2-тапсырма. Мәтіннің мазмұнына қарсы өз ойларыңмен әңгіме құрастырыңдар.
Тапсырманың мақсаты: Оқушылардың монологты және диалогты сөйлеу дағдыларын қалыптастыру.
Тапсырманың тиімділігі: Оқушылар үлгідегі мәтін бойынша пікір алысады, осыған орай олар мәтін құрастыруға дағдыланады.
Тапсырманың маңызы: Мәтіннің мазмұнын талқылауға дағдыланады, өз ойларымен әңгіме құрастыруға үйренеді.
Сабаққа арнайы «Бұлақ» туралы мәтiн алып келiп, оны оқушыларға оқып берілді. Оқушылар мәтiннен түсiнбегендерiн сұрап ала алды. Мұндай тәсiл оқушылардың басқа бiреуден қысылып, сөйлей алмау, қате болып қалады деп қорықпау қасиеттерiн жөндеуге көмектестi. Осы тәсiл арқылы оқушылар өз ойын басқа бiреуге қысылмай айтуға дағдыланды. Мысалы, оқушыларға мынадай мазмұнда мәтін берілді:
«Бұлақ»
Біздің ауылдың маңында бұлақ ағып жатыр. Бұлақтың суы лас, лайқа. Бұлақ бірнеше жылдардан бері қараусыз қалып, тазаланбаған. Жан – жағына шөптер өсіп кеткен.
Оқушыларға мәтін мазмұнына қарама – қарсы мағынада әңгіме құрастыру тапсырылды.
Құдайбергентегі Марал деген оқушы мынадай мазмұнда мәтін құрастырды:
Біздің ауылдың маңында бұлақ бар. Бұлақтың суы мөлдір, таза. Ауыл адамдары бұлақтың басындағы шөптерді жұлып, таза ұстайды.
Мейірбек Самат деген оқушы: Бұлақтың суы таза болуы керек. Себебі, бұлақтың суымен адамдар шөлін қандырады.Сондықтан бұлақты үнемі тазалау қажет.
Ал, Оспантегі Сәкен деген оқушы: Бұлақ көрсең – көзің аш деген сөз бар. Сондықтан балалар мен үлкендер үнемі бұлақты тазалап ұстауы керек.
Оқушылар осындай тапсырманы орындау барысында мәтіннің мазмұнына қарама – қарсы мәтін құрастыруға дағдыланды. Бұл тапсырма оқушылардың өз сөздерін дәлелді айтуға жәрдемдеседi.
3-тапсырма. Мына сөздерді қатыстырып сөйлем құраңдар. Сөйлемдерден мәтін құрастырыңдар.
Тірек сөздерге: жуа, қуан, тор, жет,жу сөздері іріктеліп алынды, Оқушылар осы сөздерді қатыстырып мынадай сөз тіркестерін құрады. Жуаны көрді, ерекше қуанды, торға салды, үйге жетті, жақсылап жуды.
Бұл сөз тіркестерінен оқушылар төмендегідей мазмұнда сөйлемдер құрады. Балалар қырдан енді өсіп тұрған жуаны көрді. Тапқан олжаларына олар ерекше қуанды. Жуаны теріп өздерінің торларына салды. Кеш қарайғанда шаршап-шалдығып үйлеріне жетті, Алып келген жуаларын жақсылап жуды.
Бұл сөйлемдерден оқушылар төмендегідей мәтін құрастырды:
Қыр басында
Балалар қырдан енді өсіп тұрған жуаны көрді. Тапқан олжаларына олар ерекше қуанды. Жуаны теріп өздерінің торлрына салды. Кеш қарайғанда шаршап-шалдығып үйлеріне жетті, Алып келген жуаларын жақсылап жуды
Мұндай тапсырмалар оқушылардың сөздердің мағыналарын жете түсінуіне, сөздерден сөз тіркестерін құрауға дағдыландырады
4-тапсырма. Төмендегі сөздің әрбір әрпінен сөз құрап, сөздерден сөйлем құрату.
Бiр сөз берiп, сол сөздiң әрбiр әрпiн сөз етiп сөйлем құрау тапсырылды.
Мысалы: Б А Л А
Балжан алманы лезде алды.
Бұл тапсырма оқушылардың логикалық ойлауын, сөйлемді дұрыс құрау дағдыларын жетілдірді.
Достарыңызбен бөлісу: |