Зерттеу барысында жасалған теориялық талдаулар барысы мен алынған тәжірибелік-эксперименттік жұмыстар негізінде төмендегідей тұжырымдар жасауға болады:
Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарущылық құзыреттілігін қалыптастыру, педагогикалық басқару, басқару идеясының даму концепциялары мен теориялары талданды.
Басқару - мектептегі психологиялық, ұйымдастырушылық және әдістемелік процестер мен қатынастарды саналы түрде реттеу.
Мұғалімнің басқарушылық қызметі - басқару субъектісі жүзеге асыратын
әрекеттердің үздіксіз тізбегі, нәтижесінде басқарылатын объектінің бейнесі қалыптасады және өзгереді, бірлескен қызметтің мақсаттары белгіленеді, оларға қол жеткізу тәсілдері анықталады, жұмыстар оның қатысушылары арасында бөлінеді және олардың күш-жігері біріктіріледі.
Жаңартылған білім беру мазмұны - оқу үдерісін ұйымдастыруды, бағалау жүйесін, "мұғалім – оқушы" өзара қарым-қатынас жүйесін жаңарту, білім берудің барлық компоненттерінде-мазмұнын, әдістерін, нысандары мен құралдарын жаңарту.
Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігі деп теориялық және практикаға бағытталған білім, менеджмент саласындағы дағдылар, ішкі ресурстар жүйесін жүзеге асыруға дайын болу: өзін-өзі анықтау, сыни ойлау, шығармашылық, өз іс-әрекетін рефлекстеу және оқу процесінің барлық қатысушыларының іс-әрекетінің рефлексиясын ұйымдастыру, өзін-өзі тану сияқты мінез-құлықтың өзіндік моделі түсініледі.
Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ дене мәдениеті
мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың құрылымдық
функционалды моделі мақсатты, диагностикалық, мазмұнды, ұйымдастырушылық және нәтижелі блоктарды қамтиды.
Болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін
қалыптастыру компоненттері, өлшемдері, көрсеткіштері және деңгейлері анықталды.
«Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» элективті курсын, "Басқарушы мектебі" үйірмесінің жұмысын, "Басқаушылық құзыреттілік негіздері" электрондық оқулығын қамтитын болашақ дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі жасалды.
Зерттеу нәтижелерін саралай келе, болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында төмендегідей әдістемелік ұсыныстар берілді:
Жоғары оқу орнының оқу жоспарына таңдау компоненті ретінде біз құрастырған «Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» атты элективті курсты, сонымен қатар зерттеу барысында жинақталған материалдарды пән мазмұнына енгізу;
ЖОО-ның институт көлемінде педагогтың басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мәселесі төңірегінде оқытушыларға арналған семинарлар мен дәрістер циклын ұйымдастыру;
Сонымен қатар, зерттеу нәтижесі ретінде баспадан шыққан:
«Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» элективті курсы. Әдістемелік құрал. 2019ж
« Басқару құзыреттілік негіздері» Электрондық оқулық. 2020 ж
«Білім беру мен спорт жүйесіндегі басқару: құрылымдық-логикалық сызба, сурет, кесте түрінде/Управление в системе образования и спорта: в структурно-логических схемах, рисунках и таблицах». Оқу-әдістемелік құралын жоғары оқу орнының біртұтас педагогикалық үрдісінде пайдалануға ұсыну.
Зерттеу жұмысымызда осы мәселелер толық шешімін тапты деуге болмайды. Келешектегі зерттеу мәселесі ретінде жоғары оқу орнынан кейінгі білім беруде дене мәдениеті және спорт бағыты бойынша білім алушы магистранттардың басқарушылық құзыреттілігін дамыту қарастырылып отыр.
Достарыңызбен бөлісу: |