Диссертация Отандық ғылыми кеңесшілер: п.ғ. д.,профессор


Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі



бет39/63
Дата31.12.2021
өлшемі3,92 Mb.
#23522
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63
Байланысты:
3-ДИССЕРТАЦИЯ-РЫСКАЛИЕВ-С.Н.

Жаңартылған білім беру мазмұны жағдайында болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі


Алдыңғы тарауларда біз дене мәдениеті мұғалімдерін даярлаудың негізгі талаптары мен шарттарын реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттарға талдау жасадық.

Сонымен қатар, бізде, яғни Қазақстанда басқару саласындағы дене мәдениеті және спорт мамандарын даярлау жеткіліксіз деңгейде қолға алынғандығын атап өту қажет.



Бұл мәселені шешу үшін біз болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін жасадық. Әдістеме құрамына «Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» элективті курсы [179], «Басқарушы мектебі» үйірмесінің бағдарламасы мен жоспары кіред. Сонымен қатар «Басқарушылық құзыреттілік негіздері» электрондық оқулығы даярланды (Сурет 23).





Сурет 23 ‒ Болашақ педагогтердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесі

«Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» элективті курсы дене мәдениеті мұғалімінің басқару құзыреттілігін қалыптастыру, оны басқару негіздерін ашатын бағдарламаны ұсынады. Курс мазмұнында дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың теориялық негіздері мен әдістемесі қарастырылады [180].

Элективті курс 5В010800 – «Дене шынықтыру және спорт» мамандығы бойынша білім алушыларға арналған.

Курстың мақсаты: басқару жүйесі туралы ғылыми негізделген идеяларды қалыптастыру, болашақ мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру, басқару технологияларын қолдана отырып, өзінің кәсіби қызметінде педагогикалық міндеттерді өз бетінше шешуге қабілетті мұғалімді даярлау, елде және әлемде болып жатқан әлеуметтік-экономикалық процестерді түсіну; болашақ мұғалімнің менеджмент техникасын игеру (стратегиялық ойлау, іс-әрекеттерді жоспарлау және салдарын болжау); тиімді менеджерге тән дағдылар мен құндылықтар жүйесін қалыптастыру (мақсаттылық, белсенділік, қарым-қатынасқа бейімділік, инновацияларға қабілеттілік және т.б.); болашақ педагогтың өзін-өзі танытуға ұмтылысын қалыптастыру.

Курстың міндеттері:


  • басқарудың заманауи теориялары мен тәсілдері туралы ғылыми түсініктер әзірлеу;

  • басқа гуманитарлық және әлеуметтік-экономикалық пәндерді тиімді оқыту үшін қажетті бастапқы басқару түсініктерін қалыптастыру;

  • өзіндік басқарушылық дүниетаным мен басқарушылық мәдениетті қалыптастыру;

  • өзінің кәсіби қызметінде дұрыс, тиімді басқару шешімдерін қабылдау қабілетін қалыптастыру;

  • салалық басқару саласындағы жетістіктер туралы ақпаратты жинақтау және пайдалану дағдылары мен біліктерін қалыптастыру;

  • дене шынықтыру-спорттық бағыттағы ұйымдарда басқарудың заманауи әдістері мен басқару еңбегінің технологиялары туралы білімді меңгерту;

  • басқарушылық шешімдерді дайындау және қабылдау, сондай-ақ олардың орындалуын ұйымдастыру технологиясын меңгерту.

Бағдарламаны игеру деңгейіне қойылатын талаптар. Студент білуі тиіс :

-жаппай сауықтыру жұмыстары мен туризмді ұйымдастырудың отандық және шетелдік тәжірибесін;



  • дене шынықтыру және спорт саласындағы кәсіби қызметтің ұйымдастырылу құрылымын;

-оқу-тәрбие және оқу-жаттығу жұмыстарын, бұқаралық дене шынықтыру және оқу-сауықтыру сабақтарын ұйымдастырудың психологиялық-педагогикалық негіздерін білуі тиіс.

Студент үйренуі тиіс:



  • Басқарушылық сипаттағы нормативтік-құқықтық құжаттарды өз бетінше қолдана білу және әзірлеуді;

-дене шынықтыру-спорт ұйымдарында нарықтық экономика тетіктерін тиімді қолдана білуді.

Студент меңгеруі тиіс:



Жалпымәдени құзыреттіліктер:

  • стандартты емес жағдайларда ұйымдастырушылық және басқарушылық шешімдерді табуға қабілетті және олар үшін жауап беруге дайын болуы;

  • өз қызметінде нормативтік құжаттарды пайдалана алауы;

  • кәсіби салада дәстүрлі және инновациялық құралдарды қолдануы; Кәсіби құзыреттіліктер:

  • нақты сабақтардың оқу жоспарлары мен бағдарламаларын жасай

алады;

  • балалар мен жасөспірімдер спорты саласындағы нақты сабақтардың перспективалық және жедел жоспарлары мен бағдарламаларын әзірлей алады;

  • рекреациялық қызметке қатысу үшін коммуникативтік және ұйымдастырушылық қабілеттерін пайдалана отырып, халықты қызықтыруға қабілетті;

  • жоспарлау құжаттамасын құруға, бұқаралық дене шынықтыру іс- шараларын және спорттық жарыстарды ұйымдастыруға және өткізуге қабілетті;);

  • дене мәдениеті саласында мемлекеттік және қоғамдық басқару органдарының құжаттарын іс жүзінде қолдана алады;

  • жедел жұмыс жоспарларын құрастыра алады және оларды бастапқы

құрылымдық бөлімшелерде іске асыруды қамтамасыз етеді;

  • зерттеу нәтижелеріне ғылыми талдау жүргізуге және оларды практикалық қызметте пайдалануға қабілетті;

  • дене мәдениеті және спорт жетістіктері туралы ақпаратты жинау,

қорыту және пайдалану әдістері мен құралдарын, халықты спорттық- рекреациялық қызметпен айналысуға тарту бойынша үгіт-насихат жұмыстарының тәсілдерін біледі.
Кесте 11 ‒ Пәннің мазмұны сабақтың түріне қарай сағаттардың бөлінуі


Тақырыптар атауы

Сағат саны

Семестр аптасы


дәріс


семинар сабақ тары

СОӨ Ж


СӨЖ


1

2

3

4

5

6

Модуль 1 Құзыреттілік көзқарас - заманауи білім берудің жаңа парадигмасы

1 Кіріспе.«Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігі және имиджі» курсы бойынша мақсат, міндеттер, күтілетін нәтижелер.

1




2

2

1

2 Құзыреттілік көзқарас -

заманауи білім берудің жаңа парадигмасы



2

1

2

2

1-2

3 ҚР мектептеріндегі

жаңартылған білім беру бағдарламасындағы негізгі

көзқарастар.


2




2

2

2-3

4 "Дене мәдениеті" пәні бойынша білім беру бағдарламасының

ерекшеліктері



1

1

2

2

3

11 ‒ кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

5 Критериалды бағалаудың мазмұны

2

1

3

3

4

6 Басқару педагогтың кәсіби с-

әрекетінің нақты түрі ретінде.



2




2

2

5

7 Басқару теориясының негіздері.

2

1

3

3

6

8 "Басқару", "құзыреттілік"

және "мұғалімнің басқарушылық құзыреттілігі"

ұғымдарының сипаттамасы.


2

1

2

2

7

9 Дене мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігінің

құрылымы.


2


1

3

3

8

10 Педагог-менеджердің басқарушылық құзыреттілігінің

қызметтері.



1

1

2

2

9

11 Білім беру жүйесіндегі имидж мәселесі.

2

1

2

2

9-10

12 "Имидж" ұғымының мәні. Имидждің түрлері мен типтері.

2




2

2

10-11

13 Дене мәдениеті

педагогының кәсіби имиджі.



1

1

2

2

11

14 Педагогтің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың психологиялық-педагогикалық

диагностикасы



2

1

3

3

12

15 Өзін-өзі басқару педагог-

менеджердің басқару және өзін-

өзі дамыту технологиясы ретінде.


1

1

2

2

13

16 Дене мәдениеті

педагогінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастырудың инновациялық әдістері мен

тәсілдері.


2

1

3

2

13-14

17 Жобалық әдіс дене

мәдениеті педагогының басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру құралы ретінде.



1

1

3

3

14

11 ‒ кестенің жалғасы

1

2

3

4

5

6

18 Кейс-стади білім

алушылардың басқарушылық

қызметін белсендіру әдісі ретінде


1

1

3

3

15

19 Педагогтің басқарушылық

құзыреттілігі сапасының мониторингі



1

1

2

3

15

БАРЛЫҒЫ

30

15

45

45

15

Ескертулер: 1 СОӨЖ - Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысы

2 СӨЖ - Студенттердің өзіндік жұмысы

Төменде оқытушының студенттермен жүргізетін өзіндік жұмыс түрлерін көрсетуге тырыстық. (кесте -12)


Кесте 12 ‒ Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік жұмысы

Оқытушының жетекшілігімен жүргізілетін студенттердің өзіндік

жұмысының мазмұны



Бақылау түрі

Сағат көлемі

Семестр аптасы

1

2

3

4

1 « ДМжС заманауи педагогының

басқарушылық іс-әрекеті»



эссе

3

1

2 ДМжС педагогы үшін нормативтік-құқықтық базаның

тізімін жасаңыз



ауызша сұрау

3

2


3 «Басқарудың менеджменттен айырмашылығы» тақырыбында топтық пікірталас дайындаңыз

және жүргізіңіз.



диспут

3

3


4 «Менеджер және басқару өнері» тақырыбында жоба дайындаңыз

таңдалған тақырып

бойынша жоба қорғау


3

4


5 Спорттық ұйымының бизнес- жоспарын жасаңыз

жоспар

3

5

6 «Көшбасшыға қажетті жеке қасиеттер» туралы эссе жазыңыз

эссе

3


6

12 ‒ кестенің жалғасы

1

2

3

4

7 Сіздің басқару қабілеттеріңізді

картаға салыңыз. Ауызша баяндама дайындаңыз.



слайд таныстырылым

3

7


8 Дене мәдениеті және спорт мұғалімінің интернетті пайдалану мәселесі бойынша презентация

жасау: артықшылықтары мен кемшіліктері



ауызша сұрау

3


8


9 Басқару шешімін әзірлеу

алгоритмін анықтаңыз.



алгоритм

3

9

10 «Менеджмент және

көшбасшылық» туралы ауызша презентация дайындаңыз.



жоба қорғау

3

10


11 Басқарушылық қасиеттерді дамыту үшін жаттығулар мен әдістерді таңдаңыз. Ауызша

таныстыру дайындаңыз.



әдістемелер бумасы. ауызша сұрау

3

11


12 Қолданбалы зерттеу жасаңыз-

басқарудағы ойлау мен сөйлеу ерекшеліктеріне психологиялық диагностика жасау. Ауызша баяндама дайындаңыз.



ауызша сұрау

3

12


13 Кейс-стади әдісі негізінде

«Басқарудың жеке тәсілдері» тақырыбына кейс құрастырыңыз



кейс

3

13


14 «Менің басқару стилім»

іскерлік ойынына жоба жасаңыз.



талқылау

3

14

15 «Басқару әдістерін» кестелік

(сызбалық) түрінде презентация



кесте, схема

3

15

Барлығы:

45

-

Келесі кезекте студенттердің өзіндік жұмысын қарастырамыз (кесте 13). Кесте 13 ‒ Студенттердің өзіндік жұмысы (СӨЖ)

СӨЖ үшін тапсырмалардың атауы және мазмұны

Бақылау түрі

Сағат

көлем і



Семестр аптасы

1

2

3

4

1 Білім беру мекемелерінің дене шынықтыру және спорт қызметкерлері лауазымдарының тарифтік-біліктілік сипаттамаларын талдау негізінде дене мәдениеті мұғалімінің кәсіби міндеттеріне кіретін басқарушылық қызмет

элементтерінің тізімін жасау.

Талқылау, бағалау

4

1


2 Нақты (оқытушының тапсырмасы бойынша) ақпарат көзін (ресми құжат, мерзімді басылымның мақаласы және т. б.) талдау және ондағы басқарушылық ақпараттың

түрлерін анықтау.


Талдау бағалау



4


2


3 Әртүрлі үлгідегі білім беру мекемелеріне тән спорттық менеджменттің ерекше (нақты) функцияларының тізбесін жасау (оқытушының тапсырмасы

бойынша).



Талдау

4


3


4 Шетелдік жоғары оқу орындарындағы дене тәрбиесі мұғалімдерінің және ресейлік жоғары оқу орындарындағы дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық дайындығының мазмұнына салыстырмалы талдау

жүргізу.


Кесте құру

4

4


5 Педагогикалық практика объектісі ретіндегі дене шынықтыру-спорт

ұйымына типологиялық сипаттама беру.



Талқылау

4

5


6 Белгілі бір ұйымдық-құқықтық нысанда құрылатын дене шынықтыру-спорт ұйымы жарғысының жобасын әзірлеу (оқытушының тапсырмасы

бойынша).



Жеке жобаны қорғау

4


6






13 ‒ кестенің жалғасы

1

2

3

4

7 Тиісті өңірде дене шынықтыру мен спортты басқарудың мемлекеттік және қоғамдық органдарының

тізбесін жасау.



Талдау

3

7


8 Тиісті өңірдің қосымша білім беру мекемелерінде балалар мен жасөспірімдер спортын дамытудың

негізгі көрсеткіштерін талдау



Талдау

3

8


9 Оқушылардың дене шынықтыру-

спорттық қызығушылықтарын зерделеу бағытында сауалнама

әзірлеу.


Ұжымдық талқылау және бағалау

3

9


10 Балалар дене шынықтыру-

спорттық іс-шарасының жоспарын, ережесін немесе сценарийін (оқытушының тапсырмасы бойынша)

әзірлеу.


Ұжымдық талқылау және бағалау

4

10-11


11 Дене шынықтыру-спорт ұйымы – педагогикалық практика объектісі қызметкерлерінің еңбегін материалдық және моральдық

ынталандырудың нақты нысандарын анықтау.



Ұжымдық талқылау және бағалау

4


12-13


12 Адамның басқару қасиеттеріне ие болуды анықтауға болатын диагностикалық әдістерді таңдау.

Ұжымдық

талқылау және бағалау


4

14-15


Барлығы:

45

15

Болашақ дене мәдениеті мұғалімінің басқарушылық құзыреттілігін дамыту процесін әдістемелік қамтамасыз етудің негізгі мазмұны мыналарды қамтиды: педагогтің басқарушылық құзыреттілігін дамыту проблемасы туралы өз бетінше білім алу қызметінің жеке бағдарламасын жобалау; инновациялық әдістемелерді (жобалық оқыту, диалогтік проблемалық жағдайлар, кейс-стади, басқару ойындары, рефлексивті тренингтер) іске асыру. Бұл ретте болашақ маманның оларды әзірлеу субъектісі рөліне қатысуы көзделеді.

Әдістеменің мақсаты дене мәдениеті білімі маманының басқарушылық құзыреттілігін дамытуға ықпал ететін педагогикалық жағдайлар кешенін практикалық іске асырудың негізгі аспектілерін ашу болып табылады. Интегративті-дамытушылық тәсіл негізінде жүзеге асырылатын әдістемеге мыналар кіреді: мазмұны әдістер, педагогикалық әдістер, маманның басқарушылық құзыреттілігін дамыту мәселелерін шешу және соның негізінде мақсатқа жету үшін қолданылатын құралдар.

Осы тәсіл негізінде біз дене мәдениеті маманының басқарушылық құзыреттілігін дамыту факторларының екі тобын бөлдік: субъективті, оған жеке тұлғаның танымдық және белсенділік аспектілері жатады, және объективті, оған әлеуметтік жағдай мен спорттық-жаттығу микроортасы кіреді.

Оқу-тәрбие жоспарын іске асыру барысында басқарушылық құзыреттілікті және біліктілікті арттыруға оң уәждемені дамыту нақты практикаға бағытталған жарыс-жаттығу сабақтарында жүзеге асырылды.

Дене мәдениеті және спорт мамандары бойында басқарушылық құзыреттілікті қалыптастыруды жоғары жауапкершілігі бар, педагогикалық ұжымның қызметін педагогикалық және экономикалық тұрғыдан сауатты ұйымдастыра алатын жеке тұлғаның өсіп келе жатқан бастамасы жағдайында жүзеге асыру қажет. Студенттердің шығармашылық іс-әрекетінің дамуын қамтамасыз ету, олардың жеке ерекшеліктерін барынша аша отырып, өзін-өзі оқыту мен өзін-өзі дамытуға баса назар аудару, теориялық білімді, дағдыларды игеруден оларды спорттық және дене мәдениеті іс-әрекеттерінде практикалық қолдануға органикалық көшуді жүзеге асыру маңызды.

Элективті курспен қатар жоғары оқу орнында студенттерге

«Басқарушылық құзыреттілік негіздері» электронды оқулығын әзірлеп, оқу үрдісіне енгізілді [181].



Электронды оқулық құрылымын келесі суретте көрсетуге тырыстық, (сурет 24).


Сурет 24 ‒ «Басқарушылық құзыреттілік негіздері» электронды оқулығының құрылымы


Электронды оқулықта 8 (сегіз) тақырып қамтылды. Әрбір тақырыпқа сәйкес келесідей элементтер орын алды: Миға шабуыл, дәріс, сызба, студенттің өзіндік жұмысына 25 суреттегідей тапсырма және онлайн тест (сұрақтарға жауап беріп, соңына нәтижесін көре алады),

Сурет 25 ‒ Электронды оқулықтың тақырыбына сәйкес құрылым


Сонымен қатар ЖОО-ның тәрбие үрдісіне «Басқарушы мектебі» үйірмесінің жұмысы енгізілді. Клуб жұмысын ұйымдастырудың мақсаты болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық әлеуетін анықтау және дамыту болды (Кесте 14).
Кесте 14 ‒ «Басқарушы мектебі» үйірмесі жұмысының жоспары


Қызмет түрлері

Форма

Уақыты

Талдау қабілетін қалыптастыру

Қатысушылардың портфолиосын құру

және бағалау



Сәрсенбі 15.00-16.00


Жұма 14.00 - 15.00

Қарым-қатынас

дағдыларын дамыту



Психологиялық

тренингтер, жаттығулар



Басқару саласындағы белсенділікті әзірлеу

Іскерлік және рөлдік ойындар

Бірлескен қызмет дағдылары

Шығармашылық жобалар

Жұмыс уақытын

жоспарлау және ұйымдастыру



Көпшілік таныстырылымдар

Арнайы ұйымдастырылған спорттық-психологиялық тренинг мазмұны төмендегідей жұмыс түрлерінен тұрды: өзін-өзі тестілеу, семинар-тренингтер (жеке өсуін дамыту, шығармашылық қабілеттерін, коммуникативтік дағдыларды, креативтілікті дамыту), практикумдар, жобалау. Практикумға қатыса отырып, болашақ мамандар жоспарлау түрлерін меңгеріп, қызмет нәтижелерін болжай алатын болды, күнділкті практикалық қызметте

жұмыстың алуан әдістерін мақсатты түрде қолдануға қажетті деген басқарушылық құзыреттілікті меңгерді.

Сабақтардың негізгі мақсаттарын тұжырымдай келе төмендегідей негізгі деген бағыттарда құру қажет деп шешілді: кез келген студент бойында заманауи мұғалім-басқарушы және қауымдастық өкілі сынды қасиеттерді жетілдіру, сонымен бірге осы қызметті тиімді оздыруда туындайтын тәуекелдерді өз бетінше айқындауға үйрету керектігіне баса назар аударылды. Сабақтардың барлығы дерлік бір бағытта құрылып, алдымен сабақ мақсаттары айқындалып, кейін нақты жағдаят сипаттамасы беріледі, сабақтың тәртібі, сабақтың міндетті бағалау кезеңі айқындалады.

Оқушылардың басқарушылық қызметін жандандырудың тиімді әдістерінің бірі, біздің ойымызша, кейс-стади әдісі болып табылады.

Кейстер нақты материалға негізделген немесе нақты жағдайға жақын

және қажетті теориялық материалдарды, дайындыққа арналған практикалық тапсырмаларды және ситуациялық есептерді қамтуы мүмкін, оларды шешу практикалық сабақтарда да, іскери ойындар кезінде де қолданыла алады.

Оқытудың мақсаттары мен міндеттеріне сәйкес кейстерді келесідей жіктеуге болады.



  1. Үйретуші:

  • типтік тапсырмаларды шешуге бағытталған;

  • типтік емес тапсырмаларды шешуге бағытталған;

  • жағдайды талдау және бағалау принциптері.

  1. Көрсетуші:

  • белгілі бір әдістемені, тәсілді белгілі бір мысалда қолдануды көрсету.

Қазіргі уақытта оқу процесінде қолдануға ұсынылған кейстердің келесі құрылымы бар:

  • Құрылымдық кейстер (higstructuredcase) - нақты сандар мен мәліметтермен жағдайды қысқаша және дәл көрсету. Істің бұл түрі үшін дұрыс жауаптардың белгілі бір саны бар. Олар білімді және/немесе белгілі бір білім саласында белгілі бір заңдылықты, құрылымды, техниканы қолдану ерекшелігін бағалауға бағытталған.

  • Үлкен құрылымданбаған кейстер (unstructuredcases). Олардың басты ерекшелігі - дерек тұрғысынан терең материал ретінде әр қатысушының ойлау ерекшелігін, шапшаңдығы мен стилін, ұғымдар арасындағы басымдықты ажырата білу білігін бағамдауға, қандай да бір салада жұмыс істеу білігін бағалауға бағытталған. Олар үшін бірнеше дұрыс жауаптар бар және әдетте стандартты емес шешім табу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды.

  • Ашушы кейстер (groundbreaking cases) өте қысқа да, ұзын да болуы мүмкін. Мұндай кейстің шешімін байқау адамның ойлана алатындығын, бөлінген уақытта қанша шығармашылық идея бере алатындығын көруге мүмкіндік береді. Егер топтық шешім қабылданса, онда адамның басқа біреудің ойын дамытып, іс жүзінде қолдана алатындығы-алмайтындығы айқындалады.

  • Шағын кейстер негізгі ұғымдармен таныстырады, оқытылатын пәннің тар аймағында / бөлімінде білімді қолдануды талап етеді.

Кейс-стадилердің айтарлықтай кең жіктелуіне қарамастан, оларды оқу процесінде пайдаланудың міндеттері мен мақсаттарын нақты айқындау қажет. Осыған байланысты, оқытылатын пәндер аясында барлық кейс- технологияларды практикалық тапсырмаларды орындаудың көлемі мен

күрделілік деңгейіне қарай бөлген жөн:



  • Толық кейстер (орташа есеппен 20-25 бет) бірнеше күн бойы командалық жұмыс істеуге арналған және әдетте олардың шешімін көрсету командалық жауапты талап етеді.

  • Ықшамдалған кейстер (3-5 бет) тікелей сабақта талдауға арналған және жалпы талқылауды білдіреді.

  • Шағын (мини) кейстер (1-2 бет), ықшамдалған кейстер сияқты, сабақта

талдауға арналған және көбінесе сабақта қарастырылатын негізгі теориялық сұрақтарға иллюстрация ретінде қолданылады.

Осылайша, студенттердің жұмысын практикалық сабақтарда немесе өз бетінше жұмыс жасау кезінде, студенттердің білім нәтижелерін жедел бағалау кезінде ықшамдалған және шағын кейстерді қолданған жөн.

ЖОО-да оқытудың инновациялық нысандарын пайдалану қажеттілігі бейіндік пәндерді оқыту әдістемелерін белгілі бір тұрғыда дамытуды талап етеді.

Осыған байланысты, толық кейстер студенттердің жеке ерекшеліктерін, стандартты емес ойлауды ашуға және олардың идеяларының шығармашылығын бағалауға мүмкіндік береді. Бұндай жағдайда тапсырмаларды ұсынудың және білім алушылардың қызметін бағалаудың басқа жүйесін қолдану қажет.

Толық кейс мазмұнында жағдаяттық мәселелерді шешуге және бизнес- жағдаяттарды дамытуға қажетті теориялық, нормативтік ақпарат бар екенін ескере отырып, оны іскери ойынды ұйымдастыруда қолдану қажетті нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

Басқарушылық құзыреттілікті қалыптастырудың маңызды құралы студенттерді жобалық қызметке тарту болып табылады. Зерттеу барысында студенттердің басқарушылық құзыреттілік негіздерін қалыптастыру үшін ең тиімді жобалық қызмет түрлері анықталды:

Имитациялық - кәсіби ойын жобалары (топтардағы студенттер менеджердің жеке - іскерлік өзара әрекеттесуінің әртүрлі түрлерінің рөлдерін- субъектілерін бөлуді; ойын барысында нақты кәсіби-басқарушылық міндеттерді шешуді, маманның кәсіби-мақсатты әрекеттерін негіздеуді көздейтін іскерлік ойынның мазмұны мен сценарийін жасады); ақпараттық- аналитикалық жобалар (студенттер көп аспектілі кәсіби-маңызды ақпаратты алудың түрлі әдістерін және оны өңдеу тәсілдерін меңгерді: ДТжС менеджменті саласындағы құқықтық және қаржы-экономикалық құжаттарды, компьютерлік деректер қорын талдау және т.б.); мамандандырылған практикаға бағытталған жобалар (нақты басқару жобасын іске асыру

жоспарын негіздеу және әзірлеу; бизнес-жобаны әзірлеу және негіздеу; жобаны таныстыру барысында оны іске асыру тәсілдері көрсетіліп, практик мамандардың жобаға сыртқы сараптамалық баға берді).

Сабақтарды ұйымдастыру жобаларды қорғау мен талқылауды қамтыды. Сабақ барысында студенттер "баяндамашы", "талдаушы", "сыншы", "жаңашыл" сияқты микротоп мүшелерінің арасында ауысып отыратын түрлі рөлдерде болды. Бұл рөлдер өзегіне үңіліп көрсек:


  • "баяндамашы" - мәселені тұжырымдайды және мәселені шешуге бағытталған өз тобының жобасын талқылауға ұсынады;

  • "талдаушы" - "түсінуші": баяндамашы хабарламасының мазмұнын, мағынасын, мағынасын түсінеді, сана сыны елегінен өткізеді. Ол спикердің өзі байқамаған тереңдікті іздейді. Ең алдымен оң мазмұнды көруге тырысады;

  • "сыншы" - жемісті өзара әрекеттесудің орталық фигурасы. Ол жұмыс тобына соны серпіліс бере алатын "жұмыс қақтығысының" бастаушысы. Сыншы жаңа, балама көзқарасты дамытады, кез-келген мәселенің бірнеше шешімі бар екенін түсінеді және бастаманы айқын көрсетеді;

  • "жаңашыл" - "шығармашылық түрлендіргіш". Ол проблемаға дәстүрлі емес көзқараспен сипатталады. Ол алынған тәжірибені талдауға, оны қайта құруға, байытуға дайын [182].

Сабақтарды бұлайша ұйымдастыру студенттер мен оқытушылардың іскерлік ынтымақтастық атмосферасын құруға, жобаларды белсенді талқылауға мүмкіндік берді, студенттерге өзара әрекеттесудің әртүрлі нұсқаларында өзін көрсетуге, әртүрлі қызмет түрлеріндегі тәжірибесін байытуға көмектесті. Студенттердің мәселеге қатысушыларды қызықтыру қабілеті, өз көзқарасын дәлелдей білу, сұрақтарға нақты және түсінікті жауап беру қабілеті ерекше ескерілді.

Курсты игеру кезінде әр сабақта студенттерге жұмыс тобындағы өз қызметін келесі критерийлер бойынша өз бетінше талдау ұсынылды:



  1. жұмыс тобына қатысушылардың қызметіндегі келісімділік;

  2. қатысушылардың идеяларды айту мен талқылаудағы белсенділігі;

  3. мәселені шешудің оңтайлы нұсқасын іздеудегі конструктивтілік;

  4. айтылған идеялардың дәлелділігі;

  5. топ ішінде диалог жүргізе білу.

Оқытушы тарапынан студенттердің өзіндік жұмысына жетекшілік ету оларға проблеманы таңдауда, әдебиетті таңдауда, жеке және топтық консультациялар өткізуде, бақылау мерзімдері мен нысандарын анықтауда, атқарылған жұмыс туралы есеп беру нысандарын ұсыну бойынша ұсыныстар әзірлеуде көмек көрсету түрінде атқарылды.

Оқытуда ұйымдастыру барысында студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында біз әзірлеген арнайы оқу құралды пайдалануды ұсынамыз: “Білім беру мен спорт жүйесіндегі басқару: құрылымды-логикалық сызба, сурет, кесте түрінде” [ 183].

Студенттердің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру үшін келесі ойындар кешенін қолдануға болады.

"Мақсат қою жоспарлаудың негізі» іскерлік ойыны мақсат қою, мұғалімнің іс-әрекетін жоспарлау процестерін модельдейді және оқу миссиясын жеке және ұжымдық әзірлеуді, мақсатты дұрыс тұжырымдауды, оған қол жеткізу жоспарын құруды қамтиды. Ойынның бұл түрі мақсатты әрекетті жоспарлай алу, басқару міндеттерін орындау, шешім шығарып, топпен атқарылатын жұмыс түрінде туындап жататын өзгерістерді қабылдамау сынды қиындықтарды еңсеру бағытындағы білім-білікті дамытады. Білім алушылар тобы бірлесе шешім шығару кезінде өзара бірін- бірі не деген сыйластыққа негізделген мінез-құлық стилі секілді құндылықтарды дамытуға септеседі; ойында қабылданған шешімдер мен қатысушылар көрсеткен жауапкершіліктің жоғары деңгейі үшін ойынгерлерге ұпай берледі.

"Тиімді бақылау" іскерлік ойыны бақылау үдерісін моделдеуге бағытталған. Ойынға қатысушылар берілген жағдаятты саралап, оны қадағалау формаларын анықтайды, қадағалаудың бағдарламасын жасақтай отырып, сонымен қатар бағдарламаны орындау кезінде оқытьушы үшін де, студенттер үшінде тиісті өз-өзі ұстау ережелерін орнықтырады; бағдарлама мазмұнында төзімділік қағидаларының орын алуын, олардың орындалуын қадағалайды, қажет болса өзгеріс енгізеді; қажетті қадағалай тұрғысында ұсынымдар береді.

Аталған ойынға қатысу арқылы білім алушылар бойынша қажетті білік- дағдылар кешені орнығады, атап айтқанда қадағалау қызметін жүзеге асыру, қадағалай сатыларын даярлау, басқару барысында туындайтын қиындықтарды еңсеру, т,б, осы секілді білік-дағдылар қалыптастырылады. Бұл ойын қабылданатын шешімдер мен іс-әрекеттер үшін жауапкершілік алу, өзге тұлғаларды құрмет тұту, қатынастың сыйластық стилі, әділдік, сапалы кәсіби қызмет сияқты құндылықтарды қалыптастыруға бағытталған.

"Өкілеттіктерді табыстау" рөлдік ойыны (А.П. Панфилованың идеясына негізделген) негізінде білім алушылар басқару қызметінде кездесетін өкілеттіктерді табыстаудың болмысы мен ережелерін меңгереді. Ойынға қатысушы студенттер өзара ұстаз бен студенттің және срсптама жүргізуші сынды рөлдерді бөліске салады. Мұғалімдер тобы делегацияның кезеңдері мен принциптері туралы ақпарат негізінде оқушылармен өзіндік мінез-құлық стратегиясын жасап, оны мұғалімнің белгілі бір міндетін орындауға қабылдауға сендіруі керек. Студенттер тобы мұғаліммен өзінің мінез-құлық стратегиясын және мұғалімнің болашақ міндеттерін орындауға қатысты бірқатар сұрақтар қоюы керек. Сарапшылар тобы ұстаз өкілеттігі қабылданған критерийлер бойынша қаншалықты негізді берілгендігін бағамдайды. Аталған ойын арқылы студенттер бойында кешенді қадір -қасиеттер қалыптастырылады, мысалы, рөлдерді жүктей алу, рөлдік қатынасты оздыру, жұмылдыру, өзгелерді басқару, басқару шешімдерін шығару, олардың нәтижелерін қадағалау арқылы ұйымдағы коммуникацияларды жобалау қабілеті қалыптастырылады.

Параграф бойынша түйін: Жоғарыда айтылғандарды қорытындылай келе, біз болашақ дене мәдениеті мұғалімдерінің басқарушылық құзыреттілігін қалыптастыру әдістемесін жасау барысында аталған әдіс- тәсілдер әлеуетін барынша кең пайдалануға тырысқанымызды атап өткіміз келеді.







    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   63




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет