ЖАҢАРТЫЛҒАН БІЛІМ БЕРУ МАЗМҰНЫ ЖАҒДАЙЫНДА БОЛАШАҚ ДЕНЕ МӘДЕНИЕТІ МҰҒАЛІМДЕРІНІҢ БАСҚАРУШЫЛЫҚ ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУ БОЙЫНША ТӘЖІРИБЕЛІК-ЭКСПЕРИМЕНТТІК ЖҰМЫСТЫҢ МАЗМҰНЫ МЕН НӘТИЖЕЛЕРІ
Дене мәдениеті және спорт саласында басқару бейіні бойынша мамандар даярлаудың шетелдік тәжірибесі
Осы параграфта біз дене мәдениеті және спортта басқару бейіні
бойынша мамандар даярлауда өзіміз зерделеген шетелдік тәжірибені баяндауға тырыстық.
Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университеті, Беларусь Республикасы.
Спорт және туризм менеджменті институты
Бітіртуші кафедраларды қамтитын спорт, туризм және қонақжайлылық менеджменті факультетінде (деканның басшылығымен) жоғары білімнің бірінші және екінші сатыларында бюджеттік және ақылы негізде, күндізгі және сырттай білім алу нысандарында мамандар даярлау жүзеге асырылуда.
Спорт менеджменті кафедрасында ОКРБ 011-2009 сәйкес мамандықтар бойынша бірінші сатыда даярлау жүзеге асырылатын болады.:
02 01-02 «Спорттағы менеджмент» бағытындағы 1-88 02 01
«Спорттық-педагогикалық қызмет» мамандығында оқытылып, «Спорттағы Менеджер. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы» біліктілігі беріледі;
02 01-02 «Туризмдегі менеджмент» бағытындағы 1-89 02 01
«Спорттық-туристік қызмет» мамандығында оқытылып, «Туризм менеджері. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы» біліктілігі беріледі.
2019/2020 оқу жылынан бастап 1-26 81 02 «Инновациялық менеджмент» мамандығы бойынша жоғары білімнің екінші сатысына дайындық жоспарлануда.
Жаңа мамандықтар келесі басым бағыттар бойынша спорт менеджерлерін даярлауды қамтитын болады:
Жоғары білімнің бірінші сатысы
Мамандықтар тобы: 6-05-1015 «Спорт және фитнес индустриясы» Мамандық: 6-05-1015-01 «Спорттық және фитнесс-индустрия» (жоба)
«Бакалавр» дәрежесі және «Спорт және фитнес-индустрия маманы» біліктілігі
беріледі.
Бейіндік бағыттары: Спорттық оқиғалар. Спорттық ғимараттар.
Спорттық ұйымдар. Спорттық іріктеу және резерв. Фитнесс-индустрия. Жоғары білімнің екінші сатысы (магистратура)
7-06-1015-01 «Спорттық және фитнесс-индустрия» (жоба) Тереңдетілген (магистратураның) жоғары білім беру мамандығы бойынша оқытылып, «Спорт және фитнес индустриясының магистрі» дәрежесі беріледі. Мамандық құрамындағы бейіндер: «Спорттық іріктеу және резерв бойынша менеджмент», «Спорт ғимараттарының менеджменті», «Wellness-
менеджмент», «Спорттық іс-шаралар менеджменті», «Спорт ұйымдарының менеджменті».
Жоғары білім деңгейінде қайта даярлау
Мамандықтар тобы: 0-09-1015 «Спорт және фитнес индустриясының менеджменті».
Біліктілігі - «Менеджер». Мамандықтар:
0-09-1015-01 «Спорттық оқиғалар менеджменті»
0-09-1015-02 «Спорт ғимараттарының менеджменті» 0-09-1015-03 «Спорт ұйымдарының менеджменті»
0-09-1015-04 «Спорттық іріктеу және резерв бойынша менеджмент» 0-09-1015-05 «Фитнес индустрия менеджменті»
"Спорт және фитнес-индустрия" мамандығы шеңберінде ұсынылатын бейіндік бағыттар спорт индустриясының негізгі бағыттарын қамтиды, алайда, олар спорттық іс-шараларды ұйымдастыруда да, спорттық ұйымдарды басқаруда да, таңдалған профильден тәуелсіз емес спорттық резервті басқаруда да жұмыс істеуге мүмкіндік беретін мамандықтың әмбебап сипатын жоққа шығармайды. Бұл ретте ұйымдастырушылық тұрғыда бейіндеу таңдау бойынша пәндер, мамандандырылған модульдер және курстық (дипломдық) жобаларды дайындау арқылы іске асырылады.
Ресей көлік университеті
38.04.02. Менеджмент. Спорт индустриясындағы менеджмент. Магистратура бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби қызмет саласы төмендегілерді қамтиды:
- түлектер басқару аппаратының түрлі қызметтерінде орындаушылар немесе басшылар ретінде жұмыс істейтін кез келген ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдардағы басқару қызметі;
-мемлекеттік және муниципалдық басқару органдарындағы басқару қызметі;
-түлектер жеке ісін құратын және дамытатын кәсіпкерлер болып табылатын құрылымдардағы кәсіпкерлік және ұйымдастырушылық қызмет;
-басқарушылық мәселелерді шешумен байланысты ғылыми ұйымдардағы ғылыми-зерттеу қызметі;
-жоғары білім беру ұйымдарында және қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарындағы ғылыми-зерттеу және оқытушылық қызмет.
Магистратура бағдарламасын меңгерген бітірушілердің кәсіби
қызметінің объектілері түрлі ұйымдық-құқықтық нысандағы ұйымдарды басқару процестері болып табылады;
-мемлекеттік және муниципалдық басқару процестері;
-ғылыми-зерттеу процестері.
Магистратура бағдарламасын меңгерген түлектер дайындалатын кәсіби қызмет түрлері:
ұйымдастыру-басқару;
аналитикалық;
ғылыми-зерттеу;
Магистратура бағдарламасын меңгерген түлек магистратура бағдарламасы бағдарланған кәсіби қызмет түріне (түрлеріне) сәйкес мынадай кәсіби міндеттерді шешуге дайын:
ұйымдастыру-басқару қызметі:
ұйымдар мен олардың жекелеген бөлімшелерінің даму стратегияларын әзірлеу;
әртүрлі меншік нысанындағы кәсіпорындар мен ұйымдардың, мемлекеттік және муниципалдық билік органдарының бөлімшелерін басқару;
ұйымдастырушылық-басқарушылық міндеттерді шешу үшін шығармашылық ұжымдарды (командаларды) ұйымдастыру және оларға басшылық ету;
аналитикалық қызмет: басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау үшін ақпаратты іздеу, талдау және бағалау;
ұйымның қолданыстағы нысандары мен басқару процестерін талдау, оларды жетілдіру бойынша ұсыныстарды әзірлеу және негіздеу;
белгісіздік факторын ескере отырып, жобалардың тиімділігіне бағалау жүргізу;
ғылыми-зерттеу қызметі: ғылыми зерттеулер жүргізуді ұйымдастыру: топтар мен жеке орындаушылар үшін тапсырмаларды анықтау, зерттеу құралдарын таңдау, олардың нәтижелерін талдау, зерттеу тақырыбы бойынша ақпаратты жинау, өңдеу, талдау және жүйелеу, зерттеу тақырыбы бойынша шолулар мен есептер дайындау;
кәсіби қызмет саласына жататын зерттелетін үдерістердің, құбылыстар мен объектілердің үлгілерін әзірлеу, алынған нәтижелерді бағалау және түсіндіру;
өзекті ғылыми мәселелерді анықтау және тұжырымдау;
шолулар, есептер және ғылыми жарияланымдар дайындау; педагогикалық қызмет: жалпы білім беретін және кәсіптік ұйымдарда,
қосымша кәсіптік білім беру ұйымдарында басқарушылық пәндерді оқыту және тиісті оқу-әдістемелік материалдарды әзірлеу.
Дене мәдениеті және спорттағы басқару саласында кадрлар даярлаудың шетелдік тәжірибесін зерделеу қорытындысы төмендегі 9 ‒ кестеде ұсынылады.
Кесте 9 ‒ Дене мәдениеті мен спортты басқару саласында кадрлар даярлаудың шетелдік тәжірибесі
Жоғары оқу орындары
|
Мамандық шифры және атауы
|
Академиялық
дәрежесі немесе біліктілігі
|
Мәскеу педагогикалық университеті, Ресей (МПУ)
|
44.04.02 Психологиялық- педагогикалық білім беру, «Дене шынықтыру-спорт ұйымдары мен спорттық бағыттағы білім беру ұйымдарының дамуын басқару» магистрлік бағдарламасы, күндізгі
нысан (2 жыл)
|
магистр
|
Беларусь мемлекеттік дене шынықтыру университеті,
Белоруссия
|
Бакалавриат:
1-88 02 01-02 «Спорттағы менеджмент» бағыты бойынша 1-88 02 01 «Спорттық-
педагогикалық қызмет»
|
«Спорттағы менеджер. Дене шынықтыру пәнінің оқытушысы»
біліктілігі
|
|
(магистратура)
7-06-1015-01 «Спорт және фитнес индустриясы» (жоба) дәреже беріледі
Мамандық құрамындағы бейіндер:
«Спорттық іріктеу және резерв бойынша менеджмент», «Спорт ғимараттарының менеджменті»,
«Wellness-менеджмент», «Спорттық іс-шаралар менеджменті», «Спорт
ұйымдарының менеджменті»
|
«Спорт және фитнес индустриясының магистрі»
|
Мәскеу мемлекеттік дене шынықтыру академиясы
|
38.03.02 – «Менеджмент» «Ұйым менеджменті» даярлық бейіні бойынша күндізгі және сырттай оқу нысандарында.
49.03.01 – «Дене шынықтыру» күндізгі және сырттай оқу нысандарында.
49.03.01 Дене шынықтыру. 38.03.02 Менеджмент
|
«Бакалавр» біліктілігі - 38.03.02
«Менеджмент» бағыты бойынша,
«Ұйым менеджменті» дайындық бейіні;
«Бакалавр» біліктілігі - 49.03.01
-« Дене шынықтыру» бағыты бойынша,
«Спортивный менеджмент»
дайындық бейіні.
|
9 ‒ кестенің жалғасы
|
1
|
2
|
3
|
Ресей мемлекеттік дене шынықтыру, спорт, жастар және туризм университеті
|
магистратура:
38.04.02 Менеджмент. Бағыты: Спорттық менеджмент
49.04.01 Дене шынықтыру. Бағыты: Дене шынықтыру-сауықтыру технологиялары
49.04.01 Дене шынықтыру. Бағыты: Дене шынықтыру және спорт саласындағы менеджмент және
экономика
|
магистр
|
Орынбор мемлекеттік педагогикалық
университеті
|
44.04.04 Кәсіптік оқыту (салалар бойынша), Кәсіптік білім берудегі маркетинг және менеджмент
магистрлік бағдарламасы
|
магистр
|
Поволжье мемлекеттік дене шынықтыру, спорт және туризм
академиясы
|
Бакалавриат
38.03.02 Менеджмент, «Адам ресурстарын басқару» бейіні
49.03.01 Дене шынықтыру,
«Спорттық менеджмент» бейіні
|
бакалавр
|
Ресей көлік
университеті
|
38.04.02. Менеджмент. Спорт
индустриясындағы менеджмент
|
бакалавр
|
Ресей мемлекеттік кәсіби- педагогикалық
университеті
|
Бакалавриат:
49.03.01 «Дене шынықтыру»,
«Спорттық менеджмент» бейіні
|
бакалавр
|
Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, келесі тұжырымдар жасауға болады:
Шетелдік дене мәдениеті жоғары оқу орындарының басқару саласындағы мамандарды даярлаудың айтарлықтай оң тәжірибесі жинақталған.
Осы бейінде мамандарды даярлаудың жаңа бағыттары іске асырылуда: «Спорт менеджменті», «Спорттық іріктеу және резерв бойынша менеджмент», «Спорттық ғимараттар менеджменті», «Wellness-менеджмент»,
«Спорттық іс-шаралар менеджменті», «Спорттық ұйымдар менеджменті» және т.б.
Бұдан әрі біз Қазақ спорт және туризм академиясының «5В010800-Дене
шынықтыру және спорт» дайындық бағыты бойынша нормативтік-құқықтық базасын зерделеуге тырыстық. Жұмыс бағдарламаларына жалпылама талдау төменде 10 ‒ кестеде келтірілген.
Кесте 10 ‒ Қазақ спорт және туризм академиясының "5В010800-Дене шынықтыру және спорт" мамандығы бойынша 2018-2019 оқу жылының 7 семестріне арналған оқу жұмыс бағдарламаларын талдау. Түскен жылы: 2015 жыл
Модульдің атауы
|
Курстың атауы
|
Кредит саны
|
Базалық модуль:
«Дене шынықтырудағы спорт және басқару физиологиясы»
|
Дене шынықтыру және спорт менеджменті
|
3 кредит
|
Бейіндік модуль:
Спорттық-педагогикалық шеберлікті жетілдіру
|
Таңдалған спорт түріндегі
спорттық даярлау процесін басқару
|
2 кредит
|
Талдау болашақ дене мәдениеті мұғалімдерін даярлау кезінде болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыруға бағытталған бейіндік пәндерді пайдалану жеткіліксіз болып табылатынын көрсетті.
Сапалы білімге қол жеткізуде "кәсіби өсу" ұғымымен тікелей байланысты мұғалімдердің құзыреттілігі маңызды рөл атқарады - педагогтің өзін-өзі тануын дамыту, кәсіби өзін-өзі дамытудың жолдары мен құралдарын анықтау білігі негізінде жүзеге асырылатын кәсіби деңгейді үздіксіз және жүйелі арттыру.
Білім беру ұйымындағы педагогтердің кәсіби өсуін басқару олардың өзін-өзі басқару дағдыларын игеруі үшін жағдай жасауды, теориялық білімді жетілдіру, педагогикалық шеберлікті арттыру, озық педагогикалық тәжірибені зерделеу, жинақтау және практикаға енгізу мәселелерінде көмек көрсетуді көздейді.
Мұғалімнің өзін-өзі басқару қабілеті оның кәсіби құзыреттілігінің маңызды элементі және кәсіби өсу шарты болып табылады. Жалпы басқарушылық дайындықты жүзеге асыру қажеттілігі туралы РБА академигі В.С. Лазарев жазды: «ЖОО-ның әр түлегі адамдармен жұмыс істеуге дайын болуы керек; ішкі белсенділігі, рефлексивті болуы, өзін-өзі ұйымдастыра білуі, өзін-өзі растауы және өзін-өзі жүзеге асыруы; өзін-өзі басқара білуі, жұмыс және бос уақытын нақты жоспарлай білуі, өзін-өзі ынталандыру, тәуелсіздік және өзін-өзі жетілдіру қабілеті, басқарушылық білігінің, дағдыларының, білімінің болуы қажет. Бұл, ең алдымен, білім беру қызметкерлеріне қатысты, өйткені олар әр түрлі жастағы адамдармен жұмыс істейді» [178].
Өзін-өзі басқарудың мәнін ашу бағытындағы негізді көзқарастарды зерделеуден шғаратын қорытынды - түрлі бағыттағы көзқарастар тұлғаның жеке құзыреттерін де, кәсіби құзыреттерін де дамытуды мақсат тұтады. Өз іс- әрекетін дұрыс ұйымдастыра білу әсіресе білім берудегі өзгерістер кезеңінде өзекті, себебі жүктеме мен есептік құжаттардың санының артуы
мұғалімдердің сабаққа сапалы дайындалуына, ағымдағы істерді орындауына және тұрақты демалуына уақыттың жетіспеуіне әкеледі. Ал бұл өз кезегінде, шаршапшалдығуға, ширығуға әкеледі. Мұғалімнің өзін өзі табысты ұйымдастыра алуы ғана бұл жағдайды өзгерте алады, яғни тек соған қол жеткізген мұғалім ғана кәсіби қызметке де, айналасындағы адамдардың қабылдауына да оң көзқараспен қарайды.
Осыған байланысты өзін-өзі басқаруды білім беру ұйымындағы педагогикалық процесті оңтайландырудың қажетті факторы және кәсіби өсу тетігі ретінде қарастырған жөн. Осылардың негізінде, оқу процесін басқарудағы жаңа бағыт ретінде өзін-өзі басқару технологияларын игерудің өзектілігі күмән тудырмайды.
Өзін-өзі басқаруға оқытуды ұйымдастыру технологиясы мынадай құрамдас бөліктерді қамтиды:
а) өзін-өзі басқару теориясы - мазмұны; б) бұл процесті басқару;
в) өзін-өзі басқару саласындағы біліктерге қол жетикізген мұғалімдердің қызметі;
г) меңгеру нәтижесі ретіндегі мұғалімдердің өзін-өзі басқару дағдыларын игеру деңгейі.
Өзін-өзі басқару технологиясына оқыту процесін басқару үшін мұғалімге:
оқу мақсаттарын анықтау;
мазмұнды таңдау, қажетті нәтижені, тәуекелдерді, бақылау критерийлерін және өзін-өзі бағалауды анықтау, бағдарлама құру,
оқытудың әдістері мен тәсілдерін анықтау және негіздеу қажет.
Осылайша, зерттеудің аталмыш бөлігінде біз басқару саласындағы мамандарды даярлау бойынша шетелдік жоғары оқу орындарының оң тәжірибесін ашуға тырыстық.
Параграф бойынша түйін: Озық педагогикалық тәжірибені зерделеу біздің зерттеу мәселеміздің түрлі тұстарын ашуға үлес қосты.
Нақтыласақ, болашақ дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру бойынша мамандарды даярлаудың жаңа бағыттары жүзеге асырылуда екенін байқадық.
Достарыңызбен бөлісу: |