Мәндес сөздер (синонимдер) – ұғымы (мағынасы) бір-біріне өте жақын, бірақ тұлғасы жағынан басқа-басқа сөздер. Олар тек бір ғана сөз табынан жасалады.
Мәндес сөз болудың шарттары: 1) бір ғана ұғымды білдіреді, 2) тұлғасы жағынан басқа-басқа сөздер, 3) бір ғана сөз табына қатысты болады. Мыс.: халық – ел –жүрт - әлеумет – қалайық, т.б.. Мәндес сөздер мағыналас, мәндес болғандықтан олар көп жағдайда бірінің орнына бірі қолданыла алады.
Мәндес сөздердің ‘‘мағыналары бір-біріне өте жақын‘‘ деген – олар мүлде тепе-тең деген сөз емес. ‘‘Тең еместік‘‘, біріншіден, мағыналарының ауқымынан (сәл кеңірек, сәл тарырақ), екіншіден, стильдік бояуынан, үшіншіден, қолданылу өрісі мен жұмсалу аясынан байқалады. Мәселен, сөғыс сөзінің мағынасы ұрыс сөзінің мығынасынан кеңірек; аяз сөзіне қарағанда үскірік сөзінің мағынасы күштірек. Мереке, мейрам сөздері – жалпыхалықтық болса (наурыз мейрамы), той, думан сөздері – ауылдық немесе жеке отбасылық мәнге ие (үйлену тойы). Сондай-ақ , отағасы сөзі үй иесі сөзінен, асқар сөзі биік сөзінен көтеріңкілеу (көтеріңкі стиль); ерке сөзіне қарағанда шолжаң сөзінің, асқар сөзіне қарағанда шойнақ сөзінің мәні тұрпайылау. Ал ер жету мен бой жету бір ұғымды білдіргенімен, ер жету көбінесе ұлға, бой жету – қызға байланысты қолданылады. Қымбат сөзі – ‘‘зат, бұйым‘‘ сөздерімен, бағалы сөзі – ‘‘кмім, сыйлық‘‘ сөздерімен, құнды сөзі – ‘‘пікір, қағаз‘‘ сөздерімен ғана тіркесе алады. Ел сөзі мен халық сөзі мәндес сөздер бола тұрғанымен, ‘‘ішіне ел қонды‘‘ деп айтылады да, ‘‘ішіне халық қонды‘‘ деп айтылмайды.
Міне, ocы ерекшеліктеріне қарай мәндес сөздер: мағыналық мәндес сөздір және стильдік мәндес сөздер болып екіге бөлінеді.
Мағыналық мәндес сөздер дегеніміз - әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар мәндестер. Мыс. : батыл - өжет - өткір, алу – азайту – кеміту – шегеру, күшті - әлді – мықты – қарулы - әлеуетті т.б. .
Стильдік мәндес сөздер дегеніміз – мағыналық жағынан тең бола тұра, бір-бірінен стильдік бояуы жағынан ерекшеленетін мәндестер. Мыс.: ат – есім – ныспы, өкпелеу – бұртию, жилау – еңіреу - өкіру, әйел – шүйке бас т.б. .
Қазақ тілі мәндес сөздерге өте бай. Оларды кез келгенсөз таптарынан табұға болады. Мәндес сөздер әсіресе зат есім, сын есім, етістік сөз таптарында молынан ұшырасады.
Мәндес сөздердің қатары (синонимдік қатар) - өзара мәндес, мағыналас (синоним) сөздердің тобы. Мәндес сөздердің қатарында кемінде екі сөзден артық мәндестер болуы керек. Мыс.: ауру (бейтарап) – науқас (сыпайы) – сырқат (сыпайы) – кесел (тұрпайылау) – дерт (тұрпайы); үлкен –дау – зор, өнім – түсім т. б. .
Мәндес сөздердің қатарына енген сөздердің ішіндегі басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйтқы болып тұратын басты (негізгі) сөзді – тірек сөз (доминат) деп атаймыз.
Тірек сөз басқаларға қарағанда мағынасы жағынан – айқын, стильдік жағынан – бейтарап, халыққа жақсы таныс сөз болуы керек. Мыс.: уақыт- мезгіл – мезет, ас – тамақ – тағам – дәм – ауқат т.б. . жоғарыда көрсетілген мәндес сөздердің қатарларындағы тірек сөздер – бірінші тұрған сөздер.
Мәндес сөздердің ұясы қ. Мәндес сөздердің қатары.
Мәндес сөздердің қолданылу тәсілдері: 1) мәтінде бір рет пайдаланылған сөзді екінші рет қайталамас үшін қолданылады: Мыс.: Ауылға бәрі қат, бәрі зәру (Ә.Нұрпеисов). елді бейбіт, жұртты тыныш етті (І.Жансүгіров). 2) белгілі бір ұғымды жан-жақты, толық қамтып көрсету үшін бірнеше мәндес сөздер қатарына қолданылады. Мыс.: Жақып езіліп, еріп, балқып кеткен сияқты болды (Б.Майлин). 3) белгілі бір ұғымды жан-жақты сиппатап көрсету үшін мәндес сөздер бір-бірімен салыстырылып та, ыңғайластырылып та, қарсы :ойылып та қолданылады. Мыс .: Ақтамақ жымиса, ол ыржияды (Ғ.Мұстафин). залда өнкей ажарлы қыздар, әрлі әйелдер отыр (З.Қабдолов). 4) мәндес сөздер қосарланып та қолданылады: ар-ұят, күш-куат, өніп-өсу. 5) мәндес сөздер жеке сөз бен жеке сөз, қос сөзбен қос сөз, түйдек пен түйдек күйінде ғана емес, олар бір-бірімен араласқан күйде де жұмсалады: Мыс.: Біреуді біреу баса-көктеп, кимелеп барады (Ғ.Мұстафин). жоллықан жанның бәрі де оған ат үсті, асығыс жауан берді (Ж.Жұмақанов).
Мәндес сөздердің пайда болу жолдары:
1) мәндес сөздер көп мағыналы сөздердің есебінен толығады: тура- тузу- тік – тіке, тура – дұрыс – жөн, тура – дәл –шақ.
2) Сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болады: өнім – түсім, еңбекақы – жалақы, іле-шала - әп-сәтте – жалма-жан.
3) мәндес сөздер кірме сөздер арқылы жасалады: ақиқат (ар.) – шындық, мейрам (пар.) – қонақ, аймақ (монг.) - өңір – атырап, бөтелке (ор.). – шыны – шөлмек.
4) мәндес сөздердің қатары жергілікті сөздердің (диалектизмдердің) есебінен молаяды: атайман (диал.) - өте – тым – аса, жар (диал.) – қабырға, таға (диал.) –нағашы.
5) мәндес сөздер фразалық тіркестер арқылыда жасалады: еті тірі– пысық, қырғи қабақ - өш – араз, көзді ашып жүмғанша – қас қаққанша.
6) мәндес сөздер тергеу сөздер (табу) мен сыпайы сөздердің (эвфемизмдердің) есебінен де жасалады: ит – құс – қасқыр, жай (түсті) – жасыл, әулие – шешек (ауруы), аяғы ауыр аяғы ауыр – екі қабат – жүкті, көз жүмды – қайтыс болды - өлді т.б. .
Синонимия сөздің мағыналық қасиетімен байланысты құбылыс екендігі белгілі. Бұл жүйедегі басты обьект – сөз.
Сөз – тіл білімінің барлық саласының негізгі зерттеу объектісінің бірі болып саналады. Бірақ тіл білімінің әр саласы сөзжің бір қырын ғана өз объектісі етіп алады да, өз заңдылықтары негізінде сөз етеді. Бұл сөздің универсалды қасиетін емес, олардың күрделі құбылыс екендігін білдіретін бір белгісі ғана. Сондықтан да сөздерді фонетикалық жақтан ғана талдап, барлық қасиеттерін анықтау мүмкін емес. Сондай-ақ сөздерге грамматикалық жақтан талдау жасау мүмкін, бірақ сөздердің барлық қасиеттерін грамматикалық белгілері арқылы ашу мүмкін еместігін жасыруға болмайды. Фонетиканың ең кіші элементі болып саналатын фонема болсын, грамматиканың ең кіші элементі болып саналатын морфема болсын – барлығы да сөз бойынан табылатын нәрселер. Сөз мағынасы, сөз магынасының даму заңдылықтары, синоним, антоним сияқты құбылыстар да сөздерге тән заңдылықтар. Дегенмен осы аты аталынған қасиеттердің жеке-жеке өмір сүретіндігі анық, бірақ олар бірігіп қана сөз жасай алады. Екінші сөзбен айтқанда, дыбыссыз сөз болмайтындығы сияқты, грамматикалық жақтан тұлғаланбаған сөз де болмайды. Сөз болу үшін дыбыстың, грамматикалық формалардың болуы жеткіліксіз. Жоғарыдағы аты аталынған белгілермен бірге, лексикалық мағынаның да болуы шарт. Жалаң лексикалық мағынаның болмайтындығын, кез келген лексикалық мағынаның грамматикалық мағынамен байланысып, астасып жататындығын, олардың өмір сүру формасы тек онда сөз мәселесінің қаншалықты қиын, күрделі екенлігін дәлелдеп жатпай-ақ көз жеткізуге болады.
Сөздің күрделі екендігін көпшілік ғалымдар мойындаса да, оның қандай элементтерден құралатындығын анықтап, ол элементтерді белгіеп, жан-жақты сипаттап бере қоярлықтай пікір қазірше айтыла қойған жоқ. Тіпті сөздерге көпшілік ғалымдар мойындаған ғылыми анықтаманың да берімегендігін айтудың өзі бұл мәселенің қаншалықты қиын екендігін көрсетеді. Бұдан, әрине, жалпы тіл білімінде сөз дербес зерттеу объектісі болмаған екен деген пікір тумауы керек. Керісінше, сөз – жүздеген ғалымдардың пікір айтуына, зерттеулеріне арқау болған категория. Сөз теориясына көз салған, оған үңіле қараған ғалымдардың көпшілігі не бір екіншісін қайталайды, не өзінше азын-аулақ жаңалық қосуға әрекет етеді, тіпті, ең болмағанда, өзіне дейінгі айтылған пікірлерге шолу жасаумен қанағаттанады. Әр ғалымның өзіндік дәлелдері, өздеріне тән пікірлері де барлығын жасыруға болмайды. Өйткені әркім өз пікіріне, өз дәлеліне сүйене отырып пікір айтады, пікірін дәлелдеуге әрекет етеді, анықтама береді. Олар берген кей анықтама басқаларынан қарапайым болып келсе, екіншілері күрделілігімен ерекшеленеді. Бүгінгі күнге дейінгі сөздерге берілген анықтамаларға талдау жасау біздің міндетіміз емес. Оларды тек салыстырып, сұрыптап бірнеше топқа бөліп көрсетуге мүмкіндігіміз бар.
Сөз – мағына мен дыбыстардың бірлігі. Бұл аңықтама оқулықтарда көп кездеседі. Байыптап қарайтын болсақ, шындығында сөздің құрамында мағына мен дыбыстың болатындығы анық. Дыбысталусыз сөз болмайтыны сияқты, мағынасыз да сөз болмайды. Жоғары оқу орындарына арналған осы оқулықта (лексика тарауын жазған Ғ. Мұсабаев) сөздің дыбысталу
формасына да көңіл аударылады. Бірақ талдауға қиын соғатын, басқа тарауларда айтылған ойға қайшы келетін пікірлері де жоқ
Ә.Болғанбаев синонимдерге төмендегідей анықтама береді.
1. Синонимдердiң анықтамасы. Синонимдер формасы жағынан да, мағынасы жағынан да омонимдерге қарама-қарсы тұрған лексика-семантикалык, топ. Омонимдер сыртқы формасы бiрдей болғанымен, басқа-басқа ұғымдарды бiлдiрсе, керiciнше, синонимдер сыртқы формасы басқа-басқа болғанымен, бiрдей ұғымды бiлдiредi. Омонимдiк қатарға енген сөздердің орташа саны төрт.-бестен артпаса, синонимдiк қатарға енген сездердiң орташа саны жиырма-отызға жетедi.
Белгілі ғалым. Ғ.Мұсабаев синонимдерге мынадай анықтама бередi: "Әр түрлi айтылса да жалпы мағыналас болатын, бiрак, сәл ғана басқа ерекшелiктсрi бар сездер синонимдер деп аталады" . Ал профессор К.Аханов "Мағына жағынан бiр-бiрiне жуык" өзара мәндес сездер бiр-бiрiмен синонимдес бола алады" дейдi. Бұл анықтамалардан бiз сөздер өзара синонимдес болу үшiн
1) әр түрлi айтылуы
2) мaғынасы жуык, мәндес болуы
3) бiр-бiрiнен сәл айырмашылығы болуы қажет екендiгiн аңғарамыз. Алайда мағынасы жуық мәндес сөздердiң бәрi бiрдей өзара синонимдес бола ала ма?
Егер мағыналарының жуықтығына, мәндестiгiне ғaнa назар аударатын болсақ, әйел, қaтын, зайып, жұбай, қocaқ сездерiн синонимдер деп тaнyғa тура келедi, шындығында әйел, қamын, зайып "әйел" деген ұғымды бiлдiрсе, жұбай мен қocaқ "ерлi-зайыптылардың бiр сыңары" деген ұғымда жұмсалады. Осы себептi аталған сөздер eкi синонимдiк ұяға топтасады.
Қазақ тiлiнде мағына жағынан жуық, ұқcac бола тұрып, лексика-семантикалық жағынан үйлеспей, eкi түрлi сөз табына қaтысты болатын сөздер де ұшырасады. Мысалы, мә деген одағай ал, ұста деген етicтiктiң орнына жүредi. Солай бола тұрса да, ол аталған етістіктepгe синоним бола алмайды. Бұл сөз көбiне мә, ал немесе мә, ұста болып жұпталып айтылып, қимылдық мағынаны күшейту үшiн жұмсалады. Екі түрлi лексика-грамматикалық топқа жататындықтан, бұлар бiр синонимдiк ұяға сыйысып тұра алмайды. Сымбылбай деген сөз ештеме, дәнеме деген белгiсiздiк есiмдiктерiнiң орнына жүредi. Дегенмен, бұларды бiр синонимдiк топтарға топтастыруға болмайды. Контекстік мағыналары үйлес келгенiмен лексика-грамматикалық жағынан ер тектес сөздер. Жақын деген сөздiң ауысу мағынасы "туысқан" заттық ұғымды бiлдiредi. Алайда жак,ын сын eciм болоғандықтан заттык, ұғымдағы туыс, туысқан, тума сөздерiнiң синонимдiк қатарына ендiруге келмейдi. Екі деген сөз оқушылардың үлгерiмi жөнiндегi жаман деген бағаның орнына жүредi. Бұл eкi сөздi де синоним деп тануға болмайды. Өйткенi eкi жаман деген сөздiң мағынасын бiлдiрмейдi, ұғымын шартты түрде көрсетеді.
Осындай себептерге байланысты белгiлi ғалым, Е.Болғанбаев мынадай қағида ұсынады:
1. Синонимдiк сөздер бiр ғана ұғымды бiлдiруi керек.
2. Синоним болып жұмсалатын сөздер бiр ғана сөз табынан болуға тиic. Мына омонимдiк қатарлар зат eciмнен кеуде – көкірек, бұлак, бастау - қайнар, абырой - бедел - қадiр. сын eciмнен шешен - тiлмар – сөзшең жайдары - ашык, - ак, жарк,ын жагымпаз- жарамсак eтістіктен бөлеу - құндақтау. epimy – балқыту, тону - жаурау -қалтырау, үстеуден жазатайым байқаусызда, қасақана - әдейi - жорта - бiле тұра, ә дегенде - шу дегенде, сан eciмнен бiр - жалгыз - сыңар - жалқы жеке, eкі - қос - жұп - пар - егiз, есiмдiктен қанша - неше, неменеге - Heciнe, ештеме – дәнеме - дым - түк, шылаудан алайда - бiрақ - дегенмен – сөйткенмен – сөйтсе де - санда да, не - немесе - яки - я болмаса, модаль сөздерден мүмкін -ықтимал, әрине - әлбетте - рас, керек - қажет - muic, одағайдан әттеген-ай - қап - япырмай, қайран - шiркiн -дариға, шүкiр – тәуба - тоба, елiктеуiш сөздерден тарп-тарп, тырп-тырп, даңғыр-дүңгiр - қаңғыр-күңгiр, дүр-дүр гүр-гүр жоғарыдағы қорытындыға мысал бола алады.
Синонимдердi белгiлi бiр ұяға топтастыруға жоғарыдағы екi принциптiң аса маңызды екендiгiн мойындай тұра, Е.Болғанбаев "сөздiң сыртқы формасында дыбысталуында аз да болса тұлғалық өзгешелігі болуын" бiрiншi кезекке қояды. Егер азамат - жiгiт, кеңес - ақын тез - жылдам синонимдерiн өзара салыстырса, сыртқы тұлғалары бiр-бiрiнен анық та айқын ажырап тұр. Аң адыраю - одыраю, нығыздау - тығыздау, жанқа - жоңқа, тат - тот, бақ - бау, омыру - опыру синонимдерiн өзара салыстырсак бiр-бiрiнен бiр ғана дыбыстық өзгешiлiгi арқылы айырылып тұр. Атап айтқанда, а-о,н-т, қ-у, м-п сәйкестiктерi болмаса, омонимдерге көп мағыналы сөздерге айналып кетер едi. Бiр түбiрге әр түрлi қосымшалар косылып мәндес сөздер жасалғанда да олардың дыбысталуында айырмашылықтан гөрi ұқсастық басым болады: eгін - eгic, ағын - ағыс, тiгiн - тiгiс. Cүйіну- сүйсiну, ұзарту - ұзайту, жалгыз - жалқы т.б. Сөйтiп, өзара синоним бола алатын сөздердi iрiктегенде олардың сыртқы формасына да көңiл бөлуiмiз қажет.
Синонимдiк қaтapғa eнетін сөздер сан жағынан әр түрлi болады. сөзден ағым - бағыт; дәлел - айғак,; үш сөзден абырой - бедел – қадiр, айбар - айбат – айбын, төрт сезден азат - бостан - epiкmi – тәуелсiз; он сөзден ;жак,ындау - тақау - таяу - жуықтау - маңайлау – санасу- жуысу - жуу - жолау - алқымдау он бес сөзден кенеттен тұтқuылдан -қапыста - абайсызда - қапелiмде - ғайыптан - қапuяда - қапылыста - mосыннан - аңдаусызда - қапыда байқаусызда - жазатайымда - аяк, астынан - күтпеген жерден, бұдан да көп сөзден тұратын ұялар бар. Белгiлi бiр ұғымды бiлдiретiн мағыналас, мәнедес сөздердiң тобын синонимдiк қaтap деп атайды. Бiр қатарға топтасқан жеке сөздердiң санынын әрқилы болуы, әрине, әр түрлi себептерге, қажеттiкке байланысты. Бұл peттe әр сөз табының осы категорияны тудыруға қocaтын өзiндiк үлесi болады. Осыған байланысты синоимдiк қатарлардан да стильдiк реңк ажыратылып тұрады. Мысалы, бұйрық - әмip жарлық мәлімет - ақпарат – мәлімет, әлеуметтiк қоғамдық арыз - шағым, жауынгер - сарбаз синонимдiк қатарларынан ресми стильдiң пән - сабак әдіс – тәсіл, дәуір - кезен, - заман, нәтuже - қорытынды - тyuiн синонимдiк қатарларынан ғылыми стильдiң терминдiк мәндері сезiледi. Ауызекi сөйлеу, публицистика, көркем әдебиет саласында Ә. Болғанбаевтың анықтауы бойынша, синонимдердiң мынадай стильдiк реңктерi кездеседi. 1) Кадiр тұтып сыйлағандықты бiлдiретiн реңктер. Меселен, eciм деген сөз ат сөзiнен, дәм ас сөзiнен, отағасы қарuя сөзiнен, қаза өлiм сөзiнен, науқас ауру сөзiнсн, перзент бала сөзiнен құрметтiлеу. 2) Салтанат құру мәнiндегi кетерiңкi реңктер. Жүлде – бәйге, ұлан - бала, мерекелеу - тойлау, .жерлеу - кему, азамат - жiгiт синонимдiк қатарларыньщ алғашқы сьңары соңғы сьңарға қарағанда асқақ., көтерiңкi. 3) Поэтикалык. реңктер. Асқар бuiк сөзiнен, қол әскер сөзiнен, дариға қайран сөзiнен, мәртебе aтақ сөзiнен, қаһарман кейiпкер сөзiнен, mапақ арай созiнсн поэтикалык, стильде жиiрек қолданылады. 4) Дөрекiлiк мәндегi реңктер. Бет сөзiнен сьқпыm сөзiнiц, шeгіну сөзiнен көткеншектеу, ерке сөзiнен шолжың" асқақ; сөзiнен шойнақ сөзiнiң стильдiк реңктерi дөрекi. 5) кeкeciн - мысқыл мәнiндегi реңктер. Мысалға кiсілік көрсету деудiң орнына қoдыpаңдay, елiру деудiң, орнына желпiлдеу, жеңiлтектену деудiң орнына тұштаңдау десе, кекетiндi мағынa бередi. Мұндай сөздер бiреудiң iстeген ici, қылығы басқа бiр адамға ұнамағанда айтылады. 6) кеміткен, менсiнбегендiк мәнiндегi реңктер. Көлiк деудiң орнына бұт артар, бала деудiң: орнына шикі өкпе, ер адам деудiң: орнына еркек ,кіндік келiн деудiң орнына шүйке бас деу кемсiтушiлiк, менсiнбеушiлiк мағынасын тудырады. Халықтық сөйлеу тiлiнде сөздердi бұрып айту жолдары өте көп. Жуан, семiз адамды жiңiшке, қорқақ адамды батыр, саранды мырза деп әзiлдеу, мазақтау дәстүрi бар. Қолдану орны бұзылып айтылған сөздiң бәрi кекесін болып шығады.
Достарыңызбен бөлісу: |