Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология


Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар



бет5/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа Косыбаева М.М.

Зерттеу жұмысы бойынша қорғауға ұсынылатын тұжырымдар:


  • Қашқаритану – түркі өркениетіне өшпестей етіп із қалдырған ғұламаның бізге жеткен жалғыз еңбегі «Диуани лұғат-ит-түріктің» маңызын түсіндіруге бағытталған түркітану саласы;

  • «Диуани лұғат-ит-түрік» тілі – Қараханид дəуірінде өмір сүрген түркі тайпаларының тарихы мен тағдыры, қоғам дамуы мен кезең көріністерімен қатар түркілердің дүниетанымы мен дара болмысын айқындаудың негізі;

  • М.Қашқари – сол кезеңдегі түркілердің тілдік санасын, тіл табиғатын, диалектілік ерекшеліктерін, мəдениетін, тарихын, жағрафиясын, əдебиетін, мифологиясын терең меңгеріп, сол арқылы түркі əлемінің рухани-мəдени тұрғыдан өркендеуіне қызмет еткен, түркітану ғылымының негізін қалаған тарихи-тілдік тұлға;

  • «Диуани лұғат-ит-түрік» тіліндегі отбасы жəне туыстық қатынастар жүйесіндегі, төрт түлік пен мал шаруашылығына қатысты тілдік бірліктер жалпытүркілік этнолингвомəдени мазмұнға ие.

  • «Диуани лұғат-ит-түрік» тіліндегі тілдік бірліктердің этнолингвомəдени мазмұны – орта ғасырлық түркілердің əлемді тануы мен көне түркілер дүниетанымының дəстүрлі сабақтастығының көрсеткіші.

Диссертация мазмұнының жариялануы мен мақұлдануы.


Дисссертацияның қолжазбасы Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті, Халықаралық қатынастар факультетінің Түркітану кафедрасында өткізілген ғылыми мəжілісте талқыланып, қорғауға ұсынылды.
Ғылыми жұмыстың негізгі қорытындылары мен нəтижелері жалпы саны 9 мақала болып жарияланды. Отандық басылымдарда 4 мақала, Қазақстан Республикасы Білім жəне ғылым министрлігінің Білім жəне ғылым саласындағы бақылау комитеті бекіткен тізімге енген журналдарда 3 мақала, Л.Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті Халықаралық қатынастар факультетінің хабаршысында 1 мақала жарық көрді.
Шетелдік ғылыми басылымдар мен халықаралық ғылыми конференция жинақтарында (Түркия, Польша, Хакасия, Қырғызстан) 5 мақала оның ішінде 1 мақала импакт-фактор «Scopus» ғылыми қорында жарық көрді.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет