Дипломдық ЖҰмыс 1-сынып оқушыларының Әліппеден кейінгі кезеңде сөйлеу дағдыларын қалыптастыру әдістемесі


Оқушы сөзінің әсерлiгiнің болу дағдысы



бет10/28
Дата11.04.2023
өлшемі455 Kb.
#81658
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28
Байланысты:
Коптерова Б. диплом жұмысы

2. Оқушы сөзінің әсерлiгiнің болу дағдысы. Мұнда баланың бет бейнесі, ым, ишаралары айтып тұрған сөзімен үндес болуына, дауыс ырғағы мен кідірістердің орынды іске асуына зор көңіл бөлінеді.
Оқушылардың сөйлеген сөздерiнде, тiлiнде кездесетiн тағы бiр кемшiлiк – күнделiктi сөйлеу тiлiнде жауыр болған, әбден ести-ести құлаққа түрпiдей тиетiн дайын формаларды пайдалануы. Сонымен бiрге тiлдерiнде мақал-мәтелдердi аз қолдануы. Негiзiнен бірінші сынып оқушылары мақал-мәтелдердiң мағынасын түсiнiп тұрса да, оны сөйлегенде пайдаланбайды. Мұндай кемшiлiктер бала тiлiнiң әсерлiлiгiн бәсеңдетеді. Сонымен қатар оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда олардың сөйлеу әуендерiне, сөзді нақышына келтіріп сөйлеуіне қатты назар аударылады. Әрбiр ойдың, сөйлеген сөздiң өзiне тән әуенi болады. Мысалы, сұраулы сөйлем мен лептi, хабарлы сөйлемдердiң әуендерi бiрдей болмайтындай, айтылатын ойға қарай сөйлеу тiлiнiң де өзiндiк әуенi болады. Экспериментте осы мәселенi ескердiк.

  1. Оқушылардың өз ойын, пiкiрiн жан-жақты дәлелдеу дағдысы. Оқушылардың ауызша сөйлеу тiлдерiнде кездесетiн тағы бiр кемшiлiк – өз ойын дәлелдi айтып бермеуi. Мұндай кемшiлiктiң болуына үш түрлi фактор әсер етедi. Бiрiншiсiне – оқушылардың жұрт алдында сөйлеу дағдыларының болмауы, яғни олардың басқа адамдардың арасында ұялуы, қысылуы; екiншiсiне – оқушылардың тiлдiк норманы сақтамауы. Сөйлеген сөздерiнде әдеби, диалект, жаргон сөздердi араластырып, сөйлемдерiн дұрыс құрмауы, үшiншiсiне – балалардың тiл байлығының төмен болуы, бұл жерде сөздiк қорында неше сөз бар деген мәселе емес, бала тiлiндегi мақал-мәтелдердiң, тұрақты тiркестердiң, әдеби тiлдiң көркемдеуiш құралдардың аз болуы жатады. Сондықтан оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыруда бұл мәселеге баса назар аударылды.

Жоғарыда аталған жайттардың барлығы бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптасуының негiзгi белгiлерiне жатады. Ескеретiн бiр жайт, ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптасу белгiлерiнiң барлығы бiрден, бiр сабақта, бір сыныпта ғана қалыптасып біте қоймайды, сатылана, бірте-бірте қалыптасады. Мысалы, оқушылар тiлi басқа тiлден енген кiрме сөздерден, қыстырма сөздерден варваризмдер мен жаргон сөздерден таза болса ғана тыңдаушыға әсерлi жетедi. Сондай-ақ өз сөзiн нақты әрi қысқа жеткiзiп үйренген оқушы ― айтатын сөзiн де жан-жақты дәлелдей алады. Бұл айтылғандардан ауызша сөйлеудің аталған негiзгi белгiлерi осы ғана екен деген, ой тумауы керек. Сонымен қатар, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдысын қалыптастыруда олардың эстетикалық талғамдарымен қатар, сөздердi орынды, мағыналық реңктерiне қарай өз орнында қолдана алу талғамдарының болғаны да ерекше маңызға ие. Сонымен қатар, оқушының өз пiкiрiн дәл әрi анық айтуы да оның сөйлеу дағдысының қалыптасуында басты рөл атқарады. Себебi, топ алдында өз ойын әсерлi де түсiнiктi айтуға дағдыланған оқушы сөздердi орынды қолданып қоймай, сөйлеудiң әсерлiлiгiн игередi.
Ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптасу белгiлерi бiр-бiрiмен тығыз байланыста және алуан түрлі. Біз оқушылардың сөйлеу дағдыларын саналы түрде қалыптастыру үшiн мына мәселелердi:

  1. Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастырудың сапалы әдiс-тәсiлдерi және оларды қолдану жүйесін анықтау;

  2. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру жаттығулары мен тапсырмаларының оқу бағдарламасымен сәйкес болуы;

  3. Оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмаларының тәрбиелiк, бiлiмдiк және дамытушылық мақсатта болуы және оларды қолдану жолдарын анықтау;

Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптасу деңгейлерi мынадай түрлерге бөлiнiп қарастырылды:

  1. Қатысымды-ақпараттық сөйлеу деңгейі

  2. Қатысымды- ауызша сөйлеу деңгейi

  3. Қатысымды- шығармашылық сөйлеу деңгейi

Бірінші сынып оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптасуының әрбiр деңгейiнiң өзiне тән мақсаттары мен міндеттері, сабақта қолданылатын әдiс-тәсiлдерi, оны іске асыру құралдары, мұғалiмнiң сабақта қолданатын iс-әрекетiнiң түрлерi бар. Мысалы, қатысымды-ақпаратты сөйлеу деңгейінiң мақсаты-оқушыларға тiлдiк заңдылықтардың өзiндiк ерекшелiктерiн меңгертуге үйрету. Осы деңгейде тапсырмалардың, жаттығулардың мазмұны, әдiс-тәсiлдердiң, (сұрақ-жауап әдісі,баяндау т.б.) құралдардың қолданылу жүйесі т.б. жатады. Бұл деңгейлердің барлығына «қатысымды» сөзін қосуымыздың себебі бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеуін қалыптастыру дағдысы оқушылардың өзара қарым-қатынасы, мұғаліммен қарым-қатынасы, тіпті үйде ата-анасы, туыстарымен, көшеде басқа адамдармен қарым-қатынасы барысында қалыптасады.
Бірінші сынып оқушыларының ауызша сөйлеу дағдыларының қалыптасу сабақтарында тапсырмалар ұжымдық, топтық және әрбiр оқушыға жеке берiлдi. Бұл сабақтың мақсаты мен мiндеттерiне, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын қалыптастыру тапсырмалары мен жаттығуларға және әдіс,тәсілдерге, құралдарға, уақытына байланысты жүргiзiлдi. Мұғалiм қазақ тiлi сабақтарында теориялық бiлiмдi жалаң түрде емес, сол теориялық бiлiмдердi оқушылардың практикада дұрыс қолдануына жағдай жасап, оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларын дұрыс ұйымдастырған кезде ғана оқушылардың ауызша сөйлеу дағдыларының дұрыс қалыптасатыны тәжiрибеде байқалды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет