Диплом ж±мысыныњ көкейтестілігі. Қазақстан Республикасының нарықтық экономикаға көшкендігін ірі өркениетті елдер мойындай бастады.


ІІ. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларына ќұлыќтыќ тєрбие беруде ана тілі сабағында Абай еңбектерінің ролі



бет5/12
Дата25.06.2022
өлшемі232 Kb.
#37293
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12

ІІ. Тарау. Бастауыш сынып оқушыларына ќұлыќтыќ тєрбие беруде ана тілі сабағында Абай еңбектерінің ролі.

2..1Орта мектепте ана тілі оқу сабағында Абай шыѓармаларын ќолдану арќылы ќұлыќтыќ тєрбиені жүзеге асырудыњ өзіндік ерекшеліктері.


Жалпы білім беретін мектеп мұғалімінің басты міндеті — оқушылардың бойындағы поэзияға, лирикаға, көркем шығармаға деген қызығушылығын ояту. Бұл жастағы балалар ерекше әсершіл, еліктегіш болып келеді. Сондықтан бастауыш сыныпта Абай шығармаларын оқыту өте пайдалы.
Әдетте кімнің де болмасын шыѓармаларын оқып үйренбес б±рын, сол шығарма иесінің өмірімен танысу керек. Б±л әдісті Абай шығармаларын өткенде өте ±тымды пайдалану қажет. Олай дейтініміз, Абай — қазақ мәдениеті тарихында орны зор, замандастарынан ойы озық, еңсесі биік ерекше т±лға. Сондықтан да өзім ақынның шыѓармаларын оқытпас б±рын, ақынның өмірімен таныстырып кеткенді жөн көрдім. Ондағы мақсатым — оќушылар ақынның шығармаларын шын ықыласпен оқып-үйреніп, ақынның өзін қ±рмет т±тып, үлгі аларлық дәрежеде тәрбиеленуі керек. Әрі қарай сабақты түрлендіре отырып, оқушыларға Абайды әр қырынан таныстыруға тырыстым.
Мысалы: Абай және табиғат, Абай — аудармашы, Абай — сөз зергері деп алып, оның табиғат тақырыбына жазған өлеңдерін, аударған мысалдарын, адамгершілік тақырыбына жазған өлеңдері мен қара сөздерін оқыттым.
Б±л сабақтарымды таным сабағы ситуациялық сабақ және іздендіру сабағы деп атадым.
М±ғалім қиялына ќанат бітірер дәстүрлі емес сабақ түрлерін Абай шығармаларын оқытуда пайдаланудың берері мол.
Алдымен Абай шығармаларын оқытпас бұрын оның өмірбаянымен таныстыру қажет.
"Асыл сөзді іздесең, Абайды оқы, ерінбе,
Адамдықты көздесең, жаттап оқы көңілге".
-деп С±лтанмахмұт Торайғыров айтқандай келешек ±рпақќа Абай өмірін оқыту барысында берілетін өнегелі тәрбие ұшаң-теңіз. Абай өзге жұрттың тілін, халықтың қалпын біліп, өз ж±ртымен салыстырып, керегін алып ғибрат етті. Абай армандаған, әсер ±рпақ бойынан кµргісі келетін тамаша қасиеттерді шєкірт жүрегіне ±ялата алса, ор ±стаз еңбегінің жанғаны. "Адамдықтың ең жаманы -талапсыздық" - деп ақын өзі айтқандай, қазір не ғылымға, не еңбекке, не өнерге талаптана алмайтын өмірге икемсіз жандар өмірде кездесіп жатады. Сондықтан да ±стаздар жүгі ауырлап, адамға өмір сүру міндеті қиындап келе жатқан жағдайлар байқалады.
Абай өмірін оқытудың барысында оның өскен ортасының өнегелік жағын көрсете оқытудың маңызы зор.
Абайдың өнегелі өмірін естіп өскен шәкірттен ешқандай жамандық күтуге болмайды. Тек соны жеткізе білу, оқушылардың санасына ±ялату мұғалімнің алдына қоятын мақсаттарының бірі. Сондықтан да бастауыш сыныптарда Абай шығармаларын оқытпас бұрын оның өнегелі өмірімен таныстырудың пайдасы зор.
Абайдың ақындық дарыны аса қуатты және сан қырлы. Ол — керемет суреткер ақын және сыршыл лириканың сирек кездесетін шебері. Олай дейтін себебіміз Абай табиғаттың көрінісін, жыл мерзімін, адам мінезін суреттегенде де оның тамаша көрінісін өмірмен, тіршілікпен ұштастырып, тілдестіріп, сұлулықќа өң, рух беріп отырды.
Мысалы: "Күз" деген өлеңінде Абай:
Жасыл шөп, бәйшешек жоқ б±рынғыдай,
Жастар күлмес, жүгірмес, бала шулай,
Қайыршы шал-кемпірдей түсі кетіп,
Жапырағынан айырылған ағаш-қ±рай.
Сидиған, көркінен айырылған ағаш-ќ±райды, мүсәпір, өмірінің көркі жоқ қайыршы шал-кемпірге ±ќсатады. Немесе:
Ќар жауса да тоңбайды бай баласы,
Үй жылы, т±тќан айналасы,
Бай ұлына жалшы ұлы жалынышты,
Ағып жүріп ойнатар көздің жасы -деп, күз түсіп, табиғаттың, құлпырған әсем н±ры кеткен соң, ол жабырқаңқы тартып, қабағы түсіп, сұрт б±лт пен дымқыл т±ман қаптап, қара суық малдың да, адамның да табиғаттың да реңін кетіреді. Сонда күз біреуге күт, біреуге жұт боп келеді. Бай жылы үйде отырып, ет жеп, қымызын ішіп, сонау күздің аяғына дейін малын семіртіп, соғымын баптай отырса, кедей күндіз қара суықта мал бағып, кешке жыртық үйде бүрсең қағып, жағуға отын, союға соғымы жоқ, қылышын сүйретіп келе жатқан қыстан шығуы зор уайым болмақ.
Ақын осылайша күзді суреттеу арқылы, адам өмірінің жабырқаңқы тартқан көңілсіз бір кезеңін шебер суреттеген. Тек оны түсініп оқып, Абайша толғана ойлау қажет. Сонда ғана ақынның осы өлең арқылы не айтқысы келетінін түсінесің.
Абай өзінің - "Жаз" өлеңінде табиғаттың ең тамаша көріністерін суреттейді. Жер ана жасыл күйге еніп, қырда бәйшешектер өседі. Өзеннің жанына ауылдар көшіп келіп, мәре-сәре болып жатќанын, ат, айғырлар, биелер көк шөпке тойып бүйірлері шығып, тойынғанын суреттесе, көлдерде үйрек-қазылардың жоғары-төмен ұшып жүргенін өте тамаша суреттейді. Бұдан біз жаз мезгілі тек адамдарға ғана емес, жан-жануарларға да, к±старға да көңілді екенін білеміз. Мысалы:
"Жазды күні шілде болғанда,
Көкорай шалғын, бөйшешек.
¦зарып өсіп толғанда,
Күркіреп жатќан өзенге,
Кешіп ауыл қонғанда; - деп ақын жырлайды.
Абай өзінің б±л өлеңін өзінің досы Көкбаймен ‰әделесіп шығарған. Досы оған осы табиғаттың тамаша көрінісін суреттеп жіберші деп ±сыныс жасайды. Сонда ақын, айналасында болып жатқан табиғат құбылыстарын осылайша өлеңге айналдырады. Досы оған разы болып, міне сен тамаша ақынсың, деп ќуанды.
Сонымен бірге ақын өзінің "Қыс" өлеңінде табиғаттың ќатал да, қаһарлы көріністерін адам мінезімен алмастыра шебер суреттеген.
Абай бұл өлендерін өз ойынан шығармаған. Ол өмір шындығы. Абай толғана отырып осы өмірде болып жатқан келеңсіз ќұбылыстарды жырға қосты. Ол ќара халықтың ќамын ойлады. Байлардың әділетсіз кедейлерге көрсетіп жүрген қысымшылығын, табиғаттың қатал мінезімен салыстыра жырлады.
Абай қысты ақ киімді денелі, ақ сақалды байға теңейді. Оны түсі суық, ешкімді елемейтін соқыр, мылқау т±лғада сипаттайды. Мысалы:
Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,
Соқыр, мылќау танымас тірі жанды.
Үсті басы ақ қырау, түсі суық,
Баскдн жері сықырлап келіп ќалды.
Сонымсн бірге ақын қысты тойымсыз, с±раншақ қ±даға теңеп, оның басталуын елдің мазасын алып, µлењ салған кдһарлы,/ кайырымсыз қонақтың келгені сияқты деп суреттейді. Тынымсыз жауған ќар, бұрқ-сарқ етіп соќќан боран адамдардың мазасын алған. Мұндай боранға шыдай алмаған малшылардың жай-күйі мәз емес. Ішерге тамақ, киерге киім жоқ, байға жалынышты кедейлердің көрген күні күн емес. Міне, осылардың бәрін көрген Абай өзінің өлең жырлары арқылы үстем тап өкілдерімен күреседі.
Ал енді "Жазғытұрым" өлеңінде бәрі керісінше, қаһарлы қыстың кетіп, жердің жүзі масатыдай ќ±лпырып, күннің көзі өзінің шуағын төгіп, дүниені н±рландырады. Адамзатпен бірге, жан-жануарлар да ќуанып, өздерінше мәз-мейрам болады. Оны мынадай өлең жолдарынан көруге болады:
Түйе боздап, қой қоздап, қорада шу,
Көбелек пен қ±стар да сайда ду-ду,
Гүл мен ағаш майысып қарағанда,
Сыбыр қағып, б±рањдап ағады су.
Міне, осылайша ақын табиғатты жырға қосты. Біз Абайдың б±л өлендерінен көретініміз, адамның мінезі сияқты жыл мезгілдерінің де ќ±былыстары бар екен. Табиғат та қуана да, ренжи де біледі. Тек оны жүрегіңмен түсініп, аялай біл. Сонда ғана сен табиғатты сүйе білесің, оны түсіне білесің.
Абай м±расы туралы сөз қозғасақ, данышпандық, көрегендік, ±лылық ±ғымдар қоса жүреді. Сондықтан да біз Абай м±расын мєңгілік өнеге мектебі дейміз. Бүгінде жан аямай кәсіп қылудан безінетін, бейнет көрмей доулет жоқ екенін парасаттамайтын, "±рлық псн қ±лықты қызық кµретін" жастарды жақсы мінез-қ±лық пен имандылықќа үйрететін, ел болып ер жетуімізге жол н±сқайтын асыл - Абай м±расы.
Абай ќара сөздерді терең оймен күрделі пікірге қ±рылған Абай шығармаларындағы терең ойды м±ғалім өзі түсінгенде ғана баламен жүргізілетін білімдік және тәрбиелік істері нәтижелі болмақ. Мектеп бағдарламасында Абайдың бесінші, жетінші, он бірінші, он сегізінші, жиырма бесінші және отыз бірінші ќара сөздерін береді. Ал екінші, қырық бірінші, он төртінші, он сегізінші сөздерін факультативтік сабақѓа оқыту көзделген.
Бірінші қара сөзінде Абай жазуға кіріскендегі мақсатын айтады. ¦лы ойшылдың айтпақ ойының өміршендігі мен біріңгі заманмен үндестігіне таң қаласыз. "... ақыры ойладым: Осы ойыма келген нәрселерді ќағазға жаза берейін, ақ қағаз бен қара сияны ермек қылайын, кімде-кім ішінен
керекті сөз тапса, жазып алсын, я оқысын, керегі жоқ десе, өз сөзім
өзімдікі дедім де, ақыры осыған байладым" - дейді. ~ Абай барлық қара сөзінде де бейне бір оќушысымен әңгімелесіп отырғандай, өзіне-өзі сұрақ қойып, оѓан жауап береді.
Абайдың бесінші сөзінде:
"Көкірек толған қайғы кісінің өзіне де билетпейді, бойды шымырлатып, буынды қ±ртып я көзден жас болып ағады, я тілден сөз болып ағады. Қазақтар: "Ә, Құдай, жас баладай қайғысыз қыла гөр" - деп тілек тілегенін көзім көрді. Онысы - жас баладан гөрі өзі есті болып, қайғылы кісі болғансығаны. Қайғысы не десең, мақалдарынан танырсыз: "Әуелі - түстік өмірің болса, күндік мал жи:, "Өзінде жоқ болса, єкењде жат.", "Мал адамның бауыр еті".
Абай м±ны айтқанда дүниеқоңыздық,, ±ятсыздық сияқты адам аздыратын қылықтардан жирендіруді мақсат етеді.
Жетінші, отыз бірінші сөздерінде Абай оќу, өнер білім мәселесі төңірегінде ой қозғайды.
Жетінші сөзінде "Жас бала да анадан туғанда екі түрлі мінезбен туады: біреуі ішсем, жесем, ұйқтасам деп туады. Б±лар -тәннің құмары, б±лар болмаса, тән жанға қонақ үй бола алмайды, һәм өзі өспейді, қуат таппайды. Біреуі білсем екен дегендік, не көрсе соған талпынып, жалт-жұлт еткен болса оған қызығып, аузына салып, дәмін татып, қарап, тамағына, бетіне басып ќарап сырнай, керней болса, даусына ±мтылып, ол немене? ", бұл немене?" деп ол неге үйтеді? " құлағы естігеннің бәрін сұрап тыныштық көрмейді" - дейді.
Абай ќазына байлықтың бар асылы білім деген ойын тереңдете отыра өз заманы үшін де халқының бүгіні мен ертеңі үшін де ќажет нәрсе не екеніне көпшілік көзін жеткізуге тырысады.
Халқын жан-тәнімен сүйгендіктен сол халық бойынан өзі көрген сорақылықты жаны ауыра отырып айтады. Мақсаты айқын туған халқының болашағы.
Кезінде әдебиетші ғалым А. Н±рқатов Абай өлеңдерінен халық өмірінің кең көрінстерін ғана байқап қоймаймыз, сонымен қатар оның арманы мен үмітін танимыз, қайрат пен жігерге, ашу-ызаға, ќасиетті м±ңға толы үнін естиміз.
Абайдың алтыншы, сегізінші, тоғызыншы, онынышы, он төртінші, жиырма үшінші, отыз үшінші, отыз тоғызыншы, қырқыншы, қырық бірінші, қырық екінші және қырық үшінші қара сөздері тақырып жағынан біріне-бірі жақын, бұларда Абай халық, елі мінезі жөнінде толғап ой түйеді.
"Надан ел ќ±анбас нєрсеге ќ±анады және ќ±анғанда не айтып, не қойғанын, не қылғанын өзі білмей, есі шығып, бір түрлі мастықќа кез болып келеді. Жєне ±ялмас нәрседен ұялады. ¦яларлық нәрседен ұялмайды. Б±ны бєрі - надандық, ақымақтықтың әсері" - деп оқырманына ой салады ±лы ақын.
Қазаққа тән осы бір оғаш мінез-құлыққа тәрбие боларлық жауапты тағы да сол Абайдың сөзінен табамыз. "Тегніде адам баласы адам баласынан ақыл, ғылым, ар, мінез деген нәрселермен озады." - дейді ±лы ғұлама.
Абайдың адамтану мәселесіне байланысты айтылған ой пікірлерінің бірі — еңбек тақырыбы.
"Қазақтың жаманшылыққа үйір бола беретүғынының бір себебі — ж±мыстың жоқтығы" - дейді Абай атамыз.
"Еңбек туралы Абай көп жазған, - дейді профессор К. Жумалиев. Жастардың адам болуы үшін ең алдымен еңбек етуі керек. Ғылымға қол жетуде әлеумет өміріне пайдалы ж±мыс істеу де еңбекпен байланысты. " ¦лы данышпан қырық төртінші сөзінде "Өмірде ең қызық нәрсе адамның сүюшілігі, одан өзге нәрсе жоқ" -деп адамдар арасындағы жылы пейіл, ыстық ықылас, жарасымды ќарым-қатынасты үлгілі етіп ±сынады. Дүниеде жалғыз қалған адам, адамның өлгені деп ойын дәлелдей түседі.
Бүгінгі болашағын болжауды, оның түп тамырларына үңілуден бастап, ±стаз Абай м±расының тәлім-тәрбиелік ж±мыстарға ендірілуінің тарихына шолу жасап, ондағы жетістіктер мен кеткен кемшіліктерді саралайды.
Абай шығармалары тек оқып, әсерлену үшін ғана емес, іс жүзінде қолдану, күнделік өмірде пайдалану үшін жазылғандығын түсіну керек.
Мектептегі тәрбиелік ж±мыстарды ±йымдастыруда Абай м±расын қолданудың әдістемелік сипатын, өсіп келе жатқан буындардың көзқарасы, ақыл парасаты, іс-әрекеті, мінез-қ±лқы жүріс-т±рысына іс жүзіне ыќпал етуінде екендігі ашық көрсетілген.
¦лы Абайдың қара сөздері мен өлендерінің бүгінгі күнделікті өмірге қажетті тұжырымдардың оқушылар санасына жету жолдарын зерделеп, құнды н±скалар берген.
Ақынның ақыл, ќайрат, жүректі жетілдіру т±жырымымен байланыстырған.
Бастауыш сынып оќушыларының жас ерекшеліктерін ескере отырып, жастайынан әдеттеніп дағдыланатын іс-әрекеттері мен мінез-құлық ережелерін, ќағидаларын талдап алуға ұмтылады.
Осы жастағы балалардың "білсем екен, көрсем екен, үйренсем екен" деген жан құмарын қанағаттандыру көзделген. Б±л ретте, ақынның отыз екінші ќара сөзіндегі пікірді арқау етіп, окушылардың оқудағы мақсат, білу, білмекке ұмтылу, ал білу деген көргенін, естігенін, көңілге түйіп тағы да білмегендерін білу үшін пайдалану керек екенін ±ғындыру. Ал б±ның шарты оќушыны көңіл қойып тыңдау, мұғалімнің айтқандарын түсінуге ұмтылдыру екендігіне иландыру.
Оқушылармен тәрбиелік ж±мыстар Абай шығармаларын пайдалану тәртіпке бойұсынуға тәрбиелеумен ќатар еңбектену дағдысын қалыптастыру. Бұл жастағы балаларға оқу, білім алуға әрекеттену, білу үшін намысының барынша ±мтылудың өзі еңбек екендігін түсіндіру.
Алдыңғы сыныптардағы єдеп-дағдыларды пысықтай отырып, жаңа сатыға көтеру. Мұнда оќу ғылым төртіп тақырыбы жалғасумен қатар, оқушылардың өзіне сенімін ныѓайту, өз күшіне сенуге тәрбиелеу.
Ақынның:

"Өзіңе сен, өзіњді алып шығар,


Еңбегің мен ақылың екі жақтап"
- деген т±жырымын арќау етіп алу арқылы, өзіне сену деген не, ақыл деген не, қандай адамды ақылды дейміз деген сұрақтарға жауап беруде ақынның басќа шығармаларымен қатар 13-ші кдра сөзіне ерекше мән беру көзделген.
Оку - ғылым тақырыбы жалғасады. Сонымен бірге б±л сыныпта өзін-өзі танып білу мәселесі тәрбиенің ісінің аркауы етіп алынуда.
Абай шығармаларындағы "Ғылым таппай мақтанба" өлеңі адамгершілікке тәрбиелік тақырыбында жазылған. Осы өлең бала бойына жақсы мінез-құлықты және жаман мінез-құлықтан арылту адамгершілік істерін қалыптастыру жағы кеңінен қозғалады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет