Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі


-тапсырма. Тез орындау керек. Құрамындағы буындарының орнын өзгерткенмен мағынасы өзгермейтiн сөздердi атаңдар. ( баба, мама т.б). 5-тапсырма



бет19/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28
4-тапсырма. Тез орындау керек. Құрамындағы буындарының орнын өзгерткенмен мағынасы өзгермейтiн сөздердi атаңдар. ( баба, мама т.б).
5-тапсырма. Солдан оңға қарай оқысаң - бiр мағына, ал оңнан солға қарай – басқа мағына беретiн сөздердi атаңдар (Мысық – қысым, тарақ – қарат).
6-тапсырма. Төмендегi берiлген сөздердi нақты ажырату керек. Ол үшiн көп нүктелердiң орнына қажеттi буындарды дұрыс тауып орналастырыңыз. Сонымен, бұл не өзi? Құс па, аң ба? өсiмдiк пе, әлде өзен бе? Жоқ, әлде …. Иә, ойланып көрiңiз, мұнда бәрi-бәрi бар.
Қар... - ға
Қас... - қыр
Түл... - быз
Қар... - кі
Үй... - міс
Же.. - рек
І-ІҮ сыныптарда сабаққа әзірлік кезінде мұғалімнің рөлі зор, себебі балалар өз беттерімен жұмыс істеуге жаңадан үйрене бастайды. Сондықтан балаға оқу жмысын қалай істеу керектігі жөнінде жазбаша нұсқаулар беру керек. Мұғалім тапсырманы қалай дайындау керектігін түсіндіретід, оқушылар оны орындайды [27, 263.].
Қорыта айтқанда, әрбiр жаңа инновациялық амал-тәсiлге негiзделген сабақтарды дұрыс ұйымдастыру нәтижесiнде балалардың сөйлеу дағдысын қалыптастырудың деңгейлерi мен негiзгi белгiлерi анықталды.

2.2 Оқушылардың сөйлеу дағдысын қалыптастыруда диалогтық оқыту технологиясын қолдану жолдары

Диалогтық оқыту технологиясы ( технология грек тiлiндегi tache ― шеберлiк, өнер және loqos ― заң, ғылым дегендi бiлдiредi) ― оқушылар мен мұғалімнiң шешiмдi бiрге iздеуiн, оқыту процесiнде өзара белсендi тiлдiк қатынаста болуын, бiр-бiрiнiң пiкiрiн, ойын, көзқарасын сыйлауға, құрметтеудi қажет ететiн жаңа инновациялық амал-тәсiл.


Диалогтық оқыту амал-тәсiлiн, оқыту процесiнде диалогтық оқыту амал-тәсiлiн қолданудың әдiс - тәсiлдерi туралы орыс және шет ел педагогтары мен әдiскерлерi арасында түрлiше көзқарастар, пiкiрлер қалыптасып, осы мәселеге қатысты бiрнеше зерттеу жұмыстары жүргiзiлген. Диалогтық оқыту амал-тәсiлiн пайдалану заңдылықтарын, оның өзiндiк ерекшелiктерi М.М. Бахтина, И.Е. Берлянд, В.И. Бибилера, С.Ю. Курганова т.б. ғалымдардың еңбектерiнде қарастырылған.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет