Дипломатиялық этикет және хаттама


Қазақстан  Республикасының



Pdf көрінісі
бет11/63
Дата23.09.2023
өлшемі1,14 Mb.
#109884
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63
Қазақстан 
Республикасының 
Мемлекеттік 
елтаңбасы

Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік елтаңбасы – дөңгелек нысанды және көгілдір түс 
аясындағы шаңырақ түрінде бейнеленген, шаңырақты айнала күн сәулесіндей тарап 
уықтар шаншылған. Шаңырақтың оң жағы мен сол жағында аңыздардағы қанатты 
пырақтар бейнесі орналастырылған. Жоғарғы бөлігінде – бес бұрышты көлемді жұлдыз, 
ал төменгі бөлігінде «Қазақстан» деген жазу бар. Жұлдыздың, шаңырақтың, уықтардың, 
аңыздардағы қанатты пырақтардың бейнесі, сондай-ақ «Қазақстан» деген жазу – алтын 
түстес. 
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік елтаңбасының авторлары – белгілі сәулетшілер 
Жандарбек Мәлібеков пен Шот-Аман Уәлиханов. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік гимні
. Бұрын «Менің Қазақстаным» 
әні ретінде танымал болған Қазақстанның гимні Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың 
бастамасы бойынша 2006 жылы 6 қаңтарда еліміздің Парламентінде бекітілді. Бірінші рет 
ол 2006 жылы 11 қаңтарда Мемлекет басшысының салтанатты ұлықтау рәсімінде 
орындалды. Әннің авторы Шәмші Қалдаяқов, сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, 
Нұрсұлтан Назарбаев. 
Қазақстан тарихында тұңғыш рет Мемлекет басшысының байрағы 1995 жылдан 
қолданыла бастады. Республика Президентінің төсбелгісі сияқты, ол да мемлекеттің 
жоғары лауазымды тұлғасының ресми айырым белгісі болып саналады. Қазақстан 
Республикасы Президентінің 2012 жылғы 31 қазандағы Жарлығында Президент 
байрағының сипаттамасы берілген. 


Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы - көгілдір түсті (Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік Туымен түстес) тікбұрыш нысанындағы жақтары екіден 
біріне сәйкес келетін кездеме. Тікбұрыштың ортасында Қазақстан Республиткасының 
алтын түсті Мемлекеттік Туы бейнеленген. 
Саптың тұсына тік сызық түрінде алтын түсті ұлттық нақыш орналастырылған. 
Кездеме үш жағынан алтын шашақпен көмкерілген. Байрақтың сабы «қошқар 
мүйіз» түріндегі сретті қола кескіндемемен тұйықталған, оған көбілмелі шашақ бекітілген. 
Байрақтың сабына Қазақстан Республикасы Президентінің мемлекеттік тілде тегі, аты мен 
әкесінің аты және оның сайланған мерзімін көрсететін даталар өрнектеліп жазылған күміс 
темірше бекітіледі. 
Қазақстан Республикасы Президентінің байрағы Мемлекет басшысының 
Астанадағы резиденциясында тұрады, Елбасы сапарларында басқа резиденцияларда, оның 
көліктерінде болады. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мынадай орындарда міндетті түрде 
көтеріледі (тігіледі, орналастырылады): 
1) Қазақстан Республикасының Президенті Резиденциясының, Парламентінің, 
Сенат пен Мәжілістің, Үкіметтің, министрліктердің, Қазақстан Республикасының 
Президентіне тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың, олардың 
ведомстволары мен аумақтық бөлімшелерінің, Конституциялық Кеңестің, Қазақстан 
Республикасының Жоғарғы Соты мен жергілікті соттарының, жергілікті өкілді және 
атқарушы органдардың, жергілікті өзін-өзі басқару органдарының, мемлекеттік 
ұйымдардың ғимараттарында, сондай-ақ Қазақстан Республикасы елшіліктерінің, 
халықаралық ұйымдардағы тұрақты өкілдіктерінің, сауда өкілдіктерінің, шетелдегі басқа 
да ресми мекемелерінің, шетелдегі мекемелерінің басшылары резиденцияларының 
ғимараттарында және сол мемлекеттің протоколдық практикасына сәйкес көлік 
құралдарында - ұдайы; 
2) Қазақстан Республикасы Президентінің, Қазақстан Республикасы Парламенті 
палаталары 
төрағаларының, 
Премьер-Министрдің, 
Мемлекеттік 
хатшының, 
Конституциялық Кеңес Төрағасының, Қазақстан Республикасының Жоғарғы Соты 
Төрағасының және жергілікті соттары төрағаларының, Орталық сайлау комиссиясы 
Төрағасының, Қазақстан Республикасының Адам құқықтары жөнiндегi уәкiлінің, 
министрліктердің, Қазақстан Республикасының Президентiне тiкелей бағынатын және 
есеп беретiн мемлекеттік органдардың, олардың ведомстволары мен аумақтық 
бөлімшелерінің 
басшыларының, 
жергілікті 
өкілді 
және 
атқарушы 
органдар 
басшыларының, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелері басшыларының 
кабинеттерінде - ұдайы; 
3) Қазақстан Республикасының Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің бірлескен 
және бөлек отырыстары, Қазақстан Республикасы Парламенті палаталарының, Үкіметтің 
үйлестіру және жұмыс органдарының отырыстары өтетін залдарда, Қазақстан 
Республикасы Конституциялық Кеңесінің отырыс залдарында, Қазақстан Республикасы 
Жоғарғы Сотының және жергілікті соттарының сот мәжілісі залдарында, орталық, 
жергілікті өкілді және атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасының Президентіне 
тікелей бағынатын және есеп беретін мемлекеттік органдардың алқа отырысы залдарында, 
Қазақстан Республикасының мемлекеттік және үкіметтік наградалары тапсырылатын 
залдарда, Қазақстан Республикасының шетелдегі мекемелерінің қабылдау залдарында, 
сондай-ақ бала тууды және некені тіркейтін үй-жайларда - ұдайы; 
4) мемлекеттік органдардың ғимараттарында алғаш ашылған кезде, салтанатты 
жағдайда; 
5) егер халықаралық құқық нормалары мен Қазақстан Республикасының 
халықаралық шарттарында көзделген болса, Қазақстан Республикасы Президентінің, 
Қазақстан Республикасының Парламенті палаталары төрағаларының, Қазақстан 
Республикасы Премьер-Министрінің және олардың өкілетті өкілдерінің қатысуымен 
халықаралық форумдар өтетін ғимараттарда немесе үй-жайларда; 


5-1) мемлекеттік заңды тұлғалардың, ұлттық басқарушы холдингтердің, ұлттық 
холдингтердің, ұлттық компаниялардың, сондай-ақ Қазақстан Республикасы оларға 
қатысты жалғыз акционер (қатысушы) болып табылатын өзге де акционерлік қоғамдардың 
және жауапкершілігі шектеулі серіктестіктердің мемлекеттік нышандарға арналған 
экспозиция үшін бөлінген үй-жайларында (үй-жайларының бір бөлігінде); 
6) ресми адамдар ретінде Қазақстан Республикасының Президенті, Қазақстан 
Республикасының Парламенті палаталарының төрағалары, Қазақстан Республикасының 
Премьер-Министрі мінген теңіз кемелерінде, ішкі жүзу кемелерінде және басқа да 
қатынас құралдарында; 
7) Қазақстан Республикасында тiркелген кемелердiң бұлқынындағы ту ретiнде - 
белгiленген тәртiппен; 
8) Қазақстан Республикасының әскери корабльдерi мен кемелерiнде - әскери 
жарғыларға сәйкес; 
9) Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің әскери құрамаларында, 
бөлімдерінде, бөлімшелерінде және мекемелерінде, басқа да әскерлері мен әскери 
құралымдарында - Қазақстан Республикасының ұлттық және мемлекеттік мерекелері 
күндерінде, ант қабылдау кезiнде; 
10) Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайтын тәртіппен Қазақстан 
Республикасының Мемлекеттік рәміздері күнін мерекелеу, ресми және салтанатты 
рәсімдер, спорттық іс-шаралар кезінде
11) жалпы орта, кәсіптік бастауыш, кәсіптік орта, кәсіптік жоғары және жоғары оқу 
орнынан кейінгі кәсіптік білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру 
ұйымдарында - жаңа оқу жылының ашылу және оқу жылының аяқталу рәсімдері кезінде; 
12) Қазақстан Республикасына мемлекеттік және ресми сапарлармен келген шет 
мемлекеттердің 
мемлекет 
басшыларымен, 
парламенттері 
мен 
үкіметтерінің 
басшыларымен кездесу кезінде. 
Қарулы Күштердің құрамаларында, әскери бөлімдерінде, бөлімшелерінде, 
мекемелерінде және басқа да әскерлер мен әскери құралымдарда Мемлекеттік Туды және 
оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібі жалпы әскери жарғыларда 
айқындалады. 
Ғимараттарға тұрақты тігілген Мемлекеттік Туға тәуліктің қараңғы мезгілінде 
жарық түсіп тұруға тиіс. 
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы басқа да ғимараттарда (үй-
жайларда) олардың иелерінің еркі бойынша тігілуі мүмкін. 
Мемлекеттік Туды және оның бейнесін пайдалану (орнату, орналастыру) тәртібін 
Қазақстан Республикасының Үкіметі айқындайды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет