Дипломнан кейінгі білім беру факультеті жалпы клиникалық пәндер және жедел жәрдем кафедрасы


Митраль қақпақтарының салыстырмалы шамасыздығындағы



Pdf көрінісі
бет11/51
Дата22.12.2023
өлшемі1,56 Mb.
#142614
түріДиплом
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51
Митраль қақпақтарының салыстырмалы шамасыздығындағы
регургитациялық систолалық шу сол қарыншаның көптеген себептерден 
ұлғаюына байланысты дамиды: артериялық гипертензияда, ЖИА 
(папиллярлық 
бұлшық 
еттің 
зақымдануында), 
дерматомиозитте, 
склеродермияда, түйінді периартериитте, іркілістік кардиомиопатиядағы 
жүрек 
бұлшық 
етінің 
зақымдануында. 
Аускультациялық 
көрінісі 
органикалық митраль шамасыздығымен бірдей. 
Митраль 
қақпақтарының 
органикалық, 
салыстырмалы
 
шамасыздықтарына көз жеткізген соң, себепкер аурулардың диагноздық 
критерийлерін, негізгі клиникалық синдромдарын, симптомдарын
іздеу 


20 
керек, соған байланысты шу – аускультациялық көрінісінің нағыз себебін 
дәлелдейміз. 
 
Ревматизмнің диагноздық критерийлері
3 топқа бөлінеді:

үлкен критерийлері:
кардит (эндомиокардиттің басымдылығымен), 
полиартрит (буындық синдромның ұшпалылық, ірі буындарды зақымдау, 
айқын қабынудың ҚҚСЕД тез, қалдық көріністерсіз басылуы), хорея, 
сақина тәріздес эритема, теріастылық ревматизмдік түйіндер; 

кіші критерийлері:
клиникалық (артралгия, қызба), лабораториялық 
(жедел фазалық реактанттар деңгейінің жоғарылауы: ЭТЖ, СРП), 
инструменттік (ЭКГ-да РR интервалының ұзаруы, допплер ЭхоКГ-да 
митраль не-, немесе аорталық регургитацияның белгілері);

өткерген А-стрептококтік инфекцияның дәлелдері (ревматизмдік 
анамнез): аңқадан А-стрептококтік культураның егілуі немесе А-
стрептококтік антигенді тез анықтау тестінің оң болуы, стрептококке 
қарсы антиденелер титрінің жоғарылауы (АСЛ-О, АСГ) [10,11,12,13]. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   7   8   9   10   11   12   13   14   ...   51




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет