Дипломдық ЖҰмыс 6В01704 Қазақ тілінде оқытпайтын мектептерде қазақ тілі мен әдебиеті мұғалімін даярлау Шымкент 2023



бет13/15
Дата14.07.2023
өлшемі162,33 Kb.
#104358
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15
Байланысты:
Абдужалилова Д.У. 1704-19 сонгы вариант

2.4 Мәтін арқылы тіл дамыту

Оқушылардың өздігінен жұмыс істеудің әр түрлі жолдары бар. Оны сабақ үстінде де, сабақтан тыс уақытта да орайын тауып жүргізуге болады. Осы тұрғыда мәтінмен жұмыс жасаудың маңызы үлкен. Яғни шығарма мәтінін оқыту, мәтінмен дербес жұмыс жүргізу, әңгімелесу, саласы жаттықтыру жұмыстарын жүргізу, тәжірибелік дағдыларға үйрету, жаңа сабақта сұрақтар арқылы оқушыны әңгімеге араластыру, оқулықпен, қосымшалармен өздігінен жұмыс істеу, түрлі көрнекілік жасату, ілездеме, хабарлама, баяндама жасату арқылы оқушыларды жұмыс істей білуге, сабаққа белсенді қатынасуға үйретуге болады.


Мұнымен қатар, орыс тілді оқушылардың жазу мәдениетін арттыру мақсатында да жазу жұмыстарын түрлендіре жүргізуге болады. Бұл да қажет жұмыс. Мұндай жұмыстардың білімділік, тәрбиелік мәні зор. Оқушы еңбекке үйренеді, тілі байиды, өмірді таниды. Бұл өмір мен оқытуды сабақтастыру болады. Оқушылар бұл жұмыста да шығармашылық ізденіс жасауы тиіс [10, 46].
Адамдардың сөйлеу қасиетінен түзілетін мәтіннің ішкі құрылымын зерттеуде тек Р.Сыздық, Х.Мұхамбет, Б.Шалабайдың зерттеулері ғана ұшырасады. Қазақ лингвисттері бұл проблеманы әлі ғылыми зерттеу дәрежесіне көтермей келеді.
Мәтін түрлерінің лексика және грамматикалық айқындығы болады, әр лексикалық единицаның мағыналық және грамматикалық қолданыс түрлерінің мәтін түзудегі ықпалы сөз етіледі.
Көркем мәтін өнердің бір түрі ретінде адамға әсер ету қасиетімен ерекшеленеді. Бұл оның прагматикалық жағы. Демек көркем шығарма автордың өзіндік дүниеге, айналаға көзқарасын айқындаумен қатар, шығарма өз оқушысына бастан аяқ тұтас, хабарлар түрі ретінде жеткізіледі. Көркем шығарманы оқушы оқи отырып, әркез түрлі оқиғалармен танысады, әрі автордың айнала шындығын қаншалықты дәл жеткізуі, көркем дүниенің эстетикалық әсері үнемі бүкіл шығарманың өн бойынан табылуы қажет. Сөйтіп, «… в систему художественной коммуникации входят три фактора, обеспечивающая ее существование и функционирование: писатель-произведение-читатель» деген бірлікті құрайды [37, 106]. Сонымен, бұл арада коммуникацияның үш тағаны бар: жазушы – шығарма - автор. Көркем мәтіннің лингвистикалық ерекшеліктерін зерттеуші оның (шығарманың) құрылысы, категориясымен қатар, оқушы үшін автордың түпкі ойын (замысл) мәтінде берілген максималды информациясынан білу керек. Көркем мәтін басқа мәтіндерге қарағанда эстетикалық қарым-қатынасты (коммуникацияны) көрсетеді, түрлі сөйлеу тәсілдері арқылы құралған коммуникативтік қызметі бірыңғай тілдік форма мен мазмұндап беріледі.
Мәтін зерттеуші лингвистердің пікірі бойынша көркем мәтінге тән белгілі бір категориялар бар деп, олардың грамматикалық категория, мазмұндық категория екендігін айттық. Ендігі әңгіме осы аталған категоряларға не жатады.
1.Грамматикалық категорияға: И.Р.Гальпериннің айтуынша континиум (жалғастыру), ретроспекция (қайталап отыру), проспекция (болашақ жоспары), модальдылық (үлгі), интеграция (қосылу) және аяқталғандық сияқты сипаттар енеді [4, 64]. 2. Мазмұндық категорияға: персонаж, уақыт, кеңістік, хабардың түпдерегі, автордың образы, оқушы образы. Мәтіннің ең негізгі категорияларының бірі – хабар беру (информативность). Көркем шығармадағы бүкіл баяндалатын оқиға оқушы қабылдауына қарай, идеялық мазмұны, оқушыға әсері, оның оқиғаға деген эмоциясы т.б. тікелей автордың түпкі ойына ( замысел) байланысты. Оқушының білімі, интеллектісі, оқиғаны жай жалаң қабылдап қоймай, түпкі түйсікпен «бірдемені сезе білуі де» үлкен мәселе. Көркем мәтін көркем образ, идеялық-эстетикалық информацияны жасаушы ретінде ерекшеленеді. Көркем мәтін кез- келген информациялық белгі – хабарлаушы (мәлімет беруші) болып табылады. Лексика – сөз, хабар берудің негізгі көзі. Яғни, сөз мәлімет берудің негізі.. Мұнда кілт, яғни түйін сөздердің және өте жиі қолданылатын лексиканың үлесі жоғары деңгейде тұрады. Мәтіннің өн бойында автор ойды ұстап тұрған әрі мәлімет беретін тірек сөзге көбірек айналып, соғып, қайталайды.
Мәтін түзетін тілдік единицалардың функциясы туралы аз айтылған жоқ. Әрі қарай подтекст туралы сөз болмақшы.
Подтекст категориясы, яғни қосымша мағына жасау техникасы. Подтекст деген фономендік нәрсе, құбылыс деуге болады. Әдебиетшілердің көңіл қойып зерттеген бұл мәселеге тілшілер тек кейін ғана назар аударып жүр. Подтекст XX ғасыр әдебиетінің жетістігі ғана емес, ол кез-келген шығарманың жазылғанына, уақытына қарамастан бұрыннан келе жатқан түсінік.
Подтекст мәтін категориясы ретінде психологиялық прозаның авторлық позициясын эмоционалды, бағалаушы фактор. Подтекст болу үшін түгел мәтін жасалуы керек. Подтекст туралы былай деуге болады: ойды жеткізуді сөзбен емес, немесе тікелей айту емес, ишарамен, тұспалмен оқушы сөзінің көңіл көзімен аңғартатын тұстар болады. Мәселен, сипаттамалы суреттеу контексі: әрекеттің өтетін орнын суреттеу, кейіпкердің мінез-құлқын баяндау, ауа-райынсуреттеу. Сонда суреттеу контексінің мақсаты – алдын ала болатын оқиғаны болжамдау, оқушысын дайындау.
Мәтін адамның жан жақты көрінуіне, оның жеке тұлға ретінде толық ашылуына мүмкіндік береді. Көркем шығарманың эстетикалық әсері – түрлі әлеуметтік мәдени факторларға, әрі жеке стильге байланысты.
Өнердің кез келген түрі әйтеуір адам үшін, біреулерге: көрермендерге, тыңдармандарға, олардың пікірлестері мен бақталастарына қазіргі замандастарға, тіпті олардың түп-тұқияндарына бағытталған.
Мәтіннің прагматикалық бағыты оның құрылысымен байланысты болады. Қандай да болмасын сөйлеу актісі белгілі бір адресаттың моделіне есептелген.
Поэтикалық мәтін (өлең мәтіні) – басқа да көркем әдеби шығарманың бірі ретінде оқушы үшінарналған көркем дүние. Поэтикалық мәтіннің ерекшелігі сонда, ол жекеленген сөздер мен сөз тіркестерінің, модальды түрі ғана емес. Мәселен, жекеленген сипаттама үлгісіндегі өлеңмен жазылған драма, эпостарға қарағанда лирика – суреткердің ішкі жан толғанысын ең озық дәрежеде көрсетеді. 
Мәтіннің дүниеге келуінің мақсаты, яғни оның сыртқы ортамен қарым – қатынас (коммуникация) жасау құралы тұрғысынан алғандағы басты ерекшелігі толығымен біреуге, тыңдаушыға бағытталғандығында. Бұл процесте тілдік бірліктер бір-бірімен әрі мағыналық, әрі синтаксистік байланысқа түсіп,олардағы жалғасты ойлар жиналып келіп, сөйлеушінің пікірін көрсетеді. Осыған орай, мәтін құрамына енген сөйлемдер өзара, ең алдымен, екі жақты байланысқа түседі, яғни, біріншіден, грамматикалық категориялар арқылы байланысып белгілі бір синтаксистік формада тіркессе, екіншіден, өзара қарым-қатынасқа сөйлемдер семантикалық жағынан да байланысады.
Кез келген мәтіннің алдымен оның мазмұнын түсінуі керек. Білім мен дағды беруде сөз ұғымы мен мағынаны игерту тәсілдері пайдаланылады. Бұл, сабақ жүйесі тұсында оқыуда жүзеге асырылады. Мектепте оқылатын түрлі пәндерден білім алушы білім алуымен қатар сол пәндеріне тиесілі сөздерді, ұғымдарды, атауларды, терминдерді игеріп отырады. Сол себептен қазақ тілінен сабақ беретін мұғалім оқыту барысында кездесетін түсініксіз, қиын сөздерін білмейінше тақырыпты толық меңгеруі мүмкін еместігін ұғындырып отыруы тиіс. Қиын сөздерді жоғарыда айтып кеткендей түсіндірме сөздіктерін, термин сөздіктерін пайлану арқылы ұғынуға болатынын көрсетіп қана қоймай, баланы өздігінше ізденуге, өздігінше жұмыс жасауына итермелеуі тиіс.
Әдеби шығармалардан алынған мәтіндерде түсініксіз сөздер мынадай орындарда ұшырайды: а) мәтін ішіндегі жеке сөздер; ә) мәтін ішіндегі сөз тіркестері; в) мәтін ішіндегі жеке фразалық тіркестер; г) мәтін ішіндегі идиомалық тіркестер; д) мәтін ішіндегі құрмалас сөйлем компоненттері; е) мәтін ішіндегі төл сөзбен автор сөзі; ж) прозалық шығармалардан алынған мәтіндегі қайырымдар; з) поэзиялық шығармалардан алынған мәтінегі жеке шумақтар; и) драмалық шығармалардан алынған диологтық және монологтық сөйлемдерде түсініксіз сөздер жиі кездеседі. 
Мәтіннің коммуникативтілігін, басқа сөзбен айтқанда, оның пікір білдіру, ақпарат беру үшін жұмсалатын единица болып табылатындығын «Мәтін өзін құрайтын бірліктер және оны құру кезінде пайда болған тұлғалардың өзара тығыз байланысы арқылы іштей ерекше ұйымдасқан жүйе ретінде білгілі бір ақпаратты жеткізудегі автор көзқарасын білдіруге бағытталады» деген пікір дәлел болады. Мәтіндегі коммуникативтіллік мақсаттың орындалуы ондағы семантикалық қатынастардың синтаксистік тұтастық негізінде жүзеге асуымен байланысты. Бұлай дейтін себебіміз, айтылатын сөздегі жалғасты ойлардың ұласа келіп мағыналық тұтасым жасауы мәтін құрайтын бөлшектердің кездейсоқ не жазушы пейіліне байланысты емес, белгілі бір заңдылыққа бағынып үйлесуінде.
Қазіргі уақытта лингвистиканың сөйлемнен тыс объектілерді зерттеуге бет бұрғанына байланысты жеткізейін деген ойдың жалғастығын, мағыналық байланыстығын іске асыратын мәтіншілік синтаксистикалық көріністер туралы көп айтылып жүр. Олар синтаксистік тұтастық бірліктерін жеке дара емес, жазушының айтпақшы ойын прагматикалық бағдарын тілдік көрсеткіштердің жұмсалым ыңғайымен байланысты қарайды.
XX-XXI– ғасырлар тоғысындағы лингвистика салаларының барлығындағы дерлік зерттеулердегі талқыға салатын мәселелердің қайнар көзі-тілдегі адам факторының ролі. Адамдар арасынддағы қарым-қатынас сөйлеу әрекеті формасында белгілі бір жағдайларда орын алады. Оны сөйлеушінің тіл мен тілдік бірліктерді қолдана білуі, білім қоры және оның іс жүзінде қарым – қатынас жасауына икемделген шарттар құрайды. Оларға антропоцентристік бағыттағы еңбектердерде сөйлеу актісінің орны мен уақыты, ондағы сөйлеушінің алдына қойған коммуникативтік ниеті мен берілген хабар және оның мазмұны, сөййлеуші мен тыңдаушы турлы мәліметтерді жатқызады. 
Сөйлеу жағдаяты адамның когнивтік ой-өрісінде өткінші нәрсе сипатында қабылдануымен қатар жалпы қоғамдық өмірі мен тиянақталатын шарттармен белгіленеді. Олар әр түрлі деңгейлерде көрініс тауып, берілген жағдайда орын тауып отырған коммуникативтік актің жалпы және лингвистикалық мүмкіндіктері тұрғысынан тілдік бірліктегі мәнді білдіреді. Мәтіннің құрылуы мен қабылдануы автор мен реципиенттің (тыңдаушы) мәтінді әрқайсысының өзінше тұжырымдап, түсіндірумен (интерпретациялауы) сайма-сай болуы онда берілген мазмұнды анағұрлым толық, терең түсіну мүмкіндігі ашылады. Оның орындалу талаптарын айтылатын сөз мазмұнын анықтауға керекті шарттар жиынтығы пресуппозиция қамтамасыз етеді. Пресуппозиция ұғымы тілдегі семантикалық құбылыстарға байланысты. Оны Ф.Кифер айтылған сөзді құрайтын тіл бірліктерінің мазмұны сомдай алатын жасырын не астарлы мағынаны нұсқап, сөйлесім семантикасындағы коммуникативті – прагматикалық жүгі бар компоненттерді айғақтап, дәйектеуші көмекші құрал деп түсіндірді.
Мәтін – сөйлеу процесінің жемісі, сөйлеуші мен қабылдаушы арасындағы қарым-қатынастың нәтижесі, оның пайда болуы түгелімен біреуге бағытталғандығында деп айтқанымызда мәтін түзушінің оны құрастырған кезінде әрдайым қабылдаушыны ойлап отыратындығы аңғарылады. Ол үнемі мәтіндегі мазмұнды оқушыға ойдағыдай анық етіп қалай жеткізсем деп, оны барлық оқырман қауымға ұғынықтылы түрде құрастырудың жолдарын іздестіре, қабылдаушы айтылғанда мейлінше толық түсінуде сөйлеушінің таным, түйсік деңгейіне барынша жетіп-жақындауды, оның ой-өрісін танып-білуді ойластырады. Демек, адамдар арасындағы сөйлеу актісі ретіндегі байланысты біржақты емес, мәтін түзуші, мәтін және қабылдаушы үшеуінің тұтастығы негізінде қарауымыз қажет.
Мәтінді оқу барысындағы пайда болған мағыналық байланыстардың оқырман санасында бір-бірімен шиеленісіп, бір-біріне кірігіп, сіңісіп, қабаттасу арқылы қабылданған мазмұнның мағынасы адам ойында қозгалысқа ұшырайды. Бұл процеске қозғаушы күш болатын жағдайлар – алда сөз болып кеткен мәтін түзуші, мәтін және қабылдаушы тудыратын нақтылы сөйлеу жағдаятының іске асу шарттары болып табылатын мәдени-әлеуметтік, экстралингвистикалық, психологиялық, прагматикалық және коммуникативті-жағдаятық факторлар. Осы ретпен өткен әрекет нәтижесінде оқырманмен қабылдаған мәтін мағыналық жағына біртұтас, бүтін, аяқталған тілдік бірлік болып ерекшеленеді. Тілдің мұндай бірліктері өткен ғасырдың 70-ші жылдарынан бері дискурс деп аталып жүр. Ол озінің бастауын ағылшын-американ тіл білімінен алады. Ол кезде бұл термин ауызша сөз (речь) мағынасында қолданылып жүрді. Қазіргі тіл білімінде дискурс ұғымы француз бағытындағыдай әрекет, жағдаят, оқиға ретіндегі сөз (речь) болып дамуда. 
Зерттеушілер дискурс ұғымын соңғы 20 жыл шамасында әр қилы түсіндіріп жүр. Егер 60-70 жылдарда дискурс ұғымы бірімен-бірі үйлесе байланысатын сөйлемдер немесе сөйлеу актілері тізбегі есебінде түсіндірілсе, қазіргі уақыттағы ұстанымдарға назар салсақ, мәтін және мәтінді түсінуге қажетті экстраленгвистикалық факторларын қамтитын күрделі коммуникативті құбылыс деп қаралады. Осыған сәйкес, мәтін зерттеуде оның соңғы тұрғыдан (прагматикалық) қарастырылуы дискурстың дамуымен байланысты.
Дискурс табиғатын анықтайтын осы және тағы басқа бағыттар түбінде мынадай тұжырымдамаға тіреледі: қазіргі лингвистика ғылымында дискусрты сан алуан қырынан қарастыруға болғанымен, бұл құбылысты тақырып-коммуникаттор-сөйлеу актісінің берілу түрі немесе сөйлеуші-тыңдаушы-сөйлеушінің коммуникативтік ниеті (бағдары) тұрғыларынан қарастырған жөн. Бұл пікірдің жоғарыда көрсетіп кеткен «Адамдар арасындағы сөйлеу актісі ретіндегі байланысты біржақты емес, мәтін түзуші, мәтін және қабылдаушы үшеуінің тұтастығы негізінде қарауымыз қажет» деген ойымызбен сәйкес келетін сияхты. 
Оқыту әдісін күрделендіре жандандыру мұғалім шеберлігіне, әдістеме мәдениетіне байланысты. Онымен қоса әдістемелік жұмыстар жаңа талаптарды да қамтып отыру қажет. Бұл мұғалімнің үнемі үйренуі, ізденуі, озат тәжірибені түсінуі, қабылдауы, үздіксіз оқуы, әдістемелік білімін көтеруіне байланысты болады. 
Білім алушылардың ауызша сөйлей алу тілі мазмұнға бай, мәнерлі, көркем етуі үшін мәтін негізінде жаттықтыруды салалы жүргізу керек. Қазақ тілін оқытудың жалпы және негізгі жүйесі – оқушының сөйлеу тілін ширату, дамыту және соған тәрбиелеу. Демек, мәтін негізінде жаттықтыру – нәтижелі болмақ. Өзінің ойын дұрыс әрі дәл жеткізуге үйретуде мәтіннің атқаратын қызметі, алатын орны ерекше зор. Оқылықтар жаттанды сөздер қайталанып оқушыны мез етеді. Ол сөздер оқушы өміріне күнделікті қажет бола бермейді, не әңгіме құрылысына да керек емес. Кейбір оқулықтар басынан соңына дейін кезек сөзге құрылған. Сонда сабақ үнемі сұрақтардан құрылып, бір-бірімізге сұрақ қойып отырамыз ба? Кезек сөзді де оз орны, өз тәртібінде, өтуге болады. Сондықтан дұрыс ұйымдастырылған мәтін арқылы білімнің ғылыми негізі қалыптасады десек артық айтпаймыз. 
Тілді дамыту, соның ішінде ауызша сөйлеуге үйрету төменгі сыныптан басталады. Сыныбы жоғарылаған сайын осы мәселелер күрделене түседі. Сол себептен баланың сөйлеу тілін мәтін арқылы жаттықтырудағы жаттығулар жүйесін дамытып, тілдің негізін қалыптастыруда төмендегі жағдайлар басшылыққа алынады. 
1. Шағын мәтіннің жеке сөйлемдерін талдау және саралап салыстыру. 
2. Мәтіннің негізге мазмүнын және мәнін түсіну. 
3. Мәтінге тақырып қою.
4. Мәтінді тақырыпшаларға бөлу.
5. Мәтіндегі басқы, ортаңғы, соңғы ойларды анықтау.
6. Мәтінге жоспар жасау, сол бойынша тараушаларды анықтау.
7. Мәтінді толықтырып не қысқарта білу.
8. Мәтінді баяндай білу, басталар, аяқталар ойды дұрыс жеткізу.
9. Жоспар бойынша мәтін мазмұнын әңгімелеу.
10. Мәтіндегі сөздермен түрлі жұмыс түрлерін жасап, сөздік қорды толықтыру.
Оқушы алды мен мәтінді берілген жаңа сөздермен танысып, ұғып, үйреніп, сөз тіркесін құрып, түрлі жұмыс жасап, есте сақтайды. Жаңа сөзбен жұмыс үстінде бұрынғы білетін сөзін қайталап отырады. Сонымен бірге мәтін оқылып, талданып, оның мазмұн белгілерін таниды. 
Негізгі белгілері:
1) Тақырыптың тұтас мазмұны;
2) Мәтіндегі негізгі ой-тұжырым
3) Ойдың өрістей отырып, байланысуы.
Мәтін мен жеке сөйлемді салыстыру үшін, мынадай сөйлемдерді алайық. 
1. Киіз үй төрт бөліктен тұрады.
2. Бұл кезде қайыңның шырыны мол болады.
3. Әкесі мен шешесін кенже ұл асырайды.
Енді тақырып аламыз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   15




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет