Диссертация Отандық ғылыми кеңесшілер: п.ғ. д.,профессор



бет37/63
Дата31.12.2021
өлшемі3,92 Mb.
#23522
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63
Байланысты:
3-ДИССЕРТАЦИЯ-РЫСКАЛИЕВ-С.Н.

тарау бойынша тұжырым


Қарастырылған ғылыми зерттеу әдістері жұмыс барысында өзіндік жеке ақпарат пен негіздемелер жинақтап,жүргізуге нақты құрал ретінде пайдаланылды. Зерттеу нәтижесінде әдістер өз тиімділігін көрсете білді:

  1. Сауалнама жүргізу - сауалнамада көрсетілген ережелер бойынша респонденттің (яғни сұралушының) сауалнама парағын (яғни сауалнаманы) өз бетінше толтыруы арқылы сұрау әдісі.

Біз коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерін (КҰҚ) бағалау әдістемесін (В.В. Синявский, В.А. Федоришин) қолдандық.

  1. Тест-Сауалнама. Табысқа жету мотивациясы және сәтсіздіктен қорқу (А.А. Реан)

  2. Әңгіме. Біз бұл әдісті өзіміз жасаған моделді және студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістерін апробациядан өткізу кезінде қолдандық. Үйірме жұмысын ұйымдастыру барысында студенттермен олардың өмірлік құндылықтарын, дүниетанымдық ұстанымдарын және т.б. анықтау бағытында әңгімелесу өткізілді.

  3. Бақылау - нақты объектілерді әдейі, мақсатты қабылдаудан тұратын таным әдісі.

  4. Тестілеу біз әзірлеген «Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» атты элективті курсты оқу процесіне енгізгенге дейін және одан кейін білім алушылардың білімі мен іскерлігін меңгеру деңгейін анықтау үшін онлайн форматта өтті. Төрт жауап таңдау мүмкіндігі бар 100 тест тапсырмасы жасалды. Бұл тесттің ерекшелігі, ол студенттердің дұрыс және бұрыс жауаптарының санын дереу шығарып отырды. Тест тапсырмалары қосымшада орналасқан.

  5. Қызмет өнімдерін талдау. Элективті курсты енгізу аясында біз студенттердің эссе, жоба, жағдайды шешу, педагогикалық міндеттер түріндегі өзіндік жұмыстарын талдадық.

  6. Нормативтік, педагогикалық және әдістемелік құжаттаманы зерделеу

  7. Озық педагогикалық тәжірибені қорыту.

  8. Модельдеу – бұл объектіні жанама пайдалану әдісі.

  9. Эксперимент (айқындаушы және қалыптастырушы).

Зерттеудің міндетіне сәйкес ғылыми әдістер анықталғаннан кейін педагогикалық эксперименттің негізгі кезеңдері анықталды.Анықтаушы эксперимент барысында біздің ең негізгі зерттеу құралымыз Google форма сияқты онлайн сервисті пайдалану арқылы әзірленген диагностикалық материалдарды сынақтан өткіздік.


  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет