Диплом жұмысының сипаты


А. Байтұрсынұлының ұлттық идеясы мен тәуелсіздік философиясының үндестігі



бет10/12
Дата22.11.2022
өлшемі140,97 Kb.
#51782
түріСабақ
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12
Байланысты:
Жасар Байтурсын

А. Байтұрсынұлының ұлттық идеясы мен тәуелсіздік философиясының үндестігі

Ахмет Байтұрсынұлы көтерген ұлттық идея түсініктері мен тәуелсіздік философиясы мәселесі өзара сабақтастығы сақталған ұғымдар екендігіне көз жеткізуге болады. Рас Ахмет Байтұрсынұлы өмір сүрген тарихи кезең ұлттық құндылықтар толыққанды сақталғанымен, оның ұлттық негіздеріне үлкен өзгерістер отарлаушы үкімет тарапынан жоспарлы түрде енгізіліп жатқан уақыт еді. Сол себепті Ахмет Байтұрсынұлы болашақ ұрпақ алдында зор жауапкершілікті терең сезіне білді деп айтуға толыққанды негіз бар. Сол жылдардағы саяси үдерістерге белсенді қатысуындағы негізгі мақсат та сол ұлттық бірегейлік пен ел тәуелсіздігіне қол жеткізу, үзілген мемлекеттілік дәстүрін қайта қалпына келтіру болды. Рас ауыл, облыс, қала деңгейіндегі мұғалім болып жүрген Ахмет Байтұрсынұлы ХХ ғасыр басындағы саяси үдерістерге белсенді қатысуы нәтижесінде қайраткер ретінде толыққанды пісіп жетіліп, қалыптаса алды деп санаймыз.


Біз қарастырып өткен Алаш партиясының саяси бағдарламасының жасалуында Ахмет Байтұрсынұлының үлкен еңбегі бар. Партия бағдарламасына мән беретін болсақ та, қазақ елін алдымен өз алдына жеке ел болудың алғышарттарын қалыптастыра алғандығын байқаймыз. Білім ісін тегін жүргізуді ойлаған ұлт қайраткері қазақ даласының иесі қазақ халқы екендігін сол кезеңдегі адамдардың санасына толыққанды қалыптастыруға күш салды.
Ахмет Байтұрсынұлы мән берген үлкен мәселелердің бірі мемлекеттілік десек, сонымен қатар сол мемлекеттің ішіндегі қарым-қатынас құралына айналатын тіл мәселесіне де ерекше мән берді. Әрине «Қазақ» газетін шығарып, оның таралымы мен шығу жиілігіне ерекше мән берген Ахмет Байтұрсынұлының барлық ойы қазақ тілінің қолданыс аймағын тарылтуға бағытталған патша үкіметінің шараларына тоқтау қою еді. Қазақ тілінің грамматикасы мен морфологиясы, жазу заңдылықтарына қатысты бірқатар ғылыми мақалалар мен іргелі еңбектер жазғаны белгілі. Ол «өз тілінде оқып және өз тілінде жазған халықтың ұлтылығы мен ұлттық болмысы ешқашан жоғалмайды. Ұлттық құндылықтардың сақталуы мен бүтіндей ұлттың өмір сүруінің басты құпиясы оның тілінде» деген болатын. Сол себепті де болар Ахмет Байтұрсынұлы патша үкіметінің отарлық саясатының бір көрінісі болған қоныстандыру саясатына ашық қарсы шықты. Әрине бұл ретте алдымен Алаш қайраткерін толғандырған маңызды мәселе ол қазақтардың жерсіз қалуы болғаны жасырын емес. Сонымен қатар қазақтардың өз жерінде отырып, үлес салмағының азаюы да ерекше толғандырды. Әрине қазақтардың үлес салмағының азаюы ол алдымен қазақ тілінің қолданыс ауқымын тарылтатыны анық еді. Міне осы маңызды себептер үшін Ахмет Байтұрсынұлы патша атына петиция жазып, бірқатар жауапты шенеуніктерге де хат жазған болатын. Бұл сөзсіз ұлттық мүдде мен ұлттық идяны қорғаудың маңызды қадамдарының бірі саналды. Қазақ тілінің қолданыс аймағын ұлғайтып, оның бірден-бір сұранысқа ие болдыру үшін Ахмет Байтұрсынұлы білім беру ісіндегі қазақ тілінің мәселесіне ерекше мән берді. Осы екі мәселені ұштастырудың да әрекеттерін жүзеге асырды. Өзінің мақаласында алдымен бала оқыту ісін реттеу керектігін ескерте келе, баланы оқыту барысында қазақ тілін толыққанды игергендігіне көз жеткізген соң, орыс тілін үйретсе болады деген маңызды пікір айтады. Сөзсіз мұндай пікірдің өзі бала психологиясы мен қабылдау ерекшеліктері туралы толыққанды мәліметтерді білгендігін көрсетеді. Қазіргі таңда әлем елдерінің көшін бастап тұрған әрі даму жағынан қарқындылығы басым жапон елінде бастауыш сыныптарындағы сабақтардың барлығы да ана тілінде жүргізіледі. Егер де Жапониядағы бастауыш деп 1-6 сынып аралығын атайтындығын ескерсек, жапондықтар өз ұлттық құндылықтарына қаншалықты мән беретіндігін байқауға болады. Рас Ахмет Байтұрсынұлы бастаған Алаш қайраткерлері дамудың дәл осы жапондық үлгісіне көп көңіл аударды. Осы тұрғысынан келгенде ұлттық идея мен құндылықтардың сақталу мәселесінде бүгінгі егеменді еліміз Алаш арыстарының тәжірибесіне көңіл бөлуі тиіс деп ойлаймыз. Қазіргі таңдағы еліміздегі білім беру саласында бастауыш сыныпқа барған бала бірінші жылдан ақ қазақ тілімен қатар, ағылшын және орыс тілдерін қатар оқуда. Сөзсіз бұл үрдіс балалардың үш тілдің ерекшеліктерін қатар меңгеруге өз кедергісін келтіреді [45, 59 б.].
Ахмет Байтұрсынұлы өзінің қазақ елінің ұлттық құндылықтарына негізделген ұлттық идеясын қалыптастыруда Ресей жеріндегі өзге де мұсылман елдерінің зиялыларымен етене жұмыстар атқарды. Осы жылдары біз қазақ зиялылары мен татар және башқұрт сынды ұлт қайраткерлерінің тығыз қарым-қатынастар орнатқанын байқаймыз. Татар және башқұрт зиялылары империя көлемінде патша үкіметінің орыс тілін насихаттау мақсатында орыс-түземдік мектептер ашып, тек қана орыс тілінде оқу үдерісін ұйымдастыруына қарсы шыққан болатын. Бір ерекшелігі татар және башқұрт зиялылары мұндай наразылықтарын Мемлекеттік Дума деңгейінде көтере білді. Әрине Ахмет Байтұрсынұлы көтерген мәселелер де жоғары мінберлерде айтылғандығын да атап өтуіміз қажет. Мемлекеттік Думадағы мұсылмандар фракциясына қазақ тілінің мүшкіл жағдайы мен қазақ халқының ұлттық мүддесі мен құндылықтарының аяқ асты болғандығын нақты дәлелдермен көрсету ісіне белсенді араласқан Ахмет Байтұрсынұлы болған еді. Оған қоса өзі редакторы болып табылатын «Қазақ» газетінің алғашқы санында қазақ елінің дербестігіне қайтадан ие болып, әрі қарай өркендеу үшін алдымен білім беру ісі мен төл мәдениетке көңіл аударуымыз қажет екендігін көрсетеді. Сонымен қатар ең бастысы ана тілінде жазылған көркем шығармалардың санын көбейтіп, ең басты ұлттық белгі болып табылатын қазақ тілін сақтап қалу қажеттілігін ескертеді.
Ахмет Байтұрсынұлы қазақ қоғамының өзге ұлттармен салыстырғанда артта қалуы және ілгері жылжи алмауының басты себебі надандық деп санаған. Сөзсіз елдің саяси белсендігінің төмендеуінің де басты себептерін Ахмет Байтұрсынұлы білімсіздіктен іздеген. Сондықтан өзінің қоғамдық-саяси қызметінде қазақ халқы арасында білім алу ісін жетілдіру мәселесіне ерекше мән берген. Осы ретте Ахмет Байтұрсынұлы қазақтың қолынан саяси сауатты болып, білімді ұлтқа айналу ісі толыққанды келетін шаруа деп көрсетеді. Еуропа елдері сынды озық шықпаса да, өз ұлтының деңгейінде бірқатар табыстарға жете алатын әлеуеті бар екендігін жасырмайды.
Ахмет Байтұрсынұлының қоғамдық-саяси қызметі мен жазған ғылыми мақалалары және өлеңдерінде ерекше мән берген мәселенің бірі дін мәселесі десек қате болмас. Рас Алаш ардақтысы дінді ұлттық идеяның негіздерінің бірі ретінде көрмеді. Жалпы Алаш партиясының бағдарламасын жасауға Ахмет Байтұрсынұлы ерекше белсенді атлсалысқан десек, мұнда Алаш зиялылары зайырлы мемлекет қалпына ерекше артықшылықтар береді. «Дін мемлекеттен бөлектенеді» деп нақты көрсеткенімен, дін істерін бақылауды да аса маңызды міндет ретінде белгілейді. Мысалы Ахмет Байтұрсынұлы қазақтар арасында христиан дінін насихаттауды ісін ұйымдастырған патша үкіметінің отарлық саясатын ерекше қатал сынаған болатын. Ал дінге берік қазақ халқы арасында өзге діни құндылықтарды насихаттауды бос әурешілік деп бағалады. Дегенмен Ахмет Байтұрсынұлы қазақтардың жаппай христиан дініне қызығушылық танытуы сынды құбылыстардың орын алуына жол бермеуге барын салды. Осы үшін де мақалалары барысында дүмше молдаларды сынап, исламнан бездіретін уағыздар мен қолдан енгізілген діни жоралғылардың орынсыздығын барынша көрсетті. Бұл әрине қазақтар арасында шынайы исламның шарттарына деген қызығушылықты тудырып, ХІХ ғасыр мен ХХ ғасырлар шеніндегі қазақтар арасындағы кең тараған дүмше молдалардың насихатынан сақтандырғысы келді. Жалпы Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық идеяның қалыптасу жолындағы қызметіне мән беретін болсақ, Алаш қайраткерінің «бостандық» деп аталатын рухани мәні бар ұғымға ерекше мән беруге тырысады. Ол жан-тәнімен күштеу, үркіту, қорқыту мен зорлық көрсету сынды әрекеттерге барынша қарсы болды. Сондықтан да өзінің қоғамдық-саяси қызметінде әсіресе қазақтарға қатысты қолданылуы мүмкін зорлық әрекеттеріне түбегейлі қарсы шығып, оны болдырмаудың амалдарын жасады. Сөзсіз Ахмет Байтұрсынұлы онсыз да қиындық көріп, қысымға ұшыраған қазақтарды қуғындау ұлттық идеяның өз мүмкіндігіне сай қалыптасуы мен қолданысқа ие болуын тығырыққа тірейтіндігін анық сезінді. Сол 1916 жылғы ұлт-азаттық көтеріліс қарсаңында наразы қазақтардың ортасында болып, олардың патша жарлығына қарсы келмей, бағынуына кеңес берді. Мұндағы ойлары патша үкіметінің жазалаушы әскері қазақтар арасында ойран ұйымдастырады деген болжам еді. Расымен де патша үкіметінің жазалау шараларының тым ауыр болғаны соншалық 243 мыңы Қытай асқан болатын. Міне осындай оқиғалардың болу заңдылығын білген Ахмет Байтұрсынұлы барынша көтерілісті болдырмауға тырысты. Дегенмен кейінгі оқиғалар көрсеткендей, Ахмет Байтұрсынұлы Қытай асқан қазақтардың елге оралуына Мұхамеджан Тынышпаев екеуі мұрындық бола білді. Өйткені Қытай жеріне босқын болып қоныс аударға қазақтар қайыршының күйін кешкен болатын. Қайтадан өздерінің атамекені Жетісу жеріне орналастырады. Жергілікті орыс шаруалары мен әскери казактардың жаппай қаруланғандығын Уақытша үкіметке жазып, олар қаруы жоқ қазақтарға жасап жатқан зомбылықтарын атап өтеді. Осылайша орыс шаруалары мен казак жасақтарын қарусыздандыруға қол жеткізіп, күштерді теңгерімді етеді [46, 49 б.].
Ахмет Байтұрсынұлының саяси көзқарастарының өзі бір ғылыми-зерттеу жұмыстарына негіз боларлық. Алаш партиясының бағдарламасы мен Алаш-Орда үкіметін құру барысындағы саяси бастамаларға мән беретін болсақ, Ахмет Байтұрсынұлы президенттік басқару формасымен қатар, белгілі бір жас мөлшеріне жеткен азаматтардың сайлауға түсу құқығын енгізу туралы ойлары өміршең. Сол ІІ жалпықазақ съезі барысында баламалы сайлау қорытындысына сай, Әлихан Бөкейхановты Алаш-Орда үкіметінің төрағасы етіп сайлау соның айқын дәлелі деп есептейміз.
Рас Ахмет Байтұрсынұлының ұлттық идеяға негізделген саяси бастамалары мен рухани мәселелердегі көтерген өміршең идеялары арнайы ғылыми-зерттеу жұмысына арқау боларлықтай ауқымды тақырыптардың бірі болып табылады. Дегенмен осы келтірген жайттардың өзінен-ақ тәуелсіздік жылдарында көрініс тапқан әрі Ахмет Байтұрсынұлынан бастау алған бірнеше жайттардың сабақтастығын айқындауға болады. Бұл атап айтқанда тіл мәселесі. Қазақ тілінің маманы ретінде Ахмет Байтұрсынұлы оның заңдылықтары мен ережелерін қалыптастырып кеткен жан. Бүгінде қолданып жүрген түрлі шылау, одағай, жалға мен жұрнақ сынды ұғымдар мен түсініктерді уақытында енгізген Ахмет Байтұрсынұлы еді. Міне сол заңдылықтар негізінде одан әрі даму жолына түскен қазақ тілінің бүгінгі мәртебесі Ахмет Байтұрсынұлы аңсағандай дәрежеде ме деген сауал өте өзекті болып тұр. Ахмет Байтұрсынұлы мемлекет болып қалыптасқан ұлттың қарым-қатынас тілі болуы заңдылық сияқты Алаш арысы болашақта қазақ мемлекеттілігі орныққан жағдайда қазақ тілі өз тұғырына қонуы тиіс деп санады. Бүгінгі таңда Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы аңсаған тәуелсіздікке қол жеткіздік. Мемлекеттік тіліміз қазақ тілі екендігі де анық. Алайда бүгінгі таңдағы ресми тілдің көлеңкесінде қалушылық байқалады. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлы аңсағандай қазақ тілі адамдар арасындағы байланыс құралына айналып отырған жоқ екендігін көріп отырмыз. Оның үстіне Ахмет Байтұрсынұлы өзінің мақалалары мен қоғамдық-саяси қызметі барысында қазақ тілінің оқу орындарындағы негізгі қолданыс тіл болуын қалаған еді. Алайда Еуропа елдеріндегі ғылыми жаңалықтар мен оқу үдерісіне жасалған жақсы жағдайлар ағылшын тілінің мәртебесін асырса, геосаяси ахуал мен сан жылғы саяси ықпал әсерінен орыс тілі ерекше қолданыста екендігі белгілі. Ендігі кезекте не істемек керек? Біздің пікірімізше Ахмет Байтұрсынұлы қазақ тілінің мұндай сұраныста болып, өз мәртебесіне қондыру үшін қазақ тіліндегі терминдер мен ұғымдар сынды дүниені қолға ала бастағаны белгілі. Өйткені Ахмет Байтұрсынұлы халықаралық мағынасы бар терминдерді қазақша аударып, қолдануды қолға алған. Міне біздің бүгінгі ұрпақ Ахмет Байтұрсынұлының осы игі дәстүрін жалғастырып, қазақ тілін ғылым тілі қатарына көтере алуымыз керек. Ғылым тіліне айналғанда ғана қазақ тілі өзінің өміршеңдегімен ерекшеленетін болады деп санаймыз. Рас ғылыми терминдерді қазақшаға аударумен ғана іс бітеді десек, қателесеміз. Ең бастысы қазақстандық қоғамда ғылым ісі, ғылыми-зерттеу жұмыстары ерекше белсенділікпен ұйымдастырылуы тиіс. Ол үшін әрине қазіргі таңдағы білім беру ісіне, ғылыми жобаларды қаржыландыру, шынайы нәтижеге жұмыс жасау сынды мәселелер жүйелі түрде ұйымдастырылғаны абзал. Мысалы қазіргі таңда еліміздің жоғары оқу орындары бакалавр деңгейінде арнайы бір сала бойынша ғылыми қызметкерлерді дайындамайды. Көп жағдайда еліміздің ең іргелі деген жоғары оқу орындарының өзі салалар бойынша педагогтарды дайындау ісімен шектеледі. Тек сол жастардың арасынан оза шапқандары ғана білімін одан әрі жалғастырып, ғылым жолына түсіп жатады. Арнайы ғылымның принциптері мен ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру сынды мәселелерді үйрету ісі екінші мәселеге айналды. Рас Ахмет Байтұрсынұлы жастарға білім берудің аса маңызды мәселе екендігін жоғары атап өтті. Алаш қайраткері білім беру ісі тегін болу керек деген пікірді ұстанғаны белгілі. Бабалар арманы бүгінгі күннің шындығына айналып отыр. Қазіргі таңда елімізде орта білім беру ісі тегін негізде жүргізілетіні анық және міндетті болып табылады [47, 71 б.].
Ахмет Байтұрсынұлы кқтерген ұлттық идеяны тәуелсіздік философиясымен ұштасатын тұстары көп. Әсіресе мемлекет қалпына қатысты Алаш қайраткерлерінің пікірі өзіндік өміршеңдігімен ерекшеленеді. Мысалы Ахмет Байтұрсынұлы мемлекетті басқару нысанына қатысты пікірі президенттік басқару мәселесімен тығыз байланысты болғанын атап өттік. Бүгінде Қазақстан Республикасы президенттік басқару нысанындағы ел болып табылатыны анық. Рас аталған басқару нысанының өзіндік артықшылықтары бар. Ел қамын ойлаған Президенттің сөзі елде маңызды болса, саяси дүрбелеңдердің орын алмасы белгілі. Заң шығарушылық билік пен атқарушы билік және сот билігі өз алдына билік тармақтары саналғанымен ел Президенті олардың төрағаларын тағайындап, ортақ идеяға жұмылуға шақырады. Сонымен қатар атап өтетін жайттардың бірі Алаш қайраткері Ахмет Байтұрсынұлы демократиялық басқару принциптеріне артықшылықтар береді. Атап айтқанда Ахмет Байтұрсынұлы әр азаматтың дауыс беру құқығы болу керек деп санайды. Өздері де ІІ жалпықазақ съезінде азаматтардың дауыс беру құқығын жүзеге асыруға тырысады. Әрине Орынбор қаласына барлық қазақ даласының азаматтары келмеді және барлық қазақ даласының азаматтар Алаш-Орда үкіметі төрағасын сайлау ісіне қатыспады. Дегенмен съезд қарсаңында ұйымдастырушылар қазақ облыстары өз іштерінен облыс атынан дауыс беру құқығына ие екі адамды алдын-ала сайлауға тапсырма береді. Осылайша Орынбор қаласында өткен съез жұмысына өз облысындағы азаматтардың атынан дауыс беруге құқылы 80 делегат жиналған болатын. Міне осы дауыс беру құқығы бар облыс өкілдерінің 40 дауысына, яғни 50% шектен асқан Әлихан Бөкейханов Алаш-Орда үкіметінің төрағасы болып сайланған болатын [48, 78-81 б.]. Ахмет Байтұрсынұлының әр азаматтың сайлау құқығы болуы тиіс деген ойы белгілі бір дәрежеде жүзеге асқан шағы осы тарихи оқиғалармен байланысты болды. Азаматтардың сайлау құқығының болуы сөз жоқ демократиялық принциптердің жүзеге асқандығын білдіретін маңызды шарт. Белгілі бір мемлекет азаматтарының барлығы дерлік билікке бармасы белгілі. Ал олардың билікке қалай әсер етуі мүмкін деген мәселеге келетін болсақ, мынандай механизмді байқаймыз. Әр азаматтың мемлекеттік басқаруды жетілдіру, елдегі әлеуметті-экономикалық ахуалды реттеу мен дұрыстау сынды өзекті мәселелерге қатысты өзіндік тұжырымды ойларының болатыны жасырын емес. Өзінің ойларының мемлекеттік деңгейде қорғалып, іске асуы үшін ол міндетті түрде өзінің көзқарасына жақын депутаттарға дауыс береді. Осылайша азаматтың пікірі мен депутаттыққа үміткердің бағдарламасы ұштасқандықтан, үміткерлер депутат болып сайланып, өз сайлаушылар алдында берген уәдесін, яғни азаматтардың ішкі талап-тілектері мен ойларының мемлекеттік деңгейде көтерілуіне жағдай жасайды. Бұл азаматтардың мемлекеттік басқару ісіне араласуын көрсетеді. Батыс елдерінде мұндай сайлау үрдісі демократияның көрінісі болып табылады. Бұл сайлау механизмі мен демократиялық жүйенің көрініс бүгінгі Қазақстан Республикасының тәжірибесінен байқауға болады. Міне Ахмет Байтұрсынұлы көрсеткен даму жолы бүгінгі күннің шындығына айналып отыр.
Ахмет Байтұрсынұлы көтерген ұлттық идея мен тәуелсіздік философиясы терең ұштасып жатқан мәселе екендігіне анық көзіміз жетті. Рас Алаш арысының барлық ойы мен оның армандаған елі бүгінгі таңда орындалып отыр. Ахмет Байтұрсынұлы көршілес елдермен, соның ішінде аюдай алып орыс, айдаһардай қуатты қытай елдерімен терезесі тең қатынас орнатуды армандады. Бабалар арманы мен ниеті арқылы келген бүгінгі күнің шындығы әлі де болса Ахмет Байтұрсынұлы көздеген ұлттық идеяға толыққанды сай болуы керек. Алаш арыстары ХХ ғасыр басының өзінде «қазақ даласының әрбір тасы қазақ баласының кеудесіне түйме болып қадалуы керек» немесе «қазақ даласының бар байлығы қазаққа тиесілі» деген өміршең бастамалары әлі де болса қолдауды талап етеді. Елімізді индустриалды елге айналдыру арқылы елімізді шикізаттық бағытта дамитын мемлекет емес, керісінше әлемге өндіріс күшінің қарқындылығыменкөзге түскен саяси институт ретінде орнықтырудың маңыздылы жоғары деп тараушаны қорытындылаймыз.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет