Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі


– тапсырма. Сурет бойынша мәтін құрастырыңдар



бет13/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28
Байланысты:
Коптерова Б. диплом жұмысы

3 – тапсырма. Сурет бойынша мәтін құрастырыңдар.
Тапсырманаың мақсаты: Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дамыту, сөздік қорын жетілдіру.
Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар суреттегі оқиға бойынша мәтін құрастырады.
Тапсырманың маңызы: Оқушылардың байқағыштық қабілетін жетілдіріп, олардың қиялын дамыту.
Сурет бойынша жұмыс түрлеріне төмендегідей мысалдар келтіруге болады.
Алдымен «Қияр мен қырыққабаттың суға баруы» тақырыбына байланысты тақтаға төрт сурет ілініп қойылды. Тақтаға екі оқушыны шығарып, бірлескен түрде суреттегі оқиғалар бойынша сөйлем құрастырылды.Мысалы, Қияр мен қырыққабаттың кездесуі, Қиярдың суға түсуі, Қырыққабаттың шешініп жатуы, Кеш батса да, қырыққабаттың әлі шешініп болмауы секілді сөйлемдер құрастырылып, оқушыларға мағыналары түсіндірілді. Екі оқушыға суретте тағы қандай оқиға болып жатқанын айту тапсырылды. Бірінші, Азамат тегі Бану деген оқушы қияр мен қырыққабаттың суға келгенде күннің ыстық екенін, олардың ыстықтап суға түскенін, суға көп түскендіктен кештің батқанын, қырыққабаттың көп және қалың болғандықтан кешке дейін шешініп үлгермегенін айтты. Екінші, оқушы Әбілда тегі Руслан қырыққабатттың қиярға көмектеспегенін, достардың арасында мұндай іс-әрекет дұрыс емесін,қырыққабат секілді достармен дос болмау жөнінде айтты.
Сонан кейін оқушылар достық туралы өз ойларын ортаға бөлісіп, қандай іс- әрекет достыққа жататынын айтты. Мұғалім, әрбір оқушының пікірін тыңдап, достық жөнінде ой қорытындылады. Кейінірек, Мұғалім оқушыларға суретке қарап, жоғарыда келтірілген сөйлемдерді тірек сөздер ретінде суға бару, ұзақ шешінді, қиярдың жаурауы, кеш батты сияқты сөздерді қатыстырып ауызша сөйлем құрау тапсырды.
Оқушылар осындай тапсырмаларды орындауға дағдыланғаннан кейін, тапсырмаларды күрделендіріп, өздерінің ойларын үнемі айтуға үйрету керек. Мұндайда өмірде кеңінен орын алатын жағдаяттар туралы мәтін құратыудың да маңызы зор. Мысалы, оқушылар «Дүкенде» тақырыбында рөлге бөлініп ойнауына да болады. Мұнда оқушылардың бірі- сатушы, екіншісі- сатып алушы рөлінде ойнап, өзара тілдеседі.Бұл олардың ауызша сөйлеу дағдыларын жетілдіреді.
Осындай тапсырмалар орындағаннан кейін сұрақтарға дұрыс жауап беруге, кішігірім мәтін құратыруға дағдыланды. Атап айтқанда, сынып алдында өз ойын дәлелдеуге, басқа сыныптасының сөзін тыңдауға үйренді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет