Диссертация Отандық ғылыми кеңесші: филология



бет14/39
Дата10.12.2023
өлшемі219,8 Kb.
#136567
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39
Байланысты:
Диссертационная работа Косыбаева М.М.

«Әкесі тұрып ұлы сөйлегеннен без, шешесі тұрып қызы сөйлегеннен без»,
«Әкеге қарап ұл өсер, шешеге қарап қыз өсер», «Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер» деген сынды нақыл сөздер əкенің отбасында жалпы қоғамдағы орны ерекше екенін көрсетеді.
Қоғамда ұрпақ жалғастырушы болып табылатын ұл баланың орны ерекше екені белгілі. М. Қашқаридың еңбегінде ұл сөзі oγul тұлғасында кездеседі. Автор бүкіл ер балаларға оγul дейтіні жайлы сөз етіп, Bu оγul ne ter «Бұл ұл не дейді?» деген мысал келтіріп, ер сөзінің көбінесе ерен деген мағынада ережеге қайшы қолданылатыны секілді oγul сөзі көбінесе oγlan болып кеткені жайлы айтады. «Дұрысы oγullar «ұлдар» болуы керек, eren мен oγlan сөздері бірдей қолданылады» деп ой қорытады [10, T.1, 103 б.]. Оγul сөзінің этимологиясын Э.В.Севортян «оγul произвиден от глагольного корня оγ-/оq- «рождать»» деп көрсетеді [174, 416 б.]. Сонымен қатар жəдігерде аталмыш лексемаға түбірлес oγlan лексемасы urı oγlan «ұл балалар» нұсқасында көрініс тапқан [10, T.1, 118 б.]. Қазіргі түркі тілдерінде гагауз, əзірбайжан, түркімен, өзбек тағы басқа тілдерде лексеманың көне нұсқасы еш өзгеріссіз oγlan түрінде кездессе, қазақ тілімен қатар құмық, татар, башқұрт, ноғай, қарақалпақ, қырғыз тілдерінде ұлан
түрінде қолданысқа ие [174, 411 б.]. Сөздің алғашқы буынындағы «ғ» дыбысының түсіп қалуы жалпытүркілік фонетикалық құбылысқа жатады. Тілімізде oγlan (ұлан) сөзінің семантикасы «ұл бала» нұсқасымен қатар «жас жауынгер» мағынасын береді. Ш. Уалихановтың пікіріне қарағанда, Алтын орда, Қырым, Астрахан хандықтары мен Ақ Орда, Шағатай ұлысындағы ақ сүйек өкілдерінің əкімшлік қызметтегі ұлдарын да ұлан деп атайтын болған [176, 123 б.].
Дəстүрлі түсінік бойынша ата-бабаларымыз баланың дүниеге келуiн ерекше күткен. Балаға қамқорлық ол дүниеге келмей-ақ жасалған. Мысалы, аяғы ауыр əйелге жерiк асын тауып жегiзген, ауыр көтертпеген. Жас босанған анаға қалжа жегiзген, сорпалаған, баланы тiл-көзден сақтаған, өсiп-өнген аналарға баланың атын қойғызған, тұсауын кестiрген. Мəселен ini лексемасына М. Қашқари «жасы кіші қарындас, бауыр» деген анықтама береді [10, T.1, 122 б.]. Ini сөзінің құрамы түбір-негіз бен тəуелдік жалғауының үшінші жағына ажырайды: ини (ин+и). Бұл сөздің негізгі тұлғасы алтай тілінде кездеседі: иин
«младший брат». Осы тұлға қазақ тілінде ағайын (аға+йын) сөзінің құрамында сақталған [174, 362 б.]. Аталмыш лексеманың этимологиясын «ini представляет собой производную форму от глагола en-/in- «рожать» или «зачать»» деп түсіндірілген [174, 363 б.]. Қазіргі түркі тілдерінде ini лексамасы айтарлықтай өзгеріске ұшарамаған бірақ кейбір тілдерде кiči kardaŝ көне тұлғасы сақталған.
Сөздікте «туыс, ағайын» мағынасында kаdаš // kardaŝ нұсқаларында кездесетін лекесеманың негізгі тұлғасы қарындаш. Алғашында түркілерде қарындаш сөзі еркек кіндіктілер мен əйел затына да тең қолданыста болған. Оған құмық тіліндегі ullu er qardaŝ «старший брат», gičči er qardaŝ «младший брат» деген сияқты басқа да түркі тілдеріндегі тіркестер дəлел бола алады [177,
322 б]. Э.Р. Тенишевтің жетекшілігімен жарық көрген «Түркі тілдерінің салыстырмалы-тарихи грамматикасында» karyndaŝ сөзінің шығу тегіне
«qaryndaŝ производено от основы qaryn «утроба, живот» посредством присоединения продуктивного аффикса –daŝ, придающего новообразованию значение совместности, соучастия» деген түсініктеме береді [171, 291 б.]. Ал қазіргі əзірбайжан тілінде: gаrdaŝ, гагауз тілінде: kardaŝ, қарашай тілінде: karnaš, құмық тілінде: qarnaš, қырғыз, алтай тілдерінде: qarındaš, қазақ тілінде: qarındas, өзбек тілінде: qarındoš, qardoš, ұйғыр тілінде: kerindaš тұлғаларында кездеседі [177, 322 б.]. Сөздікте karındaş лексемасына семантикалық жағынан да ұқсас болып келетін бір емшектен емген ағайындар мағынасында emikteŝ
«емшектес» сөзін көруге болады [10, T.1, 467].
Бір атадан болған ағайындарға kaŋdaš kadaš, ал анасы бір болғандарға igdiš kadaš лексемалары қолданылғанын көреміз. Атасы бір, анасы басқа болғандар егесіп, бір-біріне шекісіп, келісе алмайтынын, ал анасы бір болғандар араларында əрдайым мейірім, сүйіспеншілік болатындығын М.Қашқари
«Kaŋdaŝ kuma urur igdiŝ örü tartar – Қандас ұрысып қағысар, аналас өрге тартар» деген мақал арқылы жеткізеді [10, T.3, 509 б.].
Дəстүрлі түркі қоғамында елеулі орын алатын аға мен іні сыйластығы – этностың қорғаныс механизмінің қалыпты əрі ырғақты қызмет атқаруын
қамтамасыз ететін əдеп нормалары жəне моральдық құндылықтар қатарына жатады. Інінің қашан да өзінен жасы үлкен ағасын сыйлап, ақылын тыңдап, əдепті ілтипатты, ізетті болуы талап етілсе, ал ағасы інісінің қамқоршысы, тірегі болған. Ағалы-інілі адамдардың арасындағы қатынастың мұндай əлеуметтік ерекше мəні қазақ тіліндегі Ағасы бардың жағасы бар, інісі бардың тынысы бар; Үлкен тұрып кіші сөйлегеннен без, аға тұрып іні сөйлегеннен без; Ағаға қарап іні өсер, апаға қарап сіңілі өсер; Ағаның үйі ақжайлау; Жеңім жаман болса да, жағам жақсы, өзім жаман болсам да, ағам жақсы; Көп ақымақтың ағасы болғанша, бір ақылдының інісі бол; Өз ағасын ағалай алмаған кісі ағасын жағалай алмайды т.б. сынды мақал-мəтелдерде сақталған.
Ескерткіште жиен yikan тұлғасында яғни «қыздың баласы» мағынасында берілген [28, 379 б.]. Қазіргі тілімізде қыздың ұлын да қызын да жиен деп атайды. Бұдан аталмыш лексеманың семантикалық аясының кеңейгендігін байқаймыз. Отбасында негізгі туыстық қатынас - ерлер жағымен есептелген. Сонымен қатар əйел жағымен де туыстық байланыстардың атаулары бар. Қыздан туған балаларды жиен деп атап, балалар үшін шешесінің туыстары нағашы, нағашы жұрт деп аталады. Қазіргі түркі тілдерінде жикан (жиен) түркіменше: жеғен, ноғайша: жижен, қарақалпақша: жиен, қырғызша: жеен тұлғаларында көрініс тапқан [178, 166 б.]. Yikan сөзінің этимологиясы нақты анықталмаған. Бірақ «Возможно, образована от jек «чужой», отсюда- значение
«ребенок от чужого рода» деген пікірлер бар [28, 293 б.]. Бұдан қазақ тілінің сөздік қорында «Жиен ел болмас, желке ас болмас» деген мақал-мəтелдер кездесіп жатса да, қазақ халқы жиенді ренжітпеген, сұрағанын беріп, көңілін жықпауға тырысқан.
Сөздіктен белгілі бір жақындықты туыстықты білдіретін yaguk kiši
«жақын кісі» [10, T.3, 106 б.], öz kiši «өз адамы» [10, T.1, 74 б.], urug-turıg
«ұрық-тұрық, ұрық-шәріп» деген лексемаларды кездестіруге болады [10, T.1, 92 б.]. Бесім Аталай urug-turıg лексемасының бүгінгі Батыс Анадолыда urık- derik нұсқасында сақталғанын сөз етеді [52, T.1, 64]. Ал əйелдің інісін яғни ерінің қайын інісін М.Қашқари yurč деп көрсетеді де туыстық атауларға қатысты төмендегідей мəлімет береді. «Ерінің інісі мен әйелдің інісін ажыратып айтады. Ер адамның өзінен кіші қайнысын ini дейді де, жасы өзінен үлкен болса içi дейді. Ерлердің өзінен кіші қарындасын siŋil дейді, өзінен үлкен әпкесін eke дейді. Қатынының өзінен кіші бауырларына baldız дейді де, өзінен үлкендеріне еке дейді» [10, T.3, 15 б.].
Сөздікте жасы үлкен қыз туысының қосағы яғни əпкесінің ері жезде yezne нұсқасында берілген жəне немера аға мағынасына келетін taɣay лексемасы көрсетілген [10, T.3, 50, 321 б.]. Taɣay лексемасын Б.Аталай «dayı» деп аударса [52, T.3, 35 б.], З.Ауезова «дядя со стороны матери» деп көрсеткен [28, 921 б.]. Сонымен қатар сөздікте kükü немесе küküy лексемалары көрініс тапқан. Оны А.Егеубаев «апа; көке» [10, T.3, 313 б.] деп аударса, Б. Аталай Түркия түрікшесіне «hala» деп көрсеткен. М.Қашқари апасының не сіңілісінің ерін яғни қазіргі қазақ тіліміздегі бажа сөзін шігілше namıža деп көрсетеді [10, T.1,
504 б.]. Ал ағасының əйелі бүгінгі тіліміздегідей yeŋge нұсқасында көрініс тапқан [10, T.3, 508 б.].
Бұдан бөлек ескерткіш тілінде белгілі бір жақындықты туыстықты білдіретін yaguk kiši «жақын кісі» [10, T.3, 106 б.], öz kiši «өз адамы» [10, T.1, 74 б.], urug-turıg «ұрық-тұрық, ұрық-шәріп» деген лексемаларды кездестіруге болады [10, T.1, 92]. Бесім Аталай urug-turıg лексемасының бүгінгі Батыс Анадолыда urık-derik нұсқасында сақталғанын сөз етеді [52, T.1, 64 б.].
Жалпы алғанда біздің зерттеу нысанымыз болып отырған орта ғасыр жазба ескерткіші «Диуани лұғат-ит-түрікте» туыстық атаулар дені тұлғалық, мағыналық жағынан еш өзгеріссіз қазақ тілінде кездеседі. Сонымен қатар көп атауларда жалпытүркілік сипат басым.


    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет