Диплом жұмысы телжан шонанұлының лингвистикалық МҰрасы 5В011700 «Қазақ тілі мен әдебиеті»



бет15/19
Дата21.07.2022
өлшемі161,89 Kb.
#37839
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19
Байланысты:
диплом Телжан Шонанов

А ла
Са қа
Қа > ла са < ра
Ба ба
мар
17-беттегі мазмұнды суреттің астында Сара алма ал деген cөйлем берілген. Сөйлем ішіндегі алма сөзі бөлініп алынып, буынға бөлінеді. Енді бірінші сөйлемге ұқсас бірнеше сөйлемдер беріледі:
Sara alma al. Bala alma al. Omar alma al.
Sara ara al. Bala ara al. Omar ara al.
Sara oqь. Omar oqь.
Сөйтіп, балалар дыбыс, сөз, буын ұғымдарын меңгергендей, «сөйлем» ұғымымен де іс жүзінде танысады.

Өk



bi

rәt


Ө

k

t

ә

b

i

r

ә

t






























































Т.Шонанұлы әліппесінің басқа әліппелерден бір ерекшелігі дыбыстық талдау жасағанда алдымен дыбысты танытуға алынған сөз буынға бөлініп беріледі, сонан соң дыбыстарға ажыратылады. Оны кестемен былайша беріп отырады:
Мұны әліппенің жетістігі деуге де болады. Өйткені бұлай еткенде, балалар сөзде қанша буын, әр буында қанша дыбыс барын іс жүзінде көріп меңгереді.Тағы бір ескеретін нәрсе бұл оқулықта дыбыстық талдауға өтілген дыбыстардан тұратын сөз алынады. Бұл да әліппенің артықшылығын көрсетеді. Дегенмен әліппенің өзіндік кемшіліктері де бар. Атап айтқанда, Т. Шонанов әліппесінде А. Байтұрсынов және қазіргі әліппелердегідей алдымен жеке дыбыстар өтіліп барып, дыбыстан – буын, буыннан – сөз, сөзден – сөйлем құрастырылмайды, керісінше, әліппе кезеңі бірден бала деген сөзді оқытудан басталады да, осылайша қатарынан күн сайын жаңа сөз қосылып беріліп отырады, біртіндеп сөздерді буынға бөледі. Демек А. Байтұрсынов секілді талдаудан (анализ) жинақтауға көшпейді, керісінше жинақтаудан (синтез) талдауға көшеді. А. Байтұрсынов индуктивтік әдістен дедуктивті әдіске көшсе, Т. Шонанов дедуктивті әдістен индуктивті әдіске көшетінін байқауға болады. Бұл орайда К.Д. Ушинскийді негізге алған А.Байтұрсыновтың әдістерінің өміршеңдігін бүгінгі әліппелер дәлелдеп отыр. 30-бетке дейін осылайша бірден ішінде жаңа дыбысы бар сөз беріліп отырады. 40-бетке дейін оқуға берілген әріптер, буындар, сөздер, сөйлемдер тек бас әріптермен жазылады да керісінше жазуда ылғи кіші әріптер жазылып үйретіледі. Нақты бір жеке дыбыс таңбасы беріліп, таныстырылмайды, күн сайын жаңа дыбысы бар сөз қосылып, ішінен жаңа дыбысты тапқызады, оның жеке таңбасы оқулықта жазылып көрсетілмейді, тек сөздің ішінде кездеседі.
Е дыбысына келгеннен кейін ғана сол дыбыстан басталатын сөзге дыбыстық талдау жасалып, өтілетін дыбыс таңбасы баспаша, жазбаша көрсетіле бастайды. Оған дейін дыбыстық талдау болмайды. Е дыбысын өткенге дейін оқуға берілген сөздер, сөйлемдерді жазуда тек бас әріптер қолданылады, кіші әріптер мүлде жазылмайды. Тек ә дыбысын өткен күні сөздер мен мәтіндерді жазғанда бас әріптермен қатар кіші әріптер де қолданылып қазіргі әліппелердегідей болып жазылады. Т. Шонановтың әліппесінің қысқа өмір сүруінің де сыры осындай берілген материалдардың жүйесіздігінен болса керек деген ой туады. Т. Шонановтың әліппе жасауда таңдаған оңтайлы әдістерін берілген материалдарға ретімен жүйелеп бере алмағандығы көрінеді. Демек, әдіс жеткілікті, мазмұн бар, бірақ бала оқыту тәжірибесінің аздығынан осылай болған деп ойлаймыз.
Қорыта келгенде, ғалымның сауат ашудағы, әліппе оқулығын құрастырудағы бүгінгі күнде пайдалануға болатын тиімді тұстары да жетерлік, оны атаусыз қалдыруға болмайды. Т. Шонанұлының сауат ашуда, әліппе оқулығын құрастырудағы еңбегі зор.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет