Студенттің диплом жұмысын орындауға рұқсат беру туралы кафедра меңгерушісінің атына жазылған өтініші.
Кафедра меңгерушісінің диплом жұмысының тақырыбын бекіту туралы. Ғылыми‑әдістемелік Кеңес төрағасының атына жазған ұсынымы.
Ғылыми‑әдістемелік Кеңес мәжілісінің рұқсат ету жөніндегі шешімінің көшірмесі.
Ғылыми жетекшінің диплом жұмысын орындауға берген әдістемелік нұсқаулығы мен тапсырмалары.
Диплом жұмысын орындаудың жеке жұмыс жоспарлары (дипломшы мен ғылыми жетекшінің қолы қойылған)
Пікірлемешілерді бекіту туралы кафедра ұсынымы және ҒӘК шешімі.
Диплом жұмыс туралы пікірлеме.
Ғылыми жетекшінің пікірі.
І. НОРМАТИВТІК СІЛТЕМЕЛЕР
1.1 ҚР 2007ж.27.07. №389-1 «Білім туралы» Заңы;
1.2 ҚР 2004ж.9 қарашадағы №603-ІІ «Техникалық көрсету» Заңына;
1.3 ҚР Үкіметінің 2005ж. 2 наурыздағы №195 қаулысымен бекітілген жоғары кәсіптік білімнің, білім беру бағдарламаларын іске асырушы ұйымдардың типтік ережелері;
1.4 ҚР мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты (Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы, 13.05.2016ж. өзгерістер мен толықтырулары бар, №292);
1.5 ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2006ж. 7қыркүйектегі №481 бұйрығымен бекітілген білім беру ұйымдарында оқушыларды ағымдағы бақылаудан, аралық және мемлекеттік қорытынды аттетациядан өткізу ережелері;
1.6 ҚР Білім және ғылым министрлігінің 2007ж. 22 қарашасындағы №566 бұйрығымен бекітілген кредиттік технология бойынша оқу үрдісін ұйымдастыру ережесі.
2. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР 2.1 Диплом жұмысының мақсаты ғылыми-практикалық зерттеу жұмысын орындату арқылы бакалавр академиялық дәрежесін беру болып табылады.
2.2 Диплом жұмысын жазу барысында бітіруші студент төмендегі мәселелерді негізге алу керек:
• басты тілек – шығарманың идеясы мен эстетикалық күшін, мазмұны мен сиқырлы сұлулығын органикалық бірлікте, ажырамас тұтастықта талдау. Тақырыпқа байланысты көрсетілген зерттеулер, оқулықтар, сын-мақалалар тек бағыт мегзер, ой қозғар көмекші құрал ретінде қолданылады. Негізінен тақырыпты әр студент өз бетімен зерттеп, өзі байқағанын, өзі түйген ойларын ортаға салу керек.
• жұмыстың логикалық байланысы, ішкі жинақтылығы, тұтастығы сақталуы шарт.
• диплом жұмысының мәнерлі, көрікті тілмен жазылуы – басты міндет. Студенттің мақсаты – көркем талдауға, зерттеуге ұмтылу.