың көз алдына Байтастың былтыр жаздағы әншіл, сауықшыл жлдастары толық елестетеді».



  1. Кейбір синоним сөздер контексте жансыз заттармен тіркесіп айтылып, бейнелік мағына беріп тұрады: былжыр күз, сылбыр күз, көріксіз, ажарсыз тұман. Ойды бейнелі айту үшін де, көркемдік дәлдікке, шынайылыққа жету үшін де омоним, антоним сөздер де жұмслады. Абай: «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да..»

  2. Ойды ықшамды, әсерлі ету үшін жұмсалады: Күні-түні тынбай, бірде көл, бірде шөл болады.

  3. Ойды жйнақтау үшін: жақсылық пен жамандақтың бағасын ұғар кезі болды ғой, - қолданылады.

Қызыл гүлің суалып,

Ақ көңілің анық қарайды Абай).

Елді қан жылатумен шынжыр балақ шұбар төс қанды ауыз атанған бір ауыз еді.

Сонымен синонимдер белгілі бір ұғымды білдіргенімен, олардың арасындағы мағына жағынан толық сәйкестік, тепе-теңдік қасиет болмайды.

Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйтқы болатын тірек сөз деп тандалынып алынады. Бұл тіл білімінде доминант (тірек сөз) деп аталады. Доминант сөз мәндес сөздерді мағыналық жағынан ғана топтастырмайды, сонымен бірге синонимдік қатарларды әліппе жүйесіне келтіру үшін де мәнді қызмет атқарады. Доминант сөзді дұрыс анықтап, белгілеп алмай синонимдерді тәртіпке келтіру мүмкін емес. Сондықтан синоним сөздігін жасауда доминант сөзді іріктеп, сұрыптап алуға айрықша көңіл бөлінеді. Доминант сөзге синонимдік қатардағы сөздердің ішіндегі мағына жағынан ең айқын, стильдік мәні жағынан бейтарап, жалпы халыққа соншалықты танымал дегендері ғана таңдалынып алынады Синоним болып жұмсалатын екi сөздiң бipеyi барлық стильде онды-сонды қолда­ныла берсе, екіншici не сөйлеу тiлiндс, не әде6и тiлдiң белгілi бip стилiнде шектеліп қалатын pеттеpi болады. Бұл синонимдiк қатарлардьң кей6iр сыңарлары орын таңдайды деген сөз. Стильдiк синонимдер осындай басты 6елгiciне қарай мағыналық синонимдерден айрылады. Мысалы, поэзияда жалпыхалықтық бұлбұл деген сөзбен бiрге оньң поэтикалық синонимi ретiнде сандуғаш сөзi де кездеседi. Бuiк пен зәулім бір-6iрiне синонимдер болғаны­мен, қолданылуы eкi түрлi: зәулiм үй сөзiмен ғана тiркесiп, көтеріңкi стильде айтылса, бuiк көптеген зат есiмдермен eмiн-еркiн қатынасқа түсе алады. Сол сияқты жолығу мен кездесу де стильдiк қолданылуы жағынан сараланып бөлінедi. Жолғу стиль, талғамаса, кездесу ресми турде ғана жұмсалады. Сүю мен өбу, ecipкey мен жебеу етістік синонимдерінің алғашқысы бейтарап сө:зердiң қатарына кipcе, соңғылары көбіне көркем әдебиетте ұшырасады.

Кейде синoнимдiк қатарлардың екі сыңары 6iрдей орын талғап, белгiлi бiр стильге телiнедi. Мысалы, әттеген·-ай - қаn синонимдерінен эмоциялық көңiл күй байқалса, әуселе-аужай сөздерінен жaғымсыз реңк сезiледi. Eкi жұп та әcipеce сөйлеу тiлiнде жиi айтылады. Бiр катар­дағы мәндес сөздердi осылайша iштей жiктеп саралағанда 6ipeyiнің. барлық стильге, екiншiсiнiң ғылым: саласына, үшiншiсiнiң көркем әде6иетке, төртiншiсiнiң пассив лексикаға, тары басқаларға қатысты eкендiгiн көремiз. Бұл синонимдердің көп қырлылығын, әр тараптылығын аңла­тады. Олардың осындай ерекше қасиеттерi тiлге өң беріп әрлендiредi, оралымды да икемдi етедi. Мағына жaғынан ұқсас, тең бола отырып, бiр-бiрiнен стильдiк бояуы арқьшы өзгешеленетiн мәндес сөздердiң тобын стильдiк синонимдер де атайдыl.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет