Шетелдік озық педагогикалық тәжірибені зерделеу біздің зерттеу мәселеміздің кеңінен қарастырылғанын көрсетті.
Нақтыласақ, болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша мамандарды даярлаудың жаңа бағыттары жүзеге асырылуда екенін байқадық: «Спорт менеджменті»,
«Спорттық іріктеу және резерв бойынша менеджмент», «Спорттық ғимараттар менеджменті», «Wellness-менеджмент», «Спорттық іс-шаралар менеджменті»,
«Спорттық ұйымдар менеджменті» және т.б.
Зерттеу барысында біз болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында элективті курс, арнайы клуб жұмыс ұйымдастырылды. Оқыту барысында пайдаланылған инновациялық әдіс-тәсілдер өз нәтижелерін көрсетті.
«Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» пәні бойынша тапсырылған емтихан қорытындысы эксперимент нәтижелерінің шынайылығын растап отыр - оқытудың кредиттік технологиясы талаптары бойынша емтихан тапсырған студенттер үлгерімнің жоғары деңгейін көрсетті.
Ғылыми зерттеу барысында өткізілген анықтаушы және қалыптастыру эксперимент нәтижелерінің дәлдігін тескеру мақсатында Стьюдент критерийін пайдаландық.
Достарыңызбен бөлісу: |