1 МӘНДЕС СӨЗДЕРДІҢ ЗЕРТТЕЛУ ТАРИХЫ
Бір тілде қанша сөз болса, солардың тұтас жиынтығын тіл ғылымында лексика (гр.lexicos—сөздік) немесе сөздік құрам деп атайды. Сөздердің лексикалық жүйеде алатын орнын, шығу төркінін, қолданылу қабілеттілігін, күнделікті қарым-қатынастағы көрінісін, сан қилы стильдік мәні мен сипатын тексеретін ғылымды лексикология (гректің lexikos—сөздік+logos—ілім сөздерінен) дейді. Қазақ тілінің лексикологиясы—қазақ тілінің сөздік кұрамын (лексикасын) тексеретін ғылым. Бүгінгі қазақ тілі сөз байлығы жағынан дамыған тілдердің қатарына жатады. Қазақ тілінің сөздік құрамы халқымыздың басынан кешірген бүкіл өмірінің, шаруашылығы мен кәсібінің, материалдық байлығы мен рухани қазынасының айнасы, куәсі іспеттес, замандар бойы біртіндеп қалыптасқан, ұзақ дамуының жемісі. Соңдықтан лексиканы зерттеу сөздік құрамды тұтас бір бүтін жүйе деп қарауды міндеттейді. Яғни лексикология жекелеген сөздердің тобын емес, тілдің қалыптасқан лексикалық жүйесін қарастырады.
Шындық болмыстағы заттар мен құбылыстар жайындағы ұғымдар жеке сөздермен ғана емес, тұрақты сөз тіркестері түрінде қалыптасқан баламаларымен де түсіңдіріледі. Осыған орай лексикология ғылымы сөз ұғымымен үйлесіп, сәйкесіп отыратын тұрақты сөз тіркестерін зерттейтін фразеологияны да (гр.frasis —сөйлемше+logos-ілім) төл объекті ретіңде қарастырады.
Тілдің қаншалықты дамып жетілгендігі сөздік құрамдағы сөздердің санымен ғана емес, мәнімен (көп мағыналығымен) де өлшенеді. Бұл жағынан лексикология сөздердің мағыналық құрылымын зерттейтін семасиология (гр.semasia —мән, мағына +logos —ілім сөздерінен) ғылымымен тікелей байланысты. Семасиологияның мәні әсіресе түсіндірме сөздіктерді жасағанда айқын байкалады. Мұнда сөздің негізгі, туынды және ауыс мағыналары даму тұрғысынан сараланып талданады.
Лексикология мәселелерін жан-жақты, терең түсіну үшін, тіл білімінің оған шектес басқа салаларымен қандай байланысы бар екенін ашып қарастырудың зор мәні бар.
Ана тіліміздегі сөз байлығының басынан кешкен ұзақ тарихы бар. Сөздердің қалыптасуына, өзгеруі мен дамуына қатысты тарихи заңдылыктарын тарихи лексикология тексереді. Тарихи лексикологияның бір саласы—этимология. Этимология (гр.etymon шыңдық +logos —ілім) сөздердің шығу төркінін, олардың ең алғашқы түр-тұрпаты мен мағынасын анықтайды. Сол арқылы қазақ халқының бұрынғы замандағы өмірінен мәлімет алуымызға, қандай халықтармен қарым-қатынаста болғандығын айқындауымызға болады. Ана тілі лексикасының даму, өзгеру заңдылықтарын туыстас тілдердің лексикасын тарихи тұрғыдан тексеріп, салыстыра зерттегенде ғана дұрыс танып, білуімізге болады.
Тілдегі жалқы есімдерді зерттейтін ономастика ғылымымен де лексикология тығыз байланысты. Ономастика (гр. onomastike—ат беру өнері) іштей антропонимика және топонимика болып екі салаға жіктеледі. Антропонимика (гр. authropos—адам +onyma —ат, атау) кісі аттарын (есімдерін) зерттеу объектісі етіп қараса, топонимика (гр. topos—орын, мекен+onyma—ат, атау) географиялық (жер-су) атауларды жеке объекті етіп зерттейді.
Лексикология тіл білімінің грамматика саласымен де үнемі қарым-катынаста болады. Тілдегі сөздердің номинативтік (атауыштық) қызметімен қатар грамматикалық қызметі де бар. Тілдің тарихи дамуы барысында сөздердің бір-бірімен әрдайым грамматикалық байланыс жасауы арқылы бір жағынан лексикалық единицалардың грамматикалану процесі жүріп жатса, екінші жағынан, сөз тіркестерінің бір бүтін лексикалық единицаға (сөзге) ауысу (лексикалану) процесі жүріп жататындығы белгілі. Бұл құбылыс өте-мөте сөзжасам тәсілдерінде айқын байқалады. Мысалы: таңга, күніне, айына, бірде, жақында, басында, аягында, ақырында, арқасында, бұрыннан, белшесінен, алшысынан, төтесінен, тұтқиылдан, басынан, жасынан, шөкесінен, атымен, шынымен түнімен т.б. сөздер — шығу төркіні жағынан о баста септік жалғаулары арқылы жасалған туынды үстеулер. Бүгінде соңғы буындағы қосымшалары әбден кірігіп, жымдасып кеткен.
Сондай-ақ, лексикология фонетикамен де үнемі байланысты. Сөздер көбінесе бірнеше дыбыстың тарихи қалыптасқан тіркесімен айтылғаңда ғана белгілі бір мағынаны білдіреді. Тілдегі сөздердің дыбыстық құрамының өзгеруі олардың мағыналарының өзгеруіне әкеп соғады. Мәселен, ал, әл, ол, өл, іл, ұл дегенде дауысты дыбыстардың аз, ақ, ал, аң, ас, ат, ау, аш дегенде дауысыз дыбыстардың өзгеруінен әр түрлі мағына беретін сөздер жасалып тұр.
Тілде белгілі бір дыбыс өзгергенімен, сөздердің сыртқы тұлғасы да, мағынасы да оншалшықты өзгеріске ұшырамай, үнемі ұксасып келетін жағдайлары болады. Мысалы: айғай-айқай, бау-бақ, сұрау-сұрақ, шұқыр-шұңқыр, ауа-әуе, бөйге-бәйгі, үлгіру-үлгеру, түгендеу-түгелдеу, жудырық-жұмырық, жаңқа-жоңқа т. б. Кез келген дыбыстардан әркім өз қалауынша сөз жасауына, болмаса грамматикалық тұлға жасауына болмайды. Лексикалық элемент те, грамматикалық элемент те дыбыстардың белгілі бір жүйелі тіркесі арқылы жасалады. Сол арқылы тілде жалпыға ортақ сөздер қалыптасады да олар ұрпақтан-ұрпаққа мұра болып, сақтала береді.
Сөйтіп, тіл ғылымының әрбір саласы өзінің дербестігі мен даралығын (өзіндік қасиетін) сақтай отырып, өзара бір-бірімен байланысып отырады. Қазақ тілі фонетика, лексикология, морфология, синтаксис, стилистика, этимология т.б. болып бірнеше салаға бөлінгенімен, осылардың барлығының да тексеретіні —сөз. Тілдегі сөздерді бұлардың әрқайсысы әр жақтан алып қарастырады. Тілдің негізін жасайтын—оның грамматикалық құрылысы мен негізгі сөздік қоры. Бұлардың екеуі де фонетикалық құбылыстармен тығыз ұштасып жатыр.
Сөздің дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синонимдер омонимдерге қарама-қарсы тұрған лексика-семантикалық тілдік құбылыстар. Омонимдер ұғымы басқа, дыбысталуы бірдей бірнеше сөз тобын білдірсе, синонимдер, керісінше, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын қамтиды. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер мен омонимдердің қатарына енген сөздердің сан мөлшері де ала-құла. Қазақ тілінде омонимдік қатарға енген сөздің саны негізінде 4- 5 тен аспайды. Ал синонимдік қатардағы сездердің саны кейде қырықтан да асып жығылады.
Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады.1.Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет.2.Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі қажет. 3.Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс. Бұл үш белгі — сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай грамматикалық тұлғада келіп, контексте бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгісі болып табылады. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді.
Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылады. Яғни сөздер бір ғана акиқат шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар синоним деп танылады. Синонимдік қатардың мағыналық бірлігі сөздерді өзара жақындатып салыстыру үшін ғана емес, сонымен қатар оларды бір-біріне қарсы қойып ерекшелеуге де негіз болады. Синонимдер бір ғана ұғымды білдіреді дегеннен олардың мағынасы нақ бірдей, әр уакытта олардың мағынасы тепе-тең болып тұрады деген сыңар жақ ұғым тумаса керек. Сөз бен сөздің мағыналық байланысы алыс та, жакын да, тікелей де, жанама түрде де бола береді. Алыстың да алысы бар, жақынның да жақыны болады. Сөз мағынасының жақындығы деген де тым кең ұғым. Мәселен, той — мейрам—мереке — думан — тамаша дегендер адам баласының қуанышы, қызықты күндерін білдіреді. Бұларды іштей «жалпыхалықтық қуанышты күңдер» (мейрам-мереке) және «жеке отбасының немесе бір ауылдың қуанышты күндері» (думан-тамаша) деп екі топқа бөлуге болады. Мұның ішіндегі той деген сөз қуанышты күндердің екі тобына да жалпылама айтылады. Өйткені бұл сөз кең мағынада да, тар ұғымда да жұмсала береді. Мысалы: Халық Абай тойын қызу қарсы алуга әзір отыр немесе Әшімбек баласының үйлену тойына дайындық жасап жатыр деуімізге болады.
Сол сияқты семіру — шелдену — майлану — тойыну —жуан-дау —толу— қоңдану дегендер жан-жануарлардың арық күйден семіз күйге айналғандығын білдіретіндіктен, синоним деп танимыз. Бұларды да мағыналық жақындығына қарай екі жікке бөліп қарауға келеді:
а) адамға қатысты синонимдер (жуандау —толу); ә) басқа жан-жануарларға байланысты айтылатын синонимдер (шелдену — майлану—тойыну— қоңдану). Ал семіру сөзі екі топқа да ортақ болып айтыла береді.
Сондай-ақ багалы-құнды-қымбат деген сындық ұғымды білдіретін синонимдердің де әркайсысына тән өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, багалы сыйлық, бағалы киім дегендегі мағыналық реңк құнды, қымбат сөзінде жоқ. Құнды пікір деп айтылғанымен, қымбат пікір деп айтылмайды.
Синонимдер – гректің synonymos – «мағыналас, мәндес» сөздерінен алынған термин, яғни мағыналас, мазмұндас сөздер. Олар-ойды әрі көрікті, әрі әсерлі жеткізудің құралы. Оларды талғай да таңдай да білу керек. Өйткені, мағыналас сөздердің бәріүнемі бірінің орнына бірі жұмсала бермеиді. Әрқайсысында әр түрлі стильдік бояу, стильдіксапа болады.
Контексте қолдануына қарай әр түрлі мағыналық реңк туғызады. Олардың стильді бояулары сол сөздерді салыстырып қолданғанда айқын көрінеді. Синонимдерді тіліміздегі стиль түрлеріне қарай саралап қолдану қажет. Мыс: «күш, әл, қуат».
Төмендегі сөйлемнен «күш» сөзінің орнына «әл» сөзін алмастырып айтуға болмайды. Өйткені мағына дәлдігі бұзылады: Қолыңдағы бар күшті жинай білсең, ұлы хандықты құруға болады І.Есенберлин. Көшпенділер).
Көптеген ғалымдар «Бір тілдің лексикасында мүлде бір мағынада айтылатын екі немесе бірнеше сөз жоқ, сондықтан бұл сөздің ұқсастығын абсалюттік ұқсастық деуге болмайды. Себебі синонимдер айтушының ойына сай болып логикалық пікірдің нәзік еенін қамтитын болады» деп таниды.
А.И.Ефимов: «За каждым синонимом стоит смысловое и стилистическое своеобразие, специфические смысловые оценки, изучаемые стилистикой ...тождественных по значению слов в языке не бывает».
Ноғайлыны шапаққа
Қалмақтар ішті қасамды ант-су).
Ерте заманда анттасқан адамдар серт беріп, бір ыдыстан су ішкен – ант су деп аталады. Бұл жерде қасам сөзінің жұмсалуы – көне заманның мазмұнын берудегі ұтымды тәсіл.
Синоним сөздер көркем шығармаларда кейіперлердің сезімін, мақсатын бағытын дәл көрсету үшін, айтылған ойдың, сөздің мағыналық-эмоциялық мәнін күшейтіп беру үшін, құбылысты кеңірек суреттеу үшін жұмсалады. Толып жатқан нәзік ойлар, сезімдер-синоним арқылы жеткізіледі.
Бұл мәселе орыс тіл білімінде зерттеу обьектісі болды. Айтайын деген ойға керекті сөзді тауып айту - өнер. Синоним сөздердің стильдік қолданылуы туралы қазақ тіл білімінде көркемді зерттеу еңбектер көп емес.
Мынандай стильдік мүмкіншіліктері бар деуге болады. Кәрі –қария, жас бала да. Ешбірі де қалмады. Мағыналары әсерлі. 1) Синонимдердің бірнешеуін қатар айту айтайын деген ойды анықтай түседі. Абайдың қолынан келсе, сол сармолла айтып жүрген сөзді өз тарапынан да жұртқа жеткізу борыш, қарыз тәрізді. «Қағаз дегшен абырой, атақ, беделге қарай ма? «Абайдың көз алдына Байтастың былтыр жаздағы әншіл, сауықшыл жлдастары толық елестетеді».
Кейбір синоним сөздер контексте жансыз заттармен тіркесіп айтылып, бейнелік мағына беріп тұрады: былжыр күз, сылбыр күз, көріксіз, ажарсыз тұман. Ойды бейнелі айту үшін де, көркемдік дәлдікке, шынайылыққа жету үшін де омоним, антоним сөздер де жұмслады. Абай: «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да..»
Ойды ықшамды, әсерлі ету үшін жұмсалады: Күні-түні тынбай, бірде көл, бірде шөл болады.
Ойды жйнақтау үшін: жақсылық пен жамандақтың бағасын ұғар кезі болды ғой, - қолданылады.
Қызыл гүлің суалып,
Ақ көңілің анық қарайды Абай).
Елді қан жылатумен шынжыр балақ шұбар төс қанды ауыз атанған бір ауыз еді.
Сонымен синонимдер белгілі бір ұғымды білдіргенімен, олардың арасындағы мағына жағынан толық сәйкестік, тепе-теңдік қасиет болмайды.
Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйтқы болатын тірек сөз деп тандалынып алынады. Бұл тіл білімінде доминант (тірек сөз) деп аталады. Доминант сөз мәндес сөздерді мағыналық жағынан ғана топтастырмайды, сонымен бірге синонимдік қатарларды әліппе жүйесіне келтіру үшін де мәнді қызмет атқарады. Доминант сөзді дұрыс анықтап, белгілеп алмай синонимдерді тәртіпке келтіру мүмкін емес. Сондықтан синоним сөздігін жасауда доминант сөзді іріктеп, сұрыптап алуға айрықша көңіл бөлінеді. Доминант сөзге синонимдік қатардағы сөздердің ішіндегі мағына жағынан ең айқын, стильдік мәні жағынан бейтарап, жалпы халыққа соншалықты танымал дегендері ғана таңдалынып алынады. Синонимдік қатарға топтастырылатын сөздердің шегін олардың логикалық бірлігіне қарап қана ажыратуға болады. Әрбір синонимдік қатардағы сөздер негізінен екі кезеңнен өтеді. Алғашқы кезеңде сөздер жалпы мағыналық бірлігіне қарай, ұқсастыру негізіңде синонимдік қатарға топтастырылады. Ұқсастыру бір ұядан туатын жалпы ұғымға бағыңдырылады. Жеке сөздің қара басындағы өзгешелік бұл кезеңде есепке алынбайды. Мәселен, ас—тамақ—дәм— агам —ауқат дегеңдер адам баласының жейтін қоректік затын білдіретіндіктен, ең әуелі бір синонимдік қатарға топтастырылады. Бұлардың бір-бірінен ажырататын езгешеліктерін саралау—екінші кезеңдегі істелетін жұмыс. Синонимдік қатардағы сөздердің ұқсастығын табудан гөрі олардың бас-басына тән өзгешелігі мен ерекшелігін табу әлдеқайда қиын жұмыс. Синонимдер бір-бірінен мағыналық ренкі жағынан, стильдік мәні және басқадай сөздермен өзара қарым-қатынасқа түсіп, қолданылуы жағынан үш түрлі белгілері арқылы ажыратылады.
Көркем шығармада ең белсенді әрі жиі қолданылатын мағыналас, мәндес сөздер қатары бар. Әңгіме синонимдер туралы болмақшы. Қазақ тіліндегі синонимдердің үшан-теңіз байлығын сөз шеберлері аса тиімді пайдаланады. Синонимдіг қатарлардың өз ішінде қолданыс ыңғайында ғана дифферен-циацияланатын ерекшелігі бар. Бірінің орнына бірі оңай ауыстырылатын абсолюттік синонимдер үнемі кездесе бер-мейді. Қазақ әдеби тілінде синонимдердің көптігі үлттың тіл байлығы екендігін әрдайым есте үстаған жөн. Олай дейтін себебіміз кей кезде синонимдерді тілді шүбарлап, ойды ауырлататын тәсіл деген түсінік қылаң беріп қалады. Біздің-ше, бүл тек жаңа сөзжасауда оның бірнеше дублеттерінің қалмай косылып жүретіндігінде. Мысалы: опгбасы, үйелмен, жануя, үй-іші т.б. семья сөзін қазақшалағандағы баламалар-дың көбеюінен осындай ойлар қазақ тіліндегі жалпы синонимдерге "тиісіп" кететіні бар. Ақын-жазушылар үшін үлт тіліндегі синонимдер жүйесін үдайы жаңғыртып қолдануы шеберліктің бірнеше міндетін аңғартады. Олар:
1. Сез шеберлері алдымен лексикалық синонимдер қатарын сауатты, еркін меңгеруі тиіс. Әр синонимнің тілдік және сөйленістік реңктерін ажыратып қолдануы арқылы окушыға түсінік, бағыт береді.
2. Сөз шеберлерінің бір абзацта, Сір сөйлемде қолданылған сөзді қайталамаудан құтқаратын синонимдерді іріктеуі шығарма авторына үлкен жауапкершілікті жүктейді. Бұл —
. синонимдерді алмастыру арқылы көркемдік, өсерлік тәрізді суреткерлік тәсілді ұштауға әкелетін шығармашылық ізденістің бір түрі.
3. Синонимдер қатарының әдеби шығармада мейілінше жиі қолданылуы тіл байлығын кемелдендіруге, семантикалық реңктерін нақтылауға және әдеби тіл нормасын қадағалауда көрсеткіш ретінде танылады.
4. Синоним сөздер сыңарларының мәтін ішінде позициялық орналасуынан байқалатын доминанттық өзгерістерге автор ойының қатысы болады.
5. Синонимдердің мәтін бойында градация, амплификация төсілдерімен берілетін эмоционалды-экспрессивтік қуатының оқушы үшін әсері мол.
Тілдегі синонимдер әр түрлі жолдармен пайда болады. Қазақ тіліндегі синонимдердің келіп шығуының мынадай жолдары бар:
Синонимдер көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған.
Мысалы: көз—жанар — сұқ көз —әйнек; көз —жасу, көз—бұлақ — бастау —қайнар; арту—асу—озу; арту—көбею—молаю; әлді — күшті — мықты —қарулы—әулетті—әндемді; әлді — ауқатты — дәулетті — қуатты — бай; тура — тік —түзу — тіке; тура — дұрыс — жөн; тура — дәл — шақ т. б.
Синонимдер сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған:
а) аффикстер арқылы: ауыздық — сулық, жемтік — өлімтік, басшы —жетекші, жемқор—парақор, өнім — түсім, ақылды —есті, маңызды — мәнді, сүтті — құнарлы, қанагатсыз — тойымсыз, берекесіз — құтсыз, — дайынсыз, ажарлау — өңдеу, ұсақтау майдалау, жоғарылау — ілгерілеу, азайту — кеміту, қоштау —мақұлдау т. б.; ә) біріктіру арқылы: ақсақал — отағасы, еңбекақы жалақы, қанішер — қанқұйлы — қаныпезер, доғабас — айылбас т. б.;
б) қосарлау арқылы: ат-тұрман — ер-тоқым; жоқ-жітік—кедей-кепшік — жарлы-жақыбай; алқын-толқын —аумалы-төкпелі; өліп-өшу — сүйіп-құшу —айналып-толгану, жыгылып-сүріну — сүрініп-қабыну, зым-зия — ұшты-күйді, іле-шала — әп-сәтте — жалма-жан т. б.; в) тіркесу арқылы: иіс су — иіс май, іш мерез — жылым құрт, көк ет — бауыр ет; г) омонимдер арқылы: тартпа — суырма, тартпа — төс айыл — алдыңгы айыл, табандау —ұлтандау, табандау — сіресу — қасарысу —қырсыгу — қыңыраю т. б.
3. Синонимдер кірме сездер арқылы пайда болған:
а) араб сөздері арқылы: халайық (халаиқ) — халық, жұрт, көпшілік; ақиқат (хәқиқат) — шындық, растық; отан (уэтан)
— ел, туган жер; әскер (гәскәр) — жасақ, қол, шеру, қосын; уәлаят — (уилаят) — өлке, облыс т. б.;
ә) парсы сөздері арқылы: батыр (баһадор) — батыл, ер; дихан (дәһқан) — егінші; шәкірт (шагирд) — оқушы; мейман (меһман) — қонақ; зор (зур) — үлкен, дәу т. б.; б) монғол сөздері арқылы: аймақ (аймаг) — өңір — атрап — төңірек — маңай; жасақ (жасаг) — әскер,қол; дарқан (дархин) — жомарт, мырза, кең пейіл; үдере (өдер) — жедел, тоқтаусыз, жаппай; шешен (сәцен) — ділмар — сөзшең т. б.; в) орыс сөздері арқылы: бөтелке (бутъшка) — шыны, шөлмек; шен (чин) — атақ, дәреже, лауазым; бишік (бичик) — өгіз қамшы; кір (гиря) — таразы; сома (сумма)— ақша, баға, құн, рет (ряд) —мәртебе. т. б.
4. Синонимдер диалектизмдердің есебінен жасалған. Диалектілік синонимдер әдеби тілдегі сөздермен мағыналас, мәндес
келуіне қарай екі топқа бөлінеді: а) сыртқы тұлғасы (дыбысталуы) бөтен (әдеби тілде кездеспейтін), бірақ әдеби сөзбен
мағынасы үйлес келетін сөздер. Мысалы: аданас — аталас,
агайындас; атайман — өте, тым, аса; атымды — құнарлы,
шығымды; башалау — салалау, жіктеу, жекелеу; дәйіс —
ұятсыз, арсыз т. б.;
ә) сыртқы тұлғасы таныс (әдеби тілде кездесетін), бірақ білдіретін ұғымы басқа сөздер. Мысалы: астана — табалдырық; жар — қабырга; жедел— ерегес, жан-жал; көң — қыстау; сым — шалбар; сулулату — піштіру, кестіру; талап — жумыс; таға — нагашы; тонау — сонау, анау; ұрпақ — кебек т. б.
5. Синонимдер табу мен эвфемизмдердің есесінен молайған.
Мысалы: әулие-шешек, ит құс — қасқыр; жасыл — жай, найзагай;
қолды болу — ұрлану, жоғалу; күн байыды — күн батты, кешкірді—көңіл жақын — әуей, тамыр; аягы ауыр — жүкті, екі қабат; жасы ұлгаю— қартаю; дүние салды — өлді, қайтыс болды т. б.
Қазақ тілінің синонимикасы негізінен өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы байыған. Сонымен қатар өзінде жоқты өзге тілдерден ауысып алу нәтижесінде де кемелдене түскен.
Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді: а) мағыналық синонимдер, ә) стильдік синонимдер, б) мағыналық-стильдік синонимдер.
Әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз, жалпылама қолданыла беретін синонимдер мағыналық синонимдер деп аталады. Мысалы: абырой — бедел — қадір, азайту — алу — кеміту — шегеру, батыл — өжет — өткір т. б.
Синонимия сөздің мағыналық қасиетімен байланысты құбылыс екендігі белгілі. Бұл жүйедегі басты обьект – сөз.
Сонымен, синонимия жүйесіндегі басты обьект - сөз болғандықтан, олардың мағыналық теңдігі мен жақындығы мағыналық сәйкестіктердің бір ұғым төңірегінде ұштасуымен анықталады. Сондықтан мәндес сөздер ең алдымен әрбір тілдің дамуы мен өркендеуіндегі ең маңызды да күрделі құбылыс, әрбір тілдің дамығандығын, оралымдылығын сипаттайтын лексикалық категория болып табылады. Мәндес сөздер жан-жақты қарастырылған семантикалық категория болып есептелгенмен, бұл құбылыстың күрделілігі сондай, оның анықтамасы, белгілері, түрлері, өзіндік айырым – ерекшеліктері туралы әліде зерттеулер жүргізілуде.
Ахмет Байтұрсыновқа дейін қазақ тілінде мәндес сөздер туралы ғылыми пікір айтылған жоқ деуге де болады. Ұлы ғалым өзінің «Тіл қисыны» атты мақаласында «синоним» деген терминді қолданбағанымен, оның қасиетін дәл танып, нақты айтып береді: «Біздің қазақ тіліндегі сөздердің бәрін білгеніміз қазақ тілін қолдана білу болып табылмайды. Тілді қолдана білу деп айтатын ойға сәйкес келетін сөздерді таңдап ала білуді және сөздерді сөйлем ішінде орын – орнына дұрыстап қоя білуді айтамыз. Бүтін пікірін айтып шығатын әңгіме ішінде жалғыз ауыз амандасу жүзінде де әркім әр түрлі сөз қолданады. Бәрінін де ой – мақсаты бір, бәрінікі амандық, бірақ әркім әр түрлі сөз қолданып өзінше сұрайды. Әркім өз қалауынша алып, өз оңтайынша тұтынған сөздер – сол адамның тілі болады.»
Сонымен бірге еңбектері белгілі бір сөз табына қатысты синонимдерге арналған ғалымдарды да атап өтуге болады. Мысалы, қазақ тіліндегі синонимдерге қатысты зерттеулерге шолу жасасақ, зат есім синонимдерін Ә.Болғанбаев, етістік синонимдерді М.Серғалиев, О.Жұмашов, А.Османова, сын есім синонимдерін Ф.Оразбаева секілді ғалымдар зерттеген. Орыс тілінде көбінесе етістік синонимдердің зерттелуіне назар аударылған (Е.Иванникова, В.Н.Цыганова, т.б.). Демек, зат есім, сын есім, етістік сияқты сөз таптары қамтылған. Сол сияқты синонимдерді басқа лексика – семантикалық топтармен байланыстыра зерттеген еңбертер де бар.
«Тіл білімінде синонимдердің белгілі бір салаларға, тіл білімінің тарауларына байланысты дараланып бөлінетіндігі сияқты (лексикалық синонимдер, морфологиялық синонимдер, синтаксистік синонимдер), сөздердің мағыналық айшықтарына, айтушының не жазушының сөз таптау шеберлігіне қарай, қысқасы, стилистикалық тұрғыдан синонимдердің басқа атаулармен жұмсалатын тағы бір түрі бар. Авторлық, индивидуалдық немесе стилистикалық синонимдер, бір сөзбен айтқанда, контекстік синонимдер осындай қасиеттерімен, белгілерімен көрінеді.»
Сондықтан тілдегі синонимдердің мағыналық шегін ажырату қандай қиын болса, олардың түрлерін белгілеу де сондай қиындық туғызады. «Синонидерді айқындау да сүйенетін негізгі таяныш олардың білдіретін мағынасы болуға тиіс. Кез келген контексте біріне - бірі жақын тұрған сөздерді синоним деп қабылдай беруге болмайды.»
. Олар-ойды әрі көрікті, әрі әсерлі жеткізудің құралы. Оларды талғай да таңдай да білу керек. Өйткені, мағыналас сөздердің бәріүнемі бірінің орнына бірі жұмсала бермеиді. Әрқайсысында әр түрлі стильдік бояу, стильдіксапа болады.
Контексте қолдануына қарай әр түрлі мағыналық реңк туғызады. Олардың стильді бояулары сол сөздерді салыстырып қолданғанда айқын көрінеді. Синонимдерді тіліміздегі стиль түрлеріне қарай саралап қолдану қажет. Мыс: «күш, әл, қуат».
Төмендегі сөйлемнен «күш» сөзінің орнына «әл» сөзін алмастырып айтуға болмайды. Өйткені мағына дәлдігі бұзылады: Қолыңдағы бар күшті жинай білсең, ұлы хандықты құруға болады І.Есенберлин. Көшпенділер).
Көптеген ғалымдар «Бір тілдің лексикасында мүлде бір мағынада айтылатын екі немесе бірнеше сөз жоқ, сондықтан бұл сөздің ұқсастығын абсалюттік ұқсастық деуге болмайды. Себебі синонимдер айтушының ойына сай болып логикалық пікірдің нәзік еенін қамтитын болады» деп таниды.
А.И.Ефимов: «За каждым синонимом стоит смысловое и стилистическое своеобразие, специфические смысловые оценки, изучаемые стилистикой ...тождественных по значению слов в языке не бывает».
Ноғайлыны шапаққа
Қалмақтар ішті қасамды ант-су).
Ерте заманда анттасқан адамдар серт беріп, бір ыдыстан су ішкен – ант су деп аталады. Бұл жерде қасам сөзінің жұмсалуы – көне заманның мазмұнын берудегі ұтымды тәсіл.
Синоним сөздер көркем шығармаларда кейіперлердің сезімін, мақсатын бағытын дәл көрсету үшін, айтылған ойдың, сөздің мағыналық-эмоциялық мәнін күшейтіп беру үшін, құбылысты кеңірек суреттеу үшін жұмсалады. Толып жатқан нәзік ойлар, сезімдер-синоним арқылы жеткізіледі.
Бұл мәселе орыс тіл білімінде зерттеу обьектісі болды. Айтайын деген ойға керекті сөзді тауып айту - өнер. Синоним сөздердің стильдік қолданылуы туралы қазақ тіл білімінде көркемді зерттеу еңбектер көп емес.
Мынандай стильдік мүмкіншіліктері бар деуге болады. Кәрі –қария, жас бала да. Ешбірі де қалмады. Мағыналары әсерлі. 1) Синонимдердің бірнешеуін қатар айту айтайын деген ойды анықтай түседі. Абайдың қолынан келсе, сол сармолла айтып жүрген сөзді өз тарапынан да жұртқа жеткізу борыш, қарыз тәрізді. «Қағаз дегшен абырой, атақ, беделге қарай ма? «Абайдың көз алдына Байтастың былтыр жаздағы әншіл, сауықшыл жлдастары толық елестетеді».
Кейбір синоним сөздер контексте жансыз заттармен тіркесіп айтылып, бейнелік мағына беріп тұрады: былжыр күз, сылбыр күз, көріксіз, ажарсыз тұман. Ойды бейнелі айту үшін де, көркемдік дәлдікке, шынайылыққа жету үшін де омоним, антоним сөздер де жұмслады. Абай: «Көңілім қалды достан да, дұшпаннан да..»
Ойды ықшамды, әсерлі ету үшін жұмсалады: Күні-түні тынбай, бірде көл, бірде шөл болады.
Ойды жйнақтау үшін: жақсылық пен жамандақтың бағасын ұғар кезі болды ғой, - қолданылады.
Қызыл гүлің суалып,
Ақ көңілің анық қарайды Абай).
Елді қан жылатумен шынжыр балақ шұбар төс қанды ауыз атанған бір ауыз еді.
Сонымен синонимдер белгілі бір ұғымды білдіргенімен, олардың арасындағы мағына жағынан толық сәйкестік, тепе-теңдік қасиет болмайды.
Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйтқы болатын тірек сөз деп тандалынып алынады. Бұл тіл білімінде доминант (тірек сөз) деп аталады. Доминант сөз мәндес сөздерді мағыналық жағынан ғана топтастырмайды, сонымен бірге синонимдік қатарларды әліппе жүйесіне келтіру үшін де мәнді қызмет атқарады. Доминант сөзді дұрыс анықтап, белгілеп алмай синонимдерді тәртіпке келтіру мүмкін емес. Сондықтан синоним сөздігін жасауда доминант сөзді іріктеп, сұрыптап алуға айрықша көңіл бөлінеді. Доминант сөзге синонимдік қатардағы сөздердің ішіндегі мағына жағынан ең айқын, стильдік мәні жағынан бейтарап, жалпы халыққа соншалықты танымал дегендері ғана таңдалынып алынады
Мағыналарының тиянақты, тиянақсыз болып келуіне байланысты, олар тұрақты және контекстік синонимдер деп бөлінеді. Контекстік мәндес сөздер тиянақсыз, өзгермелі түрде келеді де, қаламгердің жазу шеберлігіне байланысты болады.
ХІХ ғасырда сөздердің синоним деп табылуы тек контекске байланысты қарастырылып, тіл және сөйлеу жүйесіндегі синонимдер аражігі ажыратылады. Ғалым У.И.Уемов орыс тілі мамандарының синонимдерге берген әртүрлі анықтамаларын үш топқа бөліп көрсетеді. Синонимдерді орын ауыстырымдылыққа байланысты қарастыратын ғалымдар сөздердің семантикасын басшылыққа алса, енді бір топ зерттеушілер сөздердің қолданыстық ерекшелігін негізге алады. Ал, Ю.Д.Апресян синонимдердің орын ауыстырымдылығын синонимдердің үйлесімділік қасиетімен байланыстырады. Қазақ тіл білімінде орын ауыстырымдылық туралы Ә.Болғанбаев: «Синоним сөздердің кез келген контексте бірінің орнына бірі жалпылама ауыстырылып қолданыла беруі шартты айырым – белгілерге міндетті заң болып енбейді» - дейді.
Мәндес сөздер туралы айтылған ғылыми пікірлерді қорытындылай келе, синонимдердің мағыналық сәйкестігінен басқа олардың контест ішіндегі орын ауыстырымдылығы да маңызды екендігіне көз жеткізуге болады. Өйткені синонимдерді бірін-бірі алмастырып қолдану кезінде сөздердің стилдік реңктері ажыратылып, синонимдер қолданылу ерекшеліктеріне қарай жіктеледі. Ал синонимдік қатардағы сөздердің бір сөз табынан болып, грамматикалық бірлікте тұруы синонимдердің қызметін айқындайды.
Достарыңызбен бөлісу: |