Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: Филология ғылымдарының докторы, профессор Пірәлі Г. Ж



бет37/41
Дата17.12.2022
өлшемі421,46 Kb.
#57816
түріДиссертация
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41
«Мен» философиясы арқылы жауап қатады. Әлемдегі діндердің негіздерін ғылыммен, әсіресе кванттық өріс, психофизика теорияларымен ұштастыра қарастырып, әлемдік діндердің бірлігін қолдап, түрлі діндерде Жаратушыны қабылдаудың айырмашылығы тек сөздер жоралғыларда ғана екендігін айтады. Алайда интертексттер арқылы мәтін қабаттарына жасырынған автордың бұл көзқарасы метафоралар, символдар, аллюзиялар арқылы бүркемеленіп берілген, сондықтан оны мәтіннен тыс білімі мол оқырман ғана аңғарады, алайда қарапайым оқырманға оның байыбына бару үшін көп еңбектенуіне, ізденуіне тура келеді. Жоғарыда мысалдардан байқағанымыздай, біртұтас әлемге өзіндік дүниетаным тұрғысынан қарайтын, бірнеше діннің арасына теңдік қойылып, діни плюрализмге бой ұрған тұстарын романда жиі ұшыратамыз. Адам баласының ашкөздігі, тағылық табиғаты жаратылыс басталғалы бері түрлі соғыстар мен апаттарға себеп болып отырғандығын айта келе, діндердің барлығында кездесетін зұлымдыққа қарсы адамгершілік бастауларын қарсы қояды. Романда постмодернизмнің монотеизм, бірегейлік пен тоталитаризмнің барлық формаларынан іргесін аулақ салатын, жалпыға ортақ міндетті идеялардан, утопиядан, әртүрлі жасырын түрде жүзеге асатын езгіден бас тартып, есесіне әртүрлілік, парадигмалар арасындағы бәсекелестік және гетерогенді элементтердің ортақ өмір сүруін қолдау идеяларының жүзеге асқандығын аңғарамыз. Роман авторы, әрі баяндаушысы сонымен бір мезетте шығарманың кейіпкерінің ақиқатты танудағы ізденісі бір нүктеге, бір нәтижеге келгенімен, сенім мәселесі басы ашық қалған. Зайырлы демократияға негізделген көп конфессионалды мемлекет болғанымызбен, интеллектуалдық деңгейі жоғары оқырман баяндаушының моральдік ұстанымдарға байланысты тұстарын қабыл алғанымен сенім мәселесіне келгенде тоқырап қалары анық. Себебі, ислам және оның сопылық тармағы – жалғыз жаратушының барлығына
негізделген сенімнен туындайтын монотеистік дін де, буддизм, даосизм теизмнен тыс діндер, шаманизм политеистік танымнан туындаған дін. Егер осы аксиомаға сүйене отырып тұжырымдайтын болсақ, романдағы бір кейіпкердің бірнеше дін негіздерін ұстануын және діни төзімділіктің болу мүмкіндігін қабылдау қиын. Постмодернист-философ В.Вельш өзінің ««Постмодерн». Генеалогия и значение одного спорного понятия» атты еңбегінде «Этот – неустранимый и позитивно оцениваемый – плюрализм и составляет сердцевину постмодерности. Однако есть у него и последствия; к ним относится трудность объединения гетерогенного, разнородного. Постмодерный интерес ориентирован на границы и конфликтные зоны, на столкновения, откуда и выходит неизвестное и противостоящее привычной разумности,
«паралогичное»» [136, с. 128] деп плюрализмнің жанама әсерлеріне тоқталып өтсе, біз де өз кезегімізде романда кездесетін діни төзімділік немесе діндерге релятивистік көзқарас тек оқырман ғана емес, көпшілік ғалымдар мойындай бермейтін постмодерн дәуірі ұсынған қарама-қайшылықты құбылыс екендігін айтқымыз келеді. «Аспан біреу алайда көкке ұмтылған таулар көп және әрбір таудың биігіне апарар жол әрқилы» деген қытай даналығы Құдайды іздеудің де жолдары қилы-қилы болатындығын ескертсе, классикалық діндерде де төзімділік мәселесі айқын көрініс тапқан. Дегенмен де уақыт пен кеңістік тұрғысынан ғаламдану үдерісін бастан кешіріп отырған мәдениетіміздің жұтылып кетпеуіне және өзіндік келбетін сақтауына дәнекер әдебиетіміз екендігін жадымыздан шығармағанымыз жөн ғой дейміз.
Б.Момышұлы роман кейіпкері қойшы баланың жайылған қойларын жүгері алқабына жолатпауы белгілі дәрежеде оқырманға да арналған астарлы мәні бар эпизод екендігін айтады. Біз де өз кезегімізде осы пікірге қосыла отырып, романды ең аз дегенде дін, тарих, философия, әдебиеттану, медицина, физика, психология ғылымдарынан хабары бар интеллектуал оқырман ғана толыққанды түсіне алады деп тұжырымдаймыз.
Зерттеуші А.Хайргелдина Дидар Амантайдың түрлі діни, философиялық мәдени жүйелерге (бас кейіпкер Иса, Мұса, Мұхаммед, Заратуштра, Дао, Будда, Конфуций рухымен тілдесіп) сүйенетіндігін айтады [137, с. 128]. Иә, расында, Д.Амантайдың «Тәңір кітабын» жазбаққа ниеттенген кейіпкері Әлішер адамзат баласының тарихындағы діндердің барлығының түркі даласын айналып өтпегендігін, дала кезіп дін тартқан ислам, христиан, иудей, дао, будда ілімдерін таратушы дәруіштердің түркі қосынындағы халықты хабардар еткенін, алайда бұл түркілердің ата-бабасынан қалған дін, Тәңірге сеніміне селкеу түсіре алмағанын баяндайды. Алайда роман кейіпкері, әрі жазушының романдағы елшісі – Әлішердің өзі Жаратушыны танудағы терең дағдарыста. Діндер тарихына үңіле отырып, олардың мәніне терең бойлап, ой шырмауына түсіп, қиналған тұста, көкейіндегі дүдәмал ойлар: «Мүмкін Құдай жоқ та шығар, деп ойлады ол, бірақ, Жаратқан ие қажет екендігі рас» [28, 33 б.];
«…кім біледі, ажалдан соң ештеңе жоқ шығар» [28, с. 81], – деп суырылып алға шығады. Бірақ діннің уәде еткен жұмағына жету үшін қайғы-қасірет шекпек керек болса, ал күлкімен өткізген ғұмырыңның соңы тозаққа ұласса, онда
екеуінің айырмасы қайсы?! Тәңірге сүйкімді құл болу үшін мұң мен зардан айықпай, қасірет шеккен пенде болу шарт па?! Бұлардың барлығы Әлішердің жанын азаптап, ойсоққы еткен сұрақтар. Санасына тыным бермей сансыратқан сұрақтарын өзі телефон шалған молдаға жаудырады:

    • Бейнет те, қайғы да, азап та, қасірет те, мұң да, уайым да Құдайдың бар екеніне дәлел емес қой.

    • Дәлел – пенденің о дүниені көрмейтін бұ дүниедегі соқыр көзі.

    • Неге?

    • Өйткені дәлелді оны көргісі келген адам ғана көреді. Біз пәниде сенеміз, бақида аңғарамыз.

    • Яғни, білеміз. Сонда, білімнің негізі сенім бе?

    • Иә, дәлел емес.

    • Қалай?

    • Жоқтың дәлелін көрдім дей аласыз ба?.. [28, б. 106]

Екеуара сұхбаттың мазмұны да оның көкейіндегі күдік тұманын сейілте алмайды. Діндер негіздерін анық біле отырып, секемденеді, санасы байыз таппай, Жаратқан иенің керектігін де еске алады. Осы орайда романнан постмодернизмнің Жаратушыға күмәнмен қарау, тіптен жоққа шығаруға талпыныс бағытымен қоса, діни толеранттылықты мегзейтін тұстары да жоқ емес. Бұл туралы ғалым Л.Сафронова: «Как И.Бродский и В.Пелевин Д.Амантай призывает вернутся к язычеству, «многобожию» (хотя бы в искусстве), как гаранту демократизации общества, свободы выбора (в том числе и богов), установления в результате социального согласия и взаимопонимания» [138, с. 82], – дейді. Автордың бір Құдайдан танып, көпқұдайшылдыққа бастауы постмодерн дәуіріндегі иронияның қиратушы күшімен қоса жасампаздық күшін де көрсетеді. Автор монотеистік танымнан, политеистік таным үшін бас тартады. Романның Австралия, Африка, Солтүстік Америка, Полинезияда өмір сүрген ежелгі тайпалардың табынған құдайлары, наным-сенімдері туралы қысқа-қысқа миф үзінділерінің тізбегінен тұратын
«Сағыныш» деп аталатын тарауына терең үңілсек, оның «Сағыныш» деп аталуы ғана, тарауға мән-мағына дарытып тұр. Өйткені романның бұл тарауы да автордың «Языческое начало исскусства» атты эссесіне аллюзиялардан тұрады. «Единая вера в единого Бога исключает многообразие национальных культур. Имена становятся библейскими, корпоративное ритуальное поведение усиливает общность, языческое прошлое уходит в небытие. Самые высокие нравственные понятия теряют собственные первоначально выстраданные названия и будут определяться в своей сущности дефинициями, заимствованными из единых священных книг» [28, б. 370], – деп, автор адамзат санасына билік жүргізген бір ғана діннің абсолютті билігін қолдамайды. Бірақ автор романда «әкелік мінез» танытып, өз пікірін ашық айтпайды. Мұндағы мәнмәтін де жасырулы. Мәтіннің бар сырын тек осы сілтемелермен жүріп отырып қана аңғаруға болады. Бір діннің әлемде үстемдік алуы сан ғасырлар бойы қалыптасқан нанымдарын, сонымен бірге қалыптасқан мәдениеті мен өнерін, өмір сүру салты мен болмысын жойып жібереді деген өз пікіріне
сілтемелерді аңғарамыз бұл тұста. Тағы бір айта кетерлігі автор қолданған әр тәсіліне романның өзінде теориялық түсініктеме беріп отырады. «Қазір тілдің өзі ойлайды. Алғашқы екпін, әрине, көкейдегі ойдың ықпалы» [28, б. 122] деген теориясының межесінен қарайтын болсақ, түрлі халықтардың ежелгі нанымдарынан үзінді келтірілген бұл тарауға «Сағыныш» деп атау беруіне адам баласының тұмса табиғаттан кіндігі ажырамаған тұстағы оның өзіне берген ризық-несібесіне разылығын білдіріп, сәби санасының сырын ұғына алмаған құбылыстан қорқып, «құдай» етіп табынған көне нанымдардан туындаған әртарапты мәдениетке деген сағыныш себеп болса керек. Әдебиет зерттеушісі А.Қалиева: «Жазушы жан-тәнімен Жаратқан иенің барлығына көз жеткізгісі келеді. Ол үшін мына әлем – ар-ұяты да, махаббаты да, достығы да жасанды әлем. Адамзаттың көне дәуірінен бері келе жатқан «мейрімділік», «әділдік»,
«ақиқат», «сұлулық» сынды мәңгілік құндылықтар да бүгінгі заманға жеткенде тұғыры теңселіп кеткен. Оның «құдайсыз қоғамда» шарқ ұрып Құдайды іздеуі де сондықтан» [139, б. 342], – дей келе оның «Жаратқан иені» Тәңірден іздейтіндігін айтады. Адамзат ғылым мен техниканы меңгеріп, сандаған құбылыстың пайда болуының ішкі себептерін ғылым арқылы дәлелдеп, дегенмен абсолютті Жаратушыны мойындап отырған тұста ежелгі нанымдарға орала алмайтынымыз анық жай. Әлемдегі басым діндердің түпкі қағидаттары ғибадат мәселесінде ғана бірегейлікті жөн көрсе, сол дін өкілдерінің дінді абсолюттендіруге барынша тырысуы іш пыстырарлық бірегейлікке ұрындырарын болжап отырған автордың қаупі, постмодернизмнің
«Жаратушының барлығына күмән тудыру» және діни плюрализмге байланысты қырларын романға желі етіп, тәжірибе жасауына себеп болуы мүмкін деп ойлаймыз.
Постмодернизмнің генеалогиясына терең талдау жасаған философ В.Вельш постмодерннің тоталитаризм, деспотизм, монотеизмнің барлық түрінен қашатындығын, плюралистік ұстанымды қолдайтынын [136, с. 133] тілге тиек етеді. В.Вельш атап көрсеткен постмодерн сипаттарының қазақ әдебиетіндегі көрінісіне аталмыш үш автордың шығармаларына талдау жасай отырып көз жеткіздік. Жаратушыны танудағы жалпыға ортақ утопия мен абсолютті үстемдікке деген ирония, тіпті гротескілік көзқарас мұнымен шектеліп қалмай, саяси жүйе, идеология, мәселесінде де жалғасын табады. Посткеңестік мемлекеттердегі постмодернизм бағытының басты эпистемалық ерекшелігіне жатқызылатын кеңестік үкіметті және оның идеологиясын келемеждеу құбылысы да аталған романдарда бой көрсетіп отырады. «Бери, присваивай, упевай. Не потому ли объявился «меченый», не оттого ли много слов (гласность!)» и смелых планов перестройки при пустых прилавках» [108, с. 104] деген сөйлемде кездесетін «меченый» сөзі КСРО Жоғарғы Кеңесінің төрағасы М.С.Горбачевтің физиологиялық ерекшелігіне тұспал жасап, мәтінге ирониялық сипат дарытып тұр. Бір тұспал арқылы автор Кеңестер одағының күйреуіне алып келген қайта құру, жариялылықты, сондай-ақ сол идеяның авторын оқырманға қайта пайымдатуға жол ашып берген..
А.Жақсылықовтың «Ант ұрғандардың түстеріндегі» ирония аллегориялық сипатымен ерекшеленеді. Кеңестік идеологияның «жасампаз алыптары» еңбектерінің болашақ тағдырын былайша болжайды: «Ты обошел эти ряды книжных мертвецов, безусловно обреченных на неизбежную грызущую критику крыс и моли, червей и клещей. По многим следам на обложках и углах потрепанных томов было видно, что эти зубастые натренированные господа уже принялись за работу. Уж они-то свое дело выяснения истины доведут до конца, растребушат свинцово-черные расстрельные строки, вытеребят их основательно до сердцевины, разлыхлят и развеют, пропустят через свое нутро и душу, унавозят чердачное поле, распашут почву, обогащенной устаревшим идейным гумусом» [106, с. 487-488]. Сандаған халықты ортақ идеялардың аясына біріктіруде шалынған қисапсыз құрбандықтарының соңғы нәтижелеріне тоқтайды. «В обликах червей мы набрасывались на кукрузу, вгрызывались во вкусную мякоть, сочную плоть растений, насыщались не имея никаких шансов на полное насыщение, набивали себе утробу – цель была простой и совершенно ясно, не надо было учиться, усложнять и ломать голову всякими проблемами бытия» [106, с. 258], – деп кеңестік жүйе саясаты жасанды ұрандардың арқасында тек қарынның қамын күйттеп, рухани мешеуге айналған адамдар санасының өзгерген күйінде құртқа айналып кетсе, сол жүйенің күйреген, тәуелсіздік алғаннан кейінгі нарықтық заманның бейнесі ерекше аллегорияларды пайдалану арқылы жүзеге асқан. Жекелік санаға әп-сәтте бейімделгендер қандыауыз қасқырлар, аюлар, алаяқ түлкілер т.б. айналған. Мұнда айта кетерлік жай, автор бір идеологияның орнына екіншісін ұсынбайды. Барлық идеялардың дағдарысқа жетелейтінін айтып, идея атаулыны мансұқтайтын табиғатына куә боламыз. Кеңестік идеологияның зардаптары романның барысында көп айтылып өткенімен, тәуелсіздік ұсынған нарықтық қоғамның да пайда келтіретініне күмәнмен қарайды.
Сонымен қатар мәтіндегі саяси иерархияны қайта құрылымдау тәсілі Д.Нақыпов романында «көше» стилімен берілген болса, А.Жақсылықов романындағы қайта құрылымдау кейіпкерлер санасының өзгерген күйі арқылы жүзеге асқан. Кейіпкерлер бірде психотроптық шөптердің, бірде бақсы тартқан қобыз сарынының, енді бірде алкагольдік ішімдіктер салдарынан психикалық ауытқуларға, сана өзгерістеріне ұшырап, кеңестік жүйенің шындығы шизофрениялық сандырақтар мен ой ағыстарында, галлюцинацияларда берілетіндіктен кейіпкерлер түрлі метафоралық, эпитеттер мен аллегориялық сипаттарымен ерекшеленеді. Мәселен, «Ант ұрғандардың түстерінде», ядролық сынақ аймағында жападан-жалғыз есінен айрылған кейіпкер-әйел қиялында әлі
«алып державаға» қызмет етіп жүрмін деп санайды. Ойда-жоқта елсіз мекенге тап болған жорналшы жайында жер астында орналасқан бөлмедегі орындықтарға жасырын ақпар береді. Мұндағы орындықтар метафоралық сипатқа ие. «Орындықтар бұрылып та қарамады» деп төмендегілердің санасына идеология арқылы сіңіп, соған жан-тәнімен қызмет етіп жүрген идея, жоғарыда отырған топтың «орындық» үшін тартыстағы саяси ойыны екендігін ерекше
қалыпта жеткізеді. Әлемдегі зұлмат соғыстар, қантөгістер, тіршілік атаулыны жоюға бағытталған үрейлі қарулар осы «орындықтар» үшін, билік үшін болып отырғанын ишаралайды.
Постмодернистік сананың барлығын терістеу, ешбір құндылықтан мағына таппау құбылысынан келіп шығатын «бедел дағдарысы», жоғарыда атап көрсеткеніміздей, Жаратушыдан бастап, саясат, әлеумет, қоғамдағы мәселелермен қоса руханиятымызды да айналып өтпеген. Әсіресе, 60- жылдардағы «жылымықтың» кезінде қыспақтан босай бастаған қоғамға батыстан ескен мәдениеттің ықпалын Доктың өзгелік төл сөздермен берілетін ой ағындарынан тұратын ішкі монологтарымен береді. Автор шығармасында көлемді орын бермесе де ақын Мұқағали мен Олжасты, суретші Калмыкты мұқатып өтеді. … я арычный юнец брошусь в моревный шторм, а море в степи

  • это кредо-выхлест из скверного времени в «скверный» мой город- пространство, где хаживал почти по-калмыцки странный и пестрый чудак Калмык, не по «Слову», а по нашему «тьме-тараканьей» возвышенно-гордо (воистину «сал») бормотал бормотухе подзаборные чудные вещи Мукагалище, и жуткий Олжуха ужасая «кыз-куу»-иствовал истово, кого-то ужаривал по половецкому краю, пока не поймал свой «глиняный слог» [108, с. 46], – деп, әдебиет әлемінде өзіндік орнын белгілеп, шығармаларын табына оқитын оқырманға ақындардың екінші қырын, яғни, жеке өмірінің қалтарыстарын ашып көрсетуге тырысқан. Әдебиетте өшпес із қалдырған ақын-суретшілердің де ет пен сүйектен жаралған жұмыр басты пенде екендігін, өмірде олардың да қарапайым адамдар секілді қажеттіліктері мен әлсіз тұстары барлығына ишара жасайды. Мұқағалидың жауһарларын автордың өзі «чудные вещи» деп мойындап отырғандай, «подзаборные» анықтауышымен тіркестіре отырып немесе «кыз-куу»-иствовал», «кого-то ужаривал» деп Олжастың шабытына дем берген әрекеттерді санамалап, мысқылмен түйреп өтеді, ал моральдік- этикалық тұрғыдан баға беруді оқырманға қалдырады. Мұндай бедел дағдарысына құрылған шығармаларды әлемдік әдебиетте көптеп кездестіруге болады. Орыс әдебиетінде А.Битовтың «Пушкинский дом», Абрам Терцтің

«Прогулки с Пушкиным», «В тени Гоголя», Владимир Сорокиннің «Голубое сало», В. Ерофеевтің «Москва-Петушки» т.т. сынды шығармалары кейде заманының ұлы тұлғаларының әдеби және жеке өмірлерінің ішкі құпияларын, пенделік тіршілігін ақтарып сап, «сіз табынатын жазушы осындай болған» деп ирониямен шектеліп жатса, кейбірінде ақылға қонымсыз, дөрекі гротескілік сипатымен асыра сілтеп жататын тұстары да аз емес. «Строфа у Пушкина влетает в одно - вылетает в другое ухо: при всей изысканности, она достаточно ординарна и вертится бесом, не брезгуя ради темпа ни примелькавшимся плагиатом, ни падкими на сочинителей рифмами» [140, с. 96] немесе «Короче, от пушкинской личности, препарированной этим способом, в Онегине ничего не осталось, но плавает перед глазами невнятица, над которой второе столетие бьются педагоги и школьники, пытаясь домыслить и выудить образ по частям - из той требухи, что вывалил Пушкин, лихо рассчитываясь с чортом, сосущим его изнутри, как глиста, как некое "я",


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   41




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет