Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «эксперименттік есептер шығару әдістемесі» «5В011000 -физика»



бет12/14
Дата12.09.2022
өлшемі0,99 Mb.
#38908
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
«ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ»

2.3 Физиканы оқытуда эксперименттік есептер шығару әдістемесінің тәжірибелік-экперименттік нәтижелері

Әртүрлі логикалық ой операциялары мен іс-әрекеттің түрлі амалдарына үйретуде оқушылар бойында ізденушілік, тапқырлық қабілеттері қалыптасып, физикалық түсініктердің мазмұны тереңдейді, оқушылардың білім деңгейі артады. Тапсырмалардың қолайлы іріктеліп, таңдалып алынуы оқушыларды әртүрлі физикалық құбылыстар мен заңдылықтар арасындағы логикалық байланысты эксперименттік есептер шығару арқылы ойлап табуға итермелейді, оқу материалын көзсіз жаттап алудан сақтандырады, физикалық ситуацияларды талдау біліктілігін қалыптастырады және тапсырмаларды шешудің түрлі амалдарын бойларына сіңіреді.


Оқушылардың білім деңгейі арттыру бағытында «Мен экспериментатормын», «Физикалық құбылысты бақылау», «Ақыл-ойдың күресі», «Мен экономистпін» деп аталатын дидактикалық парақтар және басқа да түрлі материалдар дайындалды. Осы құралдарды пайдаланып өткен сабақтың әдістемесінен бір мысал келтірейік.
Мемлекеттік өндірістік практикадан өткенде, Семей қаласының мектептің 7 «А» сыныбында «Әр түрлі пішіндегі қатты денелердің көлемін анықтау».
Жұмыстың барысы:

  1. Өлшеуіш цилиндрге қатты дене толық бататындай етіп су құйыңдар, судың деңгейін белгілеңдер. Денені сұйыққа толық батырындар. Сонда мензуркадағы судың соңғы және алғашқы деңгейлерінің айырмасы қатты дененің көлеміне тең болады;

  2. Пішіні мен көлемі әр түрлі 2 - 3 қатты денені таңдап алып, оны жіңішке жіппен байқап, суы бар өлшеуіш цилиндрге салыңдар да, көлемін анықтаңдар. Өлшеу нәтижелерін кестеге жазыңдар.

  3. Өлшеуіш цилиндрге сыймайтын дененің көлемін шүмегі бар ыдыстың көмегімен анықтауға болады. Өлшеу алдында ыдысқа шүмектің жоғары деңгейіне жеткенше су құйылады. Денені ыдыстағы суға батырғанда оның көлеміне тең су асып төгіледі. Төгілген судың көлемін мензуркамен өлшеп, батырылған дененің көлемін анықтайды.

Егер зертханада шүмегі бар ыдыс жоқ болса, онда бірінің ішіне бірі сыятын кез келген ыдысты пайдалануға болады. Бұл жағдайда ішкі ыдысқа суды кемеріне дейін толтырып құю керек. Денені суға батырғанда оның көлеміндей су сыртқы ыдысқа құйылады. Құйылған судың көлемін мензуркамен өлшейді.

Өлшейтін
дене

Сұйықтықтың бастапқы көлемі
(V1,см3)

Дене мен сұйықтықтың көлемі
(V2,см3)

Қатты дененің көлемі
(V=V2 – V1),см3













Эксперименттік жұмыс орындалып болғаннан соң, оқушылар дәптерлерін тапсырады. Мұғалім тексеріп, бағалайды. Келесі сабақта толық қорытынды жасалып, оқушылардың жіберген қателері түзетіледі (8-сурет).

8-сурет –Тапсырманың орындаудың алгоритмдік құрылымы


Оқушылардың болжамдарының ішінен ең дұрысы таңдалып алынады. Бекіту кезеңінде «Бұл заңдылықтан қандай қорытынды жасаймыз?», «Алынған нәтижелер бойынша қандай маңызды қорытынды жасауымызға болады?» деген сұрақтарға оқушылардың берген жауаптары арқылы сабақ бекітіледі.


Айқындаушы эксперимент кезеңінде зерттеудің мақсаты, міндеттері анықталып, оның теориялық негізделуі жүзеге асырылды. Алынған диагностикалық сауалнама кезінде оқушылардың физикаға қызығушылығын, білімді меңгеруінде түйсінетін мотивтерін олардың эксперименттік есептер шығаруға қарым-қатынасын анықтау арқылы тексердік. Осы орайда 2016-2017 оқу жылдар аралығында Семей қаласындағы мектептің 9а,ә сынып оқушыларымен (23 оқушы) жүргізілген зерттеу жұмысының кейбір нәтижелерін келтірейік. Оқушылардың эксперименттік есептер шығаруда білім деңгейін арттыру жұмыстарында тапсырмаларды шығаруларында қажет тұтатын мотивтерінің есебін анықтауда алынған мәліметтер диаграммаларда (9-сурет) кескінделген. Мәліметтерді салыстыру барысында физиканы оқытуда эксперименттік есептер шығаруды жетілдіру қажеті айқындалды.
Мұнда – 1 - мұғалім мен ата-ананың қолқалауы, 2 - өз міндетін атқару үшін жұмыс жасау, 3-бағаға қажеттілік, 4 - тапсырмаларды орындауда кездесетін қиыншылықтарды жеңуге ұмтылыс, 5 - тапсырмаларды орындау үдерісіне қызығушылық, 6 - тапсырмаларды орындауда нәтиже алуға ұмтылыс, 7 - басқа да себептер.
Ең алдымен «Зерттеуді қандай бағытта жүргіземіз? деген сұрақ туындады. Ол үшін мектеп психологымен бірлесе отырып, оқушыларға сауалнама жүргізілді. Сауалнама қорытындысында «Саған сабақтың қай бөлігі қиындық тудырады?» деген сұрақ басымдыққа ие болды. Себебі, аталған сұраққа жауап беруде оқушылардың 64% «Өз бетімен жұмыстан» қиналатындықтарын атап көрсеткен.






а-сурет ә-сурет


9-сурет – Эксперименттік есептер шығару арқылы оқушылардың түйсінетін мотивтерін физикалық тапсырмаларды орындауға қарым-қатынасын анықтау


9(а)-сурет әдеттегі оқыту барысының нәтижесі, ал 9(ә)-суреттегі нәтиже оқытуда эксперименттік есептер шығаруды енгізгеннен кейін алынды. Екі диаграммадағы мәліметтерді салыстыру оқушылардың тапсырмаларды орындауда кездесетін қиыншылықтарды жеңуінің, физика тапсырмаларын орындауға ықыласының артқанын және тапсырмаларды орындауға қызығушылықтарының өскенін көруге болады. Осы мәліметтер және оқушылардың басқа да сұрақтарға жауаптарын талдау мен салыстыру әдістерінің нәтижесі пәнге, білімге ықыласы төмен оқушыларды айқындап, педагогикалық эксперимент жүргізудің келесі кезеңдерін дайындауға негіз болып отырды. Сондай-ақ, осы кезеңде 9 сынып оқушылары үшін тапсырмаларды орындауға қажетті іс-әрекеттердің құрылымы жасалынды.


Келесі қалыптастырушы кезеңде қызығушылықты арттыруға себептесетін тапсырмалардың мазмұнын таңдауды анықтау мақсаты қойылды. Қызығушылықтың қалыптасуы мен жоғарылау жағдайына жүргізілген талдау нәтижелері эксперименттік есептер шығару кезінде оқушыларға оқу және ақыл-ой әрекеттерінің амалдарын өзара байланыста меңгерту қажеттілігіне алып келді, ол оқушылардың білім деңгейін арттыратыны сөзсіз.
Сынып мұғалімдері біз жасаған физика тапсырмаларын пайдаланудың әдістемелік нұсқауларымен қамтамасыз етілді. Бұл кезеңде мұғалімдер келесі негізгі бағыттарды ұстанды: ұсынылып отырған әдістеме арқылы оқушылардың физика пәніне қызығушылығын ояту; сол арқылы оларда физика тапсырмаларын орындауға ықыласының болуы, соңғы нәтижені алуға ұмытылуы; эксперименттік есептерді шығаруда оқушылардың іс-әрекеттерінің тізбектей дамуы; таңдап алған тақырып бойынша әрбір физикалық білімді физика тапсырмаларын орындаудың нәтижесі ретінде қарастыру; оқушының өзін жеңімпаз сезімін қамтамасыз ету, бұл оқушылардың берілген тапсырманы орындауда, яғни, нәтижеге жетуде өзіне сенімі артып, мақтаныш сезімге бөлейді; оқушының жұмысын бағалау оның жұмысының соңғы нәтижесіне емес, сол нәтижені алу үдерісі үшін қойылуы керек, ал бұл өз кезегінде оқушының өзін басқа оқушылармен емес, өзімен, өзінің кешегі күнімен салыстыруына мүмкіндік берді.
Эксперимент барысында оқушылардың эксперименттік есептер шығару арқылы физикалық тапсырмаларын орындау біліктіліктерін үнемі бақылап отыру міндеті қойылды. Осы міндетті шешу үшін 9 сынып оқушыларымен бақылау жұмыстары жүргізілді. Экспериментке 9-сыныптар бойынша 23 оқушы қатыстырылды. Құрамы, дайындығы, үлгерімі мен оқушылардың физикалық тапсырмаларын орындауға қарым-қатынасы (мотивтері) бойынша эксперименттік және бақыланатын топ сыныптары шамамен бірдей болды.
Эксперимент барысында физикалық тапсырмаларын орындауда қалыптасатын біліктердің өзгерісін қадағалап отыруға мүмкіндік беретін бірнеші бақылау жұмыстары жүргізілді. Оқушылар эксперименттік есептер шығаруда келесі амалдарды меңгеруге тиісті болды (4-кесте).

4-кесте − Эксперименттік есептер шығару арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыруда физикалық тапсырмаларын орындауында меңгеруге тиісті амалдар мазмұны





Амалдар мазмұны

Стандарт тапсырмалар

білім деңгейін арттырудағы тапсырмалар

Эксперименттік есептің берілгенін жазу.
Эксперименттік есептің шарты мен талабын көрсету.
Эксперименттік есептеу формуласын жазу.
Эксперименттік есепті жалпы түрде шығару.
Белгісіз шаманы табу.
Атаулармен жұмыс.
Эксперименттік есептің жауабын көрсету.



1.Есептің нысаны мен құбылыстарды көрсету
2.Есептің берілген сипаттамаларын көрсету.
3.Есептің шартын көрсету.
4.Физикалық құбылысты негіздеу.
5.Есепті шығарудың болжамын ұсыну.
6.Қажетті графиктерді, суреттерді, сызбаларды орындау.
7.Есепті шығарудың нақты тәсілін көрсету.
8.Есептің мазмұнына, объектілерге талдау жасау.
9.Есеп нәтижесін логикалық өңдеу.
10.Тапсырманың экспериментте орыналуы, жұмыс жоспарын белгілеу.
11.Құбылыстың, объектінің практикалық қолданысын тағайындау.
12. Физикалық шамалардың функционалдық тәуелділігін
графикалық тәсілмен тағайындау.

Бақылау тапсырмаларына екі шығармашылық, екі репродуктивті есептер қамтылды.


Эксперименттік есептерді шығару арқылы білім деңгейін арттыруда тапсырмаларды үнемі орындау есептің мазмұнын талдауға: оның пәнін, оның берілу тәсілін түсіндіруге, берілген шамалар мен есеп шартын көрсетуге, қажетті графигін салу біліктерін қалыптастырғанын көреміз. Физикалық тапсырмаларын орындауға қажетті негізгі амал: болжам айта алатын, берілген эксперименттік есепті шығарудың бірнеше тәсілін айтатын оқушылар саны әжептәуір артқан.
Әрбір бақылау жұмысының нәтижесін элементтік талдау негізінде алынған мәліметтер бойынша эксперименттік есептерді шығару арқылы оқушылардың білім деңгейін арттыру біліктіктері анықталды (10-сурет).


10-сурет - Бақылау жұмыстарының нәтижелерін элементтік талдау негізінде алынған мәліметтер


Оқушылардың пәнге қызығушылығы олардың оқу-танымдық іс-әрекеттері мен білім деңгейіне сәйкес (Г.И.Щукина) анықталатындығы, бізге оқушылардың үлгерім сапасын үнемі қадағалап отыруға мүмкіндік берді. Осы мақсатта Семей қаласындағы мектептің 9-сынып оқушыларының (23) физика пәні бойынша үлгерімі тексеріліп отырды. Тексеру жұмыстарына танымдық теориялық тапсырмалар мазмұндағы эксперименттік есептер қамтылды. 6-кестеде оқыту үдерісіне тапсырмаларды енгізгенге дейінгі және енгізгеннен кейінгі оқушылардың үлгерімі кескінделген.


5-кесте – Эксперименттік есептерді шығару арқылы оқушылардың білім деңгейінің салыстырмалы көрсеткіші





Мектеп, сыныптар



4 (жақсы) және 5-ке (өте жақсы) оқитын оқушылар санының артуы ( %)

Тексеру жұмыстары

1

2

3

4

5

мектептің 9-сыныптары (11-оқушы)

9

14

25

30

33

мектептің 9-сыныптары (12-оқушы)

10

13

23

27

29

Кестедегі көрсеткіштер физикадан тапсырмаларын орындауда эксперименттік есептерді шығару арқылы оқушылардың білім деңгейінің артып, физика пәніне қызығушылықтарының артуын үлгерім сапасының жоғарлауымен түсіндіреді.


Жалпы эксперименттік жұмыстың нәтижесін талдағанда оқушылардың эксперименттік есептерді шығару арқылы оқушылардың білім деңгейінің арттыру физика пәніне қызығушылығы оянып, теориялық білімдерімен қоса практикалық жұмыс жасау дағдыларының да артқаны анықталды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет