Диплом ж±мысыныњ көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкендігін ірі өркениетті елдер мойындай бастады.


Сол тойдағы аса қадірлі қонақгардың маржан сөздері



бет4/12
Дата25.06.2022
өлшемі232 Kb.
#37293
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
. Бастауыш мектеп оқушыларына құлық тәрбиесін беруде Абай шығармаларының алатын ролі

Сол тойдағы аса қадірлі қонақгардың маржан сөздері:
I Абай дүниежүзінің ±лы ақыны, ол арқылы Қазақстанды және оның өзіндік мәдениетін бүкіл әлем біледі. Осман Түрік (Туркия)
II Абай ұлы ақын, ол Тогор мен Гете қатарында тұр.
Саид Америдин (Индия)
III Абай әлемге ашылған терезе еді, оның жаны жаңарып жатқан дүниенің алыстағы сарынын сезе білді. Тек ақынға тән қабілеттік, романтикке тән жоғары сезімталдық пен халық өмірінен өзгеруін,
найзағай отының өлкесін де дүрсілсіндіруін де тіледі. Қамықты да.
Б±л ретте де ол ХҮПІ-ХІХ ғасырдың Гете мен Толстой сынды көптеген заңғар гуманист т±лғаларының даналық бауырласы екенін
танытты. Шыңғыс Айтматов (Қырғызстан)
IV Бүгінгі күннің тұрғысынан қарағанда Абай халқының ғана емес, әлдеқайда кең ауқымды қабылданады. Ол — көркем ойдың әлемдік т±рғыдағы қ±діреті. Федерико Мойор (ЮНЕСКО-ның бас директоры)
Абай м±расының соңғы кездегі зерттеушілері Абайдың орыс әдебиеті классиктерімен творчестволық байланысы туралы мәселені
негізінен ±лы ақын өмір сүрген дәуірдің нақтылық тарихи шындығымен байланыстыра қарастырды.
Абайдың орыс әдебиетінің ұлы классиктерімен творчестволық ќарым-ќатынасы төңкеріске дейін азды-көпті сөз болса, соңғы кездерде аса мол пікір айтылып, көптеген зерттеу жұмыстары жүргізілді. Нақтылы деректерге сүйенген құнды зерттеу еңбектері туа бастады. Бірақ осы соңғы дәуірдің өзінде де Абай мен Пушкин, Лермонтов пен Крылов туралы жазылған мақалалар әлі де болса мерейтой тұстарында жазылып, б±рыннан танымал пікірлер қайталанып байқалуда.
Абайдың ақын мен поэзия туралы көзқарасының ќалыптасуына Лермонтовтың ыќпалы болғандығын екі ақынның шығармаларын салыстыра отырып көрсетеді.
Зертеушілер пікірінше XIX ғасырдың екінші жартысывда дамыған халық поэзиясындағы азаматтық лирика — Абай творчествосының негізгі реалистік бағытын айқындаушы тума кұбылыс болмақ.
Абай халық лирикасындағы өмір шындығын тудырып отырған қабылдаушы ғана емес, дамыта отырып жетіддіруші.
Мысалы: әдетте халық лирикасы көп тақырыпты болып келсе, Абай лирикалары да солай.
Ќазақ мектептерінің бастауыш сыныптарының жаңа бағдарламасында Абай шығармалары калай ќарастырылып отыр? Жаңа бағдарламасының осы мәселе жөніндегі ерекшеліктері қандай? ұрпақ тәрбиесінде орны бөлек Абай мұрасының бөбектерге нені, қашан, қалай таныту болады? — сияқты сұрақтарға сөз қозғаймын. Қазіргі тањда қолымызда барын пайдаланып жүрген бағдарламаларында және соған сай жасалған "Ана тілі" оќулықгарында Абай шығармаларының ішінде кейбір өлеңдерінен үзінділер берілген.
Абай даналығы мен өсиетін балалардың жас кезінен бастап бойларына сіңіре беру үшін, халқының сөз өнерін еркін қолдана білуі мен шешендік талантына тәнті ету үшін, сол арқылы балалардың сөз өнеріне сүйіспеншілігін оятуға, халқының әдет-ғұрпы, салт-санасы, дәстүрівде тәрбиелеуге ықпал ету үшін мына шығармаларды 2003-2004 арасында жұмыс жоспарыма енгіздім. Мысалы: "Ата-ана көз куаныш", "Досыңа достық - қарыз іс", "Ќуанбањдар жастықќа", т.с.с., ал аудармаларынан "Жарлы бай", "Қарға мен бүркіт" сияқгы шығармаларды енгізіп отырдым. Өйткені бұл шығармалардың мазмұны түсінікті, сөздері қарапайым.
Жалпы 2003-2004 жылдарындағы бағдарламада көрсетілген өлең-мысалдарды бастауыш сыныптарда былайша жүйелеуге болады:
"Әсемпаз болма әрнеге", "Ғылым таппай маќтанба, "Жаз" ("¦шып тұрса сымпылдап" жолына дейін), "Шегіртке мен құмырсқа". "Жазғытұры", "Күз", "Қыс", "Желсіз түнде жарық-ай", "Ќарға мен түлкі","Ата-ана көз қуаныш", "Ғылым таппай мақтанба", "Қыс", "Абдрахман өліміне", "Күз", "Желсіз түнде жарық ай", "Қарға мен бүркіт","Жасымда ғылым бар деп ескермедім","Әсемпаз болма әрнеге", "Жазғыт±ры", "Күз", "Қыс", "Кешегі Оспан ағасы", "Абдрахманға", "Қуанбандар жастыққа", "Жарлыбай".
Ендігі мәселе орта сыныптарда арналған өлењдер ќалай оқытылуы, түсіндірілуі тиіс? Ең алдымен әр сыныптарда қойылатын талаптар оќушыларды мәнерлеп, әуезді-сазды ерекшеліктерін сақтай отырып оқуға үйретіп, сонан соң оқығанын түсіне білуге жетелеген жөн.
Әрине шығармалардағы сөздерді талдап түсіндіруден барып ќалыптасады. Сондықтан көрсетілген өлендерді оќудың әдістемесі сыныбына қарай алуан түрлі болып іске асырылады. Көбінесе, Абай өлендерін — мәнерлеп оќу үлгісін мұғалім өзі көрсетеді. Осыдан кейін өлеңдегі сөздер мен тіркестерге ерекше тоқталып, олардың мән мағынасын ашуы, сөздердің, тіркестердің мағыналас ќатарын, синонимдерін тапқызуы қажет.
Мысалы: "Әсемпаз болма әрнеге" өлеңдегі "әсемпаз", "өнерпаз" сөздерінің мәнін ±ғындыруда "әсемпаз" адам қандай?, "өнерпаз" адам ше?, неге Абай "арќалан" деп т±р, "Сен де бір кірпіш" дегені несі?, "кетігі" деген сөзге қалай түсінесің? Оны тағы қандай сµздермен ауыстыруға болады?, т.б. с±рауларға оќушылардың өздерінен жауап алу - оларды ойлантуға, онан єрі өз пікірі мен ойын ауызша жеткізуге жетелейді, яғни ойы мен тілін дамытады. Ал оқып отырған шығарманың тақырыбы мен идеясын сабақ барысында түсіндіруде ақынның көзқарасын, оның ой пікірімен қоса түсіндіру, өмірімен байланыстыру, баланың жас дүниесіне әсер ету сияқты мәселелерді бала түсінігіне сай жеткізу м±ғалімнің әдіскерлігіне, тіл байлығына байланысты.
Сонымен бірге жоғарыдағы өлеңдердің адамгершілік-қ±лықтық мәселелеріне тоқталу керек. Абай өлеңдеріндегі с±лу суреттеулерге, теңеулерге оқушы көңілін аударту. Балаларға шығармаларының көркемдігін, бейнелілігін танытып т±рған көркем сөздерге тоқталу арқылы өз құлқының сұлулығына, көркемдік ерекшелігіне көңіл аудартуы керек. Мысалы: "Күз" өлеңіндегі "с±р бұлт", "дымқыл тұман" тіркестердің мәнін ашу арқылы табиғат қ±былыстарын ауа райындағы өзгерістерді көз алдарына елестету, ол өзгерісті қазақ тұрмысынан байланыстыра баяндату, мұндағы суреттеу тәсіліне тоқталу арқылы оқушының табиғат арқылы өздерінің мінез-қ±лқына ерекше көңіл аудару.
Абай шығармаларын бастауыш сыныптарда оқытудың маңызы өте зор екені тәжірибеде дәлелденді. Олай дейтін себебіміз оќушылар Абай шығармаларын оқи отырып, одан рухани ләззат алады. Олардың табиғатқа сүйіспеншілігі оянады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет