Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Мектеп жасына дейінгі балалардың таным үрдістерінің дамуы»



бет15/18
Дата29.12.2022
өлшемі158,36 Kb.
#60184
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18
«Болашақта кім боласың?» ойыны
Мақсаты: шығармашылық қиялды, болашаққа талдау және болжау жасау іскерлігін дамыту.
Барысы: бұл ойынды топпен және жекелей форма өткізуге болады. Тәрбиеші балаларға уақыт Машинасымен жүріп келуді және ол болашақта не істейтіні, болашақ өмірде кім болатыны, ол өз елін, қаласын, отбасын, достарын қалай елестетіні, олар қандай жетістіктерге жететіні туралы және т.б. әңгімелеп беруді ұсынады.
«Суретшілер» ойыны
Мақсаты: қиял, шығармашылықты дамыту.
Барысы: балаларға тамаша-гүлдің суретін салуды ұсынады. Ол үшін кез келген бейнелеу материалдары қолданылады. Жұмысты аяқтаған соң балалардың сурет көрмесі ұйымдастырылады.
Дамытушылық эксперименттің қорытындысы. Дамытушылық эксперименттің нәтижесінде төмен деңгейде болған балалардың сюжеттік-рөлдік ойын түріндегі тапсырмаларды және жаттығуларды шешуде қызығушылықтары артты. Орташа деңгейде болған балалар оқиғаларды қиял және шығармашылық ойлау арқылы толықтыру мен алмастыру мүмкіндігінің пайда болуы мен кеңеюі, өз ойларды айта білуі байқалды. Осындай ойын түріндегі тапсырмалар мен жаттығулар әңгімелеудің бірегейлігіне ықпал етті.
2.3 Педагогикалық-психологиялық тәжірибелік жұмыстардың нәтижесі және әдістемелік ұсыныстар

Тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың соңғы бақылау кезеңінде анықтаушы кезеңде өткізген диагностиканы қайтадан өткіздік. Сол арқылы өткізілген дамытушылық эксперименттен кейін балалардың танымдық үрдістерінің дамуының деңгейі қаншалықты дамығандығын айқындау мақсатын қойдық.


Жүргізілген іс-шаралар мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін дамытуда ойын іс-әрекетінің маңызын, сюжеттік-рөлдік ойындардың пайдасын ашып көрсетті. Мектеп жасына дейінгі балалардың танымдық үрдістерін дамытудағы оң нәтиженің өзгерулерін деңгейімен біз тәжірибелік-эксперименттік жұмыстың шыққан қорытынды нәтижесін жалпылама кесте түрінде ұсынып отырмыз.

5 кесте - №7 «Айгөлек» эксперименттік топта қиялды дамытуға арналған дамыту бағдарламасы өткізілгеннен кейінгі қорытынды нәтиже көрсеткіштері







Әдістемелер бойынша

Деңгейі

Қорытынды ()

1

жоғары

32

2

орташа

60

3

төмен

8

Бақылау эксперименті нәтижесі эксперименттік топтағы балаларға дамытушылық жұмысты өткізілгеннен кейін қиял дамуының деңгейін анықтаудың үш диагностикалық әдістемелері бойынша келесі көрсеткіштерінің қорытынды нәтижелерін көрсетті: жоғары – 32% (8 бала), орташа – 60% (15 бала), төмен – 8% (2 бала)





5 сурет. Эксперименттік топтағы балаларға дамыту бағдарламасы


8%

өткізілгеннен кейінгі қиял дамуының деңгейі
6 кесте - №8 «Еркетай» бақылау тобында қиялды дамытуға арналған дамытушылық жұмысты өткізгеннен кейін диагностика жүргізудің қорытынды таблицасы





Әдістемелер бойынша

Деңгейі

Қорытынды ()

1

жоғары

28

2

орташа

48

3

төмен

24

Бақылау эксперименті нәтижесі бақылау топтағы балаларға жүргізілген қиял дамуының деңгейін анықтаудың үш диагностикалық әдістемелері бойынша келесі орташа көрсеткіштерінің қорытынды нәтижелерін көрсетті: жоғары – 28% (7 бала), орташа – 48% (12 бала), төмен – 24% (6 бала).





6 сурет. Бақылау топтағы балаларға дамыту бағдарламасы


өткізілгеннен кейінгі қиял дамуының деңгейі

Диагностиканың нәтижелері бақылау топтарға қарағанда эксперименталды топтарда көрсеткіштердің өскендігін көрсетті.


Бақылау және эксперименттік топтарда дамытушылық жұмысты өткізгенге дейінгі және өткізгеннен кейінгі қиялдың даму деңгейінің орташа көрсеткіштерді салыстыру талдауы жүргізілген болатын.
Келесі әдістеме мектепке дейінгі балалардың есте сақтау қабілетін анықтауға «Сандарды есте сақтау» әдістемесі бойынша нәтижелер

7 кесте - №7 «Айгөлек» және №8 «Еркетай» ересек топтағы балаларға диагностика жүргізудің қорытынды кестесі (есте сақтау қабілеті дамуының деңгейін анықтау)







Деңгейі

№7 «Айгөлек» ересек топтағы балалар

№8 «Еркетай» ересек топтағы балалар

Қорытынды
(пайызбен)

1

жоғары

5

6

22

2

орташа

14

15

58

3

төмен

6

4

20

Дамыту бағдарламасынан кейінгі балалардың есте сақтау қабілеті дамуының деңгейін анықтауда келесі орташа көрсеткіштерінің қорытынды нәтижелерін көрсетті: жоғары –22% (11 бала), орташа – 58% (29 бала), төмен – 20% (10 бала).



7 сурет. №7 «Айгөлек» және №8 «Еркетай» ересек топтағы балаларға дамыту бағдарламасы жүргізілгеннен кейінгі қорытынды нәтиже көрсеткіштері


Келесі Ландольт сақиналары әдістемесі зейіннің тұрақтылық және өнімділік қасиетін анықтауға арналған.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   18




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет