Дипломдық ЖҰмыс тақырыбы: «Оқушылар ұжымында қақтығыстарды алдын алудың психологиялық педагогикалық шарттары»


І. Қақтығыстың алдын алудағы психологиялық шарттардың теориялық мәселелері



бет3/19
Дата22.04.2022
өлшемі152,39 Kb.
#31865
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19
Байланысты:
ДИПЛОМДЫҚ ЖОБА

І. Қақтығыстың алдын алудағы психологиялық шарттардың теориялық мәселелері
1.1. Қақтығыс түсінігінің әлеуметтік психологиялық мазмұны және топтастырылуы

Конфликт жер бетінде тіршіліктің пайда болуымен қатар дамыды десек, қателеспейтін шығармыз, өйткені тіршілік йесінің сұрыпталып, сақталуы үшін, тіршілік етуін жалғастыру үшін күрес жүргізуге тура келеді.

Алғашқы ғасырлардың өзінде-ақ адамзат өмірінде болған қақтығыстар мен олардың шешілу жолдары жайлы көп толғаған. Конфликт бұрыннан ғылыми зерттеудің обьектісі болмаса да, оның өзіндік тарихы бар және кейбір басқа ғылымдармен салыстырғанда оның тарихы көне заманнан бастау алады. Ежелде конфликтінің пайда болу себебі билік үшін, тіршілік үшін күрес соғыстары болған.

Тарихтан бізге жеткен ежелгі грек философтарының айтылған даналықтарын қарастырсақ, антикалық философ Гераклит (530-470ж.б.з.д.). дүниеде барлық заттар мен, ұғымдар соғыстың арқасында пайда болған деп ойлайтын. Ол үшін соғыс – барлық нәрсенің патшасы.

Гераклиттің ойымен бөліскен Эпикур (341-270ж.б.з.д), онда ұрыс адамдарды мейірімді және ұрыссыз өмір сүруге жетелейтін ұрыс деп тұжырымдады.

Бастапқыда адамдарды табиғатынан жүйкесі жұқарған деп санаған Аристотель (384-322ж.б.д). Аристотель негізгі қақтығыстың қайнар көзі адамдардың тұрмыстық жағдайы-ның жоғары немесе төмендігінен туындайды.

Платон (472-347ж.б.з.д) – халық алдында құл иеленушілік мемлекетті жойып, күштеп жасалатын қақтығыстарға қарсы екенін айтып жеткізген. Ол соғыссыз өткен кезеңдерді Алтын ғасыр деп атады.

Орта ғасырда христиан философиясы библиямен сәйкес татулықты, адамгершілікті адамдар арасында татулықты дәлелдегісі келді.Осы тақырыпта ең ұлы ғалымның бірі Фома Аквинский (1224-1274).

Ол: Сарбазды христиандыққа оқыту санаға симайтындығы туралы ой айтқан; Ол соғысты күнә деп санаған, бірақ әділ соғыстың бар екендігі туралы,Отанды қорғау мақсатында және мемлекет тарапынан қастандықты жою, әділ соғысты жүргізуді жоққа шығармаған, яғни мақұлдаған.

Жаңару заманының ғалымдарының бірі Эразм Роттердамский(1469-1536) өз ойынша қақтығыстың нақтылығын белгіледі. Қақтығыстың тез өршитіндігі және жаңа адамдарды еліктіреді.Эразм Роттердамский қарсылас беттердің табысуы ұқсас рухани ойларды ұстанған жағдайларда қиын екендігі туралы айтты. Ал Фрэсис Бэкон (1561-1626) – қоғамдық ұрыстардың сылтауына талдау жасап, оларды қа-лайда жеңу жолдарын қарастырды. Ең басты қақтығыстың туындауы – халықтың төмен тұрмыстық жағдайы. Политикалық жағынан халықты үміттендіру өзіне көңілін аудару қақтығысты болдырмаудың ең мықты жолы деп санады.

Жаңа уақыт ағарту заманында ағылшындық демократтар мен француздық ағартушылар қанау,қарулы қақтығыстар туралы ойларымен бөлісті. Осы уақыттағы ірі тұлғалар Жан-Жак Руссо (1712-1778ж) - оның ойы бойынша адамдар бірдей және тәуелсіз деп санады Кейін мәдениеттің дамуымен бірге бұл қалыпты адамдар жіберіп алды Бірақ қоғамдық келісім шартқа отырып, олар татулық пен ауызбіршілікке қайта оралды.

ХІХ-ХХ ғасырларда ғылыми жағынан қақтығыстарды зерттеп және келе-келе қақтығыс-тану өзінше ғылым болып танылды. Қақтығыстын құтыла алмайтын құбылыстарды қарас-тырып, мәңгілік қақтығыстардың себептері туралы теориялары туындап және олардың қайталалнуын қарастыру. Жаңа ғылымның қалыптасуына өз ойларын қосып дамытқан социологтар Томас Мальтус (1766-1834) – ол жұмыссыздықтың себебі халықтың экономикалық өсуіне қарағанда, халық санының артқандығын дәлелдеді.Осы арқылы ол халықтың өмір сүру үшін мәңгілік күресі бар екендігін, қақтығыстың осы себептен туындайтынын қоғамның даму факторы деп санады. Герберт Спенсер (1820-1903) – қоғам өмірінің негізі өмір сүру үшін көбінесе бейімдел-ген жеке тұлға күресінің ұстанымы деп есептеді.

Уильям Самнер (1840-1910) - өмір сүру үшін күрес ең басты прогрестік фактор болып табылады.Өмірде әлсіздер, нашар адамдар қауымы өліп, ал жеңімпаздар ең мықты адам және құнды адамдар болып табылады.Уильям Самнер мемлекеттің Қоғам өміріне арала-суына қарсы болған, социолизмге сөгіс айтып әлемді жақсарту идеясына теріс қараған.

Карл Маркс (1818-1883) – автор қақтығыстың социологиялық теорияларын бекітіп, со-циологиялық қақтығыстар ұжымдық күресте қоғам өиірінде өшпейтін құбылыс.Капита-листік қоғамның қақтығысуының себебі жұьысшылар мен капиталистердің табыспайтын-дығынан тұрады.

Толкотт Паронстың Қақтығыстардың қазіргі теориясы бойынша ол даудамайсыз қатынас жүйесін жақтайды. Халықтың табиғи көңіл-күйі-әлеуметтік жағдай, ал қақтығыс қоғамның кеселі, ол кеселді емдеу керек дейді. Парсонс әлеуметтік өсу кезеңінде қақтығыс қалыптасқан еді. Халықтың қажеттілігі мен талабы өсуіне байланысты, қақтығыста, қарама-қайшылықта өседі.

Қоғамға психологиялық қысым көрсету өте қауыпты, ол өсу жүйесін талқандайды. Қоғамның өсуі қалыпты жүйелі түрде қалыптасу керек:

1.Қоғамның қажеттілігін және оның мүшесінің мүддесін өнеу жолымен;

2.Әрбір қоғам мүшесін белгілі бақылау арқылы, белгілі жүйеде тәрбиелеу;

3.Жеке қажеттілік пен қоғам қажеттілігін біріктіру, ұштастыру арқылы.

Элтон Мэйоның адам қарым – қатынасының мектебі. Бұл мектептің мүшелері қақты-ғысты әлеуметтік ауытқу деп қарайды.Қоғамның табиғи қалыптасуы – бұл үндестік және әлеуметтік үйлесім.Элтон Мэйо кәсіпкерлер арасында бейбітшілік ынтымақ болуына үгіт-тейді, ал қақтығысты әлеуметтік кесел деп санап, бірқалыпты бірлесу бұл қазіргі қоғам-ның өсу белгісі. Жеке өсуді, ұжымдық түрде өсуге алмастыру керек деді.Адамдар арасын-да тыныштық пен бейбітшілік және жұмысына деген қызығушылық болады.Олар:

1.Жаңа өмір жағдайына икемделу.

2.Экономикалық өсу.

3.Бәсекелестің өсуі.

Кеннет Боулдинг қақтығыстың теориясы адамның жаратылу табиғатында зорлау, жан-жалдасу пайда болған.Ол бұл жағдайды әр түрлі бағытта қарайды, биология, физика тер-миндері бойынша:

Барлық дау-дамай әр түрлі себептермен болады, бірақ алдын алу басып

тастауға да бола-ды:

1.Қақтығыстың болу себебін анықтау.

2.Оны басып тастаудың себебін дұрыс табу.

3.Адамның адамгершілік ой-өрісін дамыту.

Қақтығыстың болмауы мүмкін емес, техника жетістіктерінің өсуінебайланысты, адам өмірі өзгерсе де адамның табиғатында қалыптасқан бұл әдетжойылмады. Олардың ойлауынша қақтығыстың болуы адамның тұрған ортасының әсері зор. Қақтығыс қоғамның дамуна зиян келтіреді деп түсіндірді.

А.Г.Здаромысловтың еңбегі қақтығыстың әлеуметтілігі. Мұнда қақтығыс политикалық көзқараспен испатталады.Қақтығыс – дұрыс қоғамда керек нәрсе, өте қажетті құбылыс.Бұ-ған немқұрайлы қарамай белгілі тәртіпке бағынып әділетті шешу қажет.

Қақтығысты жағдайлардың туындауы, оның дамуы және шешу жолдары. Қақтығыс түсінігі, қақтығысты жағдай. Психологиялық заңдылықтары мен себептері. Қақтығысты жағдайды шешудің конструктивті жүесі және өзіндік ерекшеліктері. Қақтығыс типтері: жазық және көлденең.

Қақтығыс түрлері:

- іскерлік өндірістік;

- топаралық;

- тұлғаралық;

- рольдік;

- тұлға ішіндегі;

- энтоұлттық;

- саяси;


- монокаузальды;

Қақтығыстың пайда болу дәрежесіне қарай: ашық, жабық, кездейсоқ және әдейі азғырушы болып бөлінуі.

Қақтығыс нәтижесінің: деструктивтілігі және конструктивтілігі Қақтығысты әрекеттесудің процесінде оның қатысушылары әртүрлңі ойларын айту мүмкіндігін иелегнелі, шешім қабылдауда альтернитивалардың көптгін көрсету, және бұл қақтығыстың маңызды позитивті мәні болып табылады.

Топаралық және тұлғаралық қақтығыс бұл индивид пен топтың немесе топтардың өздерінің арсындағы қақтығыс болып табылады.

Қақтығыстарды түрлерге бөлу шартты ғана, оның түрлері арасында қатаң шекара жоқ және тәжірибеде мынадай қақтығыстар туындайды: ұйымдастырушы, вертикалды, тұлға аралық, горизонталды, ашық, топ аралық және т.б.

Қарастырылған қақтығыстар әртүрлі қызметтер, позитивті де, негативті де қызметтер атқаруы мүмкін.

Позитивті Негативті Қақтығысушы жақтар арасындағы қызуды Қақтығысқа қатысу үшін, үлкен төмендету. эмоционалды, материалдық шығындардың жұмсалуы.

Оппонент туралы жаңа ақпарат алу. Қызметкерлерді жұмыстан шығару, тәртіптің төмендеуі, ұжымдағы әлеуметтік-психологиялық ахуалдың нашарлауы.

Сыртқы жаумен күресте ұжым: Жеңген топтар туралы қастық мүшелерінің бірігуі түсінікте болу; Өзгеру мен дамуға деген стимулдеу; Қақтығысты әрекеттесу процесімен шектен тыс қызығып, жұмысқа зиян келтіру.

Қоластындағылардың бас ию синдромын Қақтығыс аяқталғаннан кейін - алып тастау әріптестердің бір бөлігі арасындағы бірлесе жұмыс істеу дәрежесінің төмендеуі .

Оппоненттердің мүмкіндіктерін Іскерлік қарым-қатынастарды қайта диагностикалау қалпына келтірудің қиындығы.

Отбасында кездесетін қақтығыстар. Ерлі-зайыптылар жүріс-тұрысына психологиялық талдау жасау. Ата-ана мен бала арасындағы қақтығыстар. Жас ерекшелік деңгейге байланысты пайда болатын қақтығыстар. Жас ерекшелік дағдарысы. Күнделікті өмірде жиі кездесетін қақтығыстар. Педагогикалық қақтығыс: құрылымы, динамикасы.

Өндіріс орындарында ұжымдар ішінде туындап отыратын талас тартысты, дау-дамайлы мәселелер негізінен жеке адамдардың мақсат мүдделерінің, көзқарастары мен қалыпты жағдайлардың өзгеруіне, олардың жеке бастарының мінез-құлық ерекшеліктеріне қанағаттанбау сезімінің салдарынан туындап жатады. Ал қақтығыс ұжымдарда олардың іс-әрекеттерін дұрыс ұйымдастыра алмай іскерлік қасиеттерінің тоқырап қалуына әкеп соқтырады. Сөйтіп талас-тартыстың шығуы негізінен тоқырап қалуға қарсы күрес жүргізуге байланысты екенін аңғартады. Қақтығыс әсіресе жеке адамадардың өзара жалпы тіл тауып түсінісе алмау салдарынан шығады. Өйткені әрбір адамның даралық ерекшеліктері, көзқарастары мен өмір тәжірибесі түрліше. Сондай ақ дау-дамай әрбір адамның өзгелерден тәуелсіз өзіндік міне-құлқына орай бостандықты қалауы деп те түсінуіміз керек. Дегенімен қақтығыс жағымсыз, ұнамсыз жақтарымен бірге, пайдалы да ұнамды сипаттары болатыны атап айтуға тиіспіз.

Қақтығыстың шығу дәрежесіне қарай төрт қақтығысты жағдай және тәрт инцидент типтері анықталынды: әдейі-мақсаттылық, әділ-мақсатталмаған, субъективті (өз пікірінше, өздігіне) мақсаттылық, субъективті- мақсатталмаған Қақтығыс жағдайлары мен инцидент парамаетрлеріне белгілей келе біз түрлі қақтығыстарды анықтаймыз. адамның еңбек әрекеті кезінде болатың қақтығыстар іскерлік деп аталады. іскерлік қақтығыстардың нәтижесі эмоционалд-тұлғалық қақтығысқа ауысады.

Тұлғалық қақтығыс сипаттамасы, комплекстер, жоғары өзіндік баға, ескертулер, сын қою, жағымсыз психикалық жағдай, өзінің қауіпсіздігіне үрейлену және тб.

Тұлғаралық қақтығыстың себептеріне сипаттама. Мінездердің сәйкес еместігі, қызығушылықтардың қарама-қарсылығы, ішкі өкпе және қарсы тұру, кеңестерді ілу.

Өндірістің іскерлік қақтығыстың себептері: еңбек келісімі, құқық пен мідеттердің сай келмеуі, бәсеке, жалақыға қанағаттанбау, еңбек және жұмыстағы бірқалыпты жағдайдың нашарлығы, басшы беделі, этиканы сақтамау, алдау және тб.

Тұлға аралық қақтығыс – проблемді-қақтығысты ситуация, мұнда адамдар мақсаты, құндылық және нормалары сәйкес келмейтін бір-бірінен өзара қарым-қатынас жүргізуге тырысады немесе қатаң бәсекелесу нәтижесінде бір мақсатқа жетуге тырысады, бірақ қақтығысқа түсуші бір топ немесе жақ жетістікке жетеді.

Топаралық қақтығыс – тұлға аралық қақтығыстың бір түрі. Мұнда қақтығысқа түсуші жақ әлеуметтік топ, бір-бірінен іс-әрекеттері арқылы кедергі жасайды және мақсаттары әртүрі:

а) рөльдік қақтығыс – бір жағдайда адамдардан бірдей екі немесе сәйкес келмейтін бірнеше рольдердң орындауды талап етеді және мінез-құлық типтері.

б) моно және поликаузальді қақтығыс(латынша, causa-себеп), өзіндік ретінде бір немесе бірнеше себептер сәйкестенеді.

Тұлғааралық және өндірістік қақтығыстар бірнеше себептерден тұрады.

Ішкі тұлғалық қақтығыс – ол бір адамды қызығу, қажеттілік және мотивтердің қарама-қарсы соқтығысуынан пайда болады. Олардың негізгі тұлғаның негативті психологиялық жағдайы: ішкі уайым, реніш, көңіл қалу.

Психолог К.Левин ішкі тұлғалық қақтығыстың бірнеше түрлерін анықтады:

а) Жақындасу-жақындасу - ситуация, мұнда адамға екі шешімнен біреуін таңдау талап етіледі.

б) Жақындасу-жою -ситуация, мұнда таңдауда жағымды және жағымсыз бірдей екі жақ байланыс қатысады.

в) Жойылу-жойылу - жағымсыз субъективті қойылым.

Қақтығысты жеке тұлға – ол басқа жеке тұлғаға немесе ұжымға өзіндікпікірі жоғары, үнемі ырзалық білдірмейтін, шағымданушы адамдар.

Ішкі тұлғалық қақтығыс жиі созылмалы және қиын шешілетін мінез-құлықкөрсетеді, қайта ол адамды тәрбиелеу және өмірге көз қарасын өзгертуәлдеқайда қиын.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   19




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет