Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: "Қазақ тілі сабағында оқушылардың шығармашылығын дамытуға арналған топтық жұмыс түрлері"



бет24/28
Дата24.01.2023
өлшемі132,53 Kb.
#62627
түріДиплом
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28
Портфолионы қалай бағалайды?
Дәстүрлі әдістерге қарағанда портфолио оқушыларды оқытудағы бағалаудың мүмкіндігін, өте жақсы әдісін қолдануды ұсынады. Портфолионың көмегімен жетістікті бағалауға көп мүмкіндік туады, оқу процесін мұғалімдер мен оқушылар өте кең көлемде бақылауға, жорамалдауға, тәуекел етуге, шығармашылық ойлауды дамыту мен оқытуды, өзінің жетістіктерін бағалауды үйретеді. Бағалау әділетті болу үшін, мұғалiмдерге оқушының дамуын бағалаудың түрлi стратегияларын қолдану керек. Портфолионы бағалау белгiлерiне келесi пункттерді енгізу қажет:
Саналылық (рефлексияның және шығармашылық ойлаудың бар болуы);
оқу жоспарының негізгі мақсаттарымен және индикаторларымен сәйкес өсуі және дамуы;
негiзгi процесстердi түсiнуі және қолдануы;
аталып өткен талаптарға портфолиодағы көрсетiлген жұмыстардың сәйкестiгi;
түрлі жазулар (мысалы, түрлi формаларды қолдану, жоспарланған стандарттарды оқушылардың жетістіктерімен көрсету).
Мұғалiм мен оқушының бағалауда бiрге жұмыс iстеуі маңызды. Оқушылардың табыстарын бағалайтын басты белгiлерді пайдаланғанда формативті және суммтивті бағалаулар да қолданылады. Мұғалімдер мен оқушылар портфолиоға енгізілетін маңызды және нақты жұмыстарды барлық оқу жылы ағымында шынайы ынтымақтастықта анықтай алады. Бұдан басқа, олар баллдар жүйесi мен бағаларды жетілдіріп, соның көмегімен портфолиодағы жұмыстар бағаланады. Айдарлар, ережелер және баллдар портфолиодағы әрбiр бөлiм үшiн де жасала алады. Сонымен қатар, жұмыстарға қойылған белгілер (бағалар, баллдар) суммативті бағалау үшін қосылу керек. Суммативті бағалау процесі кезінде портфолионың барлық бөлімдері мұқият талданып, шешім қабылдау процесі мен жұмыстарды бағалағанда мұғалімді, оқушыны, сарапшылар тобын қатыстыру керек.
Рефлексия – оқу процесінде оқушылардың мүмкіндігінше аналитикалық ойлау және негiзгi бiлiмдер мен дағдыларды өзінің түсiнуiн барлауда қажетті дәлел. Рефлексия күнделікті ойлаудың және басқа формалардағы тапсырмалардың орындалуының талдауындағы ойлау процесстерінде сонымен қатар оқушылардың нақты уақыт аралығындағы есепті шешу үшін қолданылып, идеяларды жазудың формасына айналады.
Оқушылардың портфолиосында көрсетiлгендей мұғалiмнiң рефлексиясымен ата-аналардың түпкi мақсатты процесі біріктірілуі тиiстi.
Көрсетiлген тiзiм межелік бағалау емес. Қазіргі уақытта мұғалімдер қандай да бір қалыптасқан бағалау жүйесін қолданып жүр. Мұғалім қалыптасқан бағалау жүйесін пайдаланғанда ең үлкен әсер (эффект) беру үшін мақсаттылық пен жүйелiлікті қолдану керек.
Оқытудың және бағалаудың әр түрлi жүйесін қолдану кез келген сыныптағы таныстыру әдiстерінің көпшiлiгiн жетiлдiруде мұғалiмге үлкен мүмкiндiк береді. Әр түрлі бағалау жүйесін қолдану - бағытталған әр түрлі оқыту стильдеріне және оқушылардың қажеттіліктерін өтеуге, олардың даралығын есепке алуға мүмкіндік береді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   28




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет