Зерттеу жұмысының әдіс-тәсілдері. Зерттеу барысында теориялық- əдістемелік негіз ретінде антропоөзектік парадигма аясындағы этно- лингвомəдениеттанымдық қағидалар басшылыққа алынып, дəстүрлі сипаттама əдісі, тілдік бірліктердің этно-мəдени мазмұнын ашуда жүйелеу, топтау, танымдық-логикалық тұрғыдан талдау тəсілдері қолданылды. Қажетіне қарай лингвистикалық талдаудың тарихи-салыстырмалы əдісі, этимологиялық, мəтіндік амалдары да қолданылды.
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы.Түркі тіл білімінде антропоөзектік парадигма аясында Қараханид дəуірінде жазылған түркі жазба ескерткіші «Диуани лұғат-ит-түрік» тілі негізінде орта ғасырлық түркілердің танымындағы əлем бейнесі алғаш рет этнолингвомəдени тұрғыдан арнайы зерттеу нысаны ретінде алынды;
зерттеу жұмысында Қашқаританудың тарихи жəне теориялық əдіснамалық негіздері жүйеленді;
ғұламаның бізге жеткен жалғыз еңбегі «Диуани лұғат-ит-түрік» негізінде М. Қашқаридың тілдік тұлғасы ашылды;
ескерткіштегі тілдік берліктер арқылы орта ғасырлық түркілердің əлемді тануы көне түркілер дүниетанымының дəстүрлі жалғасы екені дəлелденді;
жазба ескерткіші тіліндегі отбасы жəне туыстық қатынастар жүйесін сипаттайтын «Əйел», «Ер адам», «Ұрпақ» концептілері жəне некелесу мен тойлау дəстүрін көрсететін тілдік бірліктердің этнолигвомəдени мазмұны сараланды;
ескерткіш тіліндегі «Төрт түлік» концептісіне қатысты тілдік бірліктердің этнолигвомəдени ерекшелігі анықталды.
Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы.