Диссертация Отандық ғылыми кеңесшілер: п.ғ. д.,профессор
3-ДИССЕРТАЦИЯ-РЫСКАЛИЕВ-С.Н.
Сондай-ақ, біз мұғалімнің басқару қызметінің функцияларын анықтауға тырыстық. Ғылыми әдебиеттерді талдау ғалымдар келесі басқару функцияларын анықтайтындығын көрсетті: Жобалау (қызметті талдау, жоспарлау және болжаумен байланысты) Конструктивті (әртүрлі басқарушылық шешімдерді әзірлеу және қабылдау, нақты кәсіби іс-әрекеттерді орындау саласына жатады) Жұмылдыру (бағынышты тұлғалардың, ұжымның қызметін жұмылдыру және ынталандыру саласына жатады) Коммуникативті (іскерлік қатынастарды құру және сыртқы ортамен байланысты ұйымдастыру саласына жатады) Ұйымдастырушылық (қызметті ұтымды ұйымдастыруға, оны бақылау мен үйлестіруге жатады). Е.Ю. Зимина мұғалімнің басқарушылық қызметінің келесі негізгі функцияларын анықтайды [109]: ақпараттық-аналитикалық; мотивациялық-мақсатты; жоспарлы-болжамдық; ұйымдастырушылық-орындаушылық; реттеуші-түзету. Ғалымдардың ұстанымдарын ескере отырып, біз жоспарлау, ұйымдастыру, үйлестіру сынды басқару функцияларына сүйенеміз. Таңдалған компоненттер мен өлшемдерге сәйкес болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігінің қалыптасу деңгейлері төмендегіше анықталады: Қарапайым (төмен) деңгей: білім алушы бұл ретте басқару бағытындағы қызмет атқаруда қажетті білім-білік пен дағдылар турасындағы жалпылама ұғымы бар. Білім алушы басқару туралы білімді, алайда жинақтаған білімі таяз. Жекелеген нақтылы жағдаятта түлек басынан өткеретін қиындықтар шоғыры бар. Түлектің басқару саласындағы жинақтаған білік-дағдылары мейлінше үстірт болғандықтан, ол жекелеген жағдаяттарда атқарылатын іс- әрекеттер турасында білуі мүмкін, ал басқару қызметін оздыру бағытындағы қимылдары негізсіз әрі үстірт. Жетік (орта) деңгей: басқару қызметін атқару бағытында қандай да бір білім мен дағды жиынтығы қалыптасқан. Басқару турасындағы меңгерген ақпараты мейлінше мол. Ол көп нәрсені біледі, бірақ барлық білім жеткілікті терең емес. Нақты, практикалық жағдайларда басқарушылық білім мен дағдыларды қолдану кезінде болашақ мұғалім кейбір қиындықтарға тап болады. Ол басқару әрекеттерін тек мұғалімнің көмегімен дұрыс және толық орындай алады. Кәсіби (жоғары) деңгей: басқару қызметін орындау туралы белгілі білім- дағды дәрежесі мейлінше қалыптасқан, сонымен бірге білім өресі кең. Белгілі бір дағдыларды қажет ететін жағдаяттарда түлек өзін еркін ұстайды, туындаған қиындықтарды жеңе біледі, іс-әрекетті саналы түрде екшеп атқарады, дербестікке ие, басқарушылық әрекеттері дұрыс таңдалған және толық. Басқарушылық құзыреттілікті қалыптастырудың негізгі кезеңдері: рефлексиялық (сезіну), құндылықтық (ұғыну), проективтік (жобалау) болып табылады. Параграф бойынша түйіндеме: ғылыми әдебиеттерді талдау негізінде болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру моделін жасауға тырыстық. Болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың компоненттері, критерийлері, көрсеткіштері мен деңгейлері анықталды. жүктеу/скачать 3,92 Mb. Достарыңызбен бөлісу: |