Дипломдық жұмыс Тақырыбы: «эксперименттік есептер шығару әдістемесі» «5В011000 -физика»



бет13/14
Дата12.09.2022
өлшемі0,99 Mb.
#38908
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14
Байланысты:
«ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЕСЕПТЕР ШЫҒАРУ ӘДІСТЕМЕСІ»

ҚОРЫТЫНДЫ

Теориялық зерттеу және тәжірибелік-эксперименттік жұмыс нәтижелері бізге келесі қорытындылар жасауға мүмкіндік берді:


1. Зерттеу мәселелеріне қатысты әдістемелік, педагогикалық, психологиялық және ғылыми әдебиеттерге жасалған талдау нәтижесінде оқыту үдерісінде эксперименттік есептер шығару әдістемесі оқушылардың физикалық ұғымдарының мәндік және мағыналық сипаттамасын ашып беруге; олардың өзара ара-қатынасын зерттеуге, тапсырмаларды орындауда теориялық және практикалық біліктерді қалыптастырудың мазмұндық құрылымын жасауға, оның көрсеткіштерін анықтауға мүмкіндік туды.
2. Оқушылардың білім деңгейін арттыру, эксперименттік есептер шығару әдістемесі ойлау үдерісінің логикалық және шығармашылық компоненттері анағұрлым қарқынды дамитын түрлеріне ажыратылуы:

  • оқушыларды ой операциялары мен іс-әрекеттің түрлі амалдарына үйретуге;

  • оқушылар бойында ізденушілік, тапқырлық қабілеттерінің қалыптасуына;

  • оқушылардың физикалық түсініктердің мазмұнына терең бойлауына;

  • оқушыларды әртүрлі физикалық құбылыстар мен заңдылықтар арасындағы логикалық байланысты ойлап табуға итермелеуге;

  • оқу материалын көзсіз жаттап алудан сақтандыруға;

  • физикалық ситуацияларды талдау біліктілігін қалыптастыруға;

  • эксперименттік есептерді шешудің түрлі амалдарын бойларына сіңірулеріне себептесетінін көрсетті.

3. Зерттеу барысында оқушылардың эксперименттік есептер шығаруда білім деңгейін арттыруда жалпыланған біліктіктер арқылы орындаудың теориялық және оқу алгоритімдік құрылымының анализі эксперименттік есепті шығару жалпы төрт әрекеттен тұратынын көрсетті:

  • есепті түсіну, қабылдау;

  • шығару процесін жоспарлау;

  • шығару процесін жүзеге асыру;

  • шығару нәтижесін талдау мен бақылау.

Бұл әрекеттер өз кезегінде оқу әрекеттері тәсілдері мен логикалық операциялар (анализ, синтез, қорытындылау, нақтылау, анықтау және т.б.) қамтылған танымдық әрекеттерге жіктеледі.
4. Физикалық тапсырмалардың мазмұнын құрастыруда басшылыққа алынған талаптар физика пәнінің «эксперименттік есептер шығару әдістемесі» бойынша жасалған тапсырмалардың мазмұндық ерекшеліктерін, оқушылардың тапсырмаларды орындауына қажетті іс-әрекет құрылымын, оқушылардың білім деңгейін арттыру физикалық білімінің негізгі көрсеткіштерінің бірі − білімді меңгеруінде түйсінетін мотивтері арқылы танымдық қажеттілік тұрғысынан туындайтынын ескере отырып құрылады.
5. Физика пәнінен «эксперименттік есептер шығару әдістемесі» бойынша жасалған тапсырмалардың топтамасы оқушылардың эксперименттік есептерді шығаруларына қажетті амалдарды меңгерту мақсатында дайындалған дидактикалық материалдарды даярлауға және оларды сабақта тиімді пайдалануға жәрдемдесті.
6. Физикалық білімді меңгеру және тапсырмаларды орындаудағы біліктер амалдары мен қимылдарын игеру, белсенді оқыту формаларын пайдалану, өмірде және күнделікті тұрмыста оқушылардың іс-әрекеттерінде қолдану сияқты шарттармен қамтамасыз етілетіндігі тәжірибелік эксперимент арқылы дәлелденді.
7. Оқушылардың білім деңгейін арттыру мақсатында пайдаланған эксперименттік есептер физиканы оқыту үдерісінде қолданылатын жаттығулар жүйесін, есептер жинақтары мен дидактикалық оқу құралдары мазмұндарын, сонымен қатар, мектеп реформасы тұрғысынан оқу үдерісін жетілдіруде қолданып пайдалануға болады.
Қорыта келгенде, мектепте физика пәнін оқытуда эксперименттік есептер шығару әдістемесі негізінде оқушылардың білім деңгейін арттыру тәжiрибелік-эксперименттiк жұмыс барысында дәлелдендi және жүргiзiлген зерттеу жұмысының мақсаты мен мiндеттерiне сәйкес нәтижелер алынды.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   14




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет