Қазіргі таңда жалпы білім беру ілімінде басқару қызметі, оның санаты бағытында маңызды тұжырымдар қатары белгіленді. Мұғалім атқара алатын басқару қызметі туралы аталып өткен тұжырымдар мен олардың айрықша белгілерінің негізінде мұғалім атқаратын басқару функциясы белгілі түрде жинақталған құбылыс, ауқымды ұғым деген пікірге келеміз.
Сонымен бірге бұл құбылыстың өзіне тәр төмендегідей ерекшеліктері бар деген қорытынды жасауға болады: ең алдымен, басқару қызметі ұйымдастыру және әкімшілік, тәрбие, сараптамалық және сындарлы, ақпараттық-техникалық қызметтерден тұратын қызмет болып табылады. Ол арқылы білім беру үдерісін басқарудың ортақ міндеттері өз шешімін табады. Яғни бұл қызмет басқару жүйесінің бір арнасы боп есептеледі. Екіншіден, Мұғалім атқаратын басқару қызметі құндылықтар қалыптастыру және қызметтер көрсету үдерісіне септеседі, бұл қызметтің басты құралы ретінде ақпарат қарастырылады. Басқару жеке тұлғаға немесе тұлғалар тобына бағытталады. Ұйымдастыру мен басқару, техникалық және ақпараттық жүйелер бұл үдерістің басты құралдары боп табылады. Басқару бағытындағы педагогикалық шешім осы үдерістің еңбек нәтижесі ретінде сипатталады. Сонымен бірге, бұл қызмет - жеке тұлғаға жоғары талаптар қоятын ерекше, бірегей қызмет түрі.
Ғылыми әдебиеттерді талдау нәтижесінде көз жеткізгеніміздей, мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігі басты және салалық құзыреттіліктер бағытындағы маңызды құбылыс ретінде қабылданады. Аталған құбылыс мазмұнын құрайтын бағыттарға басқару туралы теориялық және тәжірибелік ілім, білік-дағдылар, мектеп ауқымындағы оқу үдерісін болжалды жоспарлау, оның моделін құру, оқыту әдістемесі арнасын тиісті игеру, өзіне тиесілі бағыттағы қызметті меңгеру, сонымен қатар оқушылардың оқу процесінде олардың іс-әрекетін басқару, оқыту кезінде технологияларды іріктеу және барабар тиімді пайдалану, мектепте осындай технологияларды іріктеу мен пайдалануды басқару; мұғалімнің жеке тұлғалық қасиеттерін жетілдіру арқылы оқыту процесінде басқарушылық функцияларды іске асыру, басқару саласында жаңа білім мен дағдыларды өз бетінше алу, өз қызметінің барысы мен нәтижелерін ұғыну негізінде кәсіби құзыреттілікті жетілдіру енеді.
Білім беруді жаңарту оның мазмұнын жаңарту ғана емес. Оны оқу үдерісін ұйымдастыруды, бағалау жүйесін, "мұғалім - оқушы" өзара қарым – қатынас жүйесін жаңарту, білім берудің барлық компоненттерінде-мазмұнын, әдістерін, нысандары мен құралдарын жаңарту деп түсінгеніміз абзал.
Ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде жаңартылған білім беру мақмұны жағдайында болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру моделі әзірленді. Модель мақсатты, диагностикалық, мазмұнды, ұйымдастырушылық және нәтижелік блоктарды қамтиды.
Болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың компоненттері, критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды.
Достарыңызбен бөлісу: |