Зерттеу жұмысының құрылымы. Диссертация кіріспеден, үш бөлімнен, қорытынды жəне пайдаланылған əдебиеттер тізімінен тұрады.
ҚАШҚАРИТАНУДЫҢ ТАРИХИ ЖӘНЕ ТЕОРИЯЛЫҚ- ӘДІСНАМАЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
М. Қашқари – жалпытүркілік тарихи-тілдік тұлға
М. Қашқари – түркі халықтарының тілі мен халық əдебиетіне, тарихы мен тағдырына, жағрафиясы мен мифологиясына, əдет-ғұрпы мен тұрмыс- салттарына жіті ден қойып, қоғам дамуын, кезең көріністерін, əлеуметтік- мəдени ортасын, саяси құрылымдарын кеңінен зерделеген энциклопедиялық еңбек қалдырып, түркітану ғылымының негізін қалаған жалпытүркілік тарихи- тілдік тұлға. ХХІ ғасыр лингвистикасында адам мен оның тілі бөле жарып қарауға келмейтін құбылыс ретінде өзектеліп, тілдегі адам факторына ерекше назар аударылуы дүниетанымның ядросы болып табылатын тілдік тұлға мəселесін жан-жақты зерттеудің қажеттілгін туындатты. Түркі əлемінің ірі тұлғасы Махмұт Қашқаридың өмір жолы мен ғылыми шығармашылығын зерттеу түркология ғылымындағы Қашқаританудың негізін қалады. Қашқаритану – түркі өркениетіне өшпестей етіп із қалдырған ғұламаның бізге жеткен жалғыз еңбегі «Диуани лұғат-ит-түрік» негізінде жүзеге асатын түркітану саласы. Қашқаританудың негізгі міндеттерінің бірі ғалымның өмірбаяндық деректерін жүйелеуді, этникалық тегін нақтылауды талап етеді. М.Қашқаридың тарихи тұлғалық болмысын толық танудың, яғни Қашқаританудың болашағына дəйек болатын ғылыми-танымдық негіздің бірі – тілдік тұлға теориясы.
Тіл біліміне «тілдік тұлға» категориясының енгізілуі жалпы «тұлға» ұғымының жаңа мазмұнмен толығуына мүмкіндік жасап, тілді зерттеудің құрылымдық-функционалдық аспектісі аясынан шығып, адамның санасы, ойы мен рухани қызметімен тығыз байланыстағы антропологиялық тіл біліміне айналуына негіз жасалды. Танымдық іс-əрекеттің белсенді формаларының бірі – тіл əлем бейнесінің сомдаудың белсенді əрі негізгі құралы. Адам мен оның тілі бөле жарып қарауға келмейтін құбылыс ретінде өзектеліп, тілдегі адам факторына ерекше назар аударылуы дүниетанымның ядросы болып табылатын тілдік тұлға мəселесін жан-жақты зерттеудің қажеттілігін туындатты. Тілдік тұлға ұғымы тұлға ұғымының мəндік сапаларына жататын философиялық, психологиялық категория болып табылады. Адамның сапалық сипаттамасын беруде философтар жеке адам (индивид), тұлға даралық (индивидуалдық) тəрізді ұғымдарды қолдананады. Адам жалпы адамзат тегінің жекелеген өкілі болғандықтан индивид түрінде қарастырылып, адамзатқа ортақ жалпылама белгілері жəне өзгелерден ерекшеленетін жекелеген дара сипаттары яғни табиғи бойы, көзінің түсі, дене құрылысы жəне əлеуметтік дамуының интелектуалдық деңгейі, психологиялық қатпары, рухани мəдениетінің əртүрлі деңгейі сияқты ерекшеліктері аталады. Индивидуалдық ұғымын индивидпен байланысы олардың биологиялық жəне табиғи негізі арқылы сипатталады. «Индивидуалдық ең алдымен адамның табиғи жəне психикалық қаситеттерінен, нақтылап айтқанда, оның жадынан, темпераментінен, мінез-құлқынан, эмоционалдығынан көрінеді.
Индивидуалдық белгілер адамның саналық əрекеттерінен де, оның пікірінен, қылығынан, мəдени қажеттіліктерінен де байқалады» [2, 247 б.]. Адамның əлеуметтік қасиеттерінің жоғары деңгейі оның тұлғаға айналуы дейтін болсақ, адамның биологиялық табиғатына негізделетін индивидуалдықпен салыстырғанда тұлға мəнінің ерекшелігі оның өзін-өзі дамыту арқылы қалыптасатын əлеуметтік қасиеттерге негізделуімен сипатталады. Яғни адам неғұрлым əлеуметтік-мəдени тəжірибені, рухани құндылықтарды мол жинақтап бойына сіңірсе, соғұрлым оның тұлғасының да маңызы арта түседі. Тұлға мазмұнының жəне бағалауының компоненті ретінде оның санасының дүниетаным, адамгершілік жəне жауапкершілік деңгейі қарастырылады. Жеке тұлға сапасы жоғарыда көрсетілген сапалармен бірге қолданыстағы тілді терең меңгерген, сол арқылы өз қоғамының, өз ұлтының рухани-мəдени тұрғыдан өркендеуіне ықпал алатындай қабілетке де ие болуы қажет.
Тіл ғылымында тілді тұтынушы адамға, шығармашылық тұлғаға деген қызығушылық күшейіп, қазіргі таңда жаңаша зерттеулердің өзегіне айналған, неміс ғалымы И. Вейсгербер ұсынған тілдік тұлға идеясы - В.В.Виноградов, А.А.Леонтьев, В.И.Карасик, В.И.Шаховский сияқты т.б. орыс ғалымдарының зерттеулерінің негізінде ілгері дамыды. Ғалым Ю.Н.Караулов еңбектерінде жүйеленген «тілдік тұлға» теориясының орны бөлек. Ю.Н.Караулов өз зерттеуінде тілдік тұлғаны анықтаудың теориялық ұстанымдарын сараптай келіп, тілдік тұлғаға мынадай анықтама береді: «қоршаған ортаны терең де жан-жақты əрі дəл бейнелей алуымен жəне тілдік құрылымдық күрделігімен ерекшеленетін сөйлеу мəтіндерін жасау жəне түсіну қабілеттіктерінің жиынтығы тілдік тұлғаны білдіреді» [3, 25 б.].
Тілдік тұлғаның даралық сипатын оның шығармаларының ерекшелігін танытатын мəтіндер негізінде зерттеуге арналған еңбектер қатары көбейе түсуде. Осы тұрғыда тілдік тұлға мəселесі қазіргі орыс тіл білімі мен қазақ тіл білімінде төмендегідей бағыттарда қарастырылып келеді деп шартты түрде белгілейміз: 1) нақты тұлғаның тілін оның когнитивтік жəне прагматикалық интенцияларын назарға ала отырып талдау; 2) көптеген ғылыми еңбектерде тарихи тұлғалар тілін диахрониялық тұрғыдан сараптау орын алған;
3) бөлек-бөлек мəтіндер негізінде тілдік тұлғаны модельдеуге арналған зерттеулер де пайда бола бастады; 4) шығармадағы кейіпкерлердің тілдік тұлғасын ашу арқылы шығарма авторының тілдік тұлғасына шығуды мақсат тұтқан зерттеулер де кездеседі; 5) тілдік тұлға бойындағы қасиеттерді оның ұлттық болмысына сай қарастырған еңбектер. М.Қашқаридың тілдік тұлғасын жоғарыда қарастырылған бағыттардың ішіндегі соңғы бағыт шеңберінде негіздеуге тырысатын боламыз.
Соңғы кездері тілдік тұлғаны анықтаудың принциптерін түсіндірудің бірнеше бағытта келу үрдісі қалыптасқандығын байқауға болады:
тілдік тұлға болып табылатын жеке адам қалыптасуының негізгі жүйелерін анықтау (тегі, өмір сүрген ортасы, əдеби жəне тілдік, ұлттық-мəдени ықпал жəне т.б.);
жеке адамның тілдік тұлғалық болмысын құрайтын жеке қасиеттерін танытатын ерекшеліктерді көрсету, яғни оны өз бетінше білім алу, өзін-өзі жетілдіру, тəрбиелеу, өз тілдік тəжірибесін ұрпақтарына мұра етіп қалдыруда жеке жауапкершілігін сезіну, білім дағдыларын игеру, шеберлік дағдыларын меңгеру, игерген білімдері мен тəжірибесін болмысты өзгерту үшін қолдану т.б. қасиеттерден тұратын күрделі, көпсатылы зерттеу нысаны ретінде оның тілінің ассоциативтік-вербалдық, лингвокогнитивтік, прагматикалық деңгейлерін сипаттаудан тұратын деңгейлік талдау арқылы қарастыру қажет екені айқындалды.
Көрсетілген деңгейлердегі жеке тұлғаның ұлттық болмысын ашудың маңыздылығы туралы ғалым Ж.А.Манкееваның пікірлеріне жүгінсек: «аталған деңгейлердің дамуының белгілі бір тілдік тұлғада көрініс табуы əртүрлі дəрежеде өрістеп, түрлі сипатта көрінеді. Оның шығармашылық танымдық мазмұны дүниетанымдық, мəдени құндылықтар жүйесінен тұрады. Сондықтан тілдік тұлғаны алдымен ұлттық тілдік тұлға ретінде түсінеміз. Себебі тілдік тұлға табиғаты тұлғаның ұлттық мəдени сатысымен тікелей байланысты», – [4, 281 б.] болып шығады.
Тілдік-тарихи тұлға болып табылатын Махмұт Қашқаридың жеке адам ретінде қалыптасуының негізгі жүйесін яғни туған жері, жылы, тегі мен өмір сүрген ортасын анықтау, оның бізге жеткен жалғыз жəдігері «Диуани лұғат-ит- түрік» тілінің негізінде жүргізіледі. Себебі түркі өркениетінің шежіресін жазып, өз есімін мəңгілік еткен данышпан ғалым, кемеңгер ұстаз Махмұт Қашқаридың туған жылы мен жері, ата тегі мен өмірбаяны туралы нақты дерек жоқтың қасы. 1953 жылы «Түркиат межмуасының» 10-томында Түркия профессоры Хасан Ерен тарапынан украин шығыстанушысы Омелян Прицактың ғұламаның ата тегі мен өміріне байланысты «Махмұт Қашқари кім?» деген мақаласы аударылып, басылып шықты [5, 244 б.]. Бұл сұрақ өкінішке орай əлі күнге дейін өзінің тиісті де тиянақты жауабын алмады.«Диуани лұғат-ит-түріктің» қолжазба көшірмесінің алғашқы бетінде еңбектің авторы Махмұт ибн әл- Құсайын ибн Мұхаммед әл-Қашқари деп көрсетілген [6, 1 б.]. Әл Қашқари есіміне қарап орта ғасырда арабтардан бөлек мұсылман халықтарының ішінде де кісінің тегінен бөлек этностық, діни, саяси, əлеуметтік, ортасын да көрсететін ат қою дəстүрінің Махмұт ибн əл-Құсайын ибн Мұхаммедті де айналып өтпегенін байқаймыз [7, 43 б.]. Тегі Қашқари немесе Қашқарлы бола тұрса да, ғалымдар əкесінің Барысхан қаласынан екендігіне сүйене отырып, оның да сонда туғандығын алға тартады. Олай болатын болса не себепті Махмұт ибн әл-Құсайын өзін Қашқарлы деп көрсеткен? Бұл сұрақтың жауабын ғалым Г.Г.Мұсабаев «Махмут Кашгарский говорит, что написал он свой
«Дивану...» языком «хакания». Это литературный язык того времени. Культурный центр в то время был в г. Кашгаре. Основной частью населения Кашгара в то время были жалаиры. В VII-VIII вв. сюда прибыла группа карлуков. Поэтому опорным диалектом литературного языка был язык жалаиров, и это исторически совершенно правильно... Написав свое сочинение в Багдаде или Дамаске, Махмут Кашгарский счел целесообразным указать, что
он родом не из неизвестного Барсагына, а из известного города Кашгара» деп көрсетеді [8, 54 б]. Дегенмен, жоғарыда атап өткеніміздей «әл-Қашқари» есімінің «Диуани лұғат-ит-түріктің» жалғыз ғана сақталып қалған көшірмесінің сыртындағы титулдық бетінде кездесіп, ал еңбектің соңғы бөлімінде автордың есімі Махмұт ибн әл-Құсайын деп берілген [6, 319 б.]. Бұдан Əл-Қашқари есімін автордың өзі көрсеткенін немесе «Диуани лұғат-ит-түрік» жазылғаннан кейін 180 жыл араға салып жалғыз қолжазба көшірмесін жасаған Мұхаммед ибн Əбубəкір Əбл Фатих тарапынан жазылғаны əлі күнге дейін белгісіз. Атақты түркітанушы ғалым Əмір Наджип те өзінің «Исследования по истории тюркских языков ХІ-ХІV вв.» деген еңбегінде оның Қашқари деген лақап аты Қашқарда дəріс алып, сонда тұрғандығын ғана аңғартатынын сөз етеді [10, 33 б.]. Демек, «әл-Қашқари» есімі оның дүниеге келген жерімен байланысты болмаса, тарих бетіне өшбестей етіп өзіндік із қалдырған ғұламаның кіндік қаны тамған жер қай өлке болуы мүмкін деген сұрақ еріксіз мазалайды. Бұл жайында Қашқаританушылар арасында 3 түрлі пікір бар:
М. Қашқаридың əкесі билік құрған Барсхан қаласында дүниеге келді деген алғаш пайда болған ғылыми тұжырым. Бұл пікірді қолдаушылар А.З.Велиди Тоған, О. Прицак, Р. Дэнкофф пен Ж.Келли, И.В.Стеблева, Ө.К.Қараев сынды т.б. ғалымдар. Қаланың аталуы туралы ғұлама ескерткіште былай деп көрсетеді: «Барсхан – Афрасиабтың ұлының есімі. Барсхан қаласын салдырған сол. Бұл Махмұттың атасының шаһары. Бағзы біреулер ұйғыр хақанының Барсхан есімді ат бағары болушы еді. Осы жердің ауасы жақсы болғандықтан, жылқыны сол жерде бағушы еді, кейін келе соның есімі осы жердің атауына айналған деседі. Сөйтіп, Барсхан аталып кетті дейді» [10, T.1, 65 б.]. Барсхан Шу өзенінің жоғары ағысындағы, осы күнгі Қырғызстанның Тоқмақ қаласының жоғарғы жағында, Ыстықкөлге баратын тас жолдың бойындағы орта ғасырлық ескерткіш [11, 42 б.].
М. Қашқаридың əкесі Хүсейін Барсханнан Қашқарға көшіп келгенде туылған болса керек деген ғылыми жорамал. Бұл туралы М.Ш. Үлкүташыр, Э. Трыярски, А.Н. Кононов т.б. ғалымдар пікір айтады [12, 13, 14].
М.Қашқари жəдігеріндегі «Опал» топонимінің аясында пайда болған тұжырым. Шыңжаңдық ұйғыр аудармашылары жəдігердегі «біздің жұрттағы мекен аты» деп берілген жер атын «Опал» деп оқып, ғалымның туған жері осы деген тұжырым жасайды [15, 97 б.]. Бұл пікірді барлық Түркия жəне ұйғыр Қашқаританушылары қолдайды. Ескерткіште аталмыш сөздің харакаттары дұрыс көрінбегені үшін К. Броккельман, Б. Аталай «Абул» деп оқыған [10, T.1,102 б].
Біз жоғарыда көрсетілген ғалымдар тарапынан жасалған тұжырымдар мен болжамдарды саралай отырып, ғұламаның нақты қай жерде дүниеге келгендігі туралы соңғы пікірді қолдаймыз. М.Қашқаридың қай жылы дүниеге келген деген мəселе бойынша, ғалым А.Егеубай М.Қашқаридың «Түрік сөздігі» еңбегіне жазған алғы сөзінде О.Прицактың зерттеуіне сүйеніп, «1029-1038 жылдар аралығында туған деген болжам бар» деп түйіндесе [10, T.1, 4 б.], көптеген зерттеулерде ғалымдар ғұламаны шамамен 1029-1030 жылдары туған
деп болжам жасайды [17, 5.]. Дегенмен, ғылыми ортада М.Қашқаридың дүниеге келген жылы 1008 жыл деп бекітіліп, 2008 жылы ЮНЕСКО тарапынан
«Махмұт Қашқари жылы» деп жарияланып, ғұламаның туғанына 1000 жыл толуы халықаралық көлемде аталып өтті. Махмұт Қашқаридың түркі халықтарының ішінде нақ қай халық өкілі екені туралы да ешбір мəлімет жоқ. Рас, оны түркі халықтарының біріне телуге тарихи деректер мүмкіндік бермейді. Өйткені қараханидтер тұсындағы түркі халықтарының кейін араласып, бір-біріне өте жақын болып кеткені соншалық, белгілі бір халықтың этногенезін нақты бір тайпа құрады деп айтуға келмейді. Бір тайпаның өзі кейінгі дəуірде бірнеше халықтардың құрамына кіріп, сіңісіп кетіп отырған.
М.Қашқаридың түркі өркениет өрісіндегі тарихи-тілдік тұлға деңгейіне көтерілуі оның өскен ортасы мен отбасы тəрбиесіне тікелей байланысты екені белгілі. Оның тегінің «түріктердің қызыл тілге ең шешендерінен, ең əдемі əңгімешілерінен, ең бір зеректерінен, ең білгірлерінен, ежелгі асыл тайпаларынан» болғандығын, дəлірек айтсақ, Қарахан мемлекетін негізін қалаушы Абдулкерім Сатук Бугра-ханның ұрпағы жəне əкесі Құсайын ибн Мұхаммед Шағры Тегін Барсхан қаласының əмірі болғаны ғылымда дəлелденді [5, 244 б.]. Махмұт Қашқаридың тілдік тұлғалық болмысын құрайтын жеке қасиеттерін танытатын ерекшеліктерінің бірі оның білімпаздығы. Оның бек тұқымы бола тұра, əскери жəне əкімшілік қызметтен бас тартып, күрделі жолды – білім-іліммен шұғылдануды таңдауы. Қараханидтердің басқару кезеңі ғылым, мəдениет жəне ағарту саласының біршама дамыған уақыты болғанын білеміз. Махмұттың шешесі Бүби Рабияның əкесі Мұхаммед ибн Жүсіп өзінің жалғыз қызын ерте жастан сауаттылыққа үйретуге тырысып, қатаң адамгершілік ережелерді оқытады. Бұл Бүби Рабияға ұлы Махмұтқа жан-жақты тəрбие мен білім беруге мүмкіндік беріп, отбасылық тəрбие үрдістері мен тектілік ұғымының ана сүтімен санаға сіңірілуіне негіз болады. Анасының білімі мен тəрбиесінен сусындаған Махмұт, Қашқар қаласындағы Хамидие жəне Саджи медреселерінде оқып, Шейх Желлалидин Багдади, Шейх имам аз-Захид Хұсейін ибн Халеф ал-Кашқари сынды ұстаздардан білім алып, сауаттылығы мен біліктілігін жетілдіруі, жас талаптың өнер-білімге құштарлығын ғана қанағаттандырмай, оның жан-жақты білім парасатын, биік ой-өрісінің көкжиегін кеңейтіп, тұлғалық деңгейге көтерді. Міне осы бір М.Қашқари өміріндегі кезең ғалым Ю.Н.Карауловтың тілдік тұлға табиғатын анықтаудағы көрсеткен тұлғаның тəлім-тəрбие алған отбасы мен ортасы, тегі, білімі жəне соған сəйкес қалыптасатын өзіндік сөз қолданысының пайда болып, дəстүрлі тілді меңгеру деңгейі анықталатын алғашқы немесе нөлдік деңгейіне жатады.
Тұлға ұжымда, əлеуметтік қоғамда өмір сүретіндіктен, белгілі бір дəрежеде əлеуметтік ортада болатын тарихи өзгерістерге тікелей тəуелді. Қоғамдағы əртүрлі өзгерістер тұлғаның қалыптасуына, оның мүмкіндіктерін жүзеге асыруына қолайлы жағдай жасаумен қатар, кедергілер де жасауы мүмкін. Осы кедергілерден сəтті өту де тұлғаның сапалық қасиеттеріне жатады. Тарихи деректерге сүйенетін болсақ, 1047-1048 жылдар аралығында Қарахан мемлекетінде билік құрған Махмұт Қашқаридың атасы Мұхаммед Бугра Хан
ибн Жүсіп билікті өзінің үлкен ұлы Хұсейін Чакыр тегінге яғни Махмұттың əкесіне беруді ұйғарады. Бірақ Бугра Ханның екінші əйелі өзінің ұлы Ибрахим ибн Мұхаммедтің билікке отырғанын қалап, ханды ұлықтау салтанатында күйеуі Мұхаммед Бугра Хан ибн Жүсіпті жəне оған жақын адамдардың барлығын өлтіртіп ұлы Ибрахимді хан қылады [18, 20 б.]. Міне осындай өз ішінде бүлік шығарып, опасыздықпен жасалған қанды қырғында Махмұт отбасынан түгелдей айырылып, өміріне төнген қауіптен арылу жолында туған жерінен қол үзуге мəжбүр болады. Бұдан кейін соғысқа тоймаған Ибрахим Барсхан қаласына шабуыл жасайды. Қала иесі Инал тегінмен соғысып, сол қанды қырғында жеңіліс тауып қаза болады [19, 240 б.]
Ибрахим қайтыс болғаннан кейін М.Қашқари еліне оралмай, ұлан байтақ жерді мекен еткен түркі халықтарының барлық аймағын аралап, олардың тіліне, тарихына, əдебиеті мен мəдениетіне тағы да басқа рухани жəне материалдық құндылықтарына қатысты барлық мəліметтерді жинап, əр қырынан зерттеп-зерделеуге кіріседі. Тілдік тұлғаның қалыптасуындағы екінші деңгейі тілдік тұлғаға тəн танымдық кеңістікті құрайтын əртүрлі түсініктер мен білімі өзектеліп, тұлғаның өзіндік ғаламының тілдік бейнесі ашылып, өзіндік тілдік əлемі (тезаурусы) қалыптасуы дейтін болсақ, М.Қашқаридың өнер білім іздеп, ұлан байтақ түркі əлемін аралай жүріп ғылыми еңбек жазудағы талпынысын осы деңгейге жатқыза аламыз. Ғұламаның құнды деректер жинау мақсатында кезіп өткен жерлерін Ғ.Ғ.Мұсабаев « с целью изучения тюркских языков Махмуд Кашгарский, начиная от Китайской стены, где в то время жили тюрки, и кончая Румом, прошел по всем землям вплоть до Каспия и Кавказских гор. Все это путешествие совершалось в поисках им материала для будущего словаря» деп көрсетеді [8, 55 б.]. Соның нəтижесінде күллі батыс пен шығысты аузына қаратқан Қарахандар заманындағы ең үздік туындысы дүниеге келді.
Ғ.Ғ.Мұсабаев М.Қашқаридың жəдігерді Бағдатта жазғаны туралы түркімен зерттеушісі С.Ахалының пікірін негізге ала отырып «Кишлак Торгек Махмуд Кашгарский называет на пути в Китай, в то время как для человека, который находится в Кашгаре, этот кишлак не в Китае, а по пути в Багдад. А для того, кто находится в Багдаде, этот кишлак расположен на пути в Китай. Отсюда вывод: Махмуд Кашгарский находился в Багдаде, где и написал свой труд» деп ой түйеді [8, 54 б.]. М.Қашқаридың Бағдатқа бару себебін ғалымдар əртүрлі болжайды. О. Прицак жоғырада атап өткен 1047-1048 жылдары аралығында ішкі саяси жағдайларға байланысты түркі халықтарын аралап, бой тасалап барған деген пікір білдірсе, M.Ш.Үлкіташыр Селжұқ мемлекетінің билеушісі Мəлікшахтың əйелі Сүлейман Арслан ханның қызы Теркен Хатунның шақыруымен келген адамдар қатарында болған деген тұжырым жасайды [18]. Ғалымдардың ұлы ғұламаның Бағдатқа бой тасалап келген деген пікірлері ойға қонымсыз. Біз оның Бағдатқа келу себебін, М.Қашқаридың тарихи-тілдік тұлғасының негізі болып табылатын ұлттық болмыс-бітімін, ұлттық-рухани құндылығын, ұлтжанды сезімін, қоғамдық ой биігін көрсететін түрікшілдігімен байланыстырамыз. Бұл тұрғыдан М.Қашқаридың түрік елінің ұлылығын таныту, түрік тілінің жасампаздығын жариялау жəне түркі
өркениетінің рухани күш-жігерін, елдік парасатын жəне ғылыми дүниетанымын (арабтарға) паш ету мақсатындағы Түрікшілдігі жəдігерде төмендегідей көрініс тапқан. «Мен тәңірінің дәулет ұясын түріктер бұржысында жаратқандығын және ғарышты солардың заманы үстінде айналдырғанын көрдім. Тәңірі оларды«Түрік»депатады.Заманымыздыңхақандарын түріктерденшығарып, дәуір, халықтың ақыл-ерік тізгінін солардың қолына ұстатты; оларды адамдарға бас қылды; хақ істерде соларды қолдады; олармен бірге күрескендерді әзіз қылды әрі түріктер ішінен соларды барша тілектеріне жеткізіп, жамандардан, зұлымдардан қорғады...Пайғамбарымыз қиямет белгілері,ақырзаманбітінәләріжәнеоғыз түріктерініңжорыққашыққандығы туралы айтқанда: «Түрік тілін үйреніңіздер, сонда олардың егелігі ұзақ дәуірлі болмақ,» - деген екен. Бұл хадистің (қағида сөздің) дұрыс-бұрыстығына сол айтушы кісілердің өздері жауапкер. Бұл сөз шын болса, түрік тілін үйрену уәжіп, білген абзал, шын болмаған жағдайда, түрік тілін үйренудің зияндылығынақылажыратар» [10, T.1, 30 б.]. М. Қашқари заманында Қарахан мемлекетінде ислам діні қабылданып, ислам идеологиясы кең таралып, түркі халықтарының тұрмыс-тіршілігі, салт-санасына тез жəне оңай сіңісіп кетуінің бірден бір себебі Тəңірлік идеясы. Себебі оған дейін тылсым күш иесі жаратушының бар екендігіне жəне оның жалғыз екендігіне сеніп, Алланы көп халықтардан бұрын Тəңір деген атпен танып келген түркі халықтары үшін Ислам діні жат болмай, керісінше «Алла» ұғымымының синонимдік қатарын
«Тəңір» лексемасы толықтырды. Мəселен, М. Қашқари «Бісміллә-hір- Рәхмәнір-Рахим! Аса қамқор, ерекше мейірімді Алланың атымен бастаймын! Күллі мадақ-мақтау кемел ақыл-ой иесі, барша қасиет-құдірет,даңқ пен аса келісті санат иесі бір Тәңірге тән. Заманның ең саламат саңлақтарының ділі кесел,қызыл тілдің асқаншешендері кекеш болып қалған шақта, адал мен арам істер анық та толық баяндалған Құранды Алла Жәбірейіл арқылы Мұхаммедке түсірді. Сөйтіп тура жолды көрсетіп,бағыт сілтеушібелгіге құлабыз қойып берді» деп, еңбегін бастайды [10, 30 б.]. Дүниенің жаратылуы туралы төмендегі өлеңде М.Қашқари Тəңірді Алланың баламасы ретінде пайдаланады.