Диссертация Отандық ғылыми кеңесшілер: п.ғ. д.,профессор



бет10/63
Дата31.12.2021
өлшемі3,92 Mb.
#23522
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63
Байланысты:
3-ДИССЕРТАЦИЯ-РЫСКАЛИЕВ-С.Н.

Зерттеудің жетекші идеясы: болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігі мінез-құлықтың өзіндік үлгісі ретінде өзін-өзі анықтау, шығармашылық, рефлексия секілді ішкі ресурстар жүйесін жүзеге асыруға бағытталады.

Зерттеудің әдіснамалық негізін ұстаным ретінде тұлғалық-әрекеттік көзқарас алынды. Бұл көзқарас оқытудың басты нысаны ретінде жеке тұлға боп табылатын білім алушының өзін, яғни оның мақсаттарын, мүдделері мен қажеттіліктерін қарастырады. Педагог сабақтың оқу мақсатын анықтайды, оқу процесін бағыттайды және түзетіп отырады. Іс-әрекеттің сапасы мен нәтижесі қажеттіліктер мен мотивацияға негізделген танымдық қызығушылыққа тәуелді болмақ.

Жеке тұлғаға бағытталған тәсіл адамның ерекше даралығын анықтауға және қалыптастыруға, оның іс-әрекетінің өзіндік стилін дамытуға, жақсы қасиеттерді дамытуға және жағымсыз көріністерді бейтараптандыруға деген ұмтылысты білдіреді. Бұл оқыту мен тәрбиелеудегі барлық білім алушыны бір өлшеммен өлшейтін көзқарастан, жеке тұлғаны дамытпайтын басқарудың бюрократиялық стилінен бас тартуды, жеке тұлғаның басқарушылық қабілеттерін барынша көрсетуге жағдай жасауды, шешім қабылдаудағы өзіндік ерекшелікті талап етеді.





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет