Диплом жұмысы телжан шонанұлының лингвистикалық МҰрасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет17/19
Дата21.07.2022
өлшемі161,89 Kb.
#37839
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
диплом Телжан Шонанов

Қазағыстан пұрылтарыйат-қара шарыуашылар ұйымы кәмпеске тұуралы тарыйқы ауыз әдебійттерді түгелінен пайдаланыб, жыйнаб бастырмақ («Еңбекші қазақ», 5.04.1929, №76, (1405).
Сондықтан кітап жазған адамдарға айтатын сөз: білім кемесійесінің қолданған атауларын қолданыу керек ((«Еңбекші қазақ», 26.01.1925, №294).
Келтірілген мысалдардағы асты сызылған сөздерде қазақ тілінің дыбыстық ерекшелігі сақталып, қазақы артикуляцияға бейімделіп, икемделген. Сонымен қатар қазақ тілінің заңдылықтары ескерілмей, орыс сөздерін түпнұсқа күйіне жақындатып берген мақалалар да бар: Партыйаның Қазағыстандық 6-ыншы канперенсенің қорытындысы ((«Еңбекші қазақ», 27.01.1928, №48 (1075).
Орталықтан балшебек партыйа нұсқау жіберді деген сөздің аты: «төңкерісшіл пыролетарыйат ұлт еңбекшілеріне көсемдік қылды», – деген сөз ((«Еңбекші қазақ», 7.03.1928, №56 (1083).
Жоғарғы айтылғандарды еске алып, жұмысшы қара шаруа бақылау камыйсарыйаты қаулы қылды: ақша жұмсаудағы тәртібті бұзып, қазақыландырыу ісіне арналған қарежетті жоспарсыз ұстағандығы үшін ақша камыйсары Мырзағалый ұлына сөгіс жарыйалансын! ((«Еңбекші қазақ», 4.02.1929, №27 (1356).
Латын графикасын қабылдауға байланысты «Еңбекші қазақ» газетінің 1929 жылғы 18 ақпанындағы санында Қазақстан Орталық жаңа әліпби комитетінің емле мәселесі туралы тіл білімпаздарына, оқушыларға, барлық жазушыларға ашық хаты жарияланады. Онда 1929 жылдың 20 наурызында Қазақстан оқу комиссиариаты шақыратын білімпаздар съезіне дейін емле мәселелері талқылануы керектігін ескерте келіп, жан-жақты емлеге енген өзгерістерге оқушылардың пікірлерін сұрайды. Осыған байланысты газетке түрлі мақалалар жарияланып, түрлі ұсыныстар түседі. «Шет сөздердің імләсі жайында» атты мақаласында Телжан Шонанов былай деп жазады:
1. Жат сөздер халық айтуына жеңіл, құлағына жағымды, түсінігіне үйлесімді, қат тануына оңтайлы болуы үшін, жат тіл імләсін тіліміздің заңына үйлестіруіміз керек. Осы күні бір жат сөз әр түрлі құбылып жазылады. Мысалы: камисериет, камисерет, камөнес т.т. Мұнан қалың бұқараның қат тануына, шет сөздерді түсінуіне зиян көп, тіліміз заңына келмеген соң, қалық тілі күрмеліб айта алмайды, сондықтан шет сөздер белгілі ережемен жазылсын.
2. Шет сөздер дұрыс жазылу үшін: аяғы қалай жазылуына, 2) түбірінің қазақ тіліне үйлеспейтін дыбыстарын қалай өзгертіп, қысқартуына жол көрсетілсін. 
Шет сөзді жазуда заңға сүйенбегендіктен, орыстың «кооперация» деген сөзінің аяғын «се», «тсе», «са», «тса», «тсие» қылып құбылтып жүрміз. Мұндай мысал көп. Шет сөздің тұқылындағы дыбыс заңына сүйенбегендіктен, орыстың «коммунист» деген сөзінің тұқылын «кәмен», «кәмөн», «камун», «көмен» қып құбылтып жүрміз. Жат сөз қазаққа қол байырғы болу үшін керек жерінде барлық дыбысын өзгертуіміз керек. Өйткені әр тілдің дыбыстарының айтылатын, шығатын жолдары бар. Сол жолмен жүрмеген дыбысты адам айта алмайды. Орысша сөйлеген қазақ он жыл оқыса да, орыс тілінің дыбысын дұрыс айта алмайтыны осыдан. Мәселен, қазақ тілінде төменгі ерінді тіске тіреп айтатын (в, ф) дыбыстары жоқ (см. проф. Богородицкий «Введение в тюрко-татарское языкознание». Часть 1. Стр. 23. Таблица классификации звуков).
3. Шет сөзді дыбыс негізіне сүйеніп (фонетический принцип) жаңа тілін меңзеу (морфологическая аналогия) заңымен қарастырып жазалық.
Әр тілде бір дыбыс көршілеріне әсер етеді: қатайтады, жұмсартады. Мұны еліктіру (ассимиляция) заңы дейміз. Орыс тілінде тартыншақ еліктіру (регрессивная ассимиляция) болса, (пробка – пропка, сбереги – збереги) біздің тілімізде итіншек еліктіру (прогрессивная ассимиляция) бар (ұрған – ұтқан, азға – асқа...). Итіншек еліктіру бар тілімізде тартыншақ еліктіру заңымен шет сөз жазып шатасып жүрміз (әліпбе, дұрысы – әліппе). Онан соң тілімізде еліктіруге қарсы іру заңы бар. Ол заң мынау: бір ыңғай айтуға қиын дыбыстар тіркес келсе, оңайлау үшін іріп, әр жолдан шығуға тырысады. Мысал: атшы басқа түрік тіліне қарағанда атчы болар еді.
Итіншек еліктіру мен іріту дауыссыз дыбыста болса, дауыстарымызда үндестік (сингармонизм) заңы бар. Шет сөзді жазғанда бұл заңды қолданбасақ, қазақтың тілі келмейді. Қазаққа: ат айланар деп айтқыза алмайсың.
Пішін меңзеуіміз мынау: шет сөз сын есім болса (социалистический) біз де соның сотсиал деген түбіріне бір жалғау жапсырғымыз келеді. Тас үй, қазақ малы дегенде, сын есімде жалғау бар ма, міне, шет сөзге қазақ тілінде жалғау беріле ме, жоқ па, берілсе қазақ тілі қандай жалғау береді, мұны ретке салу керек.
4. Шет сөзді дыбыс негізіне тіліміздің заңына сүйеніп жазу үшін тілімізге қалық арқылы кірген араб, парсы жана ескіден кірген орыс сөздері дерек болсын. Бұл күнгі газет-жорналдар қалықтың шет тілге тілі қалай келуімен санаспаған. Сондықтан бұлар өзгертіп алған сөздер імлә жасауға дерек бола алмайды. Тілдің неге келмеуі әр тілде әр түрлі дыбыс жолы (артикуляционная база) болуынан. Қалық өзінің дыбыс жолына үйлестіріп, тілін келтіріп шет сөз алады. Тілі келмейтін газеттегі шет сөзден халыққа зияннан басқа пайда жоқ: қат танып, тілін ұстартуға бөгет.
Орталық Атқару Комитетінің президиумы мен Халық Ағарту Комитетінің шешімі бойынша 1929 жылы Қызылордада емлені реформалауға байланысты конференция шақырылды. Конференцияда осы уақытқа дейін емлеге байланысты ұсыныстар, айтыс-таластар қорытындыланып, жаңа алфавитке сай жаңа емле қабылданады. Конференцияға Е.Д.Поливанов, К.Юдахин, Э.Шмидт, Қ.Жұбанов, Қ.Кемеңгерұлы, Т.Шонановтармен бірге Е.Омаров та қатысып, комиссияның құрамында болады. Осы конференцияда К.К.Юдахин бастаған бір топ баяндамашылар қазақ тілінің заңдылықтарын белшеден басып, өрескел бұзады. Қазақ тілінің заңдылықтары бұрмаланып, емле, терминология мәселелеріне байланысты қайта-қайта таласып қалып, оған ешкім құлақ аспай қойған соң Е.Омаров пен Қ.Кемеңгерұлы қарсылық білдіріп, шығып кетуге мәжбүр болады.
ХХ ғасырдың 20-30-жылдарда орыс тілінен енген сөздерді (жат сөздерді) қабылдап, тұрақтандыруда төмендегі ұстанымдар негізге алынған:
а) бұл кезеңде орыс тілінен енген сөздерді жазуда осы уақытқа дейін тілімізде араб-парсы және бұрынырақта орыс тілінен енген сөздерді үлгіге алған.
ә) сөздердің өн бойында сингармонизм заңдылықтары сақталған. Сол себепті комиссариат – кемесерет, тема – теме, курсант – күрсент, губерния – гүбірне, конференция – кәнперенсе, лекция – лексійе түріне ауысқан.
б) бастапқы буындары езулік, соңғы буыны езулік болып келген сөздерде (екпін түспесе) еріндік бастапқы буындарға ауысқан не мүлде жойылып, езулікке айналдырылған: автор – аптыр, срок – сұрык т.б.
в) орыс тіліндегі ф орнына п; г орнына – ж; һ, х орнына жуан сөздерде қ; жіңішке сөздерде к, ц орнына с, в орнына у; щ орнына шқолданылған. Мыс: физика – пійзійке, география – жағырапа, химия – кіймійк, техник – текнійк, станция – станса, Москва – Мәскеу т.б.
г) сөздің соңы а дыбысына бітсе, ол түсіп қалған: аптека – аптек, фабрика – пабірік, награда – награт. Жер атауларындағы соңғы адыбысы үндесіміне қарай ы, і болып өзгерген: Европа – Жаурыпы, Африка – Әпірікі, Азия – Әзійе т.б.
д) орысшада тр-ға біткен сөздерде т мен р арасына ы, і дыбыстары кіргізілген: тыйатыр, метір т.б.
е) орыс тіліндегі -тор- ға біткен сөздерде ол -тыр/-тір, -тұр/-түр болып өзгерген: тырактыр, доқтұр, карректір т.б.
ж) ка-ға біткен орыс сөздерінің соңы көбінесе -ке түріне ауысқан: справка – ысрырабке, музыка – мүузійке, техника – теқнійке т.с.с.
з) орыс тіліндегі -ок қосымшасы қазақ тілінде ке-ге өзгерген: участок – ұушаске, список – іспеске т.б.
и) орысшада аяғы -ция-мен тынған сөздерде оның орнына -са/-се жазылған: милиция – мелетсе, станция – станса т.б.
ХХ ғасыр басында тіл тазалығын ту етіп көтеріп, тіл заңын бұзбауға шақырған А.Байтұрсынұлы, Х.Досмұхамедұлы, Е.Омаров, А.Байтасұлы, Қ.Кемеңгерұлы т.б. білімпаздар жат тілден жұрнақ қабылдауға қарсы болды. Мәселен, «Қазақша жазу жайы» деген «Еңбекші қазақ» газетінің бірнеше санында жарық көрген көлемді мақаласында Е.Омаров тіл заңын бұзбау қажеттігін айта келіп: «Орыстың «сатсыйализм», «сатсыйалист» деген сөздері – жалпы жұртқа ортақ сөз. Оны қазақ тіліне кіргізуге де болады. Бірақ оны алғанда, түбірін гәнә алыб, «изм», «ист», «ни»; сықылды жұрнақтарын шығарыб тастау керек. Олардың орнына қазақ тілінің жұрнақтарын қосыу керек: жұрнаққа қазақ тілінен бай тіл кем-ақ болар. Өзіңде үйір-үйір жұрнақ бола тұрыб, жат жұрнаққа жармасыудың тіл бұзыудан басқа түк пайдасы болмайды», – дейді [31].
Орыс сөздерінің қазақ тілінің жұрнақтарын қабылдауы да көп кездеседі. Орыс тіліндегі сын есім мен зат есім тіркесуінде –ный, (-ная, -ное)қосымшасының орнына қазақ тілінде -лық / лік; -дық / дік, -тық /-тік қосымшалары жұмсалған: райондық мектеб, үйездік теқнійкүм, үйездік жер, гүбірнелік, үйездік оқыу бөлімі, өкіріктік мекеме, гүбірнелік газет, пійзійкелік бөлім лабараторыйасы, өкіріктік жастар кәмійтеті, үйездік партыйа кәмійтеті т.б. Бұл, бір жағынан, орыс сөздерінің тілімізге сіңісті бола бастағанын танытса, екінші жағынан, -лық /-лік, -дық/-дік, -тық/-тік аффиксінің сол кезде өте актив қолданысқа ие болғанын көрсетеді. Осы кезде жаңа әліббійшілер, ескі әліббійшілер, жаңа әлібшілер кәнперенсесі, жаңа әліббешілер кәнперенсесі, жаңа әліб кәмійтеті, жаңа әліббе кәмійтеті, Қазағыстан жаңа әліббе кәмійтеті, Одақтық кіндік жаңа әліббе кәмійтеті, жаңа әліббешіл т.с.с. тіркестердің, атаулардың да жарыса қолданылған.[32]
Сонымен, ХХ ғасырдың басында, әсіресе 1929 жылы латын жазуына көшуге байланысты терминдердің жазылуы, емле мәселелері қызу талас тудырып, әртүрлі ұстанымдар болғанын байқаймыз. Бұл орайда еліміз тәуелсіздікке қол жеткізіп, өткенімізді сараптап, ұлттық дүниетанымға қайта үңіліп жатқан кезеңде тіл білімінің тарихын зерделеу қажеттігі туындап отыр. Осыған байланысты 1929-1940 жылдары жарық көрген сөздіктерді, ғылыми еңбектерді сол кездегі латын графикасымен жарияланған (сканерленген) нұсқасымен қатар қазіргі қолданылып жүрген орыс графикасымен шығару қажет деп білеміз. Сол арқылы латын графикасына көшуде өткенімізді таразылай отырып, қай дыбыс қалай игерілгені, қосар дыбыстарды таңбалаудағы ерекшеліктер, шет тілдік терминдердің жазылуы, таңбалауда қандай ұстанымдар басшылыққа алынғаны жөнінде көп мағлұмат алар едік. Ондай материал тілшілер үшін де, тарихшылар үшін де таптырмас құнды материал болар еді. Осы уакытқа дейін латын графикасын қабылдаған халықтардың (өзбек, әзірбайжан) қателіктерінің (әліпбиге бірнеше рет реформа жасау, таңбалаудағы кемшіліктер) алдын алып, таразылау үшін де ондай еңбектердің маңызы зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет