Синонимдердің қолданыстық реңктерi. Орыстьң белгiлi ғалымы Л.А. Булаховский синонимдерге:
"Синонимдер дегенiмiз белгiлi контексте алмастырып қолданғанда, онша көп айырмашылығы сезiлмейтiн мағынa жағынан жақын сөздер", - деп анықтама бередi. Мысалға, "үйдiң маңы қаптаған адам" деген сөйлемдегi "адам" сөзiн синонимi "кici" тұлғасымен алмастырсақ, "онша көп айырмашылығы сезiле қоймайды": "Үйдiн маңы қаптаraн кici". шыныдығында, бұл ұстаным бүкiл синонимдерге аньқтама бола алмайды, синонимдiк қолданыстың бiр-ақ қырын - белгiлi бiр стильдiк қарым-қатынасты ғана қамтиды. Айталық қарт, кәpi сын есiмдерi бiр-бiрiне синоним. кәpi кici, кар; сиыр деп қолдануға бол-ғанымсн, қарт сиыр деп айта алмаймыз. Бұлай болуы неліктен?
Тура мағыналы (номинативтi) сөздср сан алуан сөздермен еркін тіркесе бередi десек те, олардьң қолдану шегi, логикалық үйлесiмi болады. Мұны сөздердiң тiркесiмдiлiк қабiлетi (валенттiлiгi) деп атайды. Бұл зандылықтьң синонимдiк қатapra енген сөздерге де қатысы бар. Олай болса, синонимдердiң сан алуан реңктерi, үстеме мағыналары қолданыс кезiнде ғана анықталады. Ат пен eciм бiр-бiрiне синоним болғанымен, барлық уақытта бiрiнiн орнына бiрi жүре алмайды. Себебi, eciм aдaмғa ғана қолданылады: таудң, ecімi десек, epci. әзiл, к,алжың, к,ылжақ, ыржақ бiр үғымды бiлдiргенiмен eкi түрлi мағынада жұмсалады: әзiл, қалжьң - жағымды қыл.жақ ыржақ жағымсыз. Осы себептi әзiл дегеннiң орнына қылжақ, деген жағдайда сөйлемнің логикасына нұқсан келедi. Синонимдердің, белгiлi бiр контекстe – сөз тipкecmepіндe, сөйлемдерде ашылатын мағыналарын қолданыстық реңктер деп атайды.
Алайда, әңгімеленген үш түрлi реңк бiр-бiрiнен алшақ жатқан дүниелер емес, iштей өзара қарым-қатынаста, бiрлiкте болатын тiлдiк белгiлер. Жоғaрыда баяндалғaндарды қорытындай келе, Ә.Болғанбаев синонимдерге тiлшi-маман ретiнде мынадай анықтама бередi: Синонимдер дегенiмiз - әp түрлi айтылғанымен, мағынасы жақын, бiрақ әрқайсысының өздерiне тән не магынальқ, не стильдiк, не эмоциялық сәл ерекшелiктерi бар бiр сөз табынан болған создер.
Синонимдердiң жасалу жолдары. Қазақ тiлiндегi синонимдер толып жатқан тәсiлдер арқылы жасалады. Солардьң iшiндегi ең бастылары мыналар:
Сөз мағынасынын, дамуы нәтuжееiнде пайда болған синонимдер. Тiл байлығы санымен ғана емес, сапасымен де өлшенедi. Осы тұрғыдан келгенде сөздiк қордьң даму дәрежесiн байқататын ерекше көрсеткiш көп мағыналы сөздер және көп мағыналы сөздердiң есебiнен жасалған омонимдер болып есептеледi. Бұлар синонимдiк катардьң көбеюiнiң де бiр көзi.
а) Көп мағыналы сөздерден жасалған синонимдер. Көп мағыналы сөздердiң синоним тудыруға қатысы әрқилы. Кейде бiр сөзде қанша мағына болса, солардьң барлығы бiрдей синонимдiк қатар жасауға үлес қосады. Мысалы, тура деген сөздiң үш мағънасы бар: 1. Дұрыс. 2. Тік. 3. Шақ. Осы үш мағынаньң үшеуiнен де синонимдiк қатарлар пайда болған: 1.Дұрыс – жөн - түзу; 2. Тік - түзу - тікe; 3. llIақ – дәл. Бiрақ мұндай мысалдар өте аз. Ақыл деген сөздiң eкi мағынасы бар; 1. Кеңес. 2. Сана. "Кеңес" мағынасынан синонимдiк қатар жасалмайды. Екiншi мағынадан сана - ес деген қатар пайда болады. Демек, бұл көп жағдайда көп мағыналы сөздердің iшiнара мағыналары ғана синонимдер тудыруға қатысады деген сөз. Қанат деген сөздiң сегiз мағынасы бар: 1. Құстар мен шыбыншiркейлердiң ұшып-қонатын мүшесi. 2. Адамньң eкi бiрдей қолын құлаштап жаюы. 3. Самолеттiң көтерiлiп, ұшып-қонуына қажеттi құс қанаты тәрiздес негiзгi бөлiгi. 4. Арбашаньң немесе басқа бiр заттьң үстін кеңейту үшiн бекiткен ағаш. 5. Киiз үйдiң әрбiр кepeгeci мен шиi. 6. Белгiлi бiр нәрсенің орналасқан шебi, eкi жағы. 7. Балықтьң жүзу қызметiн атқаратын дене мүшесi. 8. Сенiмдi cepiк, арқа сүйер таяныш, тipeк. Бұл сөздң мағынасы қанша көп болса да, олардың еш:қайсысынан синонимдiк қатар жасалмайды. Яғни көп мағыналы сөздерден жапатармағай синонимдер пайда бола бермейдi. Дегснмен кеп мағыналылық есебiнен жасалған синонимдiк қатар әжептәуір.
Достарыңызбен бөлісу: |