Диссертация с. М. Исаев Ғылыми жетекші: филол. ғ. д филол ф.ғ. к. К. Н. Уәли Алматы, 2007 жыл мазмұНЫ



бет35/47
Дата29.05.2022
өлшемі1,15 Mb.
#35856
түріДиссертация
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47
Сабақты етістік. Табыс септіктегі тура толықтауышты меңгеретін етістікті сабақты етістік деп атау грамматикамызда берік орныққан. Ы.Маманов сабақты етістіктің екі түрлі жолмен көрінуін, яғни, тура (түбір етістіктер ішкі мағынасы арқылы табыс септігіндегі тура толықтауышты меңгереді) және ауыспалы (салт етістік түбіріне өзгелік етіс жұрнақтары -т, -ыт, -іт, -дыр, -дір, -тыр, -тір, -ыр, -ір, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз жалғану арқылы) болып келуін айтады.
Өзгелік етіс. Ы.Маманов өзгелік етіс анықтамасын былай береді: “Қимылдың түп иесі атау септігінде, бастауыш қызметінде жұмсалады да, қимылды тікелей орындаушы барыс септігінде жанама толықтауыш қызметін атқарады”. Басқа оқулықтардағы өзгелік етіске берілген анықтамалардың тілдік фактілерге сай келмейтіндігін айтады [8, 295 б.; 182, 41 б.].
Сабақты етістіктің тура және ауыспалы түріне өзгелік етістің -ыт, -іт, -т, -ғыз, -гіз, -қыз, -кіз, -дыр, -дір, -тыр, -тір жұрнақтары жалғану арқылы жасалуын өзгелік етіске жатқызады. Ы.Мамановтың бұл жерде көңіл аударғаны – салт етістікке өзгелік етіс жұрнақтары жалғану арқылы жасалған сабақты етістіктің ауыспалы түрі өзгелік етіс мағынасын білдіре алмайтындығы. Мысалға, өшіру, қысқарту, ағызу т.б. етістіктерде ешқандай өзгелік мағына жоқ екендігін және қимыл иесінің қимылы тікелей объектіге бағытталып тұрғандығын, қимылды орындаушы агенсті бұл етістіктер керек етпейтіндігін дәлелдейді. Яғни, 1967 жылғы “Қазақ тілі грамматикасында” көрсетілгендей, “істің басқа біреу арқылы істелгенін көрсететін етістіктің түрі өзгелік етіс деп аталады” [27, 115 б.]. Сондай-ақ 1954 жылғы “Қазіргі қазақ тілінде” “істің тіке субъекті арқылы істелмей, екінші субъекті арқылы істелгендігін, я істелетіндігін білдіретін етістіктің түрі өзгелік етіс деп аталады” [8, 295 б.] деген анықтамаларға сүйеніп, салт етістіктен жасалған сабақты етістікті өзгелік етіс категориясына жатқызу дұрыс емес деп санайды. Сондықтан салт етістіктен өзгелік етіс жұрнақтары арқылы жасалған етістік тұлғасын ауыспалы сабақты етістік деп қарайды. Демек, бұлардың үстіне өзгелік етіс жұрнағы жалғанғанда барып өзгелік етіс мағынасы пайда болады. Мысалы, өш-өшір-өшірт, яғни шамды сен өшір; шамды сен оған өшірт. Алғашқыда қимыл иесі субъект болса, кейінгіде ол екінші субъектінің әрекетіне көшеді. Ғалымның осы тұжырымы 2002 жылы жарық көрген “Қазақ тілі грамматикасында” да көрініс тапқан [52, 510 б.].


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   47




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет