Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі


-тапсырма. Жұмбақтың шешімін табыңдар



бет15/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28
1-тапсырма. Жұмбақтың шешімін табыңдар.
Тапсырманың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру, кез – келген затты суреттеп беруге үйрету.
Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар заттарды дұрыс суреттеуді үйренеді, осыған орай олар мәтін құрастыруға дағдыланады.
Тапсырманың маңызы: біріншіден, оқушылар бір-біріне сұрақтарды дұрыс қоюға дағдыланады, екіншіден, осы сұрақтарға дұрыс жауап беруге үйренеді, үшіншіден, оқушылардың затты суреттеу арқылы қиялы дамиды.
Оқушылар осы тапсырмада өздерi жасырып тұрған заттың атын атамай, тек оның қасиеттерiн атайды. Мысалы, допты жасырып тұрған оқушы алдымен доптың түрiн, түсiн, қасиеттерiн суреттейдi. Қалған оқушылар жасырған балаға сұрақтар беру арқылы оның не зат екенiн табуға тырысады. Бұл жерде әр бала өзiндiк пiкiр айтып, жасырылған заттың жауабы не екенiн өзiнше тауып, оны дәлелдейдi. Бірінші сынып оқушыларының осындай тапсырмалар арқылы ауызша сөйлеу дағдылары ғана қалыптасып қоймай, сонымен қатар олардың логикалық ойлау қабiлеттерi, сабаққа қызығушылықтары артты. Тапсырманың бұл түрi әсіресе кіші жастағы оқушылардың өз пiкiрiн дәлелдеуге, басқа бiр оқушының не мұғалiмнiң көзқарасын құрметтеуге, сол көзқарасқа өзiнiкi дұрыс болса, қарсы шығу дағдыларын қалыптастырды.
Мысалы, сабақ үстiнде тапсырма төмендегiдей үлгіде өтті.
Алдымен тақтаға бір оқушы шығып, оқушыларға өзінің ойлап тұрғанын жасырады. Оқушылар мұндай тапсырмаларды алдын-ала күні бұрын дайындап келеді немесе сабақ үстінде мұғалімнің нұсқауымен орындайды.Мысалы,

  • Бірінші оқушы: Балалар мен сендерге бүгін бір жұмбақ жасырамын. Дүниеде ең қымбат нәрсе не?

  • Оның белгiлерiн айт,- деді сыныптағы қалған оқушылар.

  • Ол көзге көрiнбейдi, қолға iлiнбейдi, сатып алуға болмайды, жүрмейдi, күтiп те тұрмайды, білінбей жүреді.

Оқушылар айтылған жұмбақтың жауабын табу үшін біраз уақыт үндемей ойланып отырды. Сонан кейін олар өздерінің пікірлерін айта бастады.

  • Ол самал жел,- дедi Бекбосын Азат деген оқушы.

Азаттың пікіріне басқа оқушылар келіспей, өздерінің көзқарастарын білдірді.

  • Жоқ, самал жел білінеді,соғады, ол найзағай,- дедi Манапов Айдар.

  • Жоқ,- дедi басқа бір оқушы, найзағай көрінеді ғой, ол емес.

  • Ендi не?- деп оған басқа сыныптағы жолдастары қарсы сұрақ қойды.

  • Ол бiлiм емес пе?, - деді оған басқа оқушы.

  • Неге олай ойладың?, - деді Меруерт.

  • Бiлiм көзге көрiнбейдi, қолға iлiнбейдi, сатып ала алмайсың. Менiң айтқаным дұрыс қой.

  • Жоқ.

  • Неге? Түсiндiрiп бершi. Бiлiмде жүрмейдi, көрінбейді, қолға ілінбейді ғой.

  • Ол емес.

  • Сонда ол не болды?

  • Ол-уақыт. Уақыт бiлiнбей жүредi, сенi күтiп тұрмайды ғой.

Бұл тапсырма барысында оқушылар осылай бiр-бiрiне сұрақтар беріп, жұмбақтың жауабын бiрлесе отырып тапты. Мұндай тапсырмалар оқушылардың өзіндік пікір айту дағдыларын қалыптастырды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   11   12   13   14   15   16   17   18   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет