...Ала жіпті алайық,
Әжеңе алып барайық,
Ер жетті деп айтайық,
Шашуын жеп қайтайық, -
деп әндетеді.
Жырдың негізгі мазмұны соңғы кезеңде алғашқы ырымдық қасиетінен
ажырап «Елгезек бол ерінбе, ілгері бас, шегінбе...» сияқты ақылгөй тілектермен
байытылған. Әрине, соңғы кезеңде бұл жырлардың әдет – ғұрыптық астары
тіптен ұмытылып бара жатыр. Қазіргі уақытта тұсау кесу ырымы көп отбасында
жасала да бермейді, бірақ баланы қаз тұрғызып, жетелеп аяқтандырған уақытта
жырмен сүйемелдеу салты әлі бар. Ол жырларда:
Қаз, қаз, балам, қаз, балам,
Қадам бассаң мәз болам
немесе:
Тәй, тәй, балам, тәй, балам,
Жүре қойшы жәй, балам... деген сияқты «қаз -қаз», «тәй -тәй»
сөздері
баланың аяқ басу ырғағымен дәлме- дәл қайталанып келіп отырады. Бала
өміріне байланысты әдет – ғұрыптары, әрине, мұнымен шектелмейді. Олардың
қатарында «тіл -ашар», «тоқым қағар» сияқты толып жатқан үлкенді – кішілі
дәстүрлі салттар баршылық, бірақ оларға байланысты өлең –жырлар көбінде
хатқа түспеген. Мағжан Жұмабаев 1922 жылы «Педагогика» оқулығын жазған
ағартушы. Осы оқулығының бірінші бөлімі педагогиканың жалпы мәселелеріне
арналған. Оның пікірінше тәрбие саласы төртке бөлінеді. Олар: дене, жан, ақыл
және сұлулық пен әдеп–ғұрып тәрбиесі: «Егер де адам баласына осы төрт
тәрбие тегіс берілсе, оның тәрбиесі түгел болганы. Егер де ол ыстық-
суық,ашық, жалаңаштық сықылды тұрмыста жиі ұшырайтын күштерді
елемейтін мықты,
берік денелі болса, түзу ойлайтын дұрыс шешетін, дәл
табатын ақылды болса, сұлу сөз, сиқырлы әуен, әдемі түрден ләззат алып, жан
толқындырарлық болса, жамандықтан жаны жиреніп, жақсылықты жаны тілеп
тұратын болса ғана адам баласын дұрыс тәрбие алып, шын адам болғандығы.
Жинақтай айтқанда, кезінде белгілі ырымды
атқарудың құралы болған
сәбилік ғұрып жырларының соңғы кезеңдегі басты қызметі – үлкендердің, ата–
аналардың ырым кезіндегі сәбиге деген ақ тілегін, жүрек тебіренісін жыр
тілмен жеткізу. Өлеңнің әрқашан бала өміріндегі түрлі әдет-ғұрып салттарымен
байланысып келетіндігі – оны басқа әлпештеу жырларынан ерекшелейтін басты
сипаты. Сәбилік салт жырлары негізінен баланың сәбилік кезеңінде, нақтылай
айтқанда, бір жасым жасқа дейінгі аралықта жырланады. Өзбек ғалымы
А. Сафаров осы ерекшеліктерді ескере келіп, бұл өлеңдерді бесік жырымен бір
топта қарастырады.Біздіңше,
бұлайша топтау өте шартты, Бесік жыры деген
атаудың өзі бесік тербетіп отырып айтылатындықтан шыққан. Ал сәбилік салт
жырлары жалпы баланың бесіктегі жас кезеңінде айтылғанмен де, бесікке
бөлеу, бесіктен шешіп аларда айтылатын жырлардан басқа өлеңдердің бесікке
қатысы жоқ. Және атқаратын қызметі де бесік жырынан мүлде бөлек.
Сондықтан да бұл жырларды бесік жырларының
бір тармағы ретінде
қарастырғаннан гөрі әлпештеу поэзиясының өз алдына жеке жанрлық түрі
48
ретінде қарастырған дұрыс.
Баланың мойыны бекіп, буыны қатайып денесі шымырлана бастаған сәтте,
оны қолға алып, әлпештеп, әуеге лақтырып,
тізесіне, мойынына мінгізіп
ойнатады. Мәселен, бала бағушы ересек адамдар бір аяғын екінші аяғының
тізесінің үстіне қойып, баланы оған атша мінгізіп:
Батыр балам, батыр балам,
Шауып келе жатыр балам.
Отыз қызды олжалап
Алып келе жатыр балам.
«Олжа, олжа» дегенге,
Әрбіріне бір қыздан
Беріп келе жатыр балам,
Шауып келеді, шауып келеді, -деп әндетеді. Өсе келе бала бос тұрған ер
тоқымға т.б.
ыңғайлы заттарға мініп, сол әрекетті қайталайды. Бұл баланың
бұлшық еттерінің қалыпты дамуына, батыл болып өсуіне ықпал етеді.
Шынында да саусақ ойындары – барша халықтарға ортақ,
кең тараған
ойын. Олардың айырмашылығы халық педагогикасымен жымдаса өрілген ел
өмірінің, шаруа тұрмысының, халық дүниетанымының көріністерінде. Мәселен,
жоғарыда Ә. Диваев келтірген саусақ ойынының негізінде саусақтардың неге
ұзынды – қысқалы болып жаратылғандығы жөніндегі көне миф жатыр.
«Алғашқыда адам саусақтарының ұзындығы бірдей болыпты – мыс. «Ұрлық
істейік», - деп жамандыққа бастағаны үшін құдай басбармақты ортасынан кесіп
тастапты. «Істесек істейік» - деп қостағаны үшін сұқ саусақты да қысқарта
кесіпті. «Құдайдан қорықпайсыңдар ма?» - дегені үшін ортан қолға тиіспепті.
«Құдай не істейді» дегені үшін шынашақты одан да қысқартыпты» - дейді
ежелгі қазақ мифі.
Астарында үлкен тәрбиелік мән жататын уату – алдарқату жырларының
әрқайсысының мазмұнынан халық тұрмысының
өзіндік ерекшеліктері
танылады.
Қазақ халқы арасында кең таралған сондай уату жырының бір түрі –
«Қуырмаш». Жылап отырған баланың алақанын алып: «Қуыр – қуыр, қуырмаш,
тауықтарға бидай шаш», - деп бидай қуырғандай етіп қытықтайды да:
Достарыңызбен бөлісу: