Диплом жұмысы тақырыбы: «Қазақ тіліндегі сөйлеу мәнді етістіктер»



бет9/20
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15146
түріДиплом
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20
ә) Омонимдердің, есебiнен жасалған синонимдер. Өнiмсiз болса да, омонимдердiң есебiнен де синонимдiк қатар жасалады. 1. Apық. Су ағызу үшiн арнайы қазылған су жо­лы. ІІ. Арык.. Семiз емес, еті қашқан жүдеу. Осы омоним­дiк қатардың екiншi сыңары "көк бақа" деген тiркеспен синонимдес. 1. Арман. Көксеген мақсат, тiлек. І І. Арман. Сөйлеу тiлiнде әрмен вариантымен жарыса қолданылады. epipeк деген мaғынадa жұмсалады. I. Осы қатардьң бiрiншi сыңарының синонимі - қиял.

Туынды омонимдерден де синонимдік қатар жасалады. 1. Тартпа. Столға орнатылған ұсақ-түйек зат салып қоятын жылжымалы кiшкене жәшік.І І. Тартпа. ердің үстін 6асты­ра аттың бауырынан 6айланатын ұзын белдiк сияқты бау. Бiрiншi сыңардан тартпа - суырма; екiншi сьңардан тартпа төс айыл - алдьңғы айыл синонимдiк қатарлары түзiледi.



Сөзжасам тәсiлдерi арқылы пайда болған синонимдер. а) жұрнақтар арқылы: синонимдердi тудыруда журнақтар үлкен қызмет атқарады. Бұрын бiр-бiрiмен синонимдес бола алмайтын сөздерден синонимдiк қатар түзедi. Мәселен, ауыз және су деген затгық ұғымдары түбiр сөздердiң жеке тұрғандары лексикалық мағынасында ешбiр байланыс жоқ. Осы түбiрлерге -лық қосымшасы қосыл­ғанда жылқының аузына салатын жүгеннiң темiрден жасалған бөлшегінің. атын бiлдiредi: ауыздьқ-сулық,. Жем, өлiм деген заттық ұғымдағы сөздерге -тiк қосымшасы қосылғанда да 6ip мағыналас сөздер жасалады: жеттік-өлімтік. мұнда- тү6ip- (жем) мен туынды (өл+iм) - eкi басқа сөздi бiр-бiрiне жақындастырып тұрған дәнекер -miк қосымшасы болып табылады. Үй мен аяк, деген сөздер бiр сөз табына жатқан щыңы болмаса, мағына жағынан ешқандай байланысы жоқ. Осы eкi түрлi ұғымдары сөздсрге -ландыр, -лендiр курделi қосымшасы жалғанса болғаны бiр ұғымды бiлдiретiн синоним жасалады: ақ,тандыр- үйлендiр. Жұрнақтардьң ендi бiр бөлегi түбiр тұлrасында мағына жағынан ешбiр байланысы жоқ ұғымы басқа сөздердi ғана емес, өзге сөз табындағы сөздердi екiншi бiр сөз табына ауыстырып, бiрiмен-бiрiн жақындастырып синоним жасайды. Мысалы, сак, деген өез сын eciмгe жатады. Ол -шы қосымшасын өзiне қабылдап, сақшы деген заттық ұғымдағы туынды сөз жасап, күзетшi сөзiмен синонимдес болып қолданылады. қысқа мен ықшам деген сын есiмдер де мағыналық жағынан бiр-бiрiне жуықтамай­ды. Осыларға етiстiктiң белгiлi бiр қосымшалары қосыл­ғанда етicтiкке айнальш, синонимдiк қарым-қатынасқа түседi: қысқарт-ықшамда. -ла, -ле қосымшалары да басқа сөз таптарындағы синонимдердi eтістік мағыналы сино­нимдерге ауыстыратын бiрден -бiр дәңекер болып табылады.

Бұлардан басқа синонимдiк қатар түзетiн өнiмдi жұрнақтар мыналар: -ыс, -ic, -с: шабыс-жарыс, егес-ерегiс т.б;, -ма, -ме, -ба, -бе, -па, -пе; кеспе-салма, мiнездеме-­сипаттама т.б.; -ым, -iм, -м; наным-сенiм, ұйым-к,оғам т.б.; _у: хабарландыру-құлаұтандыру, үндеу-шақыру т.б.; - қ,-к, ­ық, -iк, -ақ, -ек: бұнақ,-түйнек, торпақ,-баспақ, т.б.; -лы, -лi, -ды, -дi, -ты, -ті: күштi-әлдi-қуатты-қайратты, ауқатты ­дәулеттi Т.б.

ә) Күрделену арқылы: күрделi сөздердiң құрамына енген түбiр сөздер оп -оңай бiрiкпейдi. Өзiнен -өзi қосар­ланбайды немесе кездейсоқ тiркеспейдi. Олар белгiлi бiр зандылыққа, ұғымға негiзделiп күрделенедi. Адамдардың қоғам үшiн iстеген еңбегiне төленетiн қаржы еңбекақы немее жалақы деп аталады. Ақы кез келген сөзбен емес, белгiлi бiр дәрежеде тipкece алатын кабiлетi бар еңбек, жал сөздерiмен бiрiгiп, еңбегi үшiн берiлетiн ақы, жалданған­дағы үшiн алатын ақы деген ұғымды бiлдiрiп тұр. Өзара бiрiкпеген жағдайда бұл сөздер синонимдес бола алмас едi. Доғабас-айылбас, отағасы-ақсақал синонимдерi де бiрiгу тәсiлi арқылы жасалған. Бiрiккен сөз бен бiрiккен сөздiң синонимдес болуы шарт емес. Күрделi сөздер дара сөздермен де синонимдiк қатар түзе алады. Мысалы, сегiзкөз-құйымшақ" көзқарас-пiкiр, алты атар-тапанша, күнбағар-шекiлдеуiк Т.б. Тарихи даму барысында сөз тіркестepi бұрынғы синтаксистiк қарым-қатынастарын жойып, лексикаланады, бiрте-бiрте күрделi сөздерге айналады. Мысалы, адамның денесiне жағып, әдемi жақсы иic шығаратын затты қазақтар uic су немесе uic май дейдi. Мұнда uic деген сөз бiрде сумен, бiрде маймен тiркесiп айтыльш, күрделенiп, лексикаланып, белгiлi бiр заттьң ұғымын бiлдiрiп тұр. Өзара синонимдес, лексикаланған тіркестеp екi сөзден құралғанымен, көбiне дара сөздермен бiрдей қызмет атқарып, бiр ұғым бiлдiредi: бой жеткен бикеш, көз бояушы-сuқыршы, құс төсек-мамьқ, орта бойлы-дембелше, emi тiрi··пысық" қол алысу-амандасу, құдаа түсу-айттыру, тiciн қайыр-кiжiну Т.б.

Қазақ тiлiнде екi сөздi қосарлап, немесе бiр cөздi қайталап, я сөздің бiр буынын қабаттастырып қолдану арқылы сөзден сөз тудыру амалы бар. Осы тәсіл арқылы барлық сөз табынан дерлік көптеген синонимдiк қатарлар пайда болған: хат-хабар - хабар-ошар, мән-жай жай -­жапсар, көпе-көрнеу - ашықтан-ашық майда-шүйде - ұсақ­ - түйек, алдап-арбау - алдап-сұлау, күйiп-жану - күuiп-пicy, дел-сал - дел-дал, арбаң,-арбан, - ербен,-ербен, даңғыр-дұңғыр ­қаңғыр-күңгiр т.б.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет