Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы



Pdf көрінісі
бет10/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51
жеке-жеке сипаттауды жөн көрдік 
Жүрек ұшы – бірінші тыңдау нүктесі 
 
Жүрек ұшы – бірінші тыңдау нүктесіндегі систолалық
диастолалық, аралас шулармен
сипатталатын нозологиялық бірліктердің 
дифференциялық диагнозы 
Регургитациялық 
органикалық 
систолалық 
шу
митраль 
қақпақтардың органикалық шамасыздығына
 
тән. 
Регургитациялық 


19 
систолалық шулар қан қарыншадан жүрекшелерге ретроградты 
қозғалғанда дамиды. 
Бұл ақаудың себептері ревматизм, инфекциялық 
эндокардит, атеросклероз, сирегірек, Либман-Сакс эндокардиті (жүйелі 
қызыл жегідегі), қақпақтардың склеродермиялық зақымдануы, Леффлердің 
эозинофилиялық фиброплазиялық эндокардиті, карциноид синдромындағы 
эндокард фиброзы [3,4,7,8,9]. 
Қарағанда жүрек аймағында өзгерістер болмайды, перкуссияда жүрек 
шала тұйық шектерінің солға ығысуы анықталады. Аускультацияда 
систолалық шудың эпицентрі жүрек ұшында, ал таралуы негізінен қолтық 
астына және арқасына, сонымен қатар, жүрекше аймағы – сол II-III-ші 
қабырға аралыққа, күшеюі тынысты шығарғанда және сол қырына 
жатқызғанда анықталады. Шу сипаты – үрлемелі, “құйылмалы”, үнділігі 
кеми түсетін (decrescendo), әлсіреген I-ші тонмен қосылып кетеді. Ақау өте 
айқын болғанда сол қарыншалық III-ші тон естіледі, ЖҰТ солға ығысады, 
өкпе артериясы үстінде II-ші тонның акценті пайда болады. 
ЭКГ – сол жүрекше мен қарыншаның гипертрофиясы тіркеледі. 
Рентгенограммада – сол қарынша ұлғаюы анықталады.
Допплер-ЭхоКГ (жүрек ұшы тұсынан қарау тәсілімен импульстік-
толқындық режиммен митраль қақпақтарының тұсынан сол жүрекшенің 
жоғары және бүйір қабырғаларына қарай түрлі арақашықтықта бақылау 
ағымын бағыттайды): 
: 1-ші дәрежелі митраль регургитацияда – регургитация митраль қақпақтары 
жармаларынан соң бірден тіркеледі; 
: 2-ші дәрежелі митраль регургитацияда – соңғысы жармалардан сол 
жүрекшеге қарай 20 мм тереңдікке тарайды; 
: 3-ші дәрежелі митраль регургитацияда – соңғысы жармалардан сол 
жүрекшенің ортасына дейін тарайды; 
: 4-ші дәрежелі митраль регургитацияда – соңғысы жармалардан сол 
жүрекшенің қарама-қарсы қабырғасына жетеді. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет