Диплом жұмысы тақырыбы: «Қазақ тіліндегі сөйлеу мәнді етістіктер»



бет2/20
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15146
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
Кулибаев Р.

Зерттеудің өзектілігі. Тілдегі синонимдер – қоғамдық -әлеуметтік факторларға байланысты өзгеріп отыратын құбылыс. Жалпы тіл білімінде синонимия құбылысына қатысты бірқатар зерттеулер бар. Оған қазақ тіл білімінде – І.Кеңесбаев, Ғ.Мұсабаев, Ғ.Қалиев, М.Серғалиев, Ф.Оразбаева, А.Османова, орыс тіл білімінде – С.Г.Бережан, Ю.Д.Апресян, А.П.Евгеньева, В.А.Новиков, түркітануда Г.Амиров, Б.Абдуллаев, А.Ходжиев, т.б. ғалымдардың еңбектерін атауға болады.

Сондай-ақ синонимдердің жеке ақын-жазушылар тіліндегі қызметін, сөйлем жүйесінде сөз мағынасын құбылтудағы ерекшеліктерін, жасалу жолдарын теориялық тұрғыдан саралаған ғылыми зерттеулердің де бар екендігі белгілі.

Қазақ тіл білімінде синонимдер, оның ішінде сөз мағынасының дамуы нәтижесінде пайда болатын лексикалық синонимдердің жалпы мәселелері зерттеліп жүргенімен, көркем әдебиетте лексикалық синонимдер, олардың тіл жүйесіндегі орны, парагдигматикасы мен синтагматикасы, жасалу жолдары, стильдік қызметі осы уақытқа дейін арнайы зерттеу нысаны болған емес.

Көркем әдебиетте лексикалық синонимдердің тілдік сипатын, қолданылу ерекшеліктерін ашу олардың синтагматикалық және парадигматикалық болмысын анықтаумен байланысты болса, лексикалық синонимдердің басқа да тілдік құбылыстардан айырмашылығы, тіркесімділік, үйлесімділік қасиеттері олардың стильдік қызметімен тікелей қарым-қатынаста болып келеді. Сондықтан лексикалық синонимдердің мағыналық тепе-теңдік, орын ауыстырымдылық қасиеттерін саралау, мағына тепе-теңдігі сақталған синонимдер мен мәндес синонимдердің ара жігін ажырату, жеке сөз бен фразеологизмдердің синонимдік сипатын, стильдік қызметін анықтау зерттеудің өзектілігін танытады.



Зерттеу нысаны. Көркем әдебиетте лексикалық синонимдер, олардың көп мағыналылығы, жасалу тәсілдері, синонимдік қатардағы үйлесімділік, доминант мәселелері, сонымен қатар лексикалық синонимдердің қолданылу ерекшеліктерін стильдік тұрғысынан анықтау зерттеу жұмысының негізгі нысаны болып табылады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет