Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі


-тапсырма. Төменде берілген сөздiң әр әрпiнен жеке-жеке сөз құрап, сол сөздердi қатыстырып сөйлем құра



бет17/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28
Байланысты:
Коптерова Б. диплом жұмысы

5-тапсырма. Төменде берілген сөздiң әр әрпiнен жеке-жеке сөз құрап, сол сөздердi қатыстырып сөйлем құра.
Мысалы:
О – Қ – У – Ш – Ы
Оқу, қуыршақ, уық, шырша, ыдыс т.б.
6-тапсырма. Сөздерге ұйқас мағыналы сөз тап.
Ұйқастың түрi берiлiп, оқушыларға сол бойынша өлең құрастыру тапсырылады (барғанда – алғанда; емен – кеме; айды – сайды; алды- қашты т.б).
Оқушылар мұғалім айтқан сөзге ұйқас сөз табу керек. Мысалы, сан – сән, қал – бал т.б.
Мұндай тапсырмаларды орындау барысында оқушылар сабаққа белсене араласты.
3. Қатысымдық - шығармашылық деңгей. Бұл деңгей «Әліппеден»кейінгі кезеңде іске асады. Мұнда оқушылар бітпей қалған мәтінді жалғастырады. Дайын үлгіге қарап, жаңылтпаш, жұмбақтар құрастырды. Мәтін бойынша диалог құрады. Сынып алдында қысылмай саспай сөйлеуге,өз ойын дәлелді жеткізуге дағдыланды. Оқушылар сабақта өзіндік пікір айтуға ізденімпаздықпен жұмыс жасау оқушыларда басқа бiреудiң айтқан ойын жалғастыратын, бiтпей қалған ойды бiтiретiн ауызша сөйлеу дағдылары қалыптасады. Бұл деңгейге арналған тапсырмаларды оқушылар дайын үлгiсiз мәтiн құрастырып, монологты және диалогты сөйлеу дағдыларын жетiлдiредi. Оқушыларға арнайы дайындалған үлгiде тапсырмалар берiледi. Оқушылар сабақта шығармашылықпен жұмыс iстейдi. Диалогтық оқыту амал-тәсiлдерiне сәйкес түрлi тапсырмаларды шешуге белсене қатысады. Мұғалiм сабақта бағыт-бағдар берушi, сонымен қатар бақылаушы, бағалаушы.
Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын жетiлдiруге арналған тапсырмалар берiлдi. Сондай-ақ сабақ үстiнде оқушылардың өзiндiк пiкiр айтуына, сөйлеген сөздерiн анық және толық жеткiзуге арналған тапсырмалар берiлдi.
Бұл диалогта оқушылар бiр-бiрiмен таласа отырып, әркiм өздерiнiң пiкiрлерiн дәлелдеуге ынталанды. Талас туғызатын жағдаяттарды алдын-ала дайындап, сабақта оқушыларға бердi. Мұндай диалог қазақ тiлiнiң заңдылықтарын үйретiп қана қоймай, сонымен қатар оқушылардың өзiндiк пiкiрiн дәлелдеуге, шығармашыл ойлауға дағдыландырды.
1–тапсырма.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет