Диссертация Отандық ғылыми кеңесшілер: п.ғ. д.,профессор


ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ



бет35/63
Дата31.12.2021
өлшемі3,92 Mb.
#23522
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63
Байланысты:
3-ДИССЕРТАЦИЯ-РЫСКАЛИЕВ-С.Н.

ЗЕРТТЕУ ӘДІСТЕРІ МЕН ҰЙЫМДАСТЫРЫЛУЫ




      1. Зерттеудің мақсаты, міндеттері және әдістері


Бұл бөлімде біз эксперименттік зерттеудің негізгі әдіснамалық тәсілдерін, әдістерін және ұйымдастырылуын баяндауға тырыстық.

Зерттеуде қолданылатын әдістер әдіснамалық көзқарастар аясындағы әдістер болуы тиіс, олардың мәні төменде келтірілетін анықтамаларда ашылады.

Болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігінің табиғатын зерттеу үшін біз осы мәселеге жүйелік, белсенді, тұлғаға бағытталған, құзыреттілік және аксиологиялық көзқарастар өкілдерінің әртүрлі ұстанымдарын талдаймыз.

Жүйелік көзқарас ғылымда көптеген теориялық және қолданбалы міндеттерді шешуде кеңінен қолданылады. Жүйелік көзқарастың негіздері Б.Г. Ананьева [35], Ю.И. Лебедева [160], Э.Г. Юдин [161] және т.б. еңбектерінде келтірілген. Жүйелік көзқарастың ерекшелігі сол - оның құрайтын элементтер бір-бірінен мейлінше тәуелсіз болғанымен, олар бір- бірінен мүлде бөлек зерделенбейді. Яғни олар үнемі бір -бірімен тек тығыз байланыста кешенді түрде әрекет етеді деп есептеледі. Оған қоса қандай да бір нысан өз алдына дербей жүй деп қарастырылады және өзінен үлкен жүйенің құрамдас бөлігі ретінде де қызмет атқарады.

Біз жүйелік көзқарас қағидаттарын "басқарушы бағытында құзыретті болу" түсінің өн бойында берік орналасқан деп есептейміз, ал ол болашақ мұғалімнің ішкі ресурстар жүйесі ретінде анықталады [162] .

Сонымен қатар болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың біз жасаған моделі 5 блок жүйесінде ұсынылған: мақсаттылық, диагностикалық, мазмұндық, ұйымдастырушылық және нәтижелік.

Іс-әрекеттік көзқарасты көптеген ғалымдар әртүрлі қызмет түрлеріндегі құзыреттілікті анықтау үшін негіз ретінде қолданады, өйткені құзыреттілікті біреуге ақпарат түрінде беру мүмкін емес. Ол тек қызметте, өз тәжірибесін өзгерту процесінде қалыптасуы мүмкін (А.Н. Леонтьев [163], С.Л. Рубинштейн [39], Г.П. Щедровицкий [164] және т.б.).

Бұл көзқарас іліміне сәйкес, оқиға немесе құбылыс әлеуметтік қатынастар жүйесіне енгізілген оған қатысушылардың (басқарушы мен басқару бағытталған субъектінің) қызметі (басқару) ретінде зерделенсе, ал осы қызметтің нысаны да, мәні де адам тұлғасы болып табылады.

Осы көзқарас аясында Л.Н. Берестова «басқарушылық құзыреттілік» ұғымына білім, басқарушылық білік пен дағдыларды енгізеді [165].

Л.И. Панарин сонымен қатар басқарушылық құзыреттілікті кәсіби білімді іс жүзінде қолдануға дайын болу және өз жұмысындағы коммуникативті, конструктивті және ұйымдастырушылық дағдылардың жиынтығы ретінде анықтайды [166].

Т.И. Шамова [27] және т.б. зерттеушілер пікірінше, басқарушылық құзыреттілік ұғымы лауазымдық өкілеттіктерді кәсіби орындауға керекті білім мен басқару дағдыларынсыз әрекет ете алмайды, яғни олар құзыреттілік ұғымының ажырамас бөлшектері.

В.И. Бондарьдің ойынша, іс-әрекеттік көзқарас тұрғысынан қарағанда, басқару құзыреті, бір жағынан, білім мен дағдылар жиынтығы, екіншіден, ол басқару функцияларын орындауға дайын болу дегенді білдіреді [167].

Осылайша, іс-әрекеттік көзқарас тұрғысынан басқарушылық құзыреттілікті теориялық (қолдану деңгейіндегі білім) және практикалық (функцияларды, әрекеттерді, операцияларды орындау сияқты дағдылар) басқарушылық қызметке дайындық ретінде қарастыруға болады.

Білім берудегі тұлғаға бағытталған көзқарас адамның жеке тұлға ретіндегі әлеуметтік, белсенді және шығармашылық болмысы туралы идеяларды бекітеді (Е. В. Бондаревская [168] және т.б.).

Бұл тәсіл педагогикалық процесті құру мен жүзеге асыруда адамға осы процестің мақсаты, субъектісі, нәтижесі және оның тиімділігінің басты өлшемі ретінде қарауды білдіреді.

Мұғалімнің ерекшеліктерін зерттеу және «басқарушылық құзыреттілік» ұғымын анықтауда Р. Бояцис тұлғаға бағытталған көзқарасқа сүйенеді, ол басқарушылық құзыреттілікті жеке сипаттамалардың анықталған моделіне сәйкес құрылымдайды. Аталмыш модель көшбасшы қабілеттерінің ішіндегі көшбасшылық, қарамағындағы тұлғаларды басқару, мақсаттар мен іс- әрекеттер, адами ресурстарды басқару секілді «шекті» және «ерекше» топтарынан тұрады [169].

Р.Л. Кричевский көшбасшының басқару құзыреттілігіне тұлғалық қабілеттердің ортақ ауқымын қосуға болады деп санайды. Ол өз кезегінде көшбасшы қызметінің нәтижелілігін арттырмақ. Аталмыш қабілеттер ішіне басымдылықтарды айқындай алу, өз сезімдерін игере алу, іске шығармашылық тұрғыдан қарау, жауапкершіліктің жоғары дәрешесіне ие болу, тез тіл таба білу, өзіне деген жоғары сенімділік секілді қасиеттер кіреді. Олар көшбасшының кәсіби қызметіне шығармашылық көзқарасты жүзеге асыру қабілетін анықтайды [170].

Осылайша, жоғарыда келтірілген талдау жеке тұлғаға бағытталған кзқарас аясында басқарушылық құзыреттілік болашақ мұғалімнің жеке сипаттамаларының белгілі бір моделі түрінде ұсынылатындығын дәлелдеп отыр. Ол, сонымен қатар, өзге позициялар және басқа көзқар астар аясында анықталған басқарушылық құзыреттілік тұжырымдамасының құрылымына да ене алады.

Құзыреттілік көзқарас шеңберіндегі «басқарушылық құзыреттілік»

ұғымын қарастырайық.

Расында да, құзыреттілік көзқарас идеялары қазіргі педагогикалық теорияларда кең көрініс тапты. Ғалымдар [171] құзыреттілік тәсіл - бұл білім беру нәтижесіне назар аударатын тәсіл, ал нәтиже ретінде алынған ақпараттың

мөлшері емес, жеке тұлғаның түрлі қиындық дәрежесіндегі жағдаяттардағы өз-өзін ұстай білу қабілеті ретінде зерделенеді.

Қазіргі таңда өзін-өзі анықтау, өзін-өзі тану, әлеуметтену және даралықты дамыту білім берудің басым мақсатты бағыттарына айналып отыр. Бұл мақсаттарға қол жеткізудің толық мәндегі жаңа құралы ретінде құзыреттілік және құзыретті болу қарастырылуда. Бұл ретте, олардың біріншісі «заттар мен процестердің белгілі бір шеңберіне қатысты анықталатын өзара байланысты жеке қасиеттердің жиынтығын қамтиды», ал екіншісі «адамның өзіне және қызмет объектісіне жеке көзқарасын қамтитын тиісті құзыреттілікке ие болуымен, иеленуімен» байланысты.

Зерттеудегі құзыреттілік көзқарас аясында біз «басқарушылық құзыреттілік» ұғымын іс-әрекеттерді орындауға дайындық, шешім қабылдауға дайындық ретінде анықтаймыз.

Аксиологиялық көзқарас қазіргі таңда кең ауқымда таралып келе жатқан көзқарас ретінде мәлім. Бұл қазіргі жағдайда білім берудің құндылықтық парадигмасына көшудің білім беру жағдайын дамытудың маңызды тенденциясына айналуымен байланысты. Қоғамдық қарым-қатынастарды жаһандық тұрғыдан ізгілендіру негізінде басты құныдылтардың бірі ретінде қарастылып отырған құндылық білім болып табылады; ал білім беру үдерісіне қатысушы тараптардың құзыреттілігі жалпы білім үдерісінің негізгі де басым құндылығы.

Гуманизация, яғни ізгілендіру үдерісінен жалпы білім берудегі басқару да шет қала алмайтындығы белгілі. Бұл бағыттағы белгілі түрдегі терең тұжырымдарды И.Б. Котова [172], В.А. Сластенин [173] және т.б. ғалымдардың еңбектерінде келтірілген басқару қызметіне берілген аксиологиялық анықтамалардан көре аламыз.

Адамдар арасындағы өзара әрекеттесу адамзат қоғамын ізгілендіру жағдайындағы басқарушылық қызметтің негізі болып табылады. «Қолдаушы басқару» деген атау алған мұндай қызмет қазіргі басқару теориясында берік орныққан. Ол теңдікке негізделген қарым-қатынастар құру, қиындықтарды оңтайлы шешу мақсатындағы жеке қабілеттерді ұлғайтуға бағытталған ізгілендіру технологиялар мен тәсілдерді пайдалану қажеттігі, қойылған мақсатқа оңтайлы жетуден туындайды. Атап айтқанда, аксиологиялық көзқарас басқаруды білім үдерісіне қатысушылардың белгілі теңдік жағдайында қызмет атқаруға деген үмтылысы, негізінде тараптар арасындағы бірлескен іс-әрекет жатқан қимыл деп түсіндіреді. Кез-келген өзге де бірлескен іс-әрекет сияқты, субъектілар арасындағы өзара әрекет қарым- қатынастан тыс мүмкін бола алмайды. «Қарым-қатынас - бұл «өзгелермен» де, айналасындағы адамдармен өзара әрекеттесу процесінде де диалог түрінде болатын рухани құндылықтармен алмасу...».

Бұл анықтамада біз қадағалай алатын байланыс-диалог-құндылықтар секілді мәнді қисынды тізбек жатыр. Басқару қызметіне орай диалог негізіндегі қатынасты алғышарт немесе тетік, басқару үдерісіне қатысушы тұлғалар арасындағы жеке байланыстарды реттеу тәсілі боп та

қарастырылады. Белгіленген контексте менеджмент болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігін анықтайтын басқару қызметінің мақсаттарына жету үшін өзгелерді түсінуге және қабылдауға бағытталған диалог аясында білім беру процесі субъектілерінің қатынастарын үйлестіру ретінде анықталады.

Сонымен, аксиологиялық көзқарас аясында басқару құзыреттілігін қалыптастыруды болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық позициясын қалыптастыру ретінде қарастыруға болады.

Ұсынылған әдіснамалық көзқарастар диссертациялық жұмыста қолданылған әдістердің тұжырымдамалық мәнін көрсетеді.

Болжамды тексеру сауалнама, сұхбаттасу, қадағалау, тестілеу, қызмет

нәтижелерін саралау, нормативтік, педагогикалық, әдістемелік құжаттарды саралау, бірегей ұстаздық тәжірибені жинақтау, педагогикалық модельдеу, эксперимент (айқындаушы және қалыптастырушы) сынды зерттеу әдістерінің жиынтығымен қамтамасыз етілді.

Әр әдістің мақсаты, бағыты және мәні төменде келтіріледі:



  1. Сауалнама жүргізу - сауалнамада көрсетілген ережелер бойынша респонденттің (яғни сұралушының) сауалнама парағын (яғни сауалнаманы) өз бетінше толтыруы арқылы сұрау әдісі.

Біз коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерін (КҰҚ) бағалау әдістемесін (В.В. Синявский, В.А. Федоришин) қолдандық.

Мазмұны бойынша адамның басқа адамдармен белсенді өзара

әрекеттесуімен байланысты кәсіптерде коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттер негізгі болып табылады, онсыз жұмыс сәтті бола алмайды. Осындай мамандықтар қызметкерлері қызметінің негізгі мазмұны - ұжымдарды басқару, оқыту, тәрбиелеу, адамдарға мәдени- ағартушылық және тұрмыстық қызмет көрсету және т.б. Сұралушының жауаптарының нәтижелері бойынша оның коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділігінің сапалық ерекшеліктерін анықтауға болады.

Нұсқаулық: Әр сұраққа «иә» немесе «жоқ» деп жауап беру керек. Егер сізге жауап таңдау қиын болса да, сіз бәрібір жауаптардың біреуін таңдауыңыз керек. Жауап бланкісінде "Иә" жауабын " + " белгісімен, "жоқ" жауабын - «-» белгісімен белгілеңіз .

Жауап бланкісі берілді.

Нәтижелерді өңдеу және түсіндіру: Деректерді сандық өңдеу үшін идеалды жауаптар көрсетілген кестелер қолданылды (коммуникативті және ұйымдастырушылық бейімділіктер максималды түрде көрсетілген).



Кесте 4 ‒ Коммуникативті бейімділік


1.

+

11.

-

21.

+

31.

-

2.




12.




22.




32.




3.

-

13.

+

23.

-

33.

-

4.




14.




24.




34.




5.

+

15.

-

25.

+

35.

-

6.




16.




26.




36.




7.

-

17.

+

27.

-

37.

+

8.




18.




28.




38.




9.

+

19.

-

29.

+

39.

-

10.




20.




30.




40.



Кесте 5 ‒ Ұйымдастырушылық бейімділік




1.




11.




21.




31.




2.

+

12.

-

22.

+

32.

-

3.




13.




23.




33.




4.

-

14.

+

24.

-

34.

+

5.




15.




25.




35.




6.

+

16.

-

26.

+

36.

-

7.




17.




27.




37.




8.

-

18.

+

28.

-

38.

+

9.




19.




29.




39.




10.

+

20.

-

30.

+

40.

-

Коммуникативтік қабілеттер - келесі сұрақтарға "иә" жауаптары берілген: 1, 5, 9, 13, 17, 21, 25, 29, 33, 37; және мына сұрақтарға "жоқ" жауабы берілген:

3, 7, 11, 15, 19, 23, 27, 31, 35, 39.

Ұйымдастырушылық қабілеттері-келесі сұрақтарға "иә" жауаптары берілген: 2, 6, 10, 14, 18, 22, 26, 30, 34, 38; және мына сұрақтарға "жоқ" жауабы

берілген: 4, 8, 12, 16, 20, 24, 28, 32, 36, 40.

Әдістеменің әр бөлімі бойынша кілтпен сәйкес келетін жауаптар саны есептеледі, содан кейін бағалау коэффициенттері формула бойынша коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттер үшін бөлек есептеледі. Есептеу К = 0,05 . С формуласы бойынша жүргізілді. Мұндағы К - бағалау коэффициентінің шамасы, С – кілтпен сәйкес келетін жауаптар саны.

Бағалау коэффициенті 0-ден 1-ге дейінгі мәнге ие болуы мүмкін. 1-ге жақын көрсеткіштер коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттердің жоғары деңгейін көрсетеді, 0-ге жақын көрсеткіштер коммуникативті және ұйымдастырушылық қабілеттердің төмен деңгейін көрсетеді. Зерттелетін қабілеттердің келесі деңгейлерін ажыратуға болады.

Кесте 6 ‒ Коммуникативтік бейімділіктерді бағалау шкаласы



К


Коммуникативтік

бейімділіктердің көріну деңгейі

Деңгей түсіндірмесі



0,10 – 0,45

1

төмен

0,45 – 0,55

2

ортадан төмен

0,56 – 0,65

3

орташа

0,66 – 0,75

4

жоғары

0,75 – 1,0

5

өте жоғары

Кесте 7 ‒ Ұйымдастырушылық бейімділікті бағалау шкаласы

К


Ұйымдастырушылық

бейімділіктердің көріну деңгейі

Деңгей түсіндірмесі



0,20 – 0,55

1

төмен

0,56 – 0,65

2

ортадан төмен

0,66 – 0,70

3

орташа

0,71 – 0,80

4

жоғары

0,81 – 1,0

5

өте жоғары

Алынған нәтижелерді талдау

  1. бағасын алған қатысушылар коммуникативті және ұйымдастыру- шылық бейімділіктің төмен деңгейімен сипатталады.

  2. бағасын алған қатысушылардың коммуникативті және ұйымдастыру- шылық бейімділіктері орта деңгейден төмен. Олар қарым-қатынасқа ұмтылмайды, жаңа компанияда, ұжымда өзін шектеулі сезінеді; олар өздерімен-өздері жалғыз уақыт өткізгенді жөн көреді, таныстарын шектейді; адамдармен байланыс орнатуда және аудитория алдында сөйлеу кезінде қиындықтарға тап болады; бейтаныс жағдайда абдырап қалады; өз пікірлерін қорғамайды, ренішті терең қабылдайды; қоғамдық өмірге араласуы өте төмен, көптеген мәселелерде олар тәуелсіз шешімдер қабылдаудан аулақ болғанды жөн көреді.

  3. бағасын алған субъектілерге коммуникативті және ұйымдастыру- шылық бейімділіктің орташа деңгейі тән. Олар адамдармен байланыс орнатуға тырысады, таныстарының шеңберін шектемейді, өз пікірлерін қорғайды, жұмысын жоспарлайды, бірақ олардың бейімділігінің әлеуеті жоғары тұрақтылықпен ерекшеленбейді.

  4. бағасын алған қатысушылар коммуникативті және ұйымдасты- рушылық бейімділіктің жоғары деңгейі бар топқа жатады. Олар жаңа ортада абдырап-саспайды, достарды тез табады, үнемі таныстарының шеңберін кеңейтуге тырысады, қоғамдық қызметпен айналысады, туыстары мен достарына көмектеседі, қарым-қатынаста бастама көтереді, қоғамдық іс- шараларды ұйымдастыруға қуана қатысады, қиын жағдайда тәуелсіз шешім қабылдауға қабілетті.

  5. бағасын алған қатысушылар коммуникативті және ұйымдастыру- шылық бейімділіктердің өте жоғары деңгейіне ие. Олар қарым-қатынас жасау қажеттілігін сезінеді және оған белсенді түрде ұмтылады, қиын жағдайларда тез жол таба алады, жаңа командада өзін еркін ұстайды, бастамашыл, маңызды мәселеде немесе қиын жағдайда өз бетінше шешім қабылдағанды жөн көреді, өз пікірлерін қорғайды, бейтаныс компанияға тез кіріге алады, әртүрлі ойындар, іс-шаралар ұйымдастыруды ұнатады. Олар өздерін қызықтыратын қызметте табанды да төзімді. Олардың өздері қарым-қатынас пен ұйымдастырушылық қызметке деген қажеттіліктерін қанағаттандыратын істерді іздейді.

  1. Тест-Сауалнама. Табысқа жету мотивациясы және сәтсіздіктен қорқу (А.А. Реан)

Төмендегі мәлімдемелердің әрқайсысымен келісу немесе келіспеу керек:

әр мәлімдеме нөмірінің жанында "иә" немесе "жоқ"деп жазыңыз. Әр мәлімдеме туралы ұзақ ойланбастан тез жауап беріңіз. Әдетте, ойға клген бірінші жауап ең дәл әрі дұрыс жауап болып табылады.

Сауалнамада барлығы 20 сұрақ бар. Мысалы:


  1. Жұмысқа кіріскен уақытта, өз табыстылығыма сенемін.

  2. Қызметте белсендімін.

  3. Бастама көтеруге бейіммін.

  4. Жауапты тапсырмаларды орындау кезінде мүмкіндігінше олардан бас тарту себептерін табуға тырысамын.

  5. Мен жиі шекті тапсырмаларды таңдаймын: немесе тіпті жеңіл тапсырмалар немесе әсіре қиын тапсырмалар.

Нәтижелерді өңдеу: 1-3, 6, 8, 10-12, 14, 16, 18-20 мәлімдемелермен келісу

("иә") барысында әр сәйкестік үшін 1 баллдан беріледі; 4, 5, 7, 9, 13, 15, 17 мәлімдемелермен келіспеушілік ("жоқ") орын алса – осы пункттер бойынша әр "жоқ" деген жауап үшін 1 баллдан беріледі.

Нәтижелері: – 1-ден 7 баллға дейін - сәтсіздіктен қорқу анағұрлым айқын; 14-тен 20 баллға дейін - табысқа жетуге деген ұмтылыс айқын көрінеді. – 8- ден 13 баллға дейін қоса алғанда - белгілі бір айқын бағытталған тенденция жоқ, бірақ 8-9 балл сіз сәтсіздіктерден аулақ болуға бейім екеніңізді білдіреді (әрдайым болмаса да), ал 12-13 - табысқа жетудің мотивациясы сізге жақын екендігі туралы дәлелдейді.

Сауалнаманың толық мәтінімен қосымша Б-дан танысуға болады.



  1. Әңгіме. Біз бұл әдісті өзіміз жасаған моделді және студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістерін апробациядан өткізу кезінде қолдандық. Үйірме жұмысын ұйымдастыру барысында студенттермен олардың өмірлік құндылықтарын, дүниетанымдық ұстанымдарын және т.б. анықтау бағытында әңгімелесу өткізілді.

  2. Бақылау - нақты объектілерді әдейі, мақсатты қабылдаудан тұратын таным әдісі.

Бақылау түрлері:

  • Құрылымдық бақылау - бұл жоспар бойынша жүзеге асырылатын бақылау, құрылымданбаған бақылау - бұл тек бақылау объектісі анықталған байқау;

  • Далалық бақылау - бұл табиғи жағдайда байқау; зертханалық бақылау - бұл объект жасанды түрде жасалған жағдайда болатын бақылау;

  • Тікелей бақылау. Бұл бақылау барысында объект бақылаушының сезім мүшелеріне тікелей әсер етеді; жанама бақылау дегеніміз - объектінің бақылаушының сезім мүшелеріне әсері құрылғы арқылы жүзеге асырылатын бақылау.

Біздің зерттеуіміз аясында біздің байқау объектіміз ретінде 3 курс студенттері таңдап алынды. Студенттерді бақылау дәріс, семинар сабақтары кезінде, сондай-ақ сөз сөйлеу кезінде жүргізілді. Негізгі назар белсенділіктің көрінісі, мотивация, өз позициясын қорғау, көзқарастар сияқты сәттерге аударылды.

  1. Тестілеу біз әзірлеген «Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» атты элективті курсты оқу процесіне енгізгенге дейін және одан кейін білім алушылардың білімі мен іскерлігін меңгеру деңгейін анықтау үшін онлайн форматта өтті. Төрт жауап таңдау мүмкіндігі бар 100 тест тапсырмасы жасалды. Бұл тесттің ерекшелігі, ол студенттердің дұрыс және бұрыс жауаптарының санын дереу шығарып отырды. Тест тапсырмалары қосымшада орналасқан ( Қосымша Г ) .

  2. Қызмет өнімдерін талдау. Элективті курсты енгізу аясында біз студенттердің эссе, жоба, жағдайды шешу, педагогикалық міндеттер түріндегі өзіндік жұмыстарын талдадық.

  3. Нормативтік, педагогикалық және әдістемелік құжаттаманы зерделеу. Төмендегі құжаттарға талдау жасалды:

-«Педагогтің кәсіби стандарты» «Атамекен» Қазақстан Республикасы Ұлттық кәсіпкерлер палатасы, 2017 жылғы 8 маусымдағы № 133 бұйрығы

  • Орта білім мазмұнын жаңарту: сұрақтар мен жауаптар. «Өрлеу» Біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ филиалы, Астана қ. бойынша Педагог қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты – Астана, 2017 ж. – 18 бет.

  • «2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы білім беретін мектептерінде білім беру процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы» Нұсқаулық-әдістемелік хат.

- Қазақ спорт және туризм академиясының «5В010800-Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша 2018-2019 оқу жылының 7 семестрінің жұмыс оқу бағдарламалары. Түскен жылы: 2015 жылы.

  1. Озық педагогикалық тәжірибені қорыту. Қорыту - бұл объектілердің жалпы маңызды белгілерін анықтау арқылы таным әдісі. Бұл анықтамадан қорытудың объектілердің маңызды белгілерін анықтауға бағытталған талдау мен синтезге, сондай-ақ жалпы маңызды белгілерді анықтауға мүмкіндік беретін салыстыруға негізделгендігін түсінеміз.

Біздің зерттеуімізде ғылыми әдебиеттерді талдау және озық тәжірибені

зерттеу негізінде төмендегідей жоғары оқу орындарының дене мәдениеті мамандарын даярлау тәжірибесі зерделенді:



  1. Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университеті, Беларусь Республикасы. Спорт және туризм менеджменті институты

Мамандарды даярлап, бітіртуші кафедраларды қамтитын спорт, туризм және қонақжайлылық менеджменті факультетінде (деканның басшылығымен) жоғары білімнің бірінші және екінші сатыларында бюджеттік және ақылы негізде, күндізгі және сырттай білім алу нысандарында мамандар даярлау жүзеге асырылуда.

  1. Ресей көлік университеті

38.04.02. Менеджмент. Спорт индустриясындағы менеджмент.

  1. Модельдеу – бұл объектіні жанама пайдалану әдісі. Бұл жағдайда объектінің өзі зерттелмейді, бірақ оған объективті түрде сәйкес келетін көмекші жасанды немесе табиғи жүйе, таным мақсаты үшін маңызды тараптармен ерекшеленетін, оны танымның белгілі бір кезеңдерінде алмастыра алатын және оны зерттеу кезінде белгілі бір объект туралы ақпаратқа айналатын және эксперименттік тексеруге мүмкіндік беретін жүйе зерттеледі.

Модельдеу әдісі - ғылыми зерттеулердің арнаулы әдістерінің бірі. В.В. Краевский [18] «моделдеу ғылымның теориялық деңгейін жоғарылату міндетіне байланысты ерекше мәнге ие болады, өйткені ол абстракция мен идеализациямен тығыз байланысты, ол арқылы модельде көрсетілген модельденген объектілердің жақтары таңдалатынын» атап өтеді. Оның пікірінше, модель - бұл зерттеу нысанының жеке қырларын, функцияларын қайталайтын элементтер жүйесі.

Көріп отырғанымыздай, модельдің көптеген анықтамалары бар, олардың бір-біріне қарама-қайшы емес, керісінше бір-бірін әртүрлі позициялардан толықтырады.

Сонымен, модель дегеніміз-нақты объектінің, процестің немесе құбылыстың жеңілдетілген көрінісі (қозғалмайтын және динамикалық (уақыт өте келе өзгеретін).

Біздің жұмысымызда болашақ дене шынықтыру мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру моделі әзірленді, оған 6 блок кіреді: мақсаттық, диагностикалық, мазмұндық, ұйымдастырушылық және нәтижелілік.



  1. Эксперимент (айқындаушы және қалыптастырушы).

Эксперименттік жұмыс барысында анықтау эксперименті кезеңінде студенттердің басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасуының бастапқы деңгейін анықтау мақсаты қойылып, ал қалыптастырушы эксперимент кезеңінде келесі міндеттер шешілді:

  • студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға қажетті ресурстарды анықтау және тарту.

  • студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру моделін әзірлеу, енгізу және әзірленген модельдің тиімділігін негіздеу.

  • студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін әзірлеу және апробациядан өткізу.





      1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет