Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ



бет17/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47
Байланысты:
?îæ 811. 512. 122’366 ?îëæàçáà ???ûíäà Ø?ð³ïæàíîâà ?àëèÿ ?àáäîëë

-Сы, -сі, -сын, -сін қосымшасы - есімдерге қосылып, субъектив мәнді етістік жасайтын өнімді жұрнақ. Субъектив мәнді білдіретін етістіктерге мынадай сөздерді жатқызамыз: асқақта, өгейсі, еркінсі, өзімсіну, дандайсу, сараңсу, салақсы, жетімсіреу, жалғызсырау, жатсырау, азсыну, көпсіну, қомсыну, керексіну, қажетсіну, ауырсыну, обалсыну, тарсыну, қорсыну, әбессіну, алалау т.б
Кісімсу, оқығансу, білгенсу, көкірегін көтеру деген етістіктердің білдіретін мағынасы – эмоциялық мағына. Бірақ олардың мағынасы таза эмоция емес, амал-әрекетке, болған қозғалыс пен қалпына баға беру мәнін қоса білдіреді. Яғни мұндай етістіктер (субъектив мәнді етістіктер) қозғалысты, әрекетті және эмоцияны жалаң білдірмей, көзқарасты, баға беруді де білдіреді. Екінші сөзбен айтқанда, субъектив мәнді етістіктерге айналадағы заттардың қозғалысы мен амал-әрекетіне, кеңістіктегі қалпына айтушының өзіндік көзқарасын білдіретін сөздерді жатқызамыз. Осы ретте оларға мынадай анықтама бердік. Амал-әрекетке айтушының, істеушінің (субъектінің) өзіндік көзқарасын білдіретін етістіктер субъектив мәнді етістіктер немесе субъективті етістіктер деп аталады.
Сонымен субъектив мәнді етістіктердің семантикалық құрылымы үш түрлі семадан құралады. Олар: 1) амал-әрекет; 2) көңіл-күй (эмоция); 3) баға беру семасы. Осы семалық элементтер субъектив мәнді етістіктерді мағыналық жиынтыққа біріктіріп, жеке лексика-семантикалық топ етеді [68].
Субъектив мәнді етістікті көп тілшілер жеке лексика-семантикалық топ ретінде мойындай бермейді. Етістік сөз табын зерттеген ғалымдар А.Хасенова, А.Ысқақовтар субъектив мәнді етістіктерді жеке лексика-семантикалық топ ретінде көрсетпеген. Етістіктің бұл лексика-семантикалық тобы Ы.Маманов пен М.Оразовтардың жіктемелерінде аталып өтіледі. Бірақ бұл соңғы екі ғалым да субъектив мәнді етістіктердің семантикалық қырына да, грамматикалық сипатына да арнайы тоқталмаған. Субъектив мәнді етістіктер жеке лексика-семантикалық топ ретінде М.Оразовтың жетекшілігімен жазылған Ғ.Танабаевтың кантидаттық диссертациясында арнайы зерттелді [68].
Субъектив мәнді білдіретін етістік жасайтын қосымшалардың біріншісі - -сы, -сі, -сын, -сін; екіншісі - -ымсын, -імсін қосымшасы; үшіншісі - -сыра, -сіре. Ы.Маманов қос функциялылыққа қатысты -сы, -сі формасының сөз тудырушы, әрі форма тудырушы қызметі бар деген пікір айтады.
Өзі осы ауылға күйеу болып келеді де, әлгі келіндердің бәрімен жездемсіп ойнап, қылжақтап, айтысып алады (Қазақ әдебиеті). О, хажы, сенің жалған бауырмалсығаныңның өзі маған өтіп барады, - деді Досбол (М.Ақынжанов). Жұлқынып жерді теуіп, ұлықсып, ісіп, кеуіп, мұртын сүйретіп, бетін бедірейтіп (Ө.Тұрманжанов). Шық ойбай, құдайсымай! Болыс пен стражник қысып жатса, сен қу кедей де салмақтанамысың? – деп ақыра бастады (М.Әуезов).
-Сы, -сі формасы мен -сын, -сін өзара синоним жұрнақтар. Олар бірінің орнын бірі ауыстырып қолданыла алады. Алайда олардың арасында мағыналық тепе-теңдік жоқ. Олардың мағынасында аздаған айырмашық бар. жұрнағы өздік етіс жұрнағы десек, -сын, -сін -мен келген етістіктің мағынасы субъектіге қатыстылығы жоғары, ал -сы, сі -де абстрактылық бар. Мысалы, Оған тыйылмаған, аюсынған Абайды көріп алармын (М.Әуезов). –Сен өйтіп өтірік періштесінбе! (Б.Нұржекеев). – Не оттап тұрсың а?! – деп, жаңағы шешенсінген жігіттің алдына жетіп барды (М.Байғұтов). – Оны дос деп ойлау керек. Босқа ділмарсініп көп аптыға берме (Р.Райымқұлов).
Оны екі морфемаға ажыратуға болады.: -сын, -сін > сы+н, -сі+н. Бұл қосымшалардың мағынасы, көбінесе, бір-біріне сәйкес келеді. Бірақ біраз сөздердегі -сын, -сін қосымшасы қосылатын түбірге -сы, -сі жалғанбайды. Мысалы, көрсін (көрсі емес), ащысын (ащысы емес), азсын (азсы емес), көпсін (көпсі емес), әбессін (әбессі емес). Біздіңше, қосымшалардың бұлай қолданылуы сөздердің семантикасына байланысты. Мысалы, әлдекімге деген көзқарасты білдіретін субъектив мәнді етістіктерді жасайтын -сын, -сін қосымшасын екі морфемаға ажыратуға келмейді. Сондай-ақ өзінің әрекетіне көзқарас, объектіге көзқарас және заттарға көзқарас мағыналарындағы -сын, -сін қосымшасын екіге бөлуге болмайды. Салыстырыңыз. арсын (арсы емес), әбессін (әбессі емес), ұятсын (ұятсы емес), қауіпсін (қауіпсі емес), азсын (азсы емес), арамсын (арамсы емес), ащысын (ащысы емес), керексін (керексі емес), көпсін (көпсі емес) т.б. [68].
Адамсын, көрсін құрамындағы -сын, -сін тарихи жағынан екі морфемаға бөлінеді. -Сы, -сі қосымшасы туралы жоғарыда айтылды, ал -н морфемасы - етіс қосымшасы. Ол оның мағынасынан да анық байқалады. Салыстырыңыз, адамсы сөзі тек көзқарасты білдірсе, адамсын сөзінде нақты объектілік мағына бар және әрекетті орындаушы актив не пассив болуы мүмкін. Өздік етісте де, ырықсыз етісте де әрекетті орындаушы пассив болып көрінеді. Міне осы пассивтік субъективтік мәннің қалыптасуына жағдай жасаған сияқты [68].
-Сы, -сі, -сын, -сін қосымшасы барлық кезде субъектив мәнді етістік жасамайды. Мысалы: кеберсіну, лықсу, көбенсу, қатерсі т.б.
-Сы, -си, -сын, -син қосымшаларының этимологиясын нақты анықтауға мүмкіндік жоқ. Бұл қосымшаның тарихы туралы ғалымдар көбінесе жорамал түрінде пікір айтқан. Белгілі түрколог ғалым Э.В.Севортян -са, -сэ, -сү, -су, -сы, -си және -сын, -сүн қосымшасының тегі бір деп есептейді [69, 225]. Г.И.Рамстедт бұл қосымшаны салыстыру, теңестіру мағынасын білдіретін -сы қосымшасымен байланыстырады [70]. М.Оразов -сы, -сі қосымшасын сияқты, сымақ, симан сөздерімен байланыстырады. «Таким образом, можно сделать вывод, что являющийся когда-то самостоятельным словом аффикс -сы, -сі сохранился теперь в составе слово сияқты, сымақ. «Далее следует добавить что в период существования качестве полнозначнего слова от имен те же значения, что теперь слово сымак (с вариантами)», - деп жазады [71, 161]. Ғ.Танабаев -сы аффиксін сымақ, сыман сөздерімен байланыстырады. Бұлардың мағынасының құрамында салыстыру, өзін не басқаны санау, есептеу семасы бар. Мысалы, Бірін-бірі кимелеп, тікесінен тік, қылқиысқан бозбаласымақ жастар да тіпті иін тіресіп, есікті сындырып барады (С.Торайғыров). Мысалда «жастар әлі бозбала болып жетілмеген, бірақ өздерін бозбаламыз деп санаған жастар туралы” сөз қозғалып тұр.
-Сы, -сі қосымшасы есімше формалы етістіктерге қосылып қолданылады да субъектив мәнді етістік жасайды. Мысалы, әзілдескенсу, айтқансу, сөйлегенсу, түрткенсу, ұстағансу, алғансу, бергенсу, ойнағансу отырғансу, тұрғансу, жантайғансу, ұйықтағансу, қосқансу, теңестіргенсу, балағансу, баптағансу т.б.
Жезде қып ойнағансып, әлі күнге дейін құлақтан тартатындар бар екен (Т.Нұрмағамбетов). Беруді ішінен жек көріп тұрса да Нұрымның әуенімен төңкерілгіш байлар бергенсіп гуілдескен (Д.Әбілов). Бірақ ол билер арасында Құнанбайдың өзге балалары: Тәкежан, Оспандар отырғанын көрмегенсиді (М.Әуезов).
-Сы, -сі аффиксі есімше тұлғасындағы етістіктерге қосылып жалған қатынасты білдіретін етістіктер жасайды [68].
Ы.Маманов -сы, -сі аффиксі есімше формасынан кейін жалғанған кезде сөзжасамдық қызмет атқармайды деген пікір айтады. Өз сөзімен айтқанда: «-Сы, -сі жұрнағы арқылы туынды түбір етістіктер жасалады. Қазіргі қазақ тілінде -сы, -сі жұрнағының екі түрлі қызмет атқаратындығы байқалады. Біріншісі, кейбір есім сөздеріне жалғанып, заттың өзгеру күйін білдіретін салт етістіктер жасайды. Мысалы, салақсы, толықсы т.б. -Сы, -сі қосымшасының екінші қызметі – есімше формасына жалғанып, сол жалғанған сөзін модификацияландырады, яғни жалғанған сөзіне субъективтік рең білдіретін етістік формасын жасайды [72]. Түркологиялық еңбектерде бұл қосымшаның форма жасаушылық қызметі жайлы айтылмаған деуге болады. Ы.Маманов есімше формасынан кейін жалғанған -сы, -сі қосымшасының қызметінің форма тудырушы қызмет екендігін анықтайды. Ғалым -сы, -сі қосымшасын форма тудырушы деп анықтауда оның есімше формалы етістікке түгелдей жалғануын, яғни грамматикалық абстракция жасау сипатын негізге алған.
Сонымен, Ы.Маманов еңбектерінде қазақ тіліндегі -дай, -дей, -ша, -ше, -сыз, -сіз, -лы, -лі, -лық, -лік, -шы, -ші, -ғы, -гі, -сы, -сі қосымшаларының сөзжасам мен формажасамға қатысы ғылыми негізде тілдік қағидаға сай анықталған деуге болады. Келешекте жазылатын осы мәселеге байланысты ғылыми еңбектерде, оқулықтарда ғалым тұжырымдары мен ой-пікірлері ескерілуі тиіс.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет