Тәңірім аспанды кең жаратыпты, Жұлдызбарондағажап,даратіпті. Асылды ауаменен оратыпты, Адамдыболмысыментаңырқатып[10, T.1, 80 б.].
Түркілердің ел-жерін, өмір-тұрмыстарын, дəстүр-өнегелерін жан-жақты танып, байыпты зерделеген М.Қашқари, «Диуани лұғат-ит-түрік» еңбегін екі жыл ішінде жазып бітіріп, Мұхаммед ұлы Əбілқасым Абдолла Мұқтади би Əміроллаға тарту етеді. Бұдан кейін Бағдатта 5 жылдай ұстаздық етіп, 1080 (кейбір деректерде 1082 ж.) жылы Қашқарға қайтады [20, 6 б.]. Алғаш түркі халықтарының энциклопедиялық еңбегін жарыққа шығарып, өзінің ғұмырын түркі өркениетін жаңғыртуға сарп еткен ғалымның бұдан кейінгі өмірі жайында тарихи жазбаларда басы ашық ешнəрсе сөз болмай, тек 1080 жылы Бағдаттан өзінің балалық шағын өткізіп, алғаш білім нəрімен сусындаған Қашқар қаласы
маңындағы Опал елдімекеніне оралады. Осы жерде Мұхаммəдия медресесін ашып, дəріс оқып, өмірінің соңына дейін шəкірт тəрбиелеп, 1105 жылы 97 жасында дүниеден озады [21, 18 б.].
Бүгінгі күні М.Қашқаридың мазары ҚХР, Шыңжан Ұйғыр автономиялық ауданына тиесілі Опал ауылынан солтүстік-батысына қарай 4 шақырым жерде орналасқан. Мазардың маңында М. Қашқариға құрмет көрсетіп тұрғызылған ескерткіш жəне жергілікті халық ішіндегі аңыз бойынша сəуегейдің өз қолымен отырғызған терегі жəне қасиетті бұлағы бар. Бұл мазардың нақты Қашқаридікі екені XX ғасырдың соңында ғана белгілі болды. 1980 жылдың басында Шығыс Түркістандық ұйғыр ғалымдары Ибрагим Муит жəне Мирсултан Османов жəдігердегі ғалымның туған өлкесіне қатысты мəліметтерді жинақтай отырып, Опал жерінде біраз зерттеулер жүргізіп, Махмұт Қашқаридың өмірі мен тағдырына байланысты деректерге, халық арасындағы аңыз-əңгімелерге жіті назар аударып, ел ішінде «Хазретті Моллам» мазары аталып кеткен мазардың
«Диуани лұғат-ит-түрік» авторы М.Қашқариға тиесілі деген тұжырым жасайды [20, 7 б.]. Ұйғыр ғалымдарының ең негізгі сүйенген дерегі Опал ауылындағы кесенеде табылған 1252 жылы 14 реджепте (21 қазан 836 ж.) жазылған Месневи нұсқасындағы қолжазба болды. Қолжазбада халыққа Хазретті Моллам Шамседин деп танылған əулиенің шын мəнісінде Махмұт Қашқари екені көрсетіліп, Қашқарлық бидің мөрі басылған [18, 31 б.]. Бұл тарихи қолжазбаға негізделген мəлімдемеден кейін ғылыми ортада ғалымның жерленген жеріне байланысты күмəндар жойылды. Дегенмен, есімін өшбестей етіп тек Түрік емес əлем тарихына жазып кеткен Махмұт ибн əл-Құсайын ибн Мұхаммед əл- Қашқаридың халық арасында Хазретті Моллам аталып кетуі ойландыратын жайт. Бұл деректің себебі мен салдарын анықтау Қашқаридың тарихи- тұлғалық жаңа қырын ашуға мүмкіндік береді.
Қашқаридың «Диуани лұғат-ит-түріктен» бөлек түркі тілдерінің синтаксисіне арналған «Китаб Жәуаһир Наһу фи Лұғат ит-Түрік» атты еңбегі болғандығын білеміз. Ғалым «сөздіктегі» кейбір мəселелерді осы кітабында егже-тегжейлі қарастырғаны жөнінде сілтеме жасап отырады. Бұл жəдігердің зерттеу нысанымыз болып отырған «Сөздіктің» алдында жазылғанын ескерсек, ғұламаның өмірі мен тілдік тұлғасының бізге белгісіз қырлары осы еңбекте жазылуы мүмкін. Өкінішке қарай бұл кітап əлі күнге дейін табылған жоқ. Ол туралы Ғ.Ғ.Мұсабаев «Если будет обнаружено точное место нахождения огромной библиотеки города Тараза, что был на берегу р. Талас, то и эта рукопись, быть может, будет найдена. Это дело будущего» деп, болашақтың еншісіне қалдырады [8, 56 б.].
Тілдік тұлғаның прагматикалық деңгейінің басты өзегі – сөйлеуші (я жазушы) мен тыңдаушының (я оқушының) арақатынасы. Нақты айтқанда, тыңдаушының танымын, көзқарасын, психологиясын айтушының ескеріп, барынша оған ықпал етуді, сөзін ұғындыруды, ойын жеткізуді мақсат етуі.
М.Қашқари бұл тұрғыдан «Мен істі оңайлату үшін әрі кітаптыықшамдауүшін, менен бұрынешкім түзбеген уа ешкім ешкімге мәлім болмаған өзгеше бір тәртіпте түзіп шықтым. Бұл жазған еңбегім талапқа сай болсын, пайдаланушыларға анық, қолдануға қолайлы болсын деген ниетпен бірқатар қағидаларды түзіп, өлшем үлгілерін жасадым. Әрбір тайпаның тілінен сөз жасауға негіз болған түбір сөздерді алдым. Сондықтан, сөздің қысқасы жақсы, ілгері кеткендерге тура нышан көрсетіп, кең жол ашып беру үшін, өрлеп-өсу ниетіндегілерге саты қойып беру үшін осыларды істедім. Түрік халықтарының көрген-білгендерін толғайтын ақын-жыраулардан, қайғылы да қуанышты күндерде шыққан мағынасы терең мақал-мәтелдерден мысалдар келтірдім, енді мұны пайдаланғандар кейінгілерге, олар өзінен кейінгілерге жеткізсін» [10, T.1, 33 б.] – деп, оқырманның жүрегіне жол табады.
Ескерткіш табиғатымен танысқан тұстарда ғұламаның түркі халықтарының тарихы мен тағылымына, өмір-тұрмыс тіршіліктеріне, дəстүр сабақтастығына, кəсіп-дағдыларына, ой-сөз жүйесіне, тілдік ерекшеліктеріне қызығушылығы мен сүйіспеншілігін, əдеби-тарихи, мəдени мұра-мирастарға деген құрмет-тағзымын айқын аңғаруға болады. Бұған сөздік құрылымы мен мазмұны, мол материалдар жиынтығы мен дəйек-дерек көздерінің алуан арналы, сан сипатты, көп қырлылығы да дəлел бола алады. Маңыздысы, əрине, түркі халықтарына ортақ мұратты, тарихы мен тағылымын, əдеби-мəдени жəне рухани мəселелерді жан-жүректен қозғап, мол материалдар жиынтығын жүйелі де нанымды үлгіде жеткізеді. Бұл туралы М. Қашқари: Түрік халықтарының атамзаманнан көрген-білгендерін баяндайтын бәйіт-жырлары мен қайғылы және қуанышты күндерінде айтатын терең мағыналы мақал-мәтелдерінен мысалдар келтірдім» – деп жазады [10, T.1, 33 б.]. Мұның бəрінен, сөз жоқ кітап авторының тілдік бейнесінен түркі халықтарының тарихын, тұрмыс-салты мен дəстүр сабақтастығын, уақыт пен кеңістік ауқымын жетік меңгерген, өмір мұратын, адам əлемін, уақыт бедерін танып-таразылауда да сергектік пен серпінділік айқын аңғарылады. Ғұламаның түркі халықтарының салт-дəстүрі, өмір болмысына қатысты мақал-мəтелдер мен тілдік ерекшеліктерді ыждағаттылықпен жинақтап, зерттеп зерделеуінен, шығармашылықты өміріне тірек етіп, одан лəззат алған Махмұт Қашқаридың халқына, ғылымға, білімге деген шынайы сүйіспеншілігін, ғұламалағы мен даналығын көреміз.
Тілдік тұлға құрылымын саралау адамның тілі арқылы көрініс табатын дүниетанымы мен болмысын толықтай тануға мүмкіндік беретін кешенді зерттеу. Нақты айтқанда, ол – тұлға тілімен жасалынған оның шығармасының белгілі бір тілдік бірліктердің таңдалыну тетігін, мəтіннің лексикалық құрылымында жасырынған ақпаратты анықтау, сол арқылы автордың тілдік тұлғасының психологиялық ерекшеліктерін көру, интеллектуалдық жеке қабілетін тану. Бұл тұрғыдан М.Қашқари дүниетанымының негізгі идеялық негіздері тарих сахнасында ғасырлар сынағынан өткен түркілік менталитеттің терең астарларынан бастау алады. Ұлттық менталитет деген ұғым С.Е.Нұрмұратовтың пайымдауынша, ол
«халықтың ділі» деген қазақтың ұғымымен сəйкес келеді [22, 38 б.], С.Ақатай
«ділді негізінен психологиялық сипаттамаларға жақынырақ» [23] деген ойды айтады, сонымен ұлттық менталитет – əлеуметтік топтың əлемді белгілі бір кейіпте, қалыпта сезіну, түйсіну, түсіну жəне іс-əрекеттер жасау мақсатында
қордалаған табиғи-тарихи дайындықтары мен ыңғайларының жүйесі болып табылады [22, 38 б.]. Яғни, менталитет жеке адамның санасын болсын, əлеуметтік топтың санасын болсын тарихи архетиптермен, ғасырлар бойы қалыптасқан тіл мен ойлаудың терең ғұрыптарымен, əдеттерімен байланыстырып отыратын ерекше рухани құбылыс. Жалпы айтқанда Қашқаридың дүниетанымдық көзқарасы ғасырлар бойы уақыт сүзгісінен өтіп, сұрыпталған көне түркілер даналығының інжу-маржандары мен ауыз əдебиеті үлгілерінен көрініс тапқан дəстүрлі түркілік танымнын негізінде қалыптастқан. Ал түркілік тайпалардың ділінің ерекшеліктеріне назар аударатын болсақ, онда міндетті түрде халқымыздың ата-бабалары этикалық принциптерді негізінен барлығының бастауы ретінде қарастырғаны байқалады. Түркілік сана үшін жəне тіл мен ойлау жүйесі үшін негізгі идеялық бағдар, іргетас адамаралық қатынастағы ізгілікті ұлағаттау екендігін М.Қашқари шығармашылығы дəлелдей түседі.
Тілдік тұлғаға қойылатын басты талапты ана тілін жете меңгерген, өз тілінде дұрыс сөйлей алатын, əлеуметтік өмірге бейімделген, өзіндік қызығушылығы мен машығы бар, əдеби тілді шығармашылық деңгейде тұтынатын жəне қызмет ету барысында өзіндік шығармашылығын таныта алатын адам аясында қарастыратын болсақ, барлық ғұмырын түркі өркениетін жаңғыртуға арнап, есімін түбі бір түркі халықтарының тарихында алтын əріппен қалдырған жалпытүркілік тілдік тұлға М. Қашқари – бұл талаптардың үдесінен шығады.
Қашқаридың тілдік тұлғасының тілдің жүйелік құралдары арқылы өзінің əлем туралы түсінігін жəне сол түсінікке сəйкес туындаған сапалық мазмұнын
«Диуани лұғат-ит-түрік» шығармасының этнолингвомəдени ерекшеліктері айқындап көрсетеді.