Диплом жұмысы тақырыбы: ТҮркі халықтарындағы айтыс жанрының типолгиясы



бет22/32
Дата24.01.2023
өлшемі0,52 Mb.
#62709
түріДиплом
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32
Байланысты:
stud.kz-38836

1) Бастау (Ұйқас беру) (Түрікте ұйқасты «Ayak» дейді. Бұл өлеңнің аяғы деген ұғымнан шыққан. Сондықтан бөлімді «Ayak Açma», яғни «аяқ ұсыну» бөлімі деп атаған)
Дәстүр бойынша ең қарт немесе ұстаз ақын бөлімді дүз аяк немесе гениш аяк (тура немесе мол ұйқас) деп аталатын жиі кездесетін бір ұйқасымен айтысты бастайды. Бұл бөлімде тақырыпта шек жоқ, сонымен бірге төрттік шумақтардың мөлшерінің шектемесі болмайды. Ақындар айтыс себептерін айтқандары сияқты қалаған кез-келген бір тақырыпта басталған ұйқасқа сәйкес қарапайым, маңызды тақырыптан тыс, оңай өлеңмен айтысады [30, 50-б.]
Бір сөзбен айтқанда, бұл бөлімде өлеңнің сырт формасын түзіп, ұйқас қуады, мағынасы аздау. Бұл тосырқап келген ақындарды қыздыру, кіріспе жасау бөлімі.
Осы айтыстарда қолданылған ұйқастар бара-бара кеңнен тар ұйқасқа қарай (ұйқастары сирек күрделі сөздер) тура бір бағыт алады. Ақындардың бір- бірлерін кемсітіп келеке етуді бастаған негізгі дидарласу бөлімінде болса, ешбір әріптес біріне бірі ұйқас беріп сынамай, еркін ұйқаспен айтысады. Мұны қазақ ақындары секілді ұйқас ұсынуға мүлде бағынбау деп түсінбеу керек. Басқаша айтқанда, тек ұстаз ақын ғана емес, кез келген ақындардың біреуі ұйқас береді, екіншісі болса сол ұйқаспен айтысты жалғастыруы керек.
2) Үгіттеу-насихаттау (Öğütleme)
Бұл бөлімде ақындар «кең және мол ұйқаспен» бір-біріне дұрыс жол көрсетеді, тәжірибелерімен бөліседі, үгіт-насихат береді. Шумақтардың көлемі шексіз. Ақын қарсыласына сабырлы болуды насихаттап, уақыты келгенде тоқтату мақсатымен бір-екі шумақ айтып, айтысты бітіреді.
3) Жұмбақ айтыс бөлімі. (Bağlama - Muamma)
Жұмбақ айтыс айтыстардың ішіндегі ең маңыздыларының бірі. Ақындар білім, өнер және діни тақырыптарда немесе мұсылман аңыздары тақырыбында бір-бірін сынайды. Бұл бөлімде өте ауыр ұйқастарды да қолданады. Ақындар бір-бірін әрі білім, әрі өнер жағынан сынайды.
Бұл бөлімде ақындардың бірі басқасына сұрақ қояды, екінші ақын біріншісінің қойған сұрағына жауабын төрт жол, яғни бір шумақпен береді. Шумақтағы жол саны шексіз болғаны сияқты жауап беріп тұрған айтыскер шумақ арасына екінші ақынға өзінің сұрағын қоя береді. Бірінші айтыскердің ашқан тақырыбына байланысты сұрақтар толығымен қамтылған болса, екінші айтыскер жаңа бір ұйқас беріп, өзін тергеген ақынды сынай береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   32




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет