Дипломдық ЖҰмыс 05011300 «Биология»


Қазақ халқының тері өңдеу өнері



бет66/83
Дата07.02.2022
өлшемі2 Mb.
#24990
түріДиплом
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83
Қазақ халқының тері өңдеу өнері

Қазақ халқы ертеден кең байтақ даласында көшіп-қонып, төрт түлік мал баққан. Одан алынатын өнімдердің әрқайсысының өзіне тән ұқсату технологиясын игерген және оларды сақтай да білген. Төрт түлік малынан алынатын осы өнімдерді күнделікті тіршілігіне, қажетіне пайдаланып та отырған.

XIX ғасырға дейін қазақ халқында таза ұлттық кәсіп түрлері бойынша арнайы оқу орындары болған жоқ. Әйтсе де, отбасылық шеберханалар мол еді. Білімі мен тәжірибесін әке — ұлына, шеше — қызына үйретті. Бұл қазақи ұлттық кәсіптік мектеп болды. Оның қызметі қазақ қоғамының ділінесәйкес еді. Кәсіптік мектептер тәрбиеленушілердің азаматтық тұлғасын, кәсіби ділін қалыптастыруға зор ықпалын тигізді. Қазақ даласындағы мектептер мәдениеттің алтын бесігіне айналды. Атам қазақ ежелден мал бағу, қолөнері, мал терісін өндеу, құрылыс және сәулетшілік, қыш, құмырашылық, ұсталық, зергерлік, ағаш ұқсату, тігу, т.б. кәсіптермен байланысты өмір сүріп келді.

Қазақ қол өнерінде былғарыдан жасалатын бұйымдар өте көп. Ол кіріспеде толығымен жазылған. Мал терісін илеудің ел арасында кең тараған екі түрі бар: 1. Ағаш күбіге немесе ағаш астау ыдысына құйылған ауытқы, яки ашыған іріткі, айран, үн, кебек, тұз, т.б. салып ашытады. 2. Терінің бетіне ұн, тұз, айран араластырып, іріткі жасап жағу жолымен илейді.

Былғарының бірнеше түрі бар: көксауыр, опайке, былғары, құрым (хром), ұлтан т.б. Көксауыр жылқы терісі мен серке терілерінің сауырынан (жондығынан) жасалады. Көбінесе ол кепкен кезде қызыл, сары, жасыл түстермен боялып, өң беті жылтырап тұрады. Одан кебіс-мәсі тігіліп, етік, кісе, ер-тұрман жасалады. Бұл заттарды да кей-кейде көксауыр деп атай береді. Көксауырларға алтын, күміс, жез шегелер қағып, кейде маржаннан моншақ тігіп, өкіпе-сірінің артына, тұмсығына, қоныштың әр жеріне неше түрлі жарқырауық асыл тастар отырғызып әсемдейді. Мұндай заттар өте жарасымды және бағалы жиһаз саналады. Көксауырдан тоқым, қорамсақ, дулыға сияқты заттармен қатар түскиіз, сәукеле сияқты өте сәнді мүліктер де жасаған. Сондықтан ежелгі өнер ұмытылмасын. Қазір техника заманы. Маталардың да сан алуан түрлері бар. Тіпті жасанды елтірі де, көннің жасанды түрі де шығып жатыр. Нағыз теріні өңдеп, бояп, әрлеп жатпай, оңай жолын іздеп, қазақ халқының ежелден келе жатқан өнерін ұмытпасақ деген ой келеді.



Қай кезде де былғарыны киім тігуге пайдаланса, ол өте әдемі көрінеді. Мысалы, қызғыш түсті былғарыдан тігілген белдемше қандай өсем. Қысқа, белге дейін жететін нымшаны кестелеп, маржан тастармен безендірсе, жастардың жай күндерде ғана емес, мейрамдарда да ұнатып киетін киімдерінің бірі болар еді. Сонда біздің ежелден келе жатқан мал терісін өңдеу тәсілі бүгінгі күнде де жалғасын табары анық.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   62   63   64   65   66   67   68   69   ...   83




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет